Оқушылар электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар жайында ауызша түсіндіреді
Пәнге тән лексика мен терминология: электрқыздырғыш приборлар, қыздыру шамы, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар, температура, кедергі, қуат ,электр энергиясы
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: қысқа тұйықталу деп...........
балқымалы сақтандырғыштардың қызметі .......
ПӘК-і деп........................
Құндылықтарды дарыту
Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, топ ережесін сақтау, игерген білімдерін өмірде қолдану құндылығын дамытуға бағытталған.
1. Алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында оқушылар тапсырма орындайды
Бір сағаттағы электр қыздырғыш прибордың энергиясының құнын есептеу. Тариф (В) = 9,383 тенге/кВтсағ
Сынып бөлмесіндегі шамдарға жұмсалатын электр энергиясының құнын анықтау (тәулік, ай, жыл т.б.)
Өз үйлеріндегі электр тұтынушы құралдарға жұмсалатын энергияның құнын анықтау (тәулік, ай, жыл т.б.)
Электр қыздырғыш құралдарының ПӘК-і, энергия шығыны туралы тапсырмаларды бере отырып, оқушыларды электр энергиясының шығыны және оны үнемдеу жолдарын анықтау туралы ойлануға бағыттайды.
2) Түсіндіру. «Ақпарат» аялдамасы Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары б. т. Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына оптималды б. т. Бірақ олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады.
Электр шамының бір ғана өнертапқышы жоқ. Шамның тарихы әр түрлі уақытта, әр түрлі адамдардың ашқан жаңалықтарының тізбегінен тұрады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Лодыгин ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.
1876 жылы 23 - ші наурызда П. Н. Яблочков (1847 - 1894) дүниежүзінде бірінші болып электр шамын жасауға патент алды. Орыстыңэлектротехнигі П. Н. Яблочков «Яблочков шамы» депаталатынэлектрдоғалышамжасады. Мұндайшамдар 1878 жылыПариждіңалаңдары мен көшелеріндеорнатылды, ал кейін Москва мен Петербургтепайдаболды.
Қысқа тұйықталу
Балқымалы сақтандырғыштар Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталуын қысқа тұйықталу деп атайды.
Қысқа тұйықталу кезінде қауіпті жағдайлар болдырмау үшін электр тізбегін ажыратып жіберуге арналған құралдар балқымалы сақтандырғыштар деп аталады
Әдебиет: Дүйсембаев Б.М., т.б. «Физика және астрономия» 8-сынып
Сабақтың ортасы
20-25 мин
25-35 мин
35-38 мин
3. Сабақты бекіту. Теориялық материалды түсінгендіктерін тексеру үшін оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Электр қыздырғыш құралдарына жататын құралдар
2. Қыздыру шамының құрамды бөліктері және әрқайсысының атқаратын қызметі қандай?
3. Қыздыру элементі қандай материалдан жасалады?
4. Қысқа тұйықталу дегеніміз не?
5. Электр тізбегіне сақтандырғыш не үшін керек?
6. Не себепті тізбектің басқа бір бөлігіне қарағанда, алдымен балқыған сақтандырғыш істен шығады?