Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі
Сабақ жоспары Cабақтың тақырыбы: Туындының көмегімен функцияны зерттеу және оның графигін салу
Модуль/ пән атауы:Математика
Дайындаған педагог:Нурсеитова Р.З
18.02.2022 ж 1. Жалпы мәліметтер: Курс\Топ: 1 курс ТЖ-11Д Сабақтың түрі: практикалық сабақ 2. Мақсаттары, міндеттері: туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттеуді білу және оның графигін салуды үйрену
2.1Оқу процесінде білімалушылар игеретін кәсіби дағдылардың тізімі 1) Функцияның аралықта өсуінің (кемуінің) қажетті және жеткілікті шартын қолданады;
2) Туындының көмегімен функция қасиеттерін зерттейді және оның графигін салады.
3. Сабақтың жабдықталуы 3.1Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиет: Әбілқасымова А.; Жұмағұлова З.,Абдиев А. Алгебра және анализ бастамалары Мектеп.,
А.Ш. Алимов, Ю.АМ. Колягин Алгебра и начала математического анализа 10-11кл Учебник М: Просвещение, 2012.,
А.Н.Шыныбеков. Алгебра и . начала анализа.10 класс. Алматы:Атамұра,2011.
3.2 Техникалық жабдықтау, материалдар:ЗУМ, презентация,Бейне сабақтар, АИС Платонус
4.Сабақ барысы - Ұйымдастыру кезеңі;
- Үй жұмысын тексеру;
Жаңа сабақ түсіндіру:
функцияның жұп, тақтылығын графиктік тәсілмен қалай берілетінін еске түсірейік
4.Білімалушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмаларын беру арқылы туындының көмегімен функцияны зеттеп, графигін салудың алгоритмімен таныс болайық
ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ: Функцияларды зерттеп, олардың графигін салыңдар
№296
5. Сабақ бойынша рефлексия «Пантомима» . Қолдарын жоғары көтерсе –сабақ жақсы өтті, басы төмен-қанағаттанған жоқ, беттерін қолымен жауып алса –ұнамады.
6. Үй тапсырмасы №21.1
№21.1 Функция өсетін және кемитін аралықтарын табыңдар
Сандық эквивалент
Баға
Критерийі
«Өте жақсы»
«А» 95-100 балл
Білімалушылар қойылған мәселелерді шешу үшін және қорытындыны тұжырымдау үшін берілген шамаларға сараптама жасай алады;
«А-» 90-94 балл
Білімалушылар математикалық ақпаратты қолданып практикалық жағдайларды модельдейді және құрылған модельді зерттейді
«Жақсы»
«В+» 85-89 балл
Білімалушылар ғылыми ақпаратты жүйелі түрде жеткізе алады;
«В» 80-84 балл
Білімалушылар терминдер мен үғымдарға түсінікті анықтама береді;
«В-» 75-79 балл
Білімалушылар ақпаратты және есептің шешімін анық және түсінікті формада береді
«С+» 70-74 балл
Білімалушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және көрнекіліктерді пайдаланып зерттеуді жоспарлаудың, жүргізудің және зерттеудің нәтижелері туралы ақпаратты математикалық сауатты түрде ауызша және жазбаша жеткізе білуге дайын және қабілетті екенін көрсете алады
«Қанағаттанарлық»
«С» 65-69 балл
Білімалушылар математикалық білімдерін, біліктерін және дағдыларын таңдайды және оны қолданады;есептерді шешудің тиімді әдістерін таба алады
«С-» 60-64 балл
Білімалушылар дұрыс шешім қабылдай алады;нақты математикалық амалдарды орындайды