1
Спектр – бұл жарықтың құрама бөліктерге бөлінуі, яғни түрлі түсті сәулелерге бөлінуі. Заттың спектрі дегеніміз толқын ұзындықтары бойынша реттелген, затпен шығарылатын, жұтылатын, шағылатын немесе сынатын электромагнитті сәулелену. Зарядталған бөлшектедің шапшан қозғалысы кезінде электромагнитті толқындар пайда болады. Затқа температурамен, электрондар ағынымен, белгілі бір толқын ұзындығына тең жарық ағынымен (электромагнитті энергиямен) әсер етіп спектрді алады.
Спектрлік приборлар
Спектрлік құралдар – оптикалық диапазондағы электрмагниттік сәулелердің спектрлік құрамын зерттеуге, сәуле көздерінің және онымен әсерлескен нысандардың спектрлік сипаттамаларын талдауға, спектрлік талдау үшін пайдаланылатын құралдар. Спектрлік құралдар пайдаланылу мақсатына, сәулені спектрге ажырату және тіркеу тәсілдеріне, толқын диапазонына, т.б. сипаттамаларына сәйкес бөлінеді. Қарапайым спектрлік құралдарға жарық сүзгі жатады. Өлшеу әдістеріне қарай спектрлік құралдар көзбен бақыланатын спектроскоптар, фотопластинкаға түсіруге негізделген спектрографтар және камера объективінің фокустық жазықтығында орналасқан саңылаудан шыққан сәуле ағынын өлшеуге арналған спектрометрлер болып бөлінеді. 2
+
2
+
2
+
Соңғы кезде ажырату қабілеті өте жоғары, қос сәулелі, бір немесе көп каналды (яғни бірнеше спектрлік сызықтар энергиясын бір мезгілде жеке-жеке өлшеуге арналған) спектрофотометрлер мен өнеркәсіптік мақсаттағы спектрлік талдау үшін қолданылатын күрделі фотоэлектрлік құрылғылар – квантметрлер пайда болды. Қазіргі кезде мұндай квантметрлердің бір мезгілде 80 каналмен жұмыс істейтін түрлері бар.
Призмалы спектрлік приборлар
4
Жарық дисперсиясы жарық мөлдір призмадан өткенде айқын білінеді, күрделі жарық шоғы спектрге жіктеледі. Сондықтан жарықты спектрге жіктеп, зерттеуге арналған кейбір приборлардың негізгі бөлігі призма болып келеді. Ондай приборлар призмалы спектрлік приборлар деп аталады. Олардың спектрлік тікелей көзбен көріп бақылауға арналған түрі спектроскоп, спектрдің суретін түсіру үшін қолданылатын түрі спектрограф делінеді.
5
Ашық және жарқын спектрлерді алу үшін арнайы оптикалық аспаптар: спектрографтар мен спектроскоптар қолданылады. Спектроскопты 1815 жылы неміс физигі Йозеф Фраунгофер жасаған. Бұл құрылғы ғалымға дисперсияны зерттеу үшін қажет болды. Спектрографтың жұмыс істеу принципі: Коллиматорда (К) тар S тілігі бар. Жарық S бұл линзаның фокустық жазықтығында орналасқан, сондықтан жарық линзадан параллель сәуледе шығып, P призмасына түседі. Түрлі түсті толқындар (яғни, жиіліктері әртүрлі) призманы әртүрлі бұрыштармен ауытқытады. Призмадан әртүрлі бағыттағы параллель сәулелер шығады (суретте тек екі сәуленің экстремалды сәулелері көрсетілген - қызыл және күлгін).
6
Спектроскоп - оптикалық диапазондағы электромагниттік толқындардың спектральды құрамын визуалды зерттеуге арналған құрал. Спектроскоптың жұмыс істеу принципі: Коллиматорда жарық түсетін жерде саңылау бар, ал кеңейтетін сәуле линзаға түседі. Линзадан жарық параллель сәулемен шығады (саңылау фокустық аймақта орналасқандықтан), содан кейін призмаға түседі. Ол жерден әртүрлі бағыттағы параллель сәулелер шығады, себебі әртүрлі түсті толқындар әртүрлі бұрыштарда ауытқиды. Линзада сынған сәулелер фокустық аймақта саңылау бейнесін құрайды.