Тиімді және Үйлесімді тамақтанудың негіздері



бет4/4
Дата24.09.2022
өлшемі30,32 Kb.
#150607
1   2   3   4
Байланысты:
4 та0ырып

Мөлшерлi тамақтану статусы – денi сау адамның жасы мен жынысына сәйкес келетiн, оны тiршiлiгiне, жаңарып отыруына және қоршаған ортаға бейiмделуiне жақсы мүмкiндiктер туғызатын, адам денесiнiң генетикалық тұрғыдан морфологиялық және заттық құрамына сәйкес болатын бiркелкi тамақтануды көрсетедi. Бұл жерде тамақтану статусының жекеленген көрсеткiштерi, денсаулық жағдайы және организмнiң функциялық мүмкiншiлiктерi, табиғи және ой-өрiсi, жұмыс қабiлеттiлiгi адамның эталонды мөлшерлер шегiнен шықпайды.
Жеткiлiксiз тамақтану статусы – ашығудың толық немесе бөлшектi түрлерiнде немесе организмге қажеттi жекелеген тамақ түрлерiнiң тамақ құрамында жеткiлiксiз болуына байланысты пайда болатын өзгерiстерден кейiнгi организм жағдайын көрсетедi. Мұндай жағдайда адамның табиғи даму көрсеткiштерi, функционалдық жағдайы және бейiмделу мүмкiншiлiктерi, жұмыс iстеу қабiлетi және денсаулық жағдайы нашарлайды.
Артық тамақтану – тамақ түрлерiн немесе тамақтың жекеленген құрамдық бөлiктерiн организм қажеттiлiгiнен жоғары көлемде қабылданғанда пайда болып, дамиды. Мұндай жағдайда қоректік заттар организмде қолданыс таппай тiндерде жинақталып қалады немесе заттар алмасу процесiнде өзгерiлмеген немесе тасымалданған түрiнде сұйық орталарда айналымда болады. Тамақ түрлерiн артық мөлшерде қабылдау нәтижесiнде гемеостаз көрсеткiштерi қалыпты мөлшерден асып кетедi және тiндердiң морфологиялық құрылымының гипертрофиялық сипатта өзгеруiне – липидтердiң, холестериннiң, дәрумендердің, нуклейн қышқылдарының қан құрамында артық көлемде болуына және тiндерде жинақталуына әкелiп соқтырады. Мұндай жағдайда дене көлемiнiң өзгеруiне, тiндер құрлысының (мысалы, майлы, сүйектi), функциялық ауытқулардың дамуына, организмнiң бейiмделу мүмкiншiлiктерiнiң және жайсыз әсерлерге шыдамдылығының төмендеуiне, жұмыс iстеу қабiлетiнiң азаюына, өзiндiк ауытқулардың пайда болуына, ауру түрлерiнiң артуына бiрден-бiр себеп болады.
Тағамтану ғылымының қазiргi кезеңдегi негiзгi мiндеттерiнiң бiрi тағам рационының тиiмдiлiгiн зерттеу болып табылады, яғни белгiлi еңбек және тұрмыс жағдайында организмнiң физиологиялық шығындарының тұтынылатын тағамдық заттармен сандық және сапалық жағынан сай болып өтелуiн зерттейдi.
Тамақтану тиiмдiлiгi мәселесiн шешу үшiн, алдымен тамақтану сипатын анықтайтын, адам организмiнiң күй-жағдайын анықтау қажет.
Тамақтану сипатын анықтайтын адам организмiнiң күй-жағдайы нақты тамақтану, зат алмасу көрсеткiштерi мен адекватты емес тамақтанудың кейбiр белгiлерiнiң бар не жоқ болуы, алдымен нәруыз, минералдық, жекелеген дәрумендер жетiспеушiлiгiнiң белгiлерi бойынша бағаланады. Зерттеу жүргiзiлетiн аймақтардың тамақтануы жөнiндегi барлық материалдар толықтырылуы үшiн, статистикалық өңдеуден өтiп, терең талқыланады.
Алынған материалдарды талдауда, мүмкiндiгiнше дұрыс тамақтанбаумен байланысты организмдегi бұзылыстарды айрықша көрсету керек. Мысалы: дененiң толықтығы, тек тамақтан, яғни тамақтағы жетiспеушiлiк көрсеткiштерi ғана емес, ас қорыту ағзаларының ауыруында т.б. дәрумендердiң нашар сiңiруiмен де байланысты.
Сонымен қатар, адам денсаулығына тамақтанудан басқа сыртқы және iшкi факторлардың (ауа райы, еңбек қызметiнiң сипаты, экономикалық жағдайы, күн тәртiбi, жасы, ауырған сырқат-дерттерi т.б.) әсер етуiн ескеру керек.
Тамақтануы жөнiндегi мағлұматтарды дәрiгерлiк және лабораториялық қорытындыларымен салыстыра отырып, тамақтануға байланысты денсаулық жағдайына дұрыс қорытынды жасауға болады. Соның нәтижесiнде тиiмдi үйлесiмдi тамақтануды ұйымдастыруға сәйкес ұсыныстар берiледi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет