Тиімді және Үйлесімді тамақтанудың негіздері



бет3/4
Дата24.09.2022
өлшемі30,32 Kb.
#150607
1   2   3   4
Байланысты:
4 та0ырып

«Тамақтану статусы» туралы түсiнiк
«Тамақтану статусы» дегенiмiз - адамның бұрынғы және нақты тамақтануынан туындаған организмнiң физикалық және психологиялық-физиологиялық жағдайы. Ол организмнiң клиникалық, соматометриялық, метаболизмдік, функционалдық және де басқа көрсеткiштерiмен, денсаулық және жұмыс қабiлетi деңгейiмен сипатталады және тамақ компоненттерi сапасын және организмнiң энергияға қажеттiлiгiмен тамақтанудың сәйкестiгi тұрғысында бағаланады.
Қазiргi кездегi ғылыми мәлiметтер, адам организмiнiң құрлысына қолданылатын және тiршiлiк процесiнде бұзылатын құрылымдардың өзiн-өзi жаңартатынын, организмнiң энергияға қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрегей материал деп қоректік заттарды, суды және оттегiнi тұжырымдайды.
Тамақтану статусын қалыптастыру үздiксiз және динамикалық процесс болып есептелiнедi, себебi, ол ананың құрсағында басталып, бүкiл өмiр бойы үзiлмейдi. Өсу және даму кезеңiнде организмнiң қажеттiлiгiне сәйкес тамақтану жағдайында тамақтану статусының қалыптасуы генотиппен жүргiзiледi. Дегенмен тұқым қуалау бағдарламасының таратылуы тек қана тамақтанудың толық құндылығы организмге қажеттi энергияға байланысты емес, ол адамның фило- және онтогенездiк ерекшелiктерiне байланысты.
Бұған табиғи факторлардың организмге әсерiнiң сипаты, физикалық және психикалық ауыртпашылықтардың көлемi, денсаулық жағдайы, жасы, жынысы үлкен әсер етедi. Бұдан туындайтыны, организмнiң анатомиялық және морфологиялық құрылымдары да, тiршiлiктiң барлық көрiнiстерi де тамақтанумен байланысын және әр түрлi деңгейде тамақтану статусының жағдайын көрсететiндiгi. Сондықтан оны сипаттау үшiн клиникалық, соматометриялық, морфологиялық, функционалдық, психологиялық көрсеткiштер қолданылады, ал ұжымның тамақтану статусын сипаттау үшiн адам жағдайын бүтiн организм деңгейiнде, тiндiк, жасушалық, субклеткалық, молекулалық және популяциялық деңгейiнде көрсете алатын кейбiр әлеуметтiк-демографиялық көрсеткiштер қолданылады.
Тамақтану статусының көрсеткiштерiн бағалау стандартты мөлшермен салыстыру арқылы жүргiзiледi. Олар осындай контингенттер үшiн олардың жасын, жынысын, денсаулық жағдайын, тiршiлiк пайымын, адамдарға әсер ететiн сыртқы орта жағдайын және экстремалды жағдайларды ескере отырып белгiленедi.
Қалыпты мөлшер ретiнде әр түрлi зерттеушiлермен денi сау адамдарды тексеру арқылы алынған орта статистикалық мәлiметтер қолданылады. Қалыпты мөлшердiң толқу шегi, организмнiң жеке ерекшелiктерiне, тамақтануына, тұрмыс жағдайына байланысты әр түрлi болуы мүмкiн. Көрсеткiштердiң қалыпты мөлшердiң шектелген төменгi шекарасынан асып ауытқуы, тамақтанудың жеткiлiксiз екендiгiн көрсетедi. Тамақтану статусының жоғарғы деңгейлi көрсеткiштерi, керiсiнше, артық тамақтанудан пайда болады.
Интегралды бағалау негiзiнде тамақтану статусы мөлшерлi, жеткiлiксiз немесе артық болып 3 түрде бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет