Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дәріс 10. Тақырыбы: Зат пен энергия алмасуының жастық ерекшелігі



бет74/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Дәріс 10.
Тақырыбы: Зат пен энергия алмасуының жастық ерекшелігі
Жоспар
1. Зат пен энергия алмасуы – организм тіршілігінің негізі
2.Балалар мен жасөспірімдердегі ақуыздың, май және көмірсулардың алмасуының ерекшеліктері
3. Үйлесімді тамақтанудың өсу мен дамудағы, денсаулықты нығайтудағы маңызы


Зат алмасудың негізгі кезеңдері. Зат алмасу (метаболизм) деп тірі ағзада өтетін барлық химиялық реакциялардың жиынын айтамыз. Зат алмасу нәтижесінде ағзаға қажет заттар түзіледі және энергия бөлінеді. Ағза мен сыртқы орта арасында әрқашан зат және энергия алмасуы үздіксіз жүріп отырады. Күрделі қоректік заттар ас қорыту мүшелерінде қорытылып құрылысы жай заттарға айналған соң ащы ішектен қанға және лимфаға өтеді. Қан және лимфа ағыны арқылы ұлпаларға жеткізіледі. Қоректік заттардың ыдырауынан пайда болған энергияны жасушалар әр-түрлі физиологиялық үрдістер үшін жұмсайды. Артық түскен заттарды өзіне қор етіп жинайды ( мысалы, гликоген, май). Ал жасушалардың тіршілік етуі нәтижесінде түзілген керексіз заттар өкпе, тері ішек арқылы сыртқа шығарылып отырады.

  1. Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады : Ассимиляция немесе пластикалық алмасу

  2. Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.

Ақуыз, май және көмірсутек алмасуы үш кезеңнен өтеді: 1) ағзаның ас қорыту мүшелеріне тамақ заттарын қайта өңдеу; 2) аралық зат алмасу; 3) сіңіру мен ыдыраудағы (метаболизмдегі) тиімді соңғы өнімдердің ыдырауы пайда болу кезеңдері.
Бірінші кезеңде асқазан-ішек жолында ақуыз, май және көмірсутегінің ерекше ферменттері әсерінен ажыралуы болады, бірақ зат алмасуындағы бірінші кезеңінде күш қуаттың бағасы мардымсыз, ол ақуыз жқне көмірсутегі үшін 0,6%, ал май үшін 1,0% шамасындай болады. Бірақ олар келешекте күш-қуат көзі болып қызмет атқарады. Мұндай формаларға (20) амин қышқылдары, үш гексоздер (глю-коза, фруктоза, галактоза), пептоза, кейбір өте сирек болатын қант, глицерин жқне май қышқылы жатады. Бұл заттар қан мен сарысуға (лимфаға) сорылады, қан ағымымен бауырға және шеткі ұлпаларға тарқалады да сол жерлерде қрі қарай өңделуге ұшырайды.
Екінші кезеңдегі аралық алмасу барысында ақуыздардың, көмірсу-тектердің, майлардың жқне олардың құрамаларының (комплекстерінің) синтезделуі қрі қарай амин қышқылына, глюкозаға, глицеринге жқне май қышқылына ажыратылуы болады. Аралық зат алмасу барысы шамалы ең қажет қосылысты түзуге келеді, ол зат алмасудың жеке жолдарының аралық өзара айқас байланыстарын, тағы да синтез және ыдырау барысын қамтамасыз етеді. Осындай қосылыстар, мысалы, көмірсутек, май және көптеген амин қышқыл аралық үзбесін жалғайтын, пирожүзім қышқылы болып табылады.
Сонымен бірге аралық алмасу барысы күш-қуаттың маңызды көзі болып саналады. Бұл оның ірі макроэргамдар деп аталатын ерекше химиялық қоспаларынан ажыра-тылуы арқылы күш-қуатына себепші болады.
Метаболизм барысының аяқта-луы, оның үшінші кезеңі болып табылады. Ол соңғы алмасу өнім бөліп шығару мен түзілу болады. Азот құрамды өнімді бөлетін негі-зінде несеп-зәр, нәжіс және азырақ мөлшерде тері, оның қосалқысы арқылы бөлінеді, көміртегі негізінде өкпе және ұсақ бөлшектерден несеп-нәжіс арқылы СО2 түрінде шығарылады. Сутегі көбінесе өкпелер және тері арқылы, ал тағы да несеп пен нәжіс арқылы да H2O түрінде шығады. Осындай жолдар мен тұз (минерал) қоспаларында қалдық есебінде шығарылады. Осындай жолдар мен тұз (минерал) қоспаларында қалдық есебінде шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет