Зерттеу тақырыбын таңдау, таңдаған ғылыми зерттеу тақырыпты «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы талдау жасау



Дата24.10.2022
өлшемі18,67 Kb.
#154723
Байланысты:
СӨЖ


  1. Зерттеу тақырыбын таңдау, таңдаған ғылыми зерттеу тақырыпты «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы талдау жасау

Заттық-дамытушы ортаның балаларды əлеуметтендірудегі орны



Сипаттамалық жазба



Өзіндік ой-пікір

Тақырыпты таңдауға не түрткі болды?



Заттық-дамытушы орта — педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға қажетті уақыт пен кеңістік жағынан жүйелі ұйымдастырылған, қажетті заттармен, ойын құралдарымен жабдықталған эстетикалық, психологиялық-педагогикалық шарттардың жиынтығы. Бұндай ортада бала белсенді танымдық, шығармашылық іс-əрекетке қосылады, қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалардың тұлғасының дамуы негізгі құралдардың бірі — орта



Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаны құру арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отандық педагогика және психологияның бай тәжірбиесі жинақталған: мектепке дейінгі және ерте жастағы балалар үшін дидактикалық құралдар және дамытушы ойыншықтар жүйесін құру; ересектер мен балалар үшін ең қолайлы ортаны құру мақсатында мектепке дейінгі ұйымның ішкі архитектуралы-жоспарлық шешімін қалыптастыру; мектепке дейінгі ұйымдарда дамытушы ортаны құру қағидаты негізінде педагогикалық үдерісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
Орта — баланың жаңа білім мен əлеуметтік тəжірибесінің көзі. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық кеңістіктегі орта мектепке дейінгі баланың белсенділігі ғана емес, өздігімен əрекетін, өздігінен білім алуын қамтамасыз етеді.



Жаңартылған білім беру бағдарламасына қатысты тұстары бар ма? Дәлелдеңіз..



Балалардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өнер тілі мен әлемнің көркемдігін жаңғырту тәсілдерін тану, еркін таңдауда танымдық-эстетикалық және мәдени-коммуникативтік қажеттіліктерін іске асыру, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны модельдей алу шеберлігінен құралады. Заттық ортаны модельдеу балалардың өзара білім алмасулары, бірлесулері, өзара қарым- қатынастары үшін жағдай жасайды.

Мектепке дейінгі баланың жеке басын жəне танымдық процеcтерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын жəне тұтастай алғанда айналадағы əлеммен əлеуметтік өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Заттық-дамытушы орта — бұл бала қызметінің материалдық объектілерінің жүйесі, оның рухани жəне физикалық дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны. Дамыту ортасы бала топта өзін және өзінің өмірін құрып, өзінің қуанышы мен уайымын өзгелермен бөлісе алатындай, балалар мен ересектердің өзара әрекетінде өң және дәнекер ретінде қызмет етуі тиіс. Бұл орта бала қуанып бара алатындай және мейлінше ұзақ қала алатындай екінші үйі сияқты болуы керек.

Таңдаған тақырып қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатын тұстары бар ма? Дәлелдеңіз..



Баланы жан-жақты тəрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, заттық орта туралы түсінік ой- өрісін дамытып, еңбекке баулу балабақшалардағы барлық топтарға бірдей ортақ міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісін кеңейтудің негізгі айналадағы ортамен табиғат құбылыстарын бақылату. Заттық орта жұмысында айналадағы қоғамдық өмір шындығын, табиғат тамшыларын бақылатып, баланың таным, сезім қабілетін жетілдіру басты роль атқарады. 



Балалармен арнайы өтілетін осы жұмыс барысында тəрбиеші əр заттың аты, сапасы, қажеттігі жайында түсіндіреді. Баланы заттың атын сөзбен айтуға үйретеді. Айналадағы қоғамдық өмір өлі, тірі табиғат құбылысын бақылатқанда да əр объектіні сөзбен атап, түсіндіріп, баланы заттық ортаға сөзбен қызықтырып, қабілетін дамыту көзделеді.
Дамытушы орта бала тəрбиелеуде ең маңызды факторлардың бірі болып табылады, сондықтан да дамытушы ортаны жабдықтаған да оны өзгертуге жəне толықтыруға болатындай етіп жабдықтаған дұрыс. Өйткені бала жылдам өседі, сондықтан да, ертеңіне ол орта баланың дамуына əсер бермейді, ал кейін оның дамуына кедергі келтіреді. 




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет