Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу Орындаған : Жұмабекова Мейрамкүл



Дата23.02.2023
өлшемі1,95 Mb.
#169895
Байланысты:
Биотехнология
Биотех

Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу

Орындаған : Жұмабекова Мейрамкүл

Қабылдаған : Умиров Бауыржан

Жоспары

Микроорганизм

Микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан.

01

Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер.

Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер.

Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді.

Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.

Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі.

Микроорганизмдердің практикалық маңызы


Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шаруашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.

Микроорганизмдің таза өсіндісін бөліп алу

Сұйылту тәсілі.

Зерттеуге алынған матерал ас тұзының изотониялық ерітіндісінде сұйытылады. Материалдың түрі мен ондағы микробтардың мөлшеріне байланысты сұйылту көбейген сайын микробтар саны азая түседі. Бұл жағдай микробтардың жекеленген жасушаларын бөліп алуға, демек таза дақыл алуға мүмкіндік береді.

Ыдырата себу


Петри шынысындағы ЕПА-ға зерттеуге алынған материалдың бір тамшысын тамызып, стерильді шпательмен біркелкі таратады. Сонан соң шпательдегі микробтардың қалдығын, екінші шыныдағы ортаның бетіне таратады. Осылайша шпательді бірнеше қоректік орталардың бетінен өткізеді. Кейінгі шыны аяқтарға микробтар аз түседі, санаулы колониялар пайда болады. Бұл колониялардан микробтардың таза өсінділерін өсіруге болады.

Қорытынды

Кейбір микроорганизмдер қоректік орта бетінде жұқа қабық құрса, ал кейбіреулері қатпарлы, жылтыр қабықтар құрап өседі. Бірнеше микроорганизмдердің өкілдері қоректік ортаның бетінде сақина тәріздес форма құрайды. Ортаның түсі микробтардың шығаратын пигменттерінің түсіне байланысты болады. Қоректік ортаның лайлануы да микроорганизмдердің түрлеріне байланысты. Тұнба түйіршікті, мақта тәріздес болып келеді.

Бақылау диктанты


Элективті орталардың көмегімен өсінділерді алу. Барлық микробтар қарапайым қоректік орталарда өсе бермейді. Белгілі бір түрдің микробтарын өсіруге арналған қоректік орталарды элективті немесе таңдаулы деп атайды. Бұл орталарды орыс микробиологы Виноградский ұсынған Нитрифицирлеуші бактерияларды зерттей отыра, Виноградский олардың қоректік орталарға органикалық заттарды қосқанда өспеуін байқайды, ол минералды орталарды қолдана отырып, нитрификаторлардың өсінділерін алды. Сүт қышқылды бактериялардың элективті ортасы – сүт. Лактозаны ашыта отырып, олар қышқыл түзіп алкалифилдердің (аммонификаторлар мен басқа микроорганизмдердің) өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды.

———— орталардың көмегімен өсінділерді алу. Барлық микробтар қарапайым қоректік орталарда өсе бермейді. Белгілі бір түрдің ———— өсіруге арналған қоректік орталарды элективті немесе таңдаулы деп атайды. Бұл орталарды орыс микробиологы ———— ұсынған. Нитрифицирлеуші бактерияларды зерттей отыра, Виноградский олардың қоректік орталарға органикалық заттарды қосқанда өспеуін байқайды, ол минералды орталарды қолдана отырып, нитрификаторлардың өсінділерін алды.———— қышқылды бактериялардың элективті ортасы – сүт. Лактозаны ашыта отырып, олар ———— түзіп алкалифилдердің (аммонификаторлар мен басқа ———— ) өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды.

Қате мен жұмыс


Элективті, микробтарын, Виноградский, сүт, қышқыл, микрооргонизмдердің.

Қорытынды тест

Қорытынды тест

1 б 2 а 3 б 4 а 5 в 6 а 7 в 8 а 9 б 10 а

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет