Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Белоктар алмасуы,оның биологиялық құндылығы



бет75/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Белоктар алмасуы,оның биологиялық құндылығы.
Зат алмасуы баланың өсіп, даму кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінң ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамға ғана теңеседі. Бала кезінде ассимилияция басым болса, қартайғанда керсінше диссимилияция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсерінен байланысты бұзылады.
Адам организмдегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганикалық болып екіге бөлінеді. Органикалық заттарға: белок май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организімінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажеті заттармен үнемі дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организге қажетті « құрылыс материялдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі. Әр адам өмір бойы өзінің салмағынан анағұрлым артық белогтар, майлар, көмірсу, тұздар мен суды қабылдайды. Мысалы, 65-70 жас өмір сүрген кісі шамамен 50 тонна су ішетін көрінеді, ал жейтін белогы 2,5 тонна , майлар 2 тонна, көмірсулары 10 тонна, 200-300 кг ас тұзын жейиді екен. Бұл зат алмасуының организмде күшті екенін көрсетеді. Егер денеде зат алмасуы болмаса, адам организмінде қанша заттар жиналып қалар еді!
Бала ағзасы түрлі тағамдар қабылдаған соң, ол ыдырап, қорытылып сіңеді, ал сіңбегендері сыртқа шығарылып отырады. Осыған орай, тірі ағзада зат алмасу – химиялық, механикалық, жылылық және электрлік шарттарға жататын жиынтығы және осы зат алмасудан пайда болатын күш-қуаты (энер-гиясы) болып оның өмір-тіршілігін қамтамасыз етеді.
Баланың зат алмасуы мен күш-қуатының міндеті – ең алдымен ағзаның денесін түзуді қамтамасыз ету, яғни ағзаны химиялық заттармен, оның қажетті барлық құрылымдық элементтері үшін және ағзадағы ыдырағандарын, сондай-ақ ағзадан жоғалып бара жатқан заттарды бұрынғы қалпына келтіру.
Зат алмасудың екінші маңызды-лығы тіршіліктік (биологиялық) міндеті – ағзаға тіршілік ететін қуатпен (энергиямен) қамтамасыз ету. Ағзада химиялық заттың өзгеру барысында күрделі органикалық қосылыстардың (қоспалардың) ажы-рауы болады, бұл кезде олардың потенциалды күш-қуаты шығады да жылулыққа, механикалыққа және электрлікке айналады.
Заттың алмасу құбылысы – ме-таболизм (грекше metabole – өзгеру) барысында күш-қуат шығады. Ол дене қызуын сақтау үшін, түрлі қимылдар үшін, өсіп-дамуы үшін, сондай-ақ құрылымдық және барлық жасуша элементтерінің қажетті іс-қрекеттерін қамтамасыз етеді.
Бала ағзасында, әдетте алма-судың екі жағын: сіңіру (ассими-ляция немесе анаболизм) және ыдырау (диссимиляция немесе катаболизм) деген атаулардың мағына-мазмұнын білген жөн. Ассимиляция (латынша assimilatio – сіңіру) немесе анаболизм (грек. anabole – көтерілу) – ағзаның тағамды сіңіруі, зат алмасу артуы нәтижесінде ағза шығарған (синтездеген) заттардың орнын толтырады. Диссимиляция (лат. Dissimilatio – ұқсассыздандыру) не-месе катаболизм (грек katabole – бұзылу, майдалану) – ағза қабыл-даған тағамның денеге дарымай, сіңбей ыдыраған зат бөлшектерін сыртқа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет