9 Клиникалық зерттеулердің жіктелуі



бет1/2
Дата16.01.2023
өлшемі18 Kb.
#165590
  1   2
Байланысты:
9-12


9 Клиникалық зерттеулердің жіктелуі.
Клиникалық зерттеу- науқастардв негізгі немесе бақылау топтарға енгізіп, медициналық іс-әрекеттер мен клиникалық ақырының арасындағы себепті мен нәтижелік байланысын анықтауға арналған тексеріс. 
Түрлері: 
1. Обсервациялық- бір немесе одан да көп науқастар тобы белігілі бір сипаты бойынша бақылауда болады.
а) жазбаша
-бір жағдайды сипаттау
-бірнеше жағдайды сипаттау
-көлденең
б)аналитикалық
-жағдайды бақылау
-когорттық
2. Экспериментальды-жасалған іс-әрекеттің нәтижесі бағаланады
а) рандомизирленген
-ашық
-жабық(біржақты жасырын, екіжақты, үшжақты жасырын)
б)рандомизирленген
Жүйелік шолулар (ЖШ)-бір жағдай бойынша ерекше жасалған бірнеше зерттеулер қорытындысына жүйелік және кездейсоқ қателер әсерін мүмкіншілігінше азайтатын әдістер қолданылынып жүргізілген ғылыми сараптама;
Мета-анализ – мағыналы ғылыми зерттеу және дәйектемеліктің ең жоғарғы шыңы.
Бақыланатын түрі- бақылау және тәжірибе топтары болады. Дәлелділіктің дәрежесін арттыру үшін бақылау тобындағылардың клиникалық нәтижесі тәжірибе тобының нәтижесімен салыстырылады.
Бақыланбайтын түрі- бақылау тобы болмайды. Ауру ағымы кезіндегі клиникалық ақпараттар жиналады
Когорттық (проспективтік - алдын болжау) зерттеулер – қауып-қатер жағдайлар немесе болжама жағдайлар әсерін зерттеуге мүмкіншілік береді:


10. Зерттеу әдістемесі. Медициналық білім саласындағы зерттеулер.
Медициналық зерттеу – мақсаты ғылыми әдістермен адам денсаулығы, аурулар, олардың диагностикасы, емдеу немесе профилактикасы туралы жаңа білім алу болып табылатын зерттеу
Медициналық зерттеулерге қойылатын маңызды талаптар:
• Зерттеуді дұрыс ұйымдастыру (дизайн) және рандомизацияның
математикалық жағынан негізделген әдісі.
• Тексерістерге еңгізілетін мен еңгізілмейтін көрсеткіштер көлемі
нақты анықталады және сақталады.
• Дерттің емнен кейінгі және ем жасалмағандағы ақыры (көрсеткіштері)
дұрыс анықталған (белгіленген).
• Зерттеудің өткізілетін орны
Зерттеудің ұзақтылығы
• Алынған мағлүматтардың статистикалық өңделуінде санау әдістері ретімен қолданған. 
Медициналық зерттеулер түрлері
• Жүйелік шолулар, мета-анализ
• Рандомизациялық клиникалық сынақтар(зерттеулер) (РБС)
• Когорттық сынақтар (зерттеулер)
• Болған жағдай ⁄ бақылау (салыстырмалы)тобы зерттеулер
• Бірнеше жағдайлар, бір мысалды (жағдай)мәліметтеу
• Ин витро және жануарларда зертте Ғылым әдіснамасы-бұл ғылыми қызметтің әдістері мен процедуралары туралы ілім. Әдістеме мазмұнды және формальды болып бөлінеді.
- Мазмұнды әдіснама заңдарды, теорияларды, ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми критерийлерді және қолданылатын зерттеу әдістерінің жүйесін зерделеуді қамтиды. 
- Формальды әдіснама теориялық білімді, оның шынайылығы мен дәйектілігін құрудағы логикалық құрылым мен формальды тәсілдер тұрғысынан зерттеу әдістерін талдаумен байланысты. 
Зерттеу әдіснамасы мыналарды қамтиды: 
* зерттеу тақырыбын таңдау, проблеманы, мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдау; 
* зерттеудің теориялық негізін әзірлеу; 
* зерттеу гипотезасын тұжырымдау
* Зерттеу дизайны мен жоспарын әзірлеу; 
* зерттелетін бас жиынтықты анықтау, одан іріктеуді қалыптастыру; 
* деректерді жинау әдістерін анықтау
* алынған нәтижелерді талдау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет