ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
БИОМЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ
Сәулелі микроскоптың
құрылысы,иммерсиондық майды
пайдаланған кезде сәулелі
микроскоптағы сәулелердің өту
схемасы
Дайындаған: Биомедицина 2-002 студенті Медет
Ділназ
Тексерген: Амирханова Жанерке Талғатқызы
Микроскоп
Микроскоп (грек.
mіkros
– ұсақ және
skopeo
–
көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың
(немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше
есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.
Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар,
майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б.
өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш
шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге
арналған.
Бір қызығы, микроскопты алғаш кім ойлап тапқаны туралы тарихшылар арасында келісім жоқ. Бұл
мәртебелі рөлге үміткерлер қатарында Галилео Галилей, Кристиан Гюйгенс, Роберт Гук және
Энтони ван Левенгук сияқты атақты ғалымдар мен өнертапқыштар бар.
Сондай-ақ, 1538 жылы үлкен үлкейту әсерін алу үшін бірнеше линзаларды біріктіруді алғаш ұсынған
итальяндық дәрігер Г.Фракостороны атап өткен жөн. Бұл әлі микроскопты жасау емес еді, бірақ
оның пайда болуының бастаушысы болды.
Роберт Гук микроскоп арқылы органикалық
жасушаны алғаш көріп, барлық тірі организмдер
жасушалардан, тірі материяның ең кішкентай
бірліктерінен тұрады деген болжам жасады. Роберт
Гук өз бақылауларының нәтижелерін өзінің іргелі
еңбегі – Микрографияда жариялады.
Роберт Гуктың микроскопы осылай
көрінді, Micrographia-дан алынған сурет.
Ал микроскоптардың дамуына үлес қосқан соңғы
көрнекті ғалым голландиялық Энтони ван Левенгук
болды. Роберт Гуктың микрографиясынан шабыт алған
Левенгук өзінің микроскопын жасады. Левенгук
микроскопы, оның бір ғана линзасы болса да, өте күшті
болды, сондықтан оның микроскопының егжей-
тегжейлі деңгейі мен үлкейтуі сол кездегі ең жақсы
болды. Жабайы табиғатты микроскоп арқылы бақылай
отырып, Левенгук биологиядағы көптеген маңызды
ғылыми жаңалықтарды жасады: ол эритроциттерді
бірінші болып көрді, бактерияларды, ашытқыларды
сипаттады, сперматозоидтарды және жәндіктердің
көзінің құрылымын сипаттады, кірпікшелілерді ашты
және олардың көптеген формаларын сипаттады.
Микроскоп оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын
бөліктерден тұрады.
Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең
басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған.
Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін
бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз
объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив
8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп
көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.
Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін
байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус,
макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.
Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор
жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол
жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс,
екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты
шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.
Микроағзаларды
зерттегенде
әрқашан
иммерсионды немесе майға батырылған
объективті қолданады (90х). Үлкен үлкейту
береді (900-1350 есе). Иммерсионды
объективпен жұмыс істегенде препарат
жағылған самырсын майына салады.
Самырсын майының сынуға көрсеткіші
шыны
сыну
көрсеткішіне
жақын,
сондықтан шыны мен объектив линза
арасында біркелкі орта қалыптасады.
Осыған байланысты барлық сәулелер
сынуға ұшырамай және өзінің бағытын
езгертпей,
объективке
түсіп,
ұсақ
объектілердің көрінуіне жағдай жасайды.
Иммерсионды май
Микроскоп тубусын көтеріп, револьверді бұрап, иммерсиялық объекті орналастырады. Кейін
препарат бетіне зат үстелшесінен алмай, иммерсионды май тамшысын (жиі самырсын майын
колданады), тамызып, иммерсионды объективті түсіреді. Бұндай объективті түсіру және майға
малуды макрометрлік бұранда кремальерасымен абайлап жасау керек.
https://nsau.edu.ru/images/vetfac/images/eb
ooks/microbiology/stu/bacter/microscop.htm
Па а а ға ә еб е ер:
Достарыңызбен бөлісу: |