Тиімді және Үйлесімді тамақтанудың негіздері



бет1/4
Дата24.09.2022
өлшемі30,32 Kb.
#150607
  1   2   3   4
Байланысты:
4 та0ырып


ТИІМДІ және ҮЙЛЕСІМДІ ТАМАҚТАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ


Тиімді тамақтану дегенімізорганизмнің энергияға, пластикалық және тіршілік әрекетінің белгілі бір жағдайларында өмірлік қажетті биологиялық белсенді заттектерге мұқтаждығын қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз (А.А.Покровский).


Үйлесімді тамақтану дегеніміз организмде өзінің пайдалы биологиялық әрекетін көрсетуге қабілеті бар қоректік (тағамдық) және биологиялық белсенді заттектердің оңтайлы ара-қатынасын қамтамасыз ететін тамақтануды айтамыз.
Тиiмдi тамақтанудың негiзгi элементтерi - үйлесiмдiлiк және дұрыс тамақтану режимi.
Тиiмдi тамақтануды ұйымдастырғанда жасы, жынысына, кәсiбi мен денсаулығына тәуелсiз қойылатын физиологиялық талаптары бар:
1. Тағам рационы - сапалық құрамы мен энергетикалық құндылығы, тағамдық заттектер үйлесiмдiлiгi, сiңiмдiлiгi, қорытылуы, органолептикалық қасиетi, азықтардың әртүрлiлiгi мен үйлесiмi, санитариялық-эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз болуы.
2. Тамақтану тәртібі - ас қабылдау уақыты мен ұзақтығы, реттiлiгi, ас қабылдау тәртiбi, кезектiлiгi, тамақты әр ас қабылдау реттiлiгiне бөлу.
3. Ас қабылдауға қажеттi жағдайлар- ас бөлмесiнiң интерьеры, дастарханның ыдыс-аяқпен жабдықталуы, айналадағы микрокли-маттық комфорт.
Тиімді тамақтану үшін организм өзі өндіре алмайтын, яғни алмастырылмайтын, тағами факторларды – амин қышқылдары, көпқанықпаған май қышқылдары, кейбір витаминдер, микро- және макроэлементтер, липотропты заттектер, тағами талшықтар өзара үйлесімді мөлшерде күнделікті тамақпен міндетті түрде алып отыруы қажет.
Денсаулықты қамтамасыз етуде тиімді тамақтану маңызды роль атқарады. Денсаулыққа әсерін тигізетін қоршаған орта және әлеуметтік-эконмикалық факторлармен бірге дұрыс ұйымдастырылған тамақтануда алдынғы орындарды алады.
Әр түрлі жастағы балалардың тамақтануын дұрыс ұйымдастырудың негізінде келесі ұстындар орын алады:

  • Әрқашан тағамды белгілі бір уақытта қабылдау, асқазанның секреторлы аппаратымен тағам орталығының арасында өзара байланыс орнатады. Бұл жағдай асқазан - ішек жолдарының және басқа жүйелердің қызметіне жақсы ықпал етеді.

  • Бала тағамы даму деңгейіне және бала организмінің функционалдық шамасына, жасына сәйкестігіне, атап айтқанда анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін (АФЕ) ескеріп құрастырылады. Тамақтану режимі және сипаттамасы бала жасына сәйкес болуы керек.

  • Тағаммен бірге түсетін тағамдық заттектер (нәруыз, май, көмірсулар, минералдар, дәрумендер) өзара дұрыс ара қатынаста болуы керек.

  • Әр балаға тағам оның жеке басына, организмінің ерекшеліктеріне, денсаулығының жағдайына және тағамға деген жауабына қарай құрастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет