Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп шағын орталығының 2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдық есебі



Дата26.08.2017
өлшемі115,98 Kb.
#28400
Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп шағын орталығының 2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдық есебі

Шағын орталық 2014 жылдың 11-қыркүйек аудан әкімдігінің №339 бұйрығына сәйкес ашылды. Бір топ жұмыс істейді. Топта 25 бала қамтылған. Үш жастағы -5, 4 жастағы –11, 5 жастағы – 9 бала бар. Барлығы қазақ ұлтынан.

Шағын орталықта 1әдіскер,1саз жетекшісі, 2 тәрбиеші, 2тәрбие көмекшісі, 1мейірбике 1аспазшы, 1аспаздың көмекшісі, 1кір жуушы жұмыс жасайды.

Педагог қызметкерлер: 3

Жоғарғы білімді -2

Aрнаулы орта – 1

2014-2015 оқу жылындағы шағын орталықтың тақырыбы:

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау , сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамыту.



Мақсаты: мектеп жасына дейінгі жеке баланың толыққанды кеңістігін құру, тіл дамыту,қатынас,денсаулық, әлеуметтік орта,шығармашылық салаларын қалыптастыру.

Міндеттері :

1.Шағын орталықта балалардың сөздік қорын ,тіл байлығын халық педагогикасы (ойын, жұмбақ жаңылтпаш, көркем сөз, ертегі ) арқылы қалыптастырып , адамгершілікке тәрбиелеу;

2.Балалардың салауатты өмір сүріп , денсаулығын нығайту барысында дене шынықтыру, сауықтыру шараларын табиғатпен үйлестіре қалыптастыру. Валелогиялық тәрбие беру арқылы мінез-құлық мәдениетін, саналы тәртібін ұқтыру;

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыта отырып музыка және өнер арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;

«ҚР Жалпыға бірдей міндетті білім беру» стандартын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы бойынша және 2012 жылғы желтоқсандағы №557 қосымша бұйрығын басшылыққа алып, «Балбөбек» «Зерек бала » «Алғашқы қадам» бағдарламалары негізінде міндеттерді жүзеге асырдық.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны мынандай бес білім беру саласын қамтиды: «Денсаулық», «Қатынас », «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта ».

«Денсаулық» білім беру саласындағы ұйымдастырылған оқу қызметі:


  • дене шынықтыру

  • қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валелогия.

«Қатынас» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:

  • Тіл дамыту

  • Көркем әдебиет

  • Сауат ашу және жазу негіздері

  • Мемлекеттік орыс және басқа тілдер

«Таным » білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

  • Сенсорика

  • Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

  • Құрастыру

  • Экология негіздері

  • Қоршаған ортамен таныстыру

«Шығармашылық » білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу

  • Мүсіндеу

  • Жапсыру

  • Музыка

«Әлеуметтік орта » білім беру саласының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Өзін-өзі тану

  • Қоршаған ортамен таныстыру

  • Экология

  • Көркем әдебиет

Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі 11(1сағат вариативті бөлім ); Екінші кіші топтың (3-тен 4жасқа дейін ) ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығы 15-20мин.

Педагогтардың шығармашылық деңгейін, білімін көтеру үшін педагогикалық кеңестер жүргізілді.






Педагогикалық кеңестер тақырыбы

Өткізілу

түрі


Мерзімі

Жауапты


1

2


Тақырыбы: «Жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттары»

1.Жаңа оқу жылына дайындық.

2.Топтағы cанитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы

3.Жаңа оқу жылының жұмыс жоспары.



Тақырыбы: Тіл дамыту, көркем әдебиет арқылы балалардың ой-өрісімен тіл байлығын арттырып, сөздік қорын молайту.

Мақсаты: педагогтардың назарын балалардың танымдық тілдік дамуына аудару,ойлау, талдай білу қабілеттерін арттыру. Шығармашылық ізденіске талпындыру.

Талқылау сұрақтары:

Баяндама

1.Тәрбие көзі –ертегі.

2.Көркем шығарманы кейіпкерлендіру арқылы балаларды байланыстырып сөйлету.

3.Баланың сөйлеу тілінің дамуындағы саусақ ойындарының алатын орны

4.Тренинг: балабақша және отбасы


Дөңгелек үстел


Дөңгелек үстел



17.09.2014

13.09.2014

Директор

Әдіскер

медбике


Директор

Әдіскер


тәрбиешілер

3

Тақырыбы: «Балалардың дене бітімінің жан-жақты дамуына жағдайлар туғызу»

Мақсаты: Балалардың денсаулықтарын сақтауға , нығайтуға қажетті мүмкіндіктер жасап , салауатты өмір салтына тәрбиелеу

Тәжірибе алмасу: Шынықсаң шымыр боласың

Ақпарат:«Салауатты өмір сүру - денсаулық кепілі»

(Балалардың таңертеңгі жаттығу)

Ашық оқу іс-әрекеті:

Спорттық ойын сауық



  • Біз шыныққан баламыз.

  • Ұлттық ойындар

Педкеңес қорытындысы, шешім.


Кеңес

02.04.2015

Директор

Әдіскер


тәрбиешілер


4

Тақырыбы: «2014-2015 оқу жылының қорытындылары».

Мақсаты: оқу-тәрбие жұмысының жағдайын анықтау, келесі оқу жылының жұмыс бағытын белгілеу



Сараптама:

1.2014-2015 оқу жылының тәрбие жұмысы

2. Балалардың білім алу, және даму құзіреттілігінің индикатор қорытындысы

3.Жаз маусымының іс –шарасын жоспарлап, оқу іс-әрекетін,күн тәртібін бекіту

4. Педкеңес қорытындысы, шешім қабылдау


Дөңгелек

Үстел

18.05.2015


Директор


Әдіскер

тәрбиешілер



Шағын орталықта жылдық жоспар бойынша әр пед кеңестің алдында төмендегідей ашық оқу іс-әрекеттері өткізілді.





Ашық оқу іс -әрекеттері

Білім беру саласы

Мерзімі

Жауапты

1

«Ұядағы қарлығаш бейнесі»Құрастыру пәні

Таным

22.09.14

Асқар А.

2

«Кең, тар ұғымдарының мағынасы» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні

Таным

4.11.14

Медербаева С.

3

«Нан –ел байлығы» Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта

28.11.14

Асқар А.

4

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» тіл дамыту

қатынас

23.12.14

Медербаева С.



5

«Бауырсақ» ертегісі.Көркем әдебиет пәні

Қатынас

22.01.15

Асқар А.

6

«Допты бір –біріне дәл лақтыру» дене шынықтыру пәні

Денсаулық


2.02.15

Медербаева С.

7

«Домбыра сазы» музыка пәні

шығармашылық

10.03.15

Арқабаева Ж.

8

«Жабайы аңдар» Қоршаған орта .


Таным

15.05.15

Медербаева С.

9

«Табиғат-ана »экология.

әлеуметтік орта

20.06.15

Асқар А.

2014-2015 оқу жылындағы мерекелерге арнап ертеңгіліктер мен сауық кештердің мазмұны, өткізу жоспары

Мақсаты:Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты , жан –жақты жетілген, бойына ұлттық сана мен адамгершілік тәрбиесі қалыптасқан , парасатты азамат тәрбиелеу

Р.с

Мазмұны

мерзімі

жауапты

1

Тақырыптық сабақ:Тіл мерекесі. « Ана тілім -мақтанышым»


׀X


Асқар А.



2

«Берекелі алтын күз» ертеңгілік

X

Асқар А.

3

Жол белгісін білеміз бе?

X׀

Медербаева С.

4

«Тәуелсіздік тірегім» ертеңгілік

X׀׀

Асқар А.


5

« Жасыл шырша жанында» ертеңгілігі

X׀׀

Медербаева С.

6

«Қыс қызығы» Қысқы табиғат

׀

Асқар А.




«Мақта қыз бен мысық» ертегісі

׀׀

Медербаева С.

7

«Ана көркем көрінер қызыменен» Аналар мерекесі

׀׀׀

Асқар А.

8

«Армысың, Әз Наурыз»

׀׀׀

Медербаева С.

9

«Құстар келді, алақай!»

Құстар күні



׀V

Асқар А.



10

Тақырыптық оқу іс әрекеті

Жеңіс келді



V

Медербаева С.

11

«Біз мектепке барамыз»

Балаларды қорғау күні ертеңгілігі



V

Медербаева С.



Ата- аналармен жұмыс

Р.с

Мазмұны

Мерзімі

Жауапты

1

Күн тәртібі және бала өміріне ықпалы.

Ата -аналар комитетін сайлау және ынталы топ құру.

Ағымдағы мәселелер



|X

Арқабаева Ж.

Хатшы Асқар А.



2

Мейірбике кеңесі «Дұрыс тамақтану»

Шағын орталыққа қабылданған балалардың тамақтану мәселесі.



Сауалнама Өз балаңызды қаншалықты білесіз?


X׀׀

Арқабаева Ж.
Медербаева С.

Білім сапасы, іс –әрекет, дағдылары балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жылдың соңында білім деңгейінің индикаторының қорытындысы шығарылады.Тәрбие-оқу жұмыстарын ұйымдастыруда ата-аналар ат салысып , белсене қатысып көмектесіп отырады.Шағын орталықтағы тәрбие- оқу жұмыстары күнделікті жоспар арқылы жүзеге асырылады.

Алдымыздағы қойылған жоспардың орындалуына барлық педагог –тәрбиешілерді белсене қатыстырып , сапалық құрамын жоғары деңгейге көтеріп , шағын орталықтағы тәрбие оқыту жұмыстарының талаптарға сай жүргізілуін қамтамасыз етеміз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет