Тиімді және Үйлесімді тамақтанудың негіздері


Тиімді тамақтанудың негізгі ұстындары



бет2/4
Дата24.09.2022
өлшемі30,32 Kb.
#150607
1   2   3   4
Байланысты:
4 та0ырып
00A4E80D-2A85-458B-B4E4-C83249455AE4, Мұрағаттану және музейтану. Силлабус каз (2) 2, Red Blue Soft Grey Illustration Thesis Project Final Defense Presentation Template 2
Тиімді тамақтанудың негізгі ұстындары.

  1. Энергия балансын сақтау - организм жұмсаған энергия шығынына нәруыз, май, көмiрсу алмасуы нәтижесiнде алынған энергияның сәйкес болуы.

  2. Үйлесiмдi тамақтану концепцияларын қадағалау - адамның өмiр сүру ортасындағы жағдайға, жасына, жынысына, еңбек ету ауырлығына, ұлттық ерекшелiктерiне сай, тағамдық заттектердiң сандық және сапалық қарым-қатынасын қадағалау.

  3. Тамақтану тәртібін сақтау- асты тәулiктiң белгiлi бiр уақыт аралығында, тамақтану тәртiбi күнiне 3-4 мәрте, ертеңгiлiк және түстiк аста тәулiктiк рационның 2/3 құрауы тиiс.

Тиiмдi тамақтану арқылы адам организмiне өте қажеттi пластикалық, энергиялық заттектер тағаммен түсiп отырады. Организмге қажеттi нутриенттердiң мөлшерi адамның өмiр сүру ортасындағы жағдайға, жасына, жынысына, еңбек ету ауырлығына, ұлттық ерекшелiктерiне байланысты есептеледi.


Энергия балансын сақтау
Денi сау, орта жастағы, орташа еңбекпен шұғылданатын адамға тәулiгiне 2000-2500 ккал энергия қажет. Балаларға келсек, 0-6 ай арасындағы нәрестеге - 740 ккал, 1 жастан асқан сәбиге – 1100 ккал, 1-2 жастағылар – 1200 ккал, 2-3 жастағылар – 1400 ккал, 4-6 жастағылар – 1800 ккал, 7-10 жастағылар үшін – 2100 ккал, 11-14 жастағы ер балаларға тәулігіне 2500 ккал, қыздарға -2400 ккал, 15-18 жастағыларға 3000 және 2400 ккал энергия қажет. Жүктілік және лактация кезінде аналардың тәуліктік рационының энергиялық қуаттылығын 250 және 500 калорияға арттырған жөн.
Энергия көзiне негiзгi тағамдық заттектер: нәруыз, май, көмiрсулар жатады. Нәруыздың 1 грамы ыдырағанда - 4 ккал, майдың 1 гр - 9 ккал, көмірсудың 1 гр - 4 ккал энергия бөлінеді.
Ересектер үшін жұмсалған энергия шығынының 12-15% нәруыз (балалар – 10-12%), 30-33% май (жаңа туған нәрестелер үшін - 58%, 1 жасқа дейін - 39%, 2 жасқа дейін - 37%, 2-3 жас - 32%, 4-6 жас - 30%, 10-18 жас үшін - 28%), 56-58% көмiрсу есебiнен өтеледi.

Үйлесiмдi тамақтану концепцияларын қадағалау


Қоректік заттектердің қажеттілігі жасына, жынысына байланысты орта есеппен 70-90г. нәруыз, 80-100г. май, 350-400г. көмiрсуды құрайды. Қоректік заттектердің өзара үйлесiмдi қатынасы (Н:М:К) 1:1,1:3,5-4 болуы керек. Емізулі балалар үшін - нәруыз, май, көмірсу арақатынасы 1:3:6-ға, мектеп жасына дейінгі балаларға -1:1:3(4), мектеп жасындағы балалар үшін -1:1:4(5)-ке тең болуы керек.
Қоректік заттектердің сапалық арақатынасы (Ж:Ө): тәуліктік рационда ересектер үшін жануар текті нәруыздың үйлесімді үлесі 50-60, балалар үшін 60-70%, жануар текті май 70%, өсімдік текті 30%, крахмалды және крахмалды емес полисахаридтер 80%, жәй көмірсу 20% үлесін құрауы тиіс. Сонымен қатар минералдық заттектер Ca:P:Mg 1:1-1,2:0,5-0,7.
Тамақтану тәртібін сақтау
Тамақтану тәртібі - ас қабылдау уақыты мен ұзақтығы, реттiлiгi, ас қабылдау тәртiбi, кезектiлiгi, тамақты әр ас қабылдау реттiлiгiне бөлу.
3 реттік тамақтануда: таңғы ас - 30%, түскі ас - 45%, кешкі ас - 25%.
4 реттік тамақтануда: таңғы ас - 25%, түскі ас - 35%, бесіндік ас - 15%, кешкі ас - 25%.
Соңғы тамақ қабылдау уақыты ұйқыға дейін 2-3 сағатты құрауы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет