Сабақ Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»



Дата22.05.2020
өлшемі42 Kb.
түріСабақ

Мұнайлы ауданы

6 жалпы білім беру орта мектебі



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Өткізген: Панабаева Сулу

Уақыты: 17.02.2016 жыл

Сыныбы: О «В»



2015/2016 оқу жылы

Тіл дамыту



Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;

2. Дамытушылық: Балаларды алуан түрлі мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту;

3. Тәрбиелік: Оқушыларға мамандықтардың пайдалы жақтарын айта отырып, олардың бәрі адам мүддесі, қоғам мен халыққа қызмет етуші екендігін түсіндіріп, жалпы мамандыққа және оны игеріп ел игілігі үшін еңбек етіп жүрген маман адамдарға деген құрметтеу, ардақтау және мақтаныш ете білу сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Түрлі маман иелері көрсетілген суреттер.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болғалы тұр.Біздерге қонақтар келіп отыр.Қане,қонақтарымызбен амандасайық!



Амандасу. Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Сәлеметсіздер ме, - деп

Сәлемдесіп алайық,

Бір жадырап қалайық!

Топқа бөлу: Сурет тарату,әр бала өзіне ұнаған суретті таңдап алады,сол бойынша топқа бөлінеді.

Сабаққа жақсы қатысқан топты асық арқылы бағалайтын боламын.

- Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген,өздерін тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар бар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар бар,киімдерімізді тігіп беретін адамдар бар,бізге білім беретін адамдар бар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және дәмдеп тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдардың барлығын бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.
- Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы».

-Ендеше ,осы өздерің келіп жүрген балабақшада қандай мамандық иелерін кездестіріп жүрсіңдер?

-Тәрбиеші, тәрбиеші көмекшісі, аспазшы,медбике,

-Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар мамандық дегеніміз әр адамның өзі ұнататын сүйікті ісі,еңбегі,табысы үлкендер жұмыс жасап халыққа қызмет етеді,сол жасаған жұмысының жалақысын алады.Енді өз ата-аналарымыздың да қандай мамандық иесі екенін білеміз бе?

Балалардан сұралады.

Міне,балалар біз үлкендердің еңбегін бағалауымыз керек екен,яғни мамандық еңбекпен байланысты.

Еңбек туралы мақал-мәтел

Балалар айтады.



Суретпен жұмыс: Әр топқа мамандықтардың суретін беру.

Мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап,мамандық иелерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


  • Дәрігер не істейді? - Ғарышкер ше?

  • Полиция қызметкері. – Құрылысшы

  • Аспазшы не істейді? - Мұғалім ше?

  • Жүргізуші не істейді? - Тігінші не істейді?

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай болашақ жастардың қолында,яғни сендерден президент,депутат шығуы мүмкін ол үшін сендер осы уақыттан жақсы оқуыңыз қажет.



Сергіту сәті: Тереңдет ойыңды,

Тік ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат.

Шаршаған кездерде,

Қонайық жорғалап

Тақтамен жұмыс:

-Балалар әр мамандықтың өзінің атқаратын жұмысы және пайдаланатын құралы бар.Суретте қай мамандықтың пайдаланатын құралын көріп тұрсыңдар?

-Қане кім айтады?
-Ал, енді дәптерлерімізді ашып, берілген тапсырманы орындаймыз. Ол үшін өздеріміз жақсы білетін мамандық түрлеріне тиісті еңбек құралдарын сызық арқылы қосамыз.

Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.



«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Дұрыс болса қол көтеріп шапалақ ұрасыңдар, бұрыс болса аяғыңызды топырлатасыңдар.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр.


Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді?

Қандай мамандық иелері болғыларың келеді?

Сол туралы айтасыңдар.

«Мамандықтар ұнайды». Өлең – тақпақтар.
Бағалау:

Қорытынды: Өте жақсы балалар, мамандықтың бәрі жақсы,мамандыққа жету үшін алдымен білім алып,көп окуымыз керек екен.Үлкендердің еңбегін бағалап,құрметтеп,сол кісілерден үйренуіміз керек екен,мамандықтың бәрі еңбек етумен пайда болады екен.

Ер жеткен соң ата – аналарың мақтан ететін, өзгелер құрметтейтін, сыйлайтын, ең бастысы елің мақтан тұтатын азамат, маман иесі болыңдар!

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

-Не білдік ?



-Не үйрендік?

-Олай болса келген қонақтарымызбен қоштасайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет