Аурудың бастапқы кезiнде жануардың көзi қан кернеуiнен (гиперемия) қызарып кетедi, одан жас сорғалайды, кiлегей қабықтары мен қабағы iсiнедi, көзi қарығады, яғни мал жарыққа қарай алмай көзiн жыпылықтата бередi.
Бара-бара көз iрiңдейдi, iрiң көздiң бұрышында, кiрпiктерде қабыршақтанып қатып қалады.
Диагностикалау: Телязиозға диагноз қою үшiн жануардың көзiн жуып шайып, шайындының iшiнен ересек құртты не оның личинкаларын iздестiрiп табу шарт. Ол үшiн көзi жасаурап қызарып тұрған iрi қараны бөлiп алады да, құрттың бар-жоғын тексередi.
Əуелi түлiктiң басын мықты шарбаққа не бағанаға байлап бекiтедi. Асау бұзаутайыншаларды екi танауынан қысып ұстап бекiтуге болады.
Малдың басын бiр жағына сəл қисайтып жəне төмен қаратып, оның үстiңгi жəне астыңғы қабақтарын сол қолдың саусақтарымен көтерiп ашады,
Ал оң қолмен үшiншi қабақ тұсынан көз ұсына 2-3 пайыздық бор қышқылының ерiтiндiсi немесе басқа антисептикке толы резина бүрiккiш ұштығын кiргiзедi де, сұйықтың қатты ағынымен жуып-шайып, бар нематодаларды айдап шығады.
Көмекшi адам түбi қара түстi ыдысты (əдетте фотографиялық ыдыс) көз астында тосып тұру керек.
Көздi шайып болғаннан соң шайындыдан ақшыл түстi жыбырлап жүрген Th.rhodesi құрттарын көремiз.
Ал телязияның қалған екi түрi “тереңде” қоныс тебуiне байланысты бұл əдiспен табылмайды. Бiрақ олардың балаңқұрттарын iздестiруге болады.
Жас безiнен бөлiнiп аққан сұйықты жинап алып, оны үлкейткiш əйнекше (лупа) микроскоп көмегiмен тексередi.
Өлген малдарды зерттегенде жоғарғы көз қабағын өзiне қарай тартып, iшiнен жас ағарын тауып алып, кiшкене, жiңiшке, сүйiр қайшымен оны ұзынынан тiледi, тiлiк арасынан жұмыр құрттарды табуға болады. Немесе қайшының көмегiнсiз-ақ жасағарды қолмен сығыңқырағанда да гельминттер шыға келедi.
Кейде көздiң жас безiн қандауыр пышақпен тiлiп ажыратып, бөлек алды да, жеке ыдысқа салып жаяды. Көп кешiкпей гельминттер су бетiне қалқып, соңынан тұнып ыдыстың түбiне түсiп жиылады.
бор қышқылы лизол ихтиол
Емi:
Алдымен көзге түскен бөгде заттарды алып тастау керек.
Қабынған көздiң iшiн 2-3 % бор қышқылы, лизолдың 3 %-эмульсиясы, 3% ихтиол эмульсиясымен жуады Жоғарыда көрсетiлген дəрiлермен дегельминтизацияны 3 рет 2-3 күн жүргiзедi.
Қабынған көздiң iшiн йодтың су ерiтiндiсiмен жуады. Ол үшiн 2 л суға 1 г қиыршықты иодты, 1,5-2 г йодты калийдi ерiтедi.
Аталған əдiстермен тек Th.rhodesi құрттарын ғана жуып шаюға болады, ал паразиттiң қалған екi түрiне антигельминтиктер ешқандай əсер етпейдi. Оларға қарсы тиiмдi дəрмектердiң бiрi дитразинцитрат. Оны бiр тəулiк аралатып 0,015 г/кг мөлшерiнде мойын ортасынан сəл жоғары терi астына немесе бiр қайтара көз шарасына ұясына құяды.
Х.С.Сатыбалдин (1971) галванокаутер құралын жəне онымен емдеу тəсiлiн өндiрiске енгiздi. Кiшкене үшiншi қабақ безiн жəне жас бездерiн аталған аспап ұштығымен күйдiрудi ұсынады