«Қызық times» мамандықтар көрінісі 1 – жүргізуші



Дата06.03.2023
өлшемі21,76 Kb.
#171354
Байланысты:
696


«Қызық times» мамандықтар көрінісі
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан – дей отырып, бүгінгі Қызық times атты шарамызға қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші:
- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
 Ісім оңсын десеңіз,
 Сол істің маманы болыңыз.
 Даңқым шықсын десеңіз,
 Көпшіліктің адамы болыңыз.
1-жүргізушіге қарап айтады: Сен білесің бе әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Бұл ретте бүгін біз 5-ші сыныптар арасында өткізіліп отырған мамандықтар көрінісін тамашалайтын боламыз.
1 – жүргізуші:
Ендеше мен бүгінгі шараның мақсаттарымен таныстыра кетейін.
-оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, тақырыптық, ұшқыр қиял арқылы мамандықтар әлемін әзілмен бейнелеу;
-бір-бірімен еркін араласуға достық қарым-қатынастарын жетілдіру;
-оқушылардың арманындағы сала қызметкері болып көруіне мүмкіндік беру.
2 – жүргізуші:
Әр сыныпқа жереби бойынша түскен мамандық иелеріне көрініс қояды.
Ережесіне келетін болсақ, шара екі турдан тұрады:

  1. Таныстыру ( еркін форматта) 5 минут

  2. Үй тапсырмасы көрініс 7 минут.

Әділ қазылар мүшесімен таныстыра кетейік:
1.
2.
3.
4.
5.
Оқушыларға сәттілік тілеп, ең алғашқы болып өз өнерлерін көрсететін 5 А сыныбын қошеметпен қарсы алыңыздыр!
1 – жүргізуші:
Бәрекелді. Әділ қазыларға сіздердің өнерлеріңіз ұнады деген ойдамын. Ал енді сахна төріне 5 Б сыныбын өздеріне түскен мамандықты таныстыруға шақырайық.
2 – жүргізуші:
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық , - қандай тамаша өлең жолдары десеңші. Алдарыңызда келесі болып 5 В сыныбы өнер көрсетеді. Қарсы алайық!
.1 – жүргізуші:
Мамандық сөзіне анықтама
Мен дәрігер боламын
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін
Деп айқысы келеді екен 5 Г сыныбы. Қарсы алыңыздар, алдарыңызда 5 Г сыныбы.
2 – жүргізуші:
Ақылға сындарлы ой қандай қажет болса, тәнге сұлулық та сондай қажет болады. Деген екен ғұламалар кезінде. Ал ендеше сұлулық салон мамандарын 5Д сыныбы таныстырмақ. 5Д сыныбын өз өнерлерін көрсетуге сахна төріне шақырамыз.


1 – жүргізуші:
Бәрекелді. Маған бұл сыныптың өнері қатты ұнады. Ал енді келесі болып сахнада 5 Е сыныбын қарсы алайық.
2 – жүргізуші:
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тиеме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі мамандық,
Жер көктің бәрі мамандық
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.
Алдарыңызда 5 Ж сыныбын қарсы алайық.
1 – жүргізуші:
Қандай керемет. Ендігі кезекте 5З сыныбын қарсы алайық
2 – жүргізуші
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп 5 И сыныбы айтатын сияқты. Қарсы алыңыздар! 5 И сыныбы!

  1. Жүргізуші:

Елден алғыс алатын
Өскен кезде ер болам.
Сәнді үйлер салатын
Құрылысшы мен болам
Деп 5 к өз өнерлерін көрсетеді.


ІІ тур.


1 - Жүргізуші:
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас – қағымда
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына
Бүгінгі шарамыздың 2-туры. Үй тапсырмасы.
2 -Жүргізуші:
Оқыған маман шын маман
Мамандық алмай қалмайық
Үйренем десең жалықпа,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тиеме пайдаң халыққа?

Оқушыларға сәттілік тілеп, екінші турымызды бастаймыз.



  1. Жүргізуші: Алдарыңызда 5А сыныбы.

  2. Жүргізуші: Өте керемет. Ан ендігі кезекте 5Б сыныбының өнерін тамашалайық!

  1. Жүргізуші: 5 В сыныбы үй тапсырмасын көрсетуге сахна төріне шақырамыз!

  2. Тамаша! Ендігі кезекте үй тапсырмасымен 5Г сыныбын шақырамыз

  1. Бәрекелді. Келесі болып 5д сыныбы үй тапсырмасын көрсетеді. Тамашалайық!

  2. 5Е сыныбын өз үй тапсырмасымен қарсылайық

  1. 5Ж сыныбы үй тапсырмасына қалай дайындалып келді екен, тамашалайық! Алдарыңызда 5Ж сыныбы!

  2. Өз кезегінде сахна төріне 5З сыныбын шақырамыз

  1. 5И сыныбын үй тапсырмасымен қарсы алайық!

  2. 5К сыныбы Сахна төріне шақырамыз.

Бәрекелді. Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Ең қиын мамандық – адам болып қалу деген екен Хосе Хулиан Марти. Деген тамаша сөздермен бүгінгі шарамыз да өз аяғына жете келеді. Ал ендеше сөз кезегін әділ қазылар алқасына сөз береміз!



Бекітемін:
Мектеп директорының бейіндік оқу жөніндегі орынбасары: Д.Есепбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет