1. Дильназ. Мектеп үйім, ұстазым, менің ата-анам, Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын. Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек Тамырланып, сан тарапқа тараған. Дамир



Дата07.02.2022
өлшемі16,77 Kb.
#94458
Байланысты:
Қоштасу


1.Дильназ .Мектеп - үйім , ұстазым , менің ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр аламын.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
2.Дамир : Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.


3. Мадина:Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
4.Алтынбек.Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


5.Айзере.Қашанда шәкірт жанын ұға алады,
Көңілден әр уақытта шыға алады.
Қарлығаш апай, ризамыз өзіңізге,
Сәлеміміз сізге алыстан құралады
6. Туғанай. Айнаш,Аяулым апайларға біз сендік,
Шетел тілін үйрендік
Ағылшынша жазып та ,
Біз сөйлеуді үйрендік.

7. Нұрдаулет. Читать и писать на русском
Нас научила она
Это наша царица
Кульбаршын Галымжановна
8. Даяна Білімнің байыбына барып терең,
Гүлжиян апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.


9. Адия. Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?
Бастaуышта алған білім, жырларым,
Азық болар , әлі талай жылдарға.
10. Нұраслан. Бастауышым- бал бұлағым ,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.

11.Аяжан.: бастауышым- балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

12. Аяулым:Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Мұғалім: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4
жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет