Тақырыбы: Ірі-қара телязиозын және жылқы спируратозын балау
Орындаған: Тексерген:. . Телязиоз - iрi қараның көзiнде паразиттiк тiршiлiк ететiн жұмыр құрттар тудыратын гельминтоз.
Тек бұтағы: Spirurata
Тұқымдасы:Thelaziidae
Туысы: Thelazia Түрлері: Thelazia rhodesi
Th. gulosa
Th. skjabini
Ноғала кеңiнен тараған аурулардың бiрi, ол сиыр сүтiн кемiтедi, бұзаудың өсу қарқынын тежейдi, дерт асқынғанда малдың көзi көрмей қалады.
Аталған спирураталар iрi қарадан басқа зубр, қодастан табылған.
Th.rhodesi (Desmarest,1827),
еркегiнiң тұрқы 0,7-1,1 мл, ұрғашысыныкi 1,7-2,1 см.
Сыртқы сырт қабығы (кутикуласы) көлденең қалыптасқан ирек сызықшалармен көмкерiлген.
Ауыз қуысы өте кiшкентай.
Спикулалары тең емес, ұзынды-қысқалы
Мал көзiнiң iшкi қабығы қалтарыс қуысында, кiшкене үшiншi қабығының астында мекендейдi.
Th. Gulosa (Raillietet Henry,1910),
еркегiнiң тұрқы 0,5-0,9 см, ұрғашысыныкi 0,5-1,6 см.
Денесiнiң сырт қабығы жылтыр.
Ауыз қуысы дамыған, тостаған тəрiздi.
Спикулалары тең емес.
Көз шарасының (ұясының) iшкi жағында тереңiрек орналасқан жас безiнiң түтiкшелерiмен көз жəне кеңсiрiк қуысын жалғастыратын жасағар өзегiнде күнелтедi
Th.skrjabini(Erschow,1928)
еркегiнiң тұрқы 0,5-0,9 см, ұрғашысыныкi 1,1-1,9мл.
Сырт қабығы жылтыр.
Ауыз қуысы тар.
Спикулалары тең.
Көз шарасының (ұясының) iшкi жағында тереңiрек орналасқан жас безiнiң түтiкшелерiмен көз жəне кеңсiрiк қуысын жалғастыратын жасағар өзегiнде күнелтедi
Musca autumnalis Lordiphosa andalusiaca Fannia canicularis
Өсiп-өнуi: Телязиоз қоздырғыштары биогельминттер;
Аралық иесi: сиыр шыбындары
Ақтық иесі: ірі қара мал
Шыбындар көздiң жасын жалап-сору арқылы балаңқұрттармен залалданады.
Жұқпалы сатысына жеткен балаңқұрттар шыбынның басына ауысып тұмсықтарына енедi.
Шыбын ірі қара мал көзiне қонған сəтте, құрт балаңқұрттары жəндiк тұмсығынан шығып, көздiң кiлегей қабығы қуысына немесе жас безiнiң түтiкшелерi- не енедi.
Мұнда олар 1-1,5 ай өткен соң жынысы жетiлген ересек құртқа айналып бiрнеше ай, ал кейде бiр жылға дейiн өмiр сүредi.