№11 сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы: Организмдегі зат және энергия алмасу
Ауызша сұрау:
1.Зат және энергия алмасу. Ағза үшін зат алмасуының мәні. Катаболизм. Анаболизм.
2.Көмірсулар алмасуы. Қандағы глюкоза деңгейін реттеу. Май алмасу. Ақуыз алмасу.
3. Энергия алмасу.
Ағзаның энергия шығынын анықтау.
4. Негізгі алмасу. Негізгі алмасудың шамасын анықтайтын факторлар.
5. Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориясы (теңдестірілген қоректену теориясы және адекватты қоректену теориясы).
Практикалық жұмыстарды орындау
№1 жұмыс. Гаррис – Бендикс кестесінің көмегімен негізгі алмасуды анықтау.
Жұмыс барысы: тәжірибеде зерттелушінің қалыпты жағдайдағы негізгі алмасуын спирометаболограф көмегімен анықтау керек. Бұл үшін зерттелушінің жынысына, жасына, бойына және дене салмағына сай арнайы кестемен немесе номограммамен негізгі алмасуды есептейді. Негізгі алмасудың бұзылыу мен сипатын тәжірибеден табылған ауытқу көрсетеді.
Зерттелуші 21 жастағы әйел адам деп есептейік. Ростомер көмегімен оның бойын, дене салмағын өлшейді. Бойы – 160см және салмағы – 60кг. Негізгі алмасуды өлшеу үшін сәйкес кестені ашады. Өлшеуіш кесте екі А және Б кестесінен тұрады.
А кестесінен – зерттелушінің салмағы 60кг-ға қарсы тұрған 1229 санын табады.
Б кестесінен– көлденеңнен 21 жасты, тігінен – 160см-дің қиылысқан жеріндегі 198 санын табады. А – кестесіндегі 1229 санына, Б – кестесіндегі 198-ді қосады. Сонда зерттелушінің қалыпты негізгі алмасуы 1427 ккал құрайды. Тәжірибе барысында анықталған негізгі алмасу 1382,4 ккал теңеседі. Қалыптан ауытқу 3% шамасын құрайды.
Қорытынды:
№ 2 жұмыс. Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу.
Жұмыс барысы: зерттелушінің 3 рет 1 – 2 мин сайын оң қолдың максимальді және минимальді артериялық қысымын, пульсін өлшейді, эмоционалды тыныштық және бұлшықет ширығуының жоқтығы кезінде зерттелушіні арқасына жатқызған қалпында пульсін есептейді. Есептеу үшін минимальді көрсеткіштерді алады. Негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын Рид формуласымен есептейді:
Ауытқу дәрежесі = 0,75*(пульс жиілігі+пульс қысымы*0,74)-72
Сонымен қатар намограмманы қолданады. Қорытынды.
№ 3 жұмыс. Сәйкес салмақты номограмма бойынша анықтау.
Ерлерде, әйелдерде
Номограмманы қалай қолдануды ескертемiз. №1 көрсеткiш - бойды бiлдiредi. №2 көрсеткiш - дене салмағы. №3 көрсеткiш - сәйкес салмақтан ауытқу. Бой санын 3 көрсеткiшiндегi "ноль" нүтeciн сызғышпен қосыңыз, сонда дене салмағы көрсеткiшiнде сiз сәйкес салмақты табасыз. Бойдың маңызы және шын салмақты қосып, сәйкестiк ауытқудың процентiн анықтаңыз. Сiзге сымбатты, денiңiз сау, бақытты болуыңызды тiлеймiз. Қорытынды:
№ 4 жұмыс.
Брок формуласымен сәйкес салмақты анықтау.
Салмақ (кг) = бойы (см) - 100
20 жастан кейiн әр келесi 1О жылдықыта 60 жасқа дейiн алынған Брок көрсеткiштiң 3% - тiк өлшемiн қосамыз. Мысалы: 20 жаста, бойы - 180см, сәйкес салмақ Брок формуласы бойынша тең болуы тиiс: 180 – 100 = 80кт
30 жаста: 80кг + (80 * 3% / 100%) = 82,4кг
40 жаста: 80кг + (80 * 6% / 100%) = 84,8кг.
Сызбалар мен кестелерді салу:
Достарыңызбен бөлісу: |