“Білмесең, мен Ескендір патша деген, Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген”деген Ескендірге: “Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең, Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең” деп қақпаның ар жағынан орамалға түйілген бір сүйекті лақтырады. Сонда Аристотель бұл сүйектің қасиетін көрсетпек боп, таразының бір жағына сүйекті, бір жағына Ескендірдің бүкіл қазынасын қояды. Сонда сүйек бүкіл қазынаны басып тұрады. Аристотель сол сүйектің бетіне бір уыс топырақ тастап жібергенде сүйекті қазына басып кетеді. Ескендір мұның мәнісін сұрағанда Аристотель:
... – Бұл – адам көз сүйегі,- деді ханға.
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен,- деп өзінің поэмадағы оқушыларға араған өсиетін Аристотель аузынан айтқызды. Абай поэманың соңғы шумақтарындағы ой – түйіндерін өз заманының тынысы мен талабына, өзінің негізгі гуманистік, ағартушылық бағытына сәйкестендіріп, тәрбиелік ойларға қарай бұрған.
Абай поэмаларының үшіншісі
Достарыңызбен бөлісу: |