Сабақтың тақырыбы Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар



бет1/4
Дата26.04.2023
өлшемі187,2 Kb.
#175468
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
16.02 Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар





Күні: 16.02.2023
Сынып:8 «А»

Сабақтың тақырыбы

Электрқыздырғыш құралдар, кыздыру шамдары, қысқа тұйықталу, балқымалы сақтандырғыштар

Сабақтың мақсаты

1.Электрқыздырғыш құралдар туралы білу

2.Қысқа тұйықталудың пайда болу себебін түсіндіру

3.Балқымалы сақтандырғыштардың қызметін сипаттау

Бағалау критерийі

Электрқыздырғыш құралдарды біледі
Қыздыру шамының құрама бөліктерін ажырата алады
Қысқа тұйықталудың пайда болу себебін түсіндіреді
Балқымалы сақтандырғыштардың қызметін сипаттайды

Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басталуы
2-минут

7-минут

2-минут


Ұйымдастыру . Сәлемдесу . Психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында «Өзіңізге телегенді , өзгеге де тілеңіз!» ойсергегін ұйымдастыру, оқушыларды тексеріп , түгелдеп , сабаққа жұмылдыру. Білім алушыларды «Дүкен» ойыны арқылы топқа бөлу. Қорапша тәрізді дүкеннен білім алушылар қыздырғыш құралдардың бір түрін таңдап алады да, сол таңдалған заттың аты жазылған топқа бірігеді
1-топ. Қыздыру шамы
2-топ. Электр үтігі
3-топ. Электр шәугім
«Серпілген сауал» арқылы үй тапсырмасын тексеру. Білім алушылар жеке-жеке жұмыс жасайды. Топтар кезектесіп бір-бір сұрақтан қояды.
Бұл әдіс тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытады деген мақсатта алдым.
1.Өткізгіштің кедергісі температурасына тәуелді ме?
2.Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі қалай анықталады?
3.Өткізгіштің температуралық коэффициентінің өлшем бірлігі?
4.Химиялық таза металдар үшін кедергінің температуралық коэффициенті нешеге тең?
5.Асқынөткізгіштік дегеніміз не?
6.Асқынөткізгіштік құбылысын кім зерттеді?
«Бағдаршам» әдісі арқылы бірін-бірі бағалау
Сабақтың тақырыбын табу. «Адасқан әріптер» арқылы тақырыпты ашу . Білім алушылардың ойлау дағдысын дамытамын.
ыдзыурқ дармшаы. тэлкерғшздықшыры рдалаұқр. Сақық ыталйтұқу. ақалыблмы ртаығақтаныдғсрш

Топ аттары жазылған парақшалар,
оқулық, дәптер, қаламсап
1 топ
2 топ

3 топ






Сабақтың ортасы
12-минут

10-минут




Жаңа сабақты түсіндіру “ Еркін талқылау ” әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.
Оқыған мәлімет бойынша өз ойларына талдау жасай алады. Шығармашыл тұрғыдан ойлана алады. Таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас дағдысы артады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет