Сабақ өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. Сабақтың буындары мен буынаралықтары. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар



Дата18.02.2017
өлшемі53,87 Kb.
#10118
түріСабақ

27.10.2016ж.

28.10.2016ж.



Биология 6


Сабақтың тақырыбы

Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. Сабақтың буындары мен буынаралықтары. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар.

№ 12 зертханалық жұмыс.



Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды қарау


Сабақтың мақсаты,міндеті

 Оқушыларға өсімдіктің  сабағы және оның түрлері, түрі өзгерген сабақтар туралы мағлұматтар  беру, сабақтың құрылысы туралы жалпы түсінік беру


Оқыту нәтижелері

Оқушыларды сабақтың ішкі және сыртқы құрылысымен таныстыра отырып, өзара салыстыра білуге үйрету. Сабақ түрлерін білу.


Сілтеме

Биология оқулығы 6 сынып

Негізгі идеясы

Сабақтың ішкі құрылысын анықтау. Сабақтың түрлері туралы мәлімет беру.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Жеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология), 
оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.

Ресурстар

Суреттер, сұрақтар жазылған парақтар

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру: топқа бөлу(стикер таңдау арқылы 3 топқа бөлу), мақсат қою

  2. Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша

  3. Рефлексия

  4. Үйге тапсырма


Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады.




Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

(2 мин)

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.


Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді

Оқушыларды топқа бөлу:

(3 мин)

Оқушыларды стикерлер таңдатқызу арқылы 3 топқа бөледі

Топтарға бөлінеді

Білу

(10 мин)

Оқушылардан үй тапсырмасы сұрақтар қою арқылы және биологиялық диктант арқылы еске түсіріледі.
Биологиялық диктант

1.Жапырақ –өсімдіктің ..................... мүшесі. 2. Алдымен жапырақ тақтасының ............, содан соң негізі, соңында ............ өседі.

3. Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, ....................... орналасу дейді.

4. Жапырақ ............. және ................. тұрады. 5. Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөлігіндегі жасушалар пішініне қарай ................ және ................... болып бөлінеді.

6. Бір ғана тақтасы бар жапырақты................ дейді.

7. Бір сағақта 3, одан да көп майда жапырақшалар болса ......... ...... дейді. 8................ деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады.


Жауаптары: 1. Вегетативті; 2. Ұшы, сағағы; 3.Кезектесіп; 4. Тақтадан, сағақтан; 5. Бағаналы, борпылдақ; 6. Жай жапырақ;

7. Күрделі жапырақтар; 8.Жүйкелену.




Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы

мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.




Түсіну

(10 мин)

Жаңа сабақ түсіндіру. Сұрақтарға тез жауап алу.

І-топ. Сабақтың түрлері

ІІ-топ. Сабақтың ішкі құрылысы

ІІІ-топ. Камбийдің рөлі



Топтар талдап түсіндіреді Постер қорғайды.



Қолдану

(5 мин)

Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді.
12 Зертханалық жұмысты орындау.


Теорияны тәжірибеде үйлестіре алады


Талдау

(7 мин)

Тақырыпта берілген тапсырмаларды талдауға үйренеді.

Кесте толтыру

Берілген өсімдік тізімінен сабақтың қай түріне жататынын анықтап, тұсындағы санын тиісті бағанына жазыңдар.



Тік

Жатаған

Өрмелегіш

Шырмалғыш

Қысқарған















1 Қияр 2. Жабайы бұршақ 3. Құлмақ 4.Пияз 5.Қайың 6. Бақбақ 7. Үрмебұршақ 8. Күріш 9. Шырмауық 10. Асқабақ




Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды



Жинақтау

(5 мин)

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?

Тест:

1. Сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат?

А) Өзек Ә) Сүрек Б) Тоз

2. Өсімдіктің ұзарып өсуі қандай бүршіктерге байланысты?

А) Жанама бүршігіне Ә) Төбе бүршігіне Б) Қосалқы бүршігіне

3. Тік сабақты өсімдіктерге қайсы өсімдіктер жатады?

А) Бидай, емен Ә) Асқабақ, қияр Б) Бұршақ, жүгері

4. Сабақтың орталық бөлігі?

А) Сүрек Ә) Камбий Б) Өзек

5. Сабақтың ішкі құрылысы неше қабаттан тұрады?

А) 3 Ә) 4 Б) 2
Жауаптары:

1-Ә; 2- Ә; 3-А; 4-Б; 5-Ә




Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды

Бағалау

(3 мин)

Оқушылардың ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.

Критерийлер бойынша бағалайды




Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?




Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.

Үй тапсырмасы:

§ 18. Сабақ - өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. (оқып, түсінік айту)

48-сурет салу, кесте толтыру.




Оқушылар оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келеді. Зертханалық жұмысты аяқтайды. Дәптерге 48-сурет салып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет