Телязия құрттары елiмiздiң Солтүстiк өлкесiнен басқа жерлердiң бəрiне тараған.
Телязия құртын сиырдан жылдың қай маусымында болсын табыла бередi, бiрақ ауру жаз айларында көп кездеседi. Себебi жазда қоздырғыштардың аралық иелерi шыбындар өте көп.
Жануар дерттi көбiнесе өрiсте жұқтырады, алайда телязиоз iрi қараны қорада ұстағанда да байқалуы ықтимал.
Ал, жазғытұрым паразит тасымалдаушы шыбындарға инвазияны жұқтырудың негiзгi көзi ауруға душар болған сақа мал. Өйткенi қыста нематодалар мал организмiнде сақталып қалады.
Телязиоз мал жасын талғамайды. Бұл гельминтозға iрi қараның кəрi-жасы бiрдей шалдығады, бiрақ бұзаулардың ауруы неғұрлым жiтi түрде өтедi.
Аурудың өрбуi жете зерттелмеген.
Телязиялардың механикалық əсерiнен көздiң iшкi кiлегей жəне мүйiзген қабығы қабынып, алдымен сарысулы (шырышты) коньюнктивит, кератит пайда болады.
Көп ұзамай ағзаға зардапты микрофлора енедi. Соның салдарынан патологиялық процесс бiртiндеп iрiңдi қабынуға ауысады.