Қыздыру шамы тобы. Қыздыру шамы
Дескриптор: Білім алушы -мәтінді топпен талдайды;
-ойларын жинақтап, қағаз бетіне түсіреді;
-қыздыру шамының құрама бөліктерін атап көрсетеді;
Электр үтігі тобы. Қысқа тұйықталу
Дескриптор: Білім алушы -мәтінді топпен талдайды;
-ойларын жинақтап, қағаз бетіне түсіреді;
-қысқа тұйықталудың пайда болу себептерін түсіндіреді;
Электр шәугім тобы.Балқымалы сақтандырғыш
Дескриптор: Білім алушы -мәтінді топпен талдайды;
-ойларын жинақтап, қағаз бетіне түсіреді;
-балқымалы сақтандырғыштардың пайдасы туралы айтады;
«Басбармақ» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы есеп шығаруда білімге деген құштарлықтары артып,өз бетінше талқылауға,теориялық білімін практика
жүзінде қолдану дағдыларын дамытамын.
Тапсырма білім деңгейі әртүрлі оқушыларға беріледі.
22-жаттығу.
№1. Қуаты 300 вт электр үтігінің күйіп кеткен спиралінің ¼-ін қысқартты. Осыдан кейін оның қуаты қандай болады?
Жауабы: Р2=400 Вт қуаты артады.
№2. Өз пәтерлеріңдегі барлық қыздыру шамдары қосылған уақытта жұмсалған электр энергиясын есептеңдер.Пәтерде барлығы 10 шам бар. Оның 5-уі 100 Вт-тан, 2-уі 150 Вт-тан 3-уі 40 Вт-тан.
Барлығы 10 шам, жиынтық қуат Рж=920 Вт
№3. Электроплита 120 В-тық кернеумен жұмыс жасайды. Плита сымының кедергісі 80 Ом болса, онда 10 мин ішінде одан қанша жылу бөлінетінін есептеңдер.
Жауабы: Q=108 кДж
Дескриптор:Білім алушы -есептің шартымен танысады;
-есептің берілгенін жазады;
-есептің формуласын жазады;
-есепке формуланы пайдаланып шығарады;
-қорытынды жасайды;
Білім алушылар күлекештер арқылы өзін-өзі бағалау жүргізеді