Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



бет1/2
Дата13.08.2017
өлшемі3,26 Mb.
#23426
  1   2

Әлдихан ҚАЛДЫБАЕВ

Таңдамалы

Шығармалар

II том
Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар

ББК 84Каз7-44

Қ25

Қазақстан Республикасы



Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитеті

017 «Әлеуметгік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы

Қалдыбаев Ә.

Қ25 Таңдамалы шығармалар: Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар. 2-т. — Алматы: Раритет, 2008. — 208-6. — «Балалар әдебиеті» сериясы.

І5ВК 978-601-250-006-6



Белгілі балалар жазушысы, драматург Әлдихан Қалдыбаевтың тандамалы шығармалар жинағының бұл томына қазақ балаларының әлдеқашаннан сүйіп оқитын хикаяттары, әңгімелері мен ертегілері еніп отыр.

Жазушы шығармалары шындықтың өзінен өрілген, оларда сөз болған оқиғалар оқырманды еш селкеусіз иландырады. Образды тіл, жеңіл юмор тәнті етеді.



қ

ББК 84 Каз7-44.




ҚОС ТЕНТЕК

БІР РЕНІШ, БІР ҚУАНЫШ

Марат балалармен ұзақ ойнап, түсте үйіне келсе, мама ағашта атасының аты байлаулы тұр. Мараттың атасы Әшір Төменсазда кеңшардың қойын бағады. Ол кісі тек айлық ақшасын аларда болмаса, келмейді. Үнемі аға шопан Қуаттардың үйінде жүреді.

Марат атты көрген бойда қуанып кетті. Атасы келді дегенше, құт-береке келді демейсің бе?

«Атам үйде қазір шай ішіп отырған шығар. Шай ішіп болған соң, Шолпан екеуімізді ертіп дүкенге барады. Кәмпиттің қандай түрін алдырсам екен, ә?»

Марат осы оймен желпініп үйге асығып-аптығып кіріп келіп еді, атасы жоқ болып шықты. Қазандағы сүр иісі мұрынды жарып, бүлкілдеп буы шығып, қайнап жатыр. Апасы нан илеп отыр. Қимылы ширақ, асығатын сияқты.

- Апа, атам қайда?

- Атаң кеңсе жаққа кетті, қазір келеді. Асығыс екен. Тамағы ертерек дайын болсын. Даладан шапшаң отын әкеліп, отқа сала қойшы, қазан қаттырақ қайнасын. Нанын илеп боп қалдым, — деді апасы дөл Мараттың келуін күтіп отырғандай.

Шолпан да:



  • Атам бүгін қонбайды. Олардың қойлары қоздағалы жатыр, — деді.

Марат атасын үйден таппағанына бір түрлі жасып қалды. «Апамдікі не, Шолпан тұрып, мені жұмсағаны?»

Бірақ атасы үшін жасалып жатыр ғой бұл тамақ. Ол, мүмкін, жолай дүкеннен кәмпит, печенье құшақтап ке-


-6-

лер. Оның ар жағында қазір атасы келіп, Шолпан екеуі мойнына секіріп еркелей бастағанда, Шолпан бірдеңеден дау шығарып: «Жаңа атамның тамағы жылдам дайын босын, даладан отын әкеле ғой дегенде, тіл алмай қойғаның қайда?» — десе, не бетін айтпақ.

Марат сыртқы есікті ашып, далаға шыға беріп еді, жанында бір бейтаныс жас жігіт бар атасы кақпадан кіріп келеді екен. Мараттың бұрын-соңды көрмеген адамы. Жан-жақтағы туыс-жекжаттарын есіне алды. Ешқайсысына ұқсамайды. Марат аңтарылып, қалшиып табалдырықта тұрып қалды.

Бейтаныс жігіт таңырқап, Маратқа қарап:

- Ақсақал, мынау сіздің жігіт пе? Аты кім? — деді.

- Ие. Марат. Балам, ағаңа сәлем бермейсің бе? - деді атасы күлімсіреп.

Атасының бейтаныс кісінің көзінше ескерту жасағанына Марат қатты қысылып қалды. Жерге қараған күйі қораның бұрышында үюлі жатқан отынға қарай жүгіріп кетті. Ол даладан отын қүшақтап үйге кірсе, апасы:

- Жатам десең, жата ғой. Төргі үй бос тұр, оңаша, тыныш. Мына бір қос тентегіміз болмаса, шу жоқ. Бұларды өзің бойыңа үйір қылмасаң болғаны, — деп жатыр екен.

- Жарайды, жатайын, апа. Бала деген қайта жақсы емес пе?..

- Атың кім, шырағым?



- Әбіл.

- Қаңдай практика еді оның, қарағым? Мараттың атасы бұл жайға әбден қанығып алған екен,

Әбілден бұрын:

- Қандай дерің бар ма, мектепке келгеннен кейін бала оқытады да. Мұғалім болуды үйренеді екен, — деді.

- Марат тым сотанақ еді, жақсы болды ғой. Енді қайтер екен? Мұғалімнің көзінше бұзақылық жасар ма екен?

Апасының мына сөзі Маратқа жығылған үстіне жұдырық болды. Екі бетінің ұшы қызарып кетті. «Нұрғайша апай айтқан студент-практиканттар осылар екен ғой. Білмей қалдым ғой, білгенде жаңа бас киімімді алғаңда, соның өзі-ақ жетіп жатыр еді-ау! Әттеген-ай!» деп іштей өкініп қалды.

Пешке отын салып жатып көзінің астымен Шолпанға қарап еді, жүзінде түк те қысылғандық жоқ, «Үйімізге
-7-

мұғалім жататын болды. Қандай тамаша» дегендей қуанышты күлімсіреп отыр екен.

Маратқа осы сәтте бүкіл Қаракемерде Шолпаннан бақытты адам жоқ тәрізді боп көрінді.

Мараттың мүшкіл халін сезді білем, Әбіл:

- Марат жақсы жігіт сияқты ғой өзі. Сотанақтығы қай жағында мұның? Апасына көмектесіп, от жағып жатыр, — деп жылы ұшырады.

- Бұл сөз Мараттың көңіліне демеу боп, аз да болса жадырап қалды. «Жаңа тіл ала қойғаным мұндай жақсы болар ма. Әйтпесе, нағыз масқара болатын екем» деп ойлады. Қуанғаны сонша, қазірдің өзінде далаға шығып, маңайдағы балаларға түгел осыларды жариялап шыққысы келді.


ӨЛЕҢ ЖАТТАУ
Мараттың атасы асын ішкеннен кейін кетіп қалды. Әбіл ол кісі кетпей тұрып-ақ чемоданын көтеріп әкелген. Бұрын атасы келіп, қайта кеткен күні Марат қоңыл-тақсып, бірдеңе жетпей тұрғандай боп елегізуші еді. Бүгін түк те олай емес, қайта үй іші жанданып, береке кіріп қалғандай. Мараттың апасы да ерекше жайдарыланып, көп әңгіме айтты. Мараттың ағасы Құдаш пен әпкесі Алманың Алматыда оқып жүргенін, олардан үлкен екі әпкесін ұзатып жібергенін, қазір қолдарында Шолпан мен Марат қана барын апасы жайдарыланып отырып ұзақ әңгімеледі. Осы әңгіменің бәрін Марат пен Шолпан да жаңадан естіп отырғанға ұқсап, бар зейіндерімен ұйып тыңдады.

Әңгімеден соң Әбіл түпкі үйге кіріп, үйіне хат жазып отыр еді, жанына «Балдырғанның» бірнеше санын құшақтап Шолпан келді. Әрқайсысын бір шұқылап ашып, суреттерін көріп отырды да, Әбіл хатын жазып болып, орнынан қозғала бергенде:

- Аға, оқып берші, — деп журнаддың бірін алдына қарай ысыра салды.

Сол сәтте Шолпанның қызыл шырайлы сүйкімді домалақ бетіне ұяңдық ұялап, нұрланып кетті. Шарасында мөлдіреп тұрған бота көзі «Аға, оқыңызшы енді» деген-


-8-

дей жасаурап барады. Бантик таққан шоқ тұлымы да желп-желп етіп, Әбілді асықтырғандай болды.

- Өзің айта қойшы, қайсысын оқиын.

- Мынаны — «Орман қызын» оқыңыз, — деп Шолпан жіңішке сұқ қолымен «Тұманбай Молдағалиев» деген жазуды көрсетті.

- Шолпан, андағы көрсетіп тұрғаның осыны жазған ақын ағаңның аты мен фамилиясы. «Орман қызы» деген мына үлкен қызыл жазулар. Ал мынау — сол ақын ағаңның суреті.

- Суретін де сол кісінің өзі салған ба? Ол кісі неге сиямен жазбайды? — Шолпан анықтап байқайыншы дегендей жазуларға жіті үңіліп кетті. Шолпан, ал ағаң мұны о баста сиямен жазған. Суретін суретші салған. Сен сияқты балалардың бәріне журнал керек. Ол журналдың бәріне қашанғы сиямен жазып отырмақ. Журналға басқанда осындай боп түседі. Оны өзің кейін үлкейгенде түсінетін боласың. Қане, енді тыңда, оқиын.

Әбіл «Орман қызын» асықпай баппен оқи бастады. Шолпан үн-түнсіз қалшиып тыңдап отырып, бір уақытта:

- Аға, жылдам оқыңызшы, — деді.

- Немене, Шолпан, жалықтың ба?

- Жоқ.


- Ендеше, неге асығасың?

- Қыз ертерек атасы мен апасына барсын. Шолпан

«Орман қызын» бұрыннан біледі екен. Оның түсінігіне жеңіл болсын деп, жай оқып отырғанының бекер екенін білді де, Әбіл судыратып тез оқып шықты.

- Ал енді қайсысын оқиық?

Шолпан журналдың он сегізінші бетін ашып, «Қарындасым бар менің» деген өлеңді көрсетті. Әбіл мәнерлеп оқып берді де, Шолпанға мынадай сұрақ қойды:

Шолпан, өзің оқи аласың ба?

Жоқ. Маған Алма тәтем келгенде оқып береді.

- Ал әйтпесе мен осыны дауыстап қайта-қайта оқиын, сен жаттап ал. Тәтең келгенде судыратып оқып бересің өзіне.

Бұл сөзді төсегінде жатқан Мараттың құлағы шалып қалды. Шолпанның түк жатырқамай, Әбілмен шүйір-
-9-

келесіп кеткеніне бағанадан бері танданып, төргі үйге құлағын тігіп жатқан. «Апыр-ай, маған да жаттатпас па екен?» деген оймен есіктен басын қылтита беріп еді, Әбілдің:

-Марат, сен де жаттайсың ба? Жаттасаң, кел. Екеуің қатар отыра қалыңдар, — дегені ғой. Әбілдің өз ойының дәл үстінен түскені мүндай жақсы болар ма, Марат жүгіріп кеп, Шолпанның жанындағы бос орындыққа отыра кетті.

-Ал тынышталыңдар, бастаймыз.

- Апам жоқ-та бөл-ме-ні


Қоя-тұ-ғын та-за-лап,
Біл-гі-сі кеп әр-не-ні,
Сұ-рай-тын ыл-ғи ма-за-лап,
Қа-рын-да-сым бар ме-нің.

Әбіл әр сөзді буын ретімен созып-созып оқыды.

-Ал, кәне, бәріміз қосылып айтайық. Үшеуі әлденеше рет қосылып айтып шықты. Шолпан, өзің айтып көрші.Шолпан мүдірместен тақылдатып айтып берді.

- Марат, енді сен айта қойшы.

- А-пам жоқта бөлмені
Қоя-тұғын таза-лап.
Біл... біл... білейін... -

деп Марат тұтығып тұрып қалды. Шолпан бұған мәз болып сықылықтап күліп:

- Иә, саған, солай ма екен? «Білейін» деп емес,

Білгісі кеп әрнені



Сұрай-тын ылғи мазалап

Қарындасым бар менің, —



деді.

Әбіл де Шолпанға ілесе күлді. Маратқа қайта айтқызып еді, тағы жаңылды. Бұл жолы мүлт кеткеніне Марат намыстанып қалды. Екі қолымен бетін басып жылап жіберді.

Жаңа ғана шат күлкіден езуін жия алмай отырған Әбілдің жүзіне өкініш ұялай берді. Маратты ыза қылу үшін әдейі күлгендей боп, тым ыңғайсызданып:


-10-

- Енді жаңылмайсың. Қайта айтып көрші, нанбасаң.


Ал, қане, қайта айт, — деп, сасқанынан Маратты қолпаштай бастады.

Марат шын күйініп отырған, айта жөнелді. Дәл жаңылатын жеріне келе бергенде, Әбіл «білгісі кеп» деп сүйемелдей қойып еді, Марат аяқ жағын іліп әкетті.

-Міне, азамат! Енді екінші шумағын жаттайық. Ерегіскенде қазір Шолпаннан озып шықшы осы.

Ұ-нат-пай-тын еш-кім-ді, Қал-са е-гер өк-пе-леп.

Ки-гі-зе-тін кеп-кем-ді



Көң-лі кел-се шөт-ке-леп, Қарындасым бар менің.

- Ал, кәне, бәріміз қосылып айтайық.

- Ұ-нат-пай-тын, — деп айта беріп, Әбіл Маратқа қараған.

Марат көзінің қиығымен журналды тесіп отыр екен. Әбіл Мараттың жаңағы жолы жаңыла беруінің сырын дереу түсіне қойды. Журналды жауып қойып, үш рет қайталап айтып шықты.

- Марат, өзің айтып көрші, ал.

Бұл жолы Марат та, Шолпан да жаңылмады.

- Марат, сені Шолпаннан неге қалып қойды десем, журналға ұрланып үңіліп, көңілің бөлінеді екен ғой. Бір нәрсемен айналысып отырып, назарынды басқаға бұрмаған жөн. Онынды көріп қалғаным жақсы болды. Шолпаннан озып шықтың. Қалғанын ертең жаттайық, бүгінге осы да жетер, — деп Әбіл журналды жаба салды.

«Ой, пәле-ай, қайдан біліп қойды екен! Біліп қалғаны да жақсы болды, озып шықтым» деп ойлап, Марат әжептеуір көтеріліп қалды. Әбілдің Маратқа «Шолпаннан озып шықтың» дегеніне Шолпан:



- Иә, озған жоқ. Сіз Маратқа бұрын айтқыздыңыз ғой, — деп ашуланып бұртиды.

- Жаңа сен бұрын айтқансың. Бұл жолы Марат бұрын айтты. Екеуің де бірдейсіңдер. Маратты қайта-қайта қалдыра беруге бола ма? Еңдігі жолы алдымен сен айтасың, — деді Әбіл Шолпанға. Шолпан жадырап сала берді.


-11-

ШАШ АЛУ
Марат даладан кіріп келген қалпы қолын да жумады, бас киімін де алмады, орындыққа апыл-ғұпыл отыра салып, қасыққа жармасты.

- Марат, тамақ ішкенде бас киімді алып отыру керек, —деді Әбіл оның бұл қылығын жақтырмай.

Марат сол қолымен кепкасын басынан алды да, төрге қарай лақтырып жіберді.

- Сөйтеді бұл. Осы баланы қолға алшы өзің, қарағым. Көрдің бе, киімін қай жер болса, сол жерге лақтыра салады. Бар, анауыңды іліп қой, — деп Жібек апай Маратқа дүрсе қоя берді. Жайшылықта болса, тіпті тіл алмауға болар еді. Қазір Әбіл ағайдың алдында жағдай мүлде басқаша. Марат: «Мына, апамды-ай, масқара қылды-ау! Ілсем, іліп қояйыншы», — деп, кепкасы түскен жаққа қарай беттеді. Апасы Мараттың шашы өсіп кеткенін көрді. «Қап, атасы келгенде көрмегенімізді қарашы! Әбіл шаш ала алмас па екен? Әй, бірақ оқып жүрген балалар шаш алуды біледі дейсің бе? Ауыртады деп зар илейді. Ауыртса да Нүскеннің атасына алдырмаса, болмайды екен» деп ойлады ол. Сонан соң Маратқа:

- Марат, тамағыңды ішкен соң, Нүскеннің атасына шашынды алдырып келмесең, өсіп кетіпті ғой, — деді.

- Әли атам ауыртады. Кесіп алады. Алдырмаймын, керегі жоқ, — деп Марат без ете түсті.

- Бұл үйде ұстара бар ма?

- Бар.

Марат орнынан атып тұрып, суырмаға қарай тұра жүгірді. Мараттың апасы «шын айтып отыр ма?» дегендей, Әбілге күдіктене қарады. «Жып ете түсуін» деп ішінен Маратты да жақтырмай қалды. Марат ұстараны алып келіп, Әбілге ұстата салды.

- Шашынды жібіт те, мына орындыққа отыра ғой, сыпырып тастайын, — деді Әбіл ұстараны жанып-жанып алып. «Ауыртар ма екен, қайтер екен? Әли атама-ақ алдырсам ба екен? Мейлі, енді не болса да бір рет алдырып көрейін» деп Марат жүрексініп орындыққа әзер отырды.
-12-

Ұстара сыр етіп төбесінен бір жүріп өткенде, иығын қиқаң еткізіп бұға қалды.

- Қорықпа, Марат. Әлдекімге ұқсап бұққаның нең? Марат қайта жөнделіп отыра бергенде, ұстара жүзі жүріп берді. Әбіл ұстарамен емес, алақанымен ғана сипап өткендей болды. Тағы сипады, тағы сипады. Ұстара жүзі бір орнын қайта баспады. Марат көзін жұмып, мүлгіп отыр. Қалғып кете жаздады. Әли атасының шаш алғаны келді көз алдына. Мараттың басын екі тізесімен мықтап қысып алатын. Ауырсынып, қыңқылдаса:

- Тәйт әрі, жаман неме! Жаның шығып бара ма? Осы күнгінің балалары жасық туады білем. Шашымызды қабырғамен алып жатса да былқ етпеуші ек. Қап, әттеген-ай! Мына жерін кесіп алғанымды қарашы. Қан шыққаны жақсы. Болмаса, шайтан басыңды қауақ қылып алады, - деуші еді.

- Мінеки, алып та біттік. Қалғып кеткеннен саумысың өзің? «Апыр-ау, шынымен алып бітті ме?»

Марат айнаға қарады. Әли атасы алғанда өтпес шалғының артыңда қалған сояудай боп, төбесінің әр жерінде едірейіп шаш тұрушы еді. Қазір басы жұмыртқадай боп жылтырап тұр. Шашы туғалы мұндай әйбат боп алынып көрген емес. Қуанып кеткен ол Әбілге:

- Аға, шашымды енді үнемі сізге алдырып тұрамын, түк ауырған жоқ, — деді.

Аз-ақ күннің ішінде Әбіл Марат пен Шолпанға туған ағасындай боп кетті. Әсіресе, Марат шашын алғызғалы Әбілді жанындай жақсы көріп сыйлайды. Әбіл бірдеңеге жұмсаса-ақ, елпілдеп ұшып тұрады. «Дүниеде Әбілден жақсы адам бар ма екен! Кітап оқып бер десең, кітап оқып береді, ертек айт десең, ертек айтады. Бәрінен де шаш алғанын айтсайшы!»

Бүгін Әбіл түскі тамаққа кеш келді. Ол келгенде Жібек апай үйде жоқ, тек Марат пен Шолпан ғана барды.

- Марат, апаң қайда?

- Әли атамның таңдырына нан жабуға кетті.

- Мен мектепке қазір қайта баруым керек еді. Айран ұйыса, әкелші, нан турап жеп кете қояйын.

Марат дөңгелек үстелге дастарқан жайып, нан әкелді. Әбіл турай бастады.

-Мен де айран ішем, — деді Шолпан да үстелдің бір

-13-

шетіне отырып жатып. Марат Шолпан естімейтіндей етіп Әбілдің құлағына:



- Аға, сізді жақсы көрем. Сізге бірінші құйып әкелейін. Содан кейін Шолпанға айран жоқ дей салайық, — деп сыбырлады.

Әбіл Мараттың құлағына:

- Қой, оның не? Мен бөлектеніп қалай ішемін? Болмайды, — деді.

- Онда мен Шолпанға да, сізге де айран бермеймін. Құйып әкелмеймін.

- Мейлің, өзіміз-ақ құйып ішеміз.

- Мен қазір «айранның бәрін құртты» деп апама барып айтамын. Онда қайтесіз?

- Апаң не қылады? Айран ішпе дей ме? Бар, айта бер. Марат аяқ астынан сынапша бұзылып, шынымен апасына айтпақ боп далаға шығып кетті. Әбіл мен Шолпан үн-түнсіз айранға тойып алды. Маратқа жолда: «Менен Шолпанды жақсы көреді екен ғой. Әйтпесе неге өзіне құйып бергенді іше бермейді? Шолпанға беремін бе, бермеймін бе, не жұмысы бар?» деген қызғанышты ойлар келді. Апасына келіп:



- Апа, аналар айранды құртып жатыр, — деді.

- Не ғып құртты? Төгіп алды ма?

- Ішіп жатыр.

- Ішсе, ішсін. Оны не деп айтып тұрсың? Марат сөз таппай жерге қарады.

ТЕРЕЗЕ ҚАҚПАҒЫ
Әбіл жұмыстан шаршап келіп, төсекке жантайып кітап оқып жатқан. Кітаптың қызығы біржола баурап алып, басқа дүниені ұмыттырып жіберіп еді. Кенет терезенің қақпағы сатыр-сұтыр жабылды да, әп-сәтте үйдің іші қап-қараңғы болып кетті.

Пәле Мараттан болған екен. Ол терезенің бір жақ қақпағын ашып, сықылықтай күлді де, қайта жаба қойды.

- Қой, Марат, кітап оқиын, терезені ашып қойшы.

Марат қақпақты тағы ашты да, Әбілді мазақтағандай мұрнын тыржитып, басын бұлғаң-бұлғаң еткізіп, тағы жаба салды. Бүйтіп тілімді алмайды деген Әбілдің ойында жоқ

-14-


еді. «Апырым-ау, не жазып қалып едім?» деп таңданды. Маратқа сәл ренжіңкіреп, терезе алдына келді.

- Марат, сен жақсы жігіт едің ғой, ашшы, айналайын.

- Ашпаймын.

- Кешке қызық-қызық ертегі айтып берейін, қазір кітап оқиын, ашшы.

- Ертегіңіздің керегі жоқ. Тыңдамаймын. Сіз Шолпанды жақсы көресіз, соған айта беріңіз.

- Кешегіні айтып тұрсың ба? Онда өзіңдікі жөн емес қой, қарашы, шашың да өсіп қалды. Өскен соң, әнеукүнгіден де әдемі етіп түк ауыртпай сыпырып тастаймын, ашшы енді.

- Әли атам-ақ алады.

- Өткенде атам ауыртады, енді сізге алдырып тұрамын дегенің қайда?

- Ауыртса мейлі, ол — біздің туысқан, өзімнің атам.
Марат Әбілдің алдаусыратқанына көнбек тұрмақ, ерегісе түсті. Қайдан сап ете қалғаны белгісіз, Әбілдің есіне терезенің желдеткіші түсе кеткені. Бағанадан бері Маратқа жалынғанының бәрі Әбілге зая көрінді. Желдеткіш сыртқа қарай ашылатын, ептеп итеріп еді, терезе қақпағына барып тірелді. Күшін салып қатты итеріп қалды. Марат кақпақты іргетасқа шығып алып басып тұрған, ол енді қапелімде ашылып кетіп, сырып жіберді де, жерге құлап түсті.

«Өз үйімнің терезесі, кақпағын жабам ба, қоям ба, онда Әбілдің жүмысы қанша? Онымен қоймай, итеріп жібергенін қарашы, ей?»

Марат осыңдай қияңқы оймен қорланғандай, еш жері ауырмаса да орнынан бақыра түрегелді. Қыңырлығы ғой, болмаса бүліне қалатын ештеңе жоқ, іргетас ап-аласа болатын.

- Ештеңе етпейді. Өзің ғой, енді нең бар тыныш тұрған тереземен алысып? «Ғарышкер боламын» дейтінің қайда? Ғарышкер болатын бала ап-аласа жерден құлағанға да жылай ма екен? Соған шынымен-ақ жылаймысың, жаман балалар құсап, қой, — деді Әбіл Мараттың намысына тигізе. Марат тындаған жоқ, жылаған бойы үйді айналып кетті. Әбіл «Шынымен құтылдым ба?» деп төсекке қайта жантая беріп еді, Марат үйге кіріп келді. Долылығы сыртына

-15-

теуіп, аузы бұртиып, көзі қызарып кетіпті. Белдігін шешіп алыпты. Әбілді ұрмақ ойы бар. Қайтер екен деп, Әбіл ашулы кейіппен көзінен айбар шаша қарады. Марат сескеніп қалт тоқтады.



- Ұрам, ұрам. Неге итеріп жібересіз?

- Сенің мұғалімің Нұрғайша апай ғой. «Үлкеннің тілін алма. Белдігіңмен кісіні ұр» деп үйретіп пе еді? Ертең ол кісіге осыныңды айтып барамын. Сыныбыңның талқысына саламын. Ал қазір бар, — деп, Әбіл зекіп тастады.

Бұл Әбілдің жай жасқайын дегені. Әйтпесе осы күнге дейін Жібек апай ренжіп қалар деп, Марат пен Шолпанға қатты сөйлеп те көрген емес.

Апайынан жасқанды ма, жоқ, шынымен ұрар деді ме, Марат не істерін білмей, жүні жығылып состиып тұрып қалды. Сөйтті де:

- Апама айтам. Үйден шығарып жібереміз, — деп долдана бақырып жылап, үйден шығып кетті. Жібек апай алты жасар Шолпан екеуі дүкенге кеткен. Әбіл бір түрлі ыңғайсызданып, ол кісі келгенше жұбатып қоймақшы боп далаға шықса, есік алдында Марат шешесіне:

- Әбіл аға ұрды, — деп шімірікпестен соғып тұр екен. Апай сеніп қалған ба, Әбілді көре салып:



- Әбіл шырағым, оның не, кішкене баламен бала боп, — деді.

Әбілдің екі беті ду етіп, қызарып кетті.

- Марат, мен ұрдым ба сені? Сөйтіп өтірік айтуға бола ма екен? — деуге ғана шамасы келді. Онан әрі аузына сөз түспей, булығып қалды. Марат үндей алмай төмен қарап, аяғының басымен жер шұқи берді.

Жібек апай іс мәніне дереу түсіне қойды:

- Қара, мұның өтірік айтуын, — ден Маратқа тұра ұмтылды. Марат зыта жөнелді. Әй, осыдан үйге келмей кеткеніңді көремін. Айтпады деме, мойныңды жұлам, — деп, апасы бұлқан-талқан боп ұрысып қала берді.

- Маратқа тимей-ақ қойыңыз, апа. Өзіміз-ақ татуласып кетеміз. Білместік жасаған шығар, бір жолға кешіріңіз, - деді Әбіл басу айтып.

Кешкі астан кейін:

-16-


-Ертегі айтып берші, аға, — деп Әбілдің жанына Шолпан келді. Әбілге ертегі айтқызу — Марат екеуінің күндегі әдеті. Күндізгісінен ұялып Марат анадай жерде томсырайып жақындай алмай тұр. Әбілдің ойына бір қулық түсе кетті:

- Менің бөлмеме жүр, Шолпан. Сонда барып айтамын. Өте қызық ертегі, - деп, Әбіл Маратқа көзінің астымен қарап қойды.

- Марат та жүрсін қызық болса, — деді Шолпан жұлып алғандай.

Марат ызаға булығып, иегі кемсеңдеп жыларманға келді.

- Марат, жүре ғой. Күнде екеуіңе айтушы емес пе едім. Жүр, — деді Әбіл оны қолынан жетелеп. Марат үндемей жерге қарап келеді.

Кенет Марат:

- Аға, күндегі айтатын ертегіңізді кітаптан оқушы ма едіңіз? - деді.

- Ия, Марат. Күндіз оқып алып, кешке сендерге айтып беретінмін, — деді Әбіл Мараттың қытығына тигенін біліп қуақыланып.

- Мен онда енді еш уақытта да терезенің қақпағын жаппаймын. Шолпан жаппақ болса, оны итеріп жіберемін, — деді Марат мәз болып.

- Ия, мен сен сияқты бұзақы емеспін. Сен ғой... — деп, Шолпан Маратты жазғыра бастады. Марат үндей алмай қалды. Жаңа ғана желпініп келе жатқан көңілі су сепкендей басылды.

- Екеуің де бұзақы емессіңдер, жақсысыңдар, айналайындар. Бағана мен Маратты байқамай қалып, жабық тұрған қақпақты ашам дегенде жығып алғам, Марат, ә? — деп Әбіл екеуіне ертегі бастай жөнелді.

Шолпан шынымен солай ма еді дегендей, Маратқа сұраулы жүзбен қарады.

«Қап, мына Шолпанның қорлығын-ай! Әбіл аға болмаса, күн көрсететін емес қой өзі. Жаңа ғана шүйіркелесіп келе жатқанда шырқымызды қайта бұзып жібере жаздады-ау. Бәрі терезе қақпағының кесірі. Сол пәленің енді маңайына жоламаспын» деп ойлады Марат.
-17-

НЕГЕ ӘБІЛ КІНӘЛІ БОЛМАЙ,

МАРАТТЫ КІНӘЛАЙДЫ?
Қаракемердің күнбатыс жағында Түрген өзенінің ескі арнасы бар. Бұл арнаның толып аққанын көрген адам жоқ. Өзі сондай терең, ені де әудемжер. Екі ернеуі — құлама жар. Үлкен сай іспеттес, көктемде болмаса, су ағар табан арнаның өзі де ала жаздай аппақ боп қаңсып жатады. Арнаның екі жағы ернеу жарға дейін қалың шым, көк майса.

Балалар көктемгі каникулға шыққалы бері Әбіл Мараттармен бірге осы көкке жиі шығып жүрді. Бір күні Әбіл денешынықтыру пәнінің мұғалімі Жанғали ағайдан доп сұрап әкелді. Доп ойнауға Нүскен де ере шықты. Нүскен — алтыншы сыныпта оқитын ересек бала. Кәдімгі Мараттың шашын ауыртып алатын Әли атайдың немересі. Шолпан келе жаңадан бүрін жарған майда сары гүлдерді теріп кетті. Әбіл, Нүскен, Марат иіріліп тұрып доп қағуға кірісті. Бірақ Марат бұл ойыннан ештеңе шығара алмады. Қолының әлі келмей ме, жоқ, әдісін білмей ме, екі-үш рет әуелеп келе жатқан допты аламын деп, саусақтары қайрылып қала жаздады. Сосын жан-жаққа қашқан допты қуамын деп, ала өкпе болды. Әбден шаршады.

-Аға, қақпа ойнайықшы, — деді ақыры.

Әбіл көне кетті. Көнбегенде қайтсін, Марат бұлар үшін бостан-бос қара тер болды.

Ойынның шарты пәлендей қиын еместі. Арасын әжептәуір етіп екі жерге тас үйсең, қақпа болады да шығады. Кезек-кезек біреу кақпашы болады. Қалған екеуі екі жағында тұрып алып қақпаға доп тебеді. Төрешінің түкке керегі жоқ. Доптың өткен-өтпегенін барлық ойыншы өзі көріп тұрғанда, ол не қызмет атқарады.

Бірінші Әбіл қақпашы болды. Әбіл Маратты көңілдендіру үшін:

- Марат нағыз футболшы екен ғой, — деп әлденеше рет ұстай алмаған болып, допты өткізіп жіберді.

Марат бұған масаттанып жүр. Ойын қыза түсті. Енді қақпаға Нүскен тұрды. Шолпан гүл теруін қойып, қақпаның бір бұрышына таман тұрып, ойынды қызықтай бастады. Бір уақытта Әбілдің тепкен добы ауа жайылып барып Шолпанның бетіне сарт ете түсті. Бейқам тұрған

-18-

Шолпан ұшып кете жаздады. Шалқалап барып, әрең қалды. Шолпан бетін қолымен басып, еңіреп жылап қоя берді.



- Қоя қой, Шолпан. Байқамай тиіп кетті. Ештеңе етпейді. Ойнап жүріп жыламас болар, — деп Әбіл Шолпанды жұбатып жатты.

- Неге ұрасыз? Апама айтам. Үйден шығарып жібереміз, — деді Марат қызараңдап.

- Қой әрі! Ұрған кім! Абайсызда тиіп кетті ғой, — деді Әбіл.

Марат тағы бірдеңе дегісі келіп еді, Әбіл ағай сұрланып кетіпті, содан қаймықты. Марат сонда да: «Бәрібір апама айтып барам» деп іштей өшіге түсті. Маратқа енді ойынның қызығы болмай қалды. Кеткісі келді. Жан-жағына қарап еді, Шолпанға тиген бойда домалап барып анадай жерде жатқан допқа көзі түсті. «Ақыры өзім ойнамаймын. Бұлар да ойнамасын» деген ой келді де, допты ала қашты.

- Қайда апарасың? Тастап кет.
Марат артына бір қарады да:

- Ойнамайсыңдар, — деп айқайлаған күйі құлама жарлауытты өрлеп кете барды.

Сайдағылар Мараттың іштарлығына қатты наразы боп қалды.

Марат келе апасына:

- Әбіл аға Шолпанды ұрды. Шолпан жылап қалды, — деді ентігіп.

- Неге ұрсын? Қой әрі! — деді апасы самарқау ғана.

- Бетіне доппен періп жіберді. Шолпан шалқасынан түсті. Беті күп боп ісіп кетті, — деп Марат өтірікті судай сапырды.

- Мына құрымағыр шын айтып тұр ма? Даладан бірдеңе көрсең, екі есе қып өсіріп келетінің бар еді, соның ұстап тұрған шығар. Шолпан қайда енді? — деп апасы шын күдіктеніп, әбігерленіңкіреп қалғандай болды.

Бірақ үйге Шолпан келгенде, Мараттың өтірігі тағы ашылып қалды.

- Иә, абайсызда тиіп кетті ғой. Жығылғам жоқ. Еш жерім де ауырмайды. Өтірік, — деп тұр Шолпан.

- Марат, сен өзі өтірікші екенсің ғой. Көзбе-көз жала жапқаның не? — деп Әбіл де Шолпанды қостап қойды.

-19-


- Бұл ма, бұл оңбайды. Даладан бірдеңе көрсе болды, «пәлен бүйтіп қойды, түген сүйтіп қойды» дейді де жүреді. Онысы несі, сайтан құсап допты ала қашқаны? Мұның әдеті, балаларға маза бермейді, тыныштық көрсетпейді, — деп апасы Мараттың өзін кінәлай жөнелді. Марат апасына ренжіп қалды. Бүған ренжімегенде кімге ренжиді? Ренжігендегі ойы мынау: «Апамның мұнысы несі екен? Одан да «допты неге Шолпанға қарай тебесің?» деп Әбіл ағаға ұрыспай ма? Доп ауа ұшты деген де сөз бе екен? Әйтеуір, сол тепкен доп тиді ғой. Бұдан артық көк ала қойдай ғып сабамақ па? Сүйте тұра неге Әбіл кінәлі болмай, мені кінәлайды? Апам қызық өзі».
БҰЛ ЖЕР – БІЗДІКІ
Ертеңіне Маратқа Әбілмен бірге өтіп жүрген қызықты күндерінің бәрі түкке тұрғысыз боп көрінді. Балалармен ойнап келмекші боп, есікке беттей беріп еді:

- Қайда барасың? Құр жұлынғанша, қауын-қарбыз себетін жерді неге аударып тастамайсың? Немене, саған тамақ керегі жоқ па? Мен аударып ексем, піскеңде ішінен шықпас едің, ә! — деп апасы Маратқа бір міндет арта салғаны. Марат төбесінен суық су құйып жібергендей болды. Не ары, не бері жүрерін білмей, есіктің аддында тұрып қалды.

Әбіл Жібек апайдың мына сөзі өзіне де қатысты екенін түсіне қойды, денесін ширататын жұмыс табылғанына қуанып та кетті.

Әнеугүннен бері неғып айтпадыңыз? Әлдеқашан аударып тастайтын ек қой, үйде артық күрек бар ма? Марат екеуіміз екі жақтап аударайық.

- Марат, бар, Әли атаңдардың күрегін әкел.

- Сөйт, Марат, әкеле ғой.

Мараттың өзіне салса, бүгін Әбілге жолағысы жоқ еді. Кешегіге қатты жауығып алған. Әбіл түк білмейтін кісі сияқты, ойыңда ештеңе жоқ. «Марат, Марат» деп құрақ ұшып жүр. Онысы несі екен? Марат түкке түсінбей, Әли атасының үйіне қарай аяғын ыңдынсыз басып бара жатты. Марат күрек әкелгенше, Әбіл қауын себетін тақта жерді әжептәуір қып еңсеріп тастапты. Марат қарбыз егетін жерге
-20-

түсті. Әлінің келгенінше тырбындап, мұрнының ұшына дейін терлеп, қара суға түсті. Сонда да ештеңе өндіре алмайды. Әбілдің күрегі ұңғысына дейін жер қауып, қара топырақты жентек-жентек етіп, тіліп түсіп жатыр, ортасынан ауып қалды. Маратқа бұл жұмыс ауыр соғады екен, бар аударғаны тоқымдай-ақ, Әбіл тағы біраз еңсеріп барып, күрегін жерге шаншыды да:

- Марат, жер аударуға әлің келіңкіремейді екен. Одан да әуре болмай-ақ қой. Мен аударайын, сен тырмала. Қазір кішкене дем алайық, отыр, — деді.

- Сіз аударған жерді тырмаламаймын.



- Неге?

- Мен сізге өкпелеп қалдым.

Әбіл арық ернеуіне отыра кетті.

- Кешегіні айтасың ба? Өзің ғой енді...

- Мен емес, сіз кінәлісіз. Сіздің тепкен добыңыз Шолпанды жалпасынан түсіре жаздады. Шолпан — менің қарындасым. Мен оны ешкімге ренжіткізбеймін.

- Мұның дұрыс, ешкімге ренжіткізбе. Бірақ мен допты әдейілеп емес, абайламай тигізіп алдым ғой Шолпанға.

- Шолпанға біреу тисе, мен қарап тұра алмаймын. Сіз болған соң шыдадым, басқа балалар болсыншы...

- Не істейсің сонда?

-Төбелесем.

- Әй, Марат, Марат! Қызықсың, ей сен! Сөйтуге бола ма екен? Мейлі, сен — бәрібір жақсы баласың. Шыныңды айтасың. Адамға ең қажеттісі — шыңдық.

Марат Әбілдің сөзін қалай түсінерін білмей дал болып тұрған, жандарына Шолпан келе қалды.

Шолпан Әбілдің күрегі шаншулы тұрған жерді аяғымен шұқып:

- Аға, былтыр мына жерге дәу қауын шыққан, биыл тағы шығады. Піскенде келіңіз, сақтап қоямыз, — деді.

- Иә, саған, сақтармын. Өзім жеймін.

- Сақтап қоямыз. Апам екеуіміз піскен күні үзіп ап, саған көрсетпей тығып қоямыз.

- Өйтіп ерегіссеңдер, оны көктей жұлып тастаймын.

- Мейлі, оны құртқаныңмен, басқа біреуін алып қоямыз.

- Сенің қауында нең бар әуелім? Бір сүйем жер аударған жоқсың.

-21-

- Сенің аударғаның сол-ақ па? Бәрін Әбіл ағам аударып жатыр.



- Мейлі. Бұл жер — біздікі. Оның қауын-қарбызын өзіміз жейміз.

Мараттың бет бақтыратын түрі жоқ. Шолпан не айтарын білмей тосылып қалды. Жабырқап, жыларманға келді. Әбіл Шолпанды аяп кетті.

- Шолпан, Марат жай ойнап тұр. Немене, бір қауын сақтап қоюға Мараттың мырзалығы жетпей ме? Біреу түгіл, онын алып қояр Маратың, айта берсең. Солай емес пе? Марат, өзің айтшы. Шолпан сенің ойнағаныңа сеніп қалыпты.

Марат — тегінде, артында зілі жоқ, аңқылдақ, ақ көңіл бала. Аңғалдықпен бірдеңені бүлдіріп алғанымен, ізінше соны түзетуге асығатын. Оңдайда орайы келіп қалса, тартынып қалған жері жоқ. Қазір шүу дегенде ерегісерін ерегісіп қап, енді не істерін білмей, дал боп тұрған.

- Мен өзім аударған жердің қарбыздарының дәу-дәулерін түгелдей Әбіл ағама тығып қоям, — деді.

- Қазір Әбіл аға қарбыз егетін жерді де аударады. Сол жердің қарбызынан мен де қарбыз сақтап қоям, — деді Шолпан.


АҢҚАУ АҚ БАЛАПАН

Бас-аяғы үш-төрт күннің ішінде Мараттар тауыққа байыды да қалды. Алғаш сары тауық жеті балапан, үш күн өткеннен кейін қара тауық он бір балапан шығарды.

Қара тауық он бір балапанын шүпірлетіп ертіп шыққанда, алақандай аула маңын сары тауықтар түгелдей иемденіп алған болатын. Балапандары қайта-қайта араласып, рәсуалары шықты.

Марат оқудан келген соң, екі тауыққа екі жерге тары шашты. Екі жерде екі тауық құрқылдап, балапаңдармен тарыны шоқып жей бастады. Кенет тыныштықты қара тауықтың бір ақ балапаны бұзып жіберді.

Негізінде бұған Мараттың да қатысы болды. Ол тарыны шашыратпай, екі жерге салған. Бәрі шүпірлеп кеп жабыла кеткенде, ақ балапан сыймай шетте қалды. Жан-жағына жалтақтап қарап еді, дәл жанда-
-22-

рында жемге жабылып жатқан сары тауықтың балапандарын көрді. Сары тауық та құрқылдап өз балапандарын жемге төндіріп қояды.

Ақ балапан жүгірген бойы олардың арасына қойды да кетті. Сары тауық алғаш көрмей қалды. Жем таусылып, балапандары шөпшеңдеп, бірен-саран бытыраған тарыны теріп жайыла бастағанда барып көрді.

- Қырқ, қырқ! — деп, сары тауық ақ балапанның дәл көк желкесінен шоқып алды. Ақ балапанның төбесінен жай оғы түскендей болды.

- Шиқ, шиқ! — деп жан даусы шығып, қайда қашарын білмей қалды. Қара тауық баласын талап жатқанын көрген жоқ.

Сары тауық тағы ұмтыла берді. Анадай жерде тұрган Әбіл:

- Кіш, ей! Өлтірді-ау мынау, — деп сары тауыққа ұмтылды. Сары тауық:

- Қырқ, қырқ, қырқ, қы-ы-рық, — деп дүрдиіп, тіпті, Әбілдің өзіне айбат шекті. Ол әлсіреп қалған ақ балапанды қақпайлап барып, үйіріне қосып жіберді.

Марат Әбілден гөрі тауықтарға жақын тұр еді, бағанадан бері селт етіп орнынан қозғалған жоқ. Қызықтап қана тұр.

- Марат, жақын тұрып ажыратпағаның не? Екі ортада балапанды өлтіріп ала жаздадық, — деп Әбіл Маратқа кейіс білдірді.

- Мейлі, өлсе өле берсін. Өзі неге шашқан жемнен жемей, бөтен балапандарға барып қосылады?

Әбіл Мараттың мына сөзіне қатты қынжылды:

- Ол әлі бала ғой, ештеңені білмейді. Өзіңді әлі жеткен ұрып жатса, ешкім сені ажыратпай қарап тұрса, қайтер едің? Ол балапан да өзің сияқты емес пе?..

- Мейлі, мені ұрса, ұра берсін. Ажыратпаса қойсын. Мейлі, мейлі...


ДҮНИЕДЕ МАРАТ АУЫРА КӨРМЕСІН!

Сәуір айының аяқ кезінде Қаракемер балаларына жаппай тұмау тиіп, ауыра бастады.

Кешке жақын апасы:

-23-


- Құдай, өзі сақтасын. Балалар ауыра бастапты, — деп қауіп қылып отыр еді, ертеңіне Мараттың көзі жасаурап, жөнді тамақ іше алмады.

Жібек апай Мараттың маңдайын алақанымен басып көрді де:

- Балам-ай, ауырып қалыпсың ғой. Енді қозғалма, —деп, Маратты қалың бүркеп, төсекке жатқызып қойды.

Дүниеде Марат ауыра көрмесін! Апасы титтей шаруа ретімен жанынан ұзай берсе-ақ:

- Апа-а, апа-а-ау, — деп бақырып жылайды. Сонда апасы келгенде бірдеңе айтсашы, құр жанымнан шықпаса дейді.

- Марат, Маратжан, қарағым, шырағым. Не дейсің, айналайын? Өзің жата қойшы біраз. Шаруа істейін. Апасының шыбын жаны қалмай Мараттың асты-үстіне түсіп жатыр. Марат мүлги түсіп, шошып оянады. Жатпаймын, жаман.

- Не жаман, айналайын?

- Жастық жаман, алдыңа жатам.

Апасы Маратты сойталдай ғып, жас балаша орап, алдына алып ұзақ отырады.

- Біраз жатшы енді төсегіңе. Түскі тамақ істейтін уақыт боп қалды.

Тамақ дегеннен Мараттың ойына былтыр атасымен қалаға барғанда асханадан ішкен дәмді борщ түсті. Аузына соның дәмі келгеңдей бодды. Сілекейі шұбырып кетті.

- Іше-е-ем.

- Не ішесің, не істейін?

- Борщ іше-е-ем.

- Жоқ сұмдықты қайдан шығардың тағы! Көпескені қайдан таптық енді?

- Асханадан әкеп бер. Жасағанынды ішпеймін. Апасы асханадан барып борщ әкелді. Бірақ талай жерден алып келген еңбегі зая кетті. Марат бір ұрттады да:

- Мынаның дәмі жаман. Қаланыкіндей емес. Кеспе ішем, — деп қиғылық салды.

Жібек апайға еңді кеспе істеуге тура келді. Марат әрнені ойлап жатып, ойына не түссе, соны алдырды. Төңірегі ыдыс-аяққа толып кетті. Бірінде борщ, бірінде кеспе, бірінде май, бірінде қаймақ, бірінде кәмпит, біріңде қант.


-24-

Бәрі жақпайды. Әрқайсысын бір ұрттап, не бір тістесе-ақ болды, ұнамай шыға келеді.

Бұл аурумен Шолпан да ауырып тұрды. Қаншама еті ысып, қиналғанымен, қыңқ еткен жоқ. Бота көзі мөлдіреп қана төсегінде жатты да қойды. Ызбарлық, еркелік дегеннен түк білмейді екен-ау.

Ойлап отырса, тұлымы желбіреген осы бір айналайын сүйкімді балапанның әлі күнге ешқандай да тентектігін көрмепті. Үнемі бәрін түсініп, үкінің балапаны құсап үлбіреп тұрғаны.

Ал Марат ше? Марат енді...
«АҒА, МЕН СІЗДІ ІЗДЕП БАРАМ»

Мамыр мейрамы жақындап, елдің көңілі алып-ұша бастаған кезде Әбілдің тәжірибе жұмысы аяқталды. Мектептегі шаруасын бітіріп келсе, Жібек апай, Марат, Шолпан үшеуі түскі асты алдарына енді алыпты.

Жібек апай қуанып қалды:

- Тамақ суымай жақсы келдің ғой, қарағым. Мақтап жүреді екенсің. Кел, отыра қал.

Әбіл қолын шайып, асқа отырды. Тәжірибе жұмысының біткенін, ертең Алматыға қайтатынын дастарқан жиналған соң айтпақ болды. Сөйтсе, Жібек апай да бұлар тамақты тыныш ішсін деп отыр екен, Әбілге, Маратқа, Шолпанға бір-бір кеседен сорпа құйып берді де, әңгімесін бастап кетті.

- Әбіл қарағым, бізге бір ақыл қоспасаң болмайды. Мына екеуі Мамыр мейрамында өйтеміз-бүйтеміз, бізге ананы-мынаны әпересің деп миымды жеп бітті. Мұғалімсің ғой, айтшы, балалар қалай мейрамдаушы еді?

- Мектепте мейрамға көп дайындық жүріп жатыр. Маратқа сол жетеді. Ал Шолпанды өзіңіз орталыққа ертіп барып, серуеңдетіп, балмұздаққа тойғызып қайтасыз да.

- Осы екеуін бердім өзіңе мейрам күні. Ертесің бе, серуендетесің бе, өзің біл.

- О-о, аға, сөйтіңізші, а? Сіздің айтқаныңызды орындап, тыныш жүреміз. Балмұздақты біреуден артық жемейміз.

-25-

Марат қитыға қалды:

- Иә, саған. Жесең, өзің же біреуін. Мен онын жеймін балмұздақтың.

Жібек апай күйіп-пісті.

- Сенде тойым жоқ, Марат. Онын жеген соң, тамағыңнан не қалады, ойбай-ау! Шолпан күліп жіберді.

- Апа, онын жемейді. Әшейін айтады.

Бір қасарысса, кайтатын Марат па, өршелене түсті:

- Онын, он бесін, жоқ, жиырмасын жеймін. Түк те болмайды. Талай жегем.

- Жоқ, бұл жолы біреуден артық жемейсің. Мен ағаларыңа мықтап тапсырып жіберем. Ағаларың да, сеңдер де айтқан тілімді алмай көріңдер, түге...

Ойына келгеңді бүкпентайлап не керініпті Маратқа? Сөздің тоқ етерін бір-ақ айтты:

- Мен тілін алмаймын оның. Ол біздің мұғаліміміз емес, практикант.

- Не деп отыр мына қағынғыр? Піректикең не, ей? Ағаң — ол. Аласың тілін.

- Мен біреудің емес, өзімнің тілімді алам. Балмұздақты көп же деп отырмын мен өзіме. Ендеше, көп жеймін.

Жібек апай шарасыз кейіппен Әбілге қарады.

- Не дейсің бұған енді? Дені дұрыс па өзінің?

- Не дейін? Марат мөймөңкелеуді білмейді. Дұрыс. Мұнысы — қиқарлығы емес, шындықты айтқаны. Ешкімнің қақпалауына көнбейтін бітбеткей жігіт болады балаңыз.

- Соңда да енді былай, үлкеннен қаймықпай ма екен?

- Қаймықпайды Марат.

- Үлкенді сыйлауы, тіл алуы керек.

- Оныңыз жөн. Марат, меніңше, оңдай әдептілікті білуі тиіс.

- Әй, қайдам, білмей ме деп қорқам. Мұғалімсің ғой, соның бәрін білдірші бұған, тәрбиелеп беріп кетші маған мұны. Марат өзі де әдемі жігіт болып өседі. Ал мен бүгін жүрем Алматыға. Практикам бітті.

- Қалайша тез біте қалды? Қап, мына екеуі әбден бауыр басып қалып еді, қоңылтақситын болды-ау!

Шолпанның көзі жәудіреп барады.

-Аға, кетпеңізші. Мұғалім болып жүре беріңіз өстіп.

-26-


- Қайдан, ол болмайды. Оқуды бітірген соң, мүмкін, осында сұранармын.

- Сұраныңыз. Жібереді. Мен күтіп жүрем сізді.

- Ал мен каникулға шыққан соң сізді іздеп барам Алматыға.

- Қалайша? Қайтіп табасың?



- Қалайша? Сол да сөз бе? «Алматыға, Әбіл ағаға апар» деп жатып кеп жылаймын. Әрине, ешкімнің апарғысы кслмейді. Жұбанбай жылаймын.

- Білдік, білдік. Көз жасыңа сеніп жаман үйренген екенсің сен әбден.

- Не, сонда да апармайсыңдар ма? Онда ойбайлап, жер тепкілеп жылаймын, өкіре берем, өкіре берем. Міне, былай жылаймын.

- Ә-ә, мені Алматыға Әбіл ағаға апар! Ә-ә.

- Мынау шынымен, жылап отыр ма? Жоқ ырымды бастағаны несі? Апарам, апарам.

Әбіл де сасып қалды.

- Қой, Марат, жылама, айналайын, өзім-ақ келіп тұрамын. Ал қазір келіңдерші бері, беттеріңнен сүйейін, қос тентек! Әбіл Шолпан мен Маратқа құшағын жайды. Шолпан жүгіріп барып, Әбілдің құшағына кіріп кетті. Марат бұртаң ете қалды. Сіз неге бізді тентек дейсіз?

- Жақсы көргендіктен.

- Бекер. Атам айтқан, басы айнала беретін қойды тентек дейді.

Әбілден бұрын Жібек апайдың ашулы даусы шықты:

- Тәйт, әрі! Сотанақ баланы жақсы көргенде, өстіп «тентегім» деп еркелетеді адам.

Марат иланарын да, иланбасын да білмей, мәре-сәре болып тұр.

- Рас, сөйтеді. Марат, менің сендерді жақсы көретіндігіме сенбегенің бе сонда?

- Сенемін. Аға, сіз кешіріңіз, мен шынында да тентекпін. Әбілдің ет жүрегі елжіреп кетті. Марат қызбалықпен өзінің артық кетіп қалатын жерлерін білетін бала екен-ау!

- Айналайын Марат, келе қойшы бері!

-27-

Енді Әбіл, Марат, Шолпан үшеуінің құшағы айқасты. Жібек апай жүзінен шексіз қуаныш, мол мейірім төгіліп:

- Әй, тентектер-ай, — деп күбірледі.

Аналар естіді ме, жоқ па?.. Әй, бірақ еститіндей емес, мәз-мейрам еді.



Р АХИМА
Былтыр күздің соңғы айы болатын. Апам көрші ұжымшардағы Іздән әпкемнің үйіне барып еді, Рахиманы алып келіпті.

Рахима әпкемнен гөрі Тұрсынбай жездеме көбірек ұқсайды екен. Ұшы шолақтау кішкентай мұрын, дөп-дөңгелек қара көздері, ашулы кейіп аңғартатын түксиген қабағы — бәр-бәрі жездемнен аумайды.

Рахима бізді жатырқап, жәудірейді де отырады. Өзі апама әбден үйір болып алыпты. Сәл қит етсе болды, апамның бауырына тығылады.

Кешке жұмыстан келген әкем Рахиманы көрген бойда арсалаңдап қатты қуанды.

- Балалар аман ба екен? Мынау Рахима ма? Келе қойшы, қане, — деп қолын созып еді, Рахима апама қарай қашты.

- Бекен, бері берші, көтеріп әкел, — деп әкем мені жұмсады.

- Менің қолым денесіне тиісімен-ақ. Рахима бақырып жылап қоя берді. Денесі бір түрлі ыстық екен. Құшағыма қыстым.

- Әкем Рахиманы қолына алған бойда жоғарылатып көтерді, сонан соң алқымынан иіскеді.

- Тура шешесінің иісі. Сонша бақырғаны. Айналайын, айналайын!

Әкем айналып-толғанып отыр. Рахима шыңғыруын қояр емес. «Бұл да бір жылауық жаман бала екен ғой» дедім іштей.

Рахима қоятын болмаған соң, әкем:
-28-

- Қап, атасын танымады ғой бұл ақымақ, — деп қоя итере салды. Рахима тәмпендеп, аяғын тәлтіректей басып, шешеме жете бере, қолына құлай кетті.

- Жә, атасын кісі жатырқай ма екен? Атаң ғой ол, атаң. Қой, жылама енді.

Апам Рахиманың тарам-тарам боп аққан көз жасын сүртіп жатыр. Рахима өксіп-өксіп қояды. Әкем реніш білдірді:

- Әй, кемпір-ай, бекер әкелгенсің ғой, баланың өмірін өксітіп. Әке-шешесінің бауырынан ыстық не бар оған қазір?

- Іздән қатты жүдеп кетіпті. Кішкентайын алдына алып емізейін десе, мынау төніп түсетін көрінеді. Сосын қызымды аядым да, алып кеттім. Қайтер дейсің, үйреніп кетер.

Рахима біздің үйге осылай келді.
* * *
Рахима бізбен тез арада бауыр басып үйренісе алмады. Оған кінәлі өзі. Апам орнынан қозғалса, бірге қозғалады. Сөйтіп, күн ұзаққа апамның аяғына оралып, бір елі қалмайды.

Бізді елемейді де, жоламайды да. Бір күні ертеңгілік Рахима апам далада жүргеңде оянды. Үйқысын аша алмай, маужырап біраз отырды. Неге екенін білмеймін, көзі кіртиіп, жағы сопайып, бетіне екі-үш сызық ұялапты. Өскіңдеу шашы ұйпа-тұйпа.

Мен дөңгелек үстелге жайғасып, сабаққа дайыңдалып отырғанмын. Алтын мен Бауыржан маза бермеген соң екеуіне қызық-қызық суреті көп кітапша беріп алдаусыратқанмын. Екеуі оның қызығына жаңа ғана түскен.

Манаурап отырған Рахиманы алдымен Бауыржан көрді. Ол:

- Иахима, м-мә, қаяшы, — деп кітабын ала жүгірді. Бауыржан жақыңдай беріп еді, Рахима:



- ЬІҺы, ыһы, — деп қыңырланып, иығын бұлғаң еткізіп, теріс айналып кетті. Бауыржан не қыларын білмей, состиып тұрып қалды.

- Рахима Бауыржанға қайта қарай берді де жылап жіберді. Орнынан тұра салып, есікті көздеді. құлдыраңдап барады.

Әлгінде Бауыржан еденге су төгіп қойған. Сол қазір

-29-


ұзыннан-ұзақ созылып, жіп-жіңішке арықша болып жатыр еді. Рахима содан өте берем деп, тайып кетіп, шалқасынан түсті. Оңбай жығылды. Құлындағы даусы шығып, шыңғырып жіберді. Дәл осы сәтте мен оны кереметтей аяп кеттім.

- Сен ғой мына жерді көлкіткен! — деп Бауыржанға қаһар төктім. Шапалақпен бір-екі тартып жібердім. Рахима есікке бір, еденге бір қарап қойып жылайды. Суға беттемей қалыпты. Қорқып тұр. Осыдан кейін Рахима еденге жуымайтын болды. Апам далаға шығып кетсе, киіздің шетіне барады да жылап тұрады. Әрі қарай баспайды. Мұнысы бізге ойын болды. Рахима киіз шетіне қарай жүрсе болғаны, Алтын, Бауыржан үшеуіміз бірдей суға қарай жүгіреміз. Қолымызға табақ түссе, табақпен, кесе түссе, кесемен су ала салып:

- Ойбай, су-су!

- Иахима, су!

- Ой, ой, таясың, жығыласың, — десіп есін шығарамыз. Өстеміз деп жүргенде, мынадай бір қызық болды.

Ойнап отырып байқамаппыз, Рахима киіз шетіне барып қалыпты. Үшеуіміз де су іздеп тыпырлап қалдық. Қапелімде ыдыс табыла қоймады да, мен пештің алдында тұрған шайнектегі суды ала жүгірдім. Шүмегінен сыздықтатып арықша жасай бастадым. Сол сол-ақ екен, Алтын да, Бауыржан да шайнектің тұтқасына жабыса кетті. Үшеуіміз бір-бірімізге бермей тартқыласып жүргенде, шайнек жерге түсіп кетіп, суын ақтарып алдық. Үйдің іші көлкіді де кетті.

Не істерімді білмей, сасып қалып, сәл тұрдым. Сосын дереу еден жуатын шүберекпен суды сүртіп, легенге сыға бастадым. Апам, не әжем көріп қоймасын деп, шекемнен шып-шып тер сорғалап, жан ұшырып жүрмін. Бірақ адамның ойлағаны бола бермейді ғой. Әжем кіріп келді. Қаздиып қаттым да қалдым.

- Бекен-ау, кім жу деді саған мұны. Өзіміз-ақ жуатын ек қой. Сонша қара терге түсіпсің.

- Өзім.

Алтынға қарадым, жымың-жымың етеді. Көзімді қысып қалдым. Ол түсіне қойды, басын шұлғыды. Сөйткенше

Бауыржан:

- Әже, бұлай, — дей берді.

-30-

Көзді ашып-жұмғанша Бауыржанға қабағымды түйіп, одырая қарадым. Ол менен қорқып, әрі қарай не айтарын білмей:



- С, с, — деп тұтығып қалды. Бір жақсы жері, әжем бұған көп назар аударған жоқ. Қайта:

- Еңбектеніп қалған екенсің, ал енді жуа ғой, — деп маған қошемет білдірді.

Мен шаршап-шалдыққаныма қарамай, еденді мұнтаздай етіп жуып шықтым. Бұл менің тұңғыш рет еден жууым еді. Мәз болып, қуанып қалдым.

Мұныма үй ішіндегілердің бәрі қуаңды. Әжем апама айтты, ал апам кешке жүмыстан келіп, шай ішіп отырған әкеме:

- Әкесі, той жаса. Балаң бүгін еденді жуып, қызық қылды. Қыздардан кем жумайды екен, — деді.

- Жалқау ғой. Әйтпесе мүның қолынан келеді, — деп әкем разылығын білдірді.

Әжем: «Балалы үйдің үрлығы жатпайды», — деп отырады. Сол рас. Әсіресе Бауыржан тұрған жерде құпия болады деу мүлде әшейін. Елдің мені мақтағанын көре алмады ма, жоқ, байқамай айтып қалды ма, білмеймін, әйтеуір Бауыржан:

- Бұл еденге су төгіп алған, — деп қойып қалды.

Алтын да зорға шыдап тұр екен, тақылдап ала жөнелді.

- Рахиманың алдына су төгеміз деп, Бекен шайнектегі суды ақтарып алды. Сонан соң қорқып жуды.

- Рахиманың алдына су төккені несі?!

- Бекен, ол не пәле?

- Әшейін.

- Сен есің кіріп, адам болып қалдың ғой. Бүгін еден жууға әлің келсе, ертең кетпен-күрек ұстауға жарайсың. Жігіт болды деген сол. Балалардың мазасын алма.

- Жарайды. Су төгіп қойғанымыз рас еді. Бәрібір мен еденді өзім жуып тұрамын. Сөйтемін, апа.

Шынында, осыдан кейін мен еден жуғыш болып шыға келдім. Мүныма тіптен үй ішінің бәрі үйреніп алды. Еден титтей кірледі болды:

- Ал, еден жуғыш, — деп, маған белгі береді. Мен бұл сөзді екі етпей, сауыт-сайманымды — легенді, шүберекті әзірлей бастаймын.

Жұрт та разы, мен де разы.
-31-

***


Кейде Алтынның ойына келгенін істейтіні бар. Сабақтан шаршап келіп отыр едім, даладан жүгіріп кірді. Үнемі осы, сірә, Бауыржандармен ойнағанды қанағат тұтпайтын болуы керек, мен оқудан келген сайын қатты қуанады.

Міне, енді әй жоқ, шай жоқ:

- Аға, көтерші, — деп үстіме өрмелеп шығып барады.

- Баршы. Шаршап отырмын.

- Көтер, көтер.

- Бар деген соң, бар!

- Көтерші, аға.

- Ағасы-ау, көтерсеңші. Аға дегеңде не жаның қалды?

- Бұдан әрі қасарысуға болмайды. Әжемнің тілін қалай алмассың! Алтынның екі қолтығынан ұстап, аспандатып-аспаңдатып көтердім де, жерге қойдым. Оның көтер дегені осы ғана.

- Көтей, көтей, — деп Бауыржан да келді жаныма. Бауыржан бұлай көтергенді сұмдық ұнатады. Ол бұған емшектегі күнінен үйренген.

Бауыржан Алтыннан гөрі жеңілдеу, оны көтеруге менің әлім еркін жетеді. Аспандатып он шақты рет лақтырып, тосып алдым. Мен де, ол да ентігіп қалдық.

- Аға, Рахиманы да көтерші, — деді Алтын.

- Көтейші, И-и-Иахиманы, — деп Бауыржан да алқынды.

- Рахима, кел көтерейін.

Рахима не істерін білмей, бізге қарайды. Қызығып-ақ тұр, бірақ батылы жетпейді.

-Кел.


Мен ұмтылып едім, жалт бұрылып, әжеме қарай қашты. Тап беріп ұстай алдым. Жұлқып аспанға көтердім. Рахиманың беті менің бетіме қатарласа бергенде, оқыс байқап қалдым: көзінің шарасы үлкейіп, жас үйіріліпті. Дәл осы сәтте денесі селк етіп, үнсіз тыныссыз қалды. Оң қолымның астыңдағы құйтақандай жүрегі соғуын тоқтатып, тына қалғандай болды. Мен шошып кеттім. Рахиманы тез жерге түсірдім.

Рахима күрсініп, ауыр дем алды. Сонан соң «Ыһы-ыһы» деп ыржаңдап күлді. Бірақ ол күлкіден гөрі өксікке көбірек ұқсайтын еді. Үні өте үрейлі, қорқынышты шықты. Бетінің қаны қашып, қуарып кетіпті.

-32-


Бауыржан маған тағы жақындады, тағы көтердім. Алтынды да көтерейін деп оқталып едім, ол:

- Рахиманы көтер, — деді.

Ал Рахима жолар емес. Мен қашқақтағанына болмай, ақырындап басымнан асырмай бірнеше рет көтердім де, жерге қойдым. Бауыржан мен Алтын:

- Жоғайы көтей.

- Біз құсап аспандат, — деп қолқалайды.

Рахима менен бір мейірім тілеп, шарасыз кейіппен қарады. Құшақтап, екі бетінен алма-кезек сүйдім. Ол шат үнмен сықылықтап күлді.

Сөйтіп тұрғанда, кенеттен Алтын Рахиманың мұрнын баса қойды. Қызықты қараңдар. Рахима дем ала алмай тұншығып барады. Алтын жібере салды да, сықылықтап күлді. Бәріміз де күлдік, Рахиманың өзі де күлді. Мен де Рахиманың мұрнын баса қойып едім, тағы тұншықты. Сөйтсек, Рахима аузымен дем алғанды білмейді екен.

Алтын өзінің Рахима бойынан тапқан бұл жаңалығына әбден мәз болып, оны қайта-қайта тұншықтыра берді. Рахима басын олай-бұлай алып қашып мезі болды. Алтын қояр болмады.

- Қой, енді! — деп Алтынға зекіп едім, Рахима маған тығылды. Басын қолтығымның астына жасырды. Мұрны пыс-пыс етеді. Алтынды жолатпадым.

Менің берік қорған екенімді білген соң Рахиманың ойыны келді. Ақырын басын шығарып алады да, сақ-сақ күліп, Алтынды мазақ етеді. Алтын қимылдай берсе болды, дереу бауырыма қайта кіріп кетеді. Мен араша боламын.

Осылай Рахима бізге біржола сіңісіп кетті. Әуелі ажырамайтынды шығарды. Жанымыздан екі елі ұзамайды.

Тақтай еденнің дүрсілінен де, біз әдейілеп төгетін судан да қорқуды қойды.

Ол тіптен жұмысына ерте кетіп, кеш келетін әкемді де жатырқауын ұмытқан. Қайта, кешке қарай, малдас құрып отырған әкеміздің алдына шығып алып, бізге қоразданады.

Әкем мұндайда Рахиманы құшақтап отырып, ыңылдап ән айтады. Ол Алтынды да, Бауыржанды да осылай әнмен тербеп отырған. Енді сол кезек Рахимаға келіпті.

Әкемнің айтатын әндері маған әбден жатталып қалған. Мен әкеме іштей қосылып отырамын.

-33-


«Окошкадан қараған-ой,

Шашын майлап тараған.

Айналайын, бөпем менің,

Ақ алтыннан жаралған».


Әкем де, мен де мұның соңғы екі жолын бір қайырып тастадық. Әкем еңді басқа бір әуенге көшті. Әкем бұл әнді бастаса болды, менің көз алдыма төменгі Ақтоған, ондағы ұжымшардың қауыны, есекке мінген Есдәулет шал келеді.

Оның себебі — дәл осындай кешкі мезгіл еді. Әкем Бауыржанды алдына алып отырып, осы әнді айтты.

- Ата, бұл қандай ән?

- Бір әпендінің қайыр сұрағанда айтқаны екен. Жарықтық көк есегімен келіп, қауыншьшың үйінің сыртында былай әндетіп тұр дейді:

«Дәу-дәуінен қата көр-ой,

Бел арыққа жата көр-ой.

Піскендерін, дәмділерін

Қап ішіне ата көр-ой.

Қара қатын қатқыр-ай,

Шығайын деп жатыр-ай.

Ұсталасың бол енді,

Тездеп тығыл, батыр-ай».



Әпеңдімісің деген, «қауын ұрла» деп арық жанына әдейі тастап кеткен баласын өлеңге қосып тұрғанын аңғармапты ғой сонда. Қу қара қатын түсіне қойыпты да:

- Мына алжыған пәле не деп тұр? — деп далаға атып шығыпты. Әпендінің баласы жасырынып үлгере алмай, қолға түсіпті. Әлгі жерде қара қатын қатты ашуланып, әпеңдіге ештеңе татырмай қуып шығыпты.



- Ата, әпенді деген кім?

- Балам, бұрынғы жоқшылық уақытта сондай адамдар болған екен. Ақкөңіл, қулық-сұмдықтан құр алақан, аңғал, күлдіргі, ел аралап жүріп күнін көретін бір бейшаралар олар. Өздерінің жан адамға зияны болмайды екен. Сондықтан жұрт оларды қатты сыйлаған.

-34-

Мен әпендіні кереметтей аяп кеттім. Неге екенін, сол сәтте тағы да Ақтоған, ұжымшардың қауыны, Есдәулет шал елестеп еді көз алдыма, сол бойы сурет болып қатты да қалды.


* * *

Наурыз айының бас кезі. Демалыс күні еді. Әдеттегідей ауыл балалары Қараойдағы мұзға келдік те, екі топқа бөлініп, салма таяқ ойнай бастадық.

Салма таяқ — хоккейдің шыққан тегі. Бірақ хоккейден артықшылығы да бар. Әр адамға бар болғаны бір-бір қайқы таяқ, сонан соң ағаш доп немесе сиырдың асығы керек. Төменгі көпір — орта көше балаларының мәресі, ал біздің Көкарық көше балаларынікі — Бірлік стансасының шеті. Міне, осы екі аралықта ағаш допты әрі-бері ала қашып, күн ұзаққа салғыласамыз да жатамыз. Аттылы-жаяулы дегендей, конькиі барымыз конькимен, конькиі жоғымыз жай-ақ кірісе береміз.

Сәскеге дейін екі жақ та мәреге бір-бір жетіп, есеп бір де бір болған. Үзіліс жасап, демалдық. Бәріміз кімнің қалай ойнағаны жөніндегі әңгімеге берілдік.

Кенет оңтүстіктен бір жылы леп есті. Өзі толқын-толқын сағым құсап қар бетін жалап өтіп жатыр.

- Көктем иісі шығады, — деді Төкен.

- Рас, ей!

- Қандай?

- Әй, қойшы. Сонша иісшіл болғансып.

- Мына жылы леп - алтынкүрек. Енді қар түк қалмай ериді.

- Ой, білгішім-ай! Соқ өтірікті.

- Көр де тұр.

Балалар өстіп дәудірлесіп қалды. Менің мұрным түк иіс білмейді. Көктем иісі бар ма, жоқ па, әйтеуір, қар демнің арасында еріп, арса-арса көк балақ болып сойылып, салма таяқ ойнай алмадық. Сонан соң қармен атқыластық. Бұл да бір қызық ойын. Үсті-басымыз су болып, кешке бір-ақ тарадық.

Сол түні денем от боп жанып, қызып шықты да, төсек тартып жатып қалдым. Келер күні түс әлетінде барып басым ауырғанын қоя бастады.

-35-

Төрде Рахима мен Бауыржан ойнап отыр. Мен жантайып, қызықтап жатырмын. Әрнені ойлаймын. Кеше Төкендер дұрыс айтқан екен, көктем кедді. Біреу есік ашса болды, үйге дымқыл, ауыр ауа лап қояды. Шатырдан сорғалаған тамшының жерге тырс-тырс тамғаны естіледі. Мен көктемнің келгеніне кәміл сендім. Өйткені жыл сайын көктем шығатын сәтте осылай ауырып қалатыным бар. Мына ауруым да сол екен.



Кенет Рахима мен Бауыржан болар-болмас нәрсеге келісе алмай, опай-топай болды. Рахима ойыншықты құшақтап еді, Бауыржан:

- Тиме, бұл менікі, — деп жабыса түсті.

Рахима жармасып, жіберер емес. Бауыржан қатты жұлқып кеп қалды. Рахима етпетінен түсті де, жылап түрегелді. Апам далада жүрген, Рахима бірден есікке қарай елпеңдей жөнелді. Барды да, итеріп-итеріп аша алмады. Маған қарап жылайды. Есікті ашып бер деп тұр.

- Қойшы, әке, жылама. Басым ауырып жатыр, маза берші.

Рахима көнбеді, жылауын қоймады.

- Қой еңді.

Қоймады. Одан сайын қатты жылады.

-Қап, ауырып жатқанда құртты-ау әңкілдеп. Кәдімгідей ашу шақырып айтқан бұл сөзіме өзім күліп жібере жаздадым. Аузыма тура апамның сөзі түсіпті. Апам бізге өстетін.

Рахима жылауын үдете түсті. Ауырған адамға тыныштық керек қой! Ашуым қайта қозды. Басымдағы жастықты Рахимаға қарай жіберіп кеп қаддым. Жастық зу еткен бойы Рахиманың тұлымын жалап өтіп, есікке сарт ете түсті. Есік ашылып кетті. Рахима жылауын кілт тоқтатты. Не есікке беттемейді, не маған қарамайды. Көңілі басылып, мөлиіп төмен қарап тұр. Жүзінде үрей, мүсәпірсу бар.

Бауыржанға бүйтіп көр, тіріде жылауын қоймайды. Шешесін көргенше өкіреді. Жас баланың жылағаны өз бағасын білу, міңдетсіну екен. Рахима көз жасын Бауыржан құсап пұлдай алмайды. Әке-шешең қасыңда болса, сен де шыңғырып жылар едің-ау!

Мен аяқ астынан басымның ауырғанын ұмытып, жүгіріп барып, Рахиманы жерден көтеріп алдым. Сөйттім де, аспандатып көтере бердім, көтере бердім.

-36-


Рахима мен қанша көтергеніммен, бұрынғыдай қорықпады. Мен аспандатып көтергенімді қоймадым. Енді оның ашуы біртіндеп сергіп, жүзіне қуаныш оты жүгіре бастады. Әрі-беріден соң сақылдап күлді. Менің де көкірегімді қуаныш кернеп, денем сергіп қалды. Төсекке қайтып жатқым келмеді.

* * *
Бәріміз жатып қалғанбыз. Соған қарамай Бауыржан мен Рахима ойнап, жуық арада ұйықтай қоймады. Түпкі үйдегі маған қайта-қайта жүгіріп келе береді. Ұйқы беретін емес. Сонан соң:

- Келіңдер, менің қойныма жатыңдар, — деп екеуін жаныма шақырдым. Екеуі де жақындап келді. Бауыржан:

- Ы-ы, жатпаймын, - деп шегіне берді. Рахима да қашқақтап барады.

-Ой, ойын ғой. Бұл — ойын. Кішкене жатыңдар. Кетесіңдер содан кейін.

Екеуі қайта жақындады. Рахиманы шап беріп ұстай алдым:

- Кел, сен жат. Бауыржан жатпаса қойсын. — Бауыржан енді бір нәрседен құр қалғандай дереу: - Мен де жатамын, — деп төсегіме тұра ұмтылды.

- Ал жатыңдар.

Рахиманы оң жағыма, Бауыржаңды сол жағыма жатқызып, көрпеммен бүркеп алдым. Екеуі қыбырлайын десе, қымтап қоямын. Біраз уақыт өтті.

- Бекен, жібер балаларды, ұйықтасын.

Апамның осы сөзді айтуы мұң екен, Бауыржан қыңқылдап төсектен сырғып түсе бастады. Рахима да сөйтер деп едім, қыбыр етпеді. Қарасам, ұйықтап кетіпті. Қыбырлап, маған қарай бір аунап түсіп, кішкене білегін мойныма салып, құшақтап алды.

- Апа, Рахима ұйықтап қалыпты. Осында жата берсінші.

- Мейлі. Бірақ түнде оянып, мазаңды алады ғой.

- Ештеңе етпейді.

- Өзің біл.

Менің көпке дейін ұйқым келмеді. Рахиманың кішкентай танауларынан шыққан ыстық леп тұла бойымды жылытып, қыз-қыз қайнап барамын. Оның сәби,

-37-

жұпар иісі мұрнымды қытықтайды. Төсектің ортасы сай. Қыбыр етсем, Рахима соған домалып, маған тығыла түседі. Бұл ештеңе емес-ау, қозғалақтасам, Рахима оянып кетер деп қорқамын. Не керек, тырп етпей, сірестім де қалдым. Астыңғы жамбасым талып шаршадым, бірақ шыдадым. Өстіп жатып, сілем құрып, қатып ұйықтап кетіппін.



Таңертең оянсам, Рахима жанымда жатыр. Менен кейін-ақ оянды. Апамды жылап жоқтаған жоқ, қайта көзін күліп ашты. Төсекте ойнап, біраз жаттық. Осыдан былай Рахима күнде менімен бірге жататын болды.
* * *
Рахиманың бір қылығынан бір қылығы асып, бәріміздің аузымыздан да, қолымыздан да түспейтін болды. Тұрған бойы қызық. Күніге бір өнер шығарады.

Ертеңгілік жуынып жаттым. Бауыржан күндегі әдетінше шайнектен маған су құйып тұрған. Рахима келді де, шайнектің тұтқасына жармаса кетті. Бауыржан берсін бе? Рахима айрылар емес. Әрі-бері тартқылаған соң, Бауыржан ашуға көшейін деді:

- Жібей, ұям!

Рахима көмек көрсетуімді өтінгендей өте аянышты түрмен маған қарады. Қалайда шайнекті алып бер деп тұр.

Бауыржанға қарасам, оның да көнетін түрі жоқ, ашулы. Қайтпек керек? Сәл ойланып қалдым. Дегенмен, ебін тауып, Бауыржанды көндірмесе болмайды.

- Бауыржан, Рахима сенің де қарындасың ғой. Сен – есің бар үлкен жігітсің. Сол-ақ құйсын, бер.

- Беймеймін.

-Рахима сенің қолыңа да құяды. Үйдегі ең кішіміз — осы, соңдықтан ол бәріміздің қолымызға су құюы керек.

- Маған құйса, бейем.

- Сөйтпейсің бе бағанадан бері. Ал, Рахима, құя ғой.

Бауыржан шайнекті жібере салды. Рахиманың әлі келмейді екен. Бар күшін салып көтерген болады, шайнек ырқына көнбей, су қалай болса солай сорғалайды.

Мен Рахиманың көңілін қалдырмайын деп, шала-шарпы жуыңдым.

- Жарайсың, Рахима, — дедім жорта.

Рахима мәз болып қалды. Еңді ол Бауыржанның қолына су құймақ болып еді, Бауыржан:
-38-

- Кейегі жоқ. Бұл құя алмайды, — деп ат-тонын ала қашты.

Рахиманың қуанышы су сепкендей басылып, аяқ астынан жабырқап қалды. Бауыржанның мына қылығына ашуым келіп бір тұрдым, өзімді-өзім әрең тоқтаттым. Рахимамен бірге шайнек тұтқасын ұстадым да:

-Жоқ, құя алады. Қарашы, нанбасаң, — дедім.

Даусым қатқылдау шықты. Рахима бетіме қарады.

-Бауыржан қазір жуынады. Ал, — дедім. Рахима маған разы кейіппен қарап жымиды. Бауыржан менен сескенді де, бұртаңдауын қоя қойып, жуынуға кірісті. Болған соң ол:

- О, о, Иахима дәу болыпты, — деп қуланды. Рахима қуанды. Үшеуіміз де рақаттанып күлдік.
* * *
Мектептен келсем, аулада Алтын, Бауыржан, Рахима үшеуі ойнап жүр екен. Мені көре салып Рахима:

- Аққа, аққа, — деп тапырлап тұра жүгірді. Жаныма жеткенде қолына сөмкемді ұстата салып едім, жерге сүйрете-мүйрете үйге қарай ала жүгірді.

Алтын:

- Құртты мынау, құртты! — деп еді, елемеді де.



Ертеңіне де Рахима маған аулада ұшырасты. Тағы да арсалақтап жүгіріп келіп, сөмкеме жармасты.

Өсте келе, Рахима менің жолымды тосып тұруды әдетке айналдырып алды. Түс кезінде екеуіміз үнемі не аулада, не қақпа алдында ұшырасамыз. Далада мейлі жел тұрсын, мейлі құйын болсын, Рахима оның бірін де елемейді. Апам рұқсат етпесе, жылап берекесін алады екен. Сонан соң лажсыздан жылы киіндіріп жіберуге мәжбүр болыпты.

Көктемнің небір күңгірт, лайсаң күндерінде де қалшылдап тоңып тұрып мені қарсы алды. Мұндайда ол да, мен де үлкен қуанышқа кенелеміз. Мен оған сөмкемді бермес бұрын көтеріп алып, аймалап құшақтаймын, екі бетінен алма-кезек сүйемін. Рахима тоңғанын мүлдем ұмытып, шат үнмен сақылдап күледі. Суық біткен ғайып болып, екі беті бал-бұл жанады. Дәл осы сәтте ол ботақандай сүйкімді, лақтай ойнақы болып кетеді.

-39-


* * *
Бірде Рахиманы ауладан кездестіре алмадым. «Бұған не болды?» деп үйге асығып-аптығып кіріп келсем, төрде Іздән әпкем отыр. Рахима інісі Рахметті алдына алып алыпты. Ешкімді елейтін емес. Айналып-толғанып, асты-үстіне түсіп әлек. Бауыр деген қиын ғой, маған қарайтын түрі жоқ. Рахиманы қызықтаймын деп әпкемді ұмытып кетіппін.

- Әй, аман қайда? Батыр-ау, бізді ұмытқанбысың өзің, кел, — деп әпкем қолын жайды.

Мен тұра жүгірдім. Бара әпкемнің құшағына кіріп кеттім. Әпкем менің бетімнен сүйіп, шашымнан сипап біраз отырды да:

- Бекен, апам сені Рахиманы жақсы көреді дейді. Балаға суық едің, Рахметті қолыңа алшы, көрейін, — деді.

Рахима келгелі «балаға суық» деген пәледен құтылғандай болып едім, тағы шыға келді алдымнан. Әпкеме бауырмалдығымды көрсетейін деп лып етіп, Рахметтің жанына барсам, Рахима жолатпады.

- Апат, Апат, — деп айналып, үйіріледі.

- Ойпырмай, мынаны-ай, ей!

- Бәсе, іші қу деп едім ғой мұның, — десіп әжем мен апам күліп жатыр.

Рахима інісін қанша жақсы көріп, екі елі айрылмай қойғанымен, Іздән әпкеме көп жоламады. Біздің үйдің ішінен бір түрлі қаймығып қуыстанатын сияқты. Шешесіне әрі қызығып, әрі жабырқап қарап-қарап қояды.

Шай ішіп бола бергенімізде, бір қызық болды. Рахима біреудің алдынан, біреудің артынан өтіп дөңгелек үстелді жағалап ойнап жүрген, әпкемнің жанына барып қалыпты. Оған назар аударған ешкім жоқ еді. Мен:

- Бара ғой, Рахима, шешең ғой. Бар, — дедім. Сол сол-ақ екен, әжем мен апам іліп әкетлі.

- Бүйрегің бүрып тұр ғой, ә. Бар еңді.

- Әй, ана көкірек-ай, ұмытпапты-ау әлі!

Рахима бір үлкен ағаттық іс істеп қойғандай, не істерін білмей мөлиіп тұрды да қалды. Үстіңгі ерні дүрдиіп, мұрны кішірейіп, беті жыбыр-жыбыр етеді. Әрі де, бері де баспады.

- Е, қойындаршы, қызымды сонша ұялтпай. Әкпемнің мына сөзін естісімен, Рахима шыңғырып қоя берді.

-40-
Әкпем қызын құшақтап отыр. Рахима өксіп-өксіп жылайды. Бәріміз де қыран күлкі болдық. Әжем:

- Біреудің май бергені — шешесінің су бергені, — деді.

Апам:


- Қанша жақсы көргенімізбен мынау бізге бала болмайды екен, — деді. Сөйтіп, Рахима бізден қанша қаймыққанымен, шешесі мен інісін жақсы көретіндігін жасыра алмады. Шындықтың аты шындық та!
** *

Іздән әпкем ауылына қайтып кеткелі бір айға жуық мерзім өткен. Бір күні апам іс тігіп отырады. Рахима мен Бауыржан апамды маңайлап ойнап жүреді. Бір уақыт апам машинасының қобдишасын ашып, оның ішіндегі қиындылардан кәдеге жаратуға қажеттісін аударыстырып іздей бастайды. Сөйтсе, Рахима әлгі қиықтардың біреуін ұстап алып ажырамайды дейді.

- Әй, мынаған не жоқ, бері әкел, — дейді апам. Рахима бермей ала қашады. Сонда Бауыржан: - Әпкемнің көйлегі. Бүл Іздән әпкемнің көйлегі, — депті.

Апам сонда барып түсініпті. Қиық шындығында да анада әпкемнің тігіп киген көйлегінен қалған екен.

Апам осы жайды маған күле тұрып әңгімеледі.

- Рахима, сүйттің бе? Дұрыс. Шешесін кісі ұмытушы ма еді?

Рахима біздің әңгімемізге назар аудармаған болғансиды. Бірақ бәрін түсініп тұр. Бұл біраз күн әңгіме болып жүрді. Естігендердің барлығы да Рахиманың бауырмалдығына қайран қалатын. Жұрттың мұнысына Рахима қатты ыңғайсызданушы еді.
** *

Бір күні түс кезінде баласын көтеріп көрші үйдің келіні Баян келді. Рахима жас баланы қызықтап, Баянның жанына барды. Ол кісі Рахиманың інісін жақсы көретінін білетін еді.

- Рахима, Апат, Апат, — деп баласын Рахимаға ұстата салды. Шынымен, Рахмет деп қалған болуы керек, Рахи-

-41-

ма балаға әрлі-берлі үңіліп қарады. Сонан соң көңілі біртүрлі пәс болып, жабырқап қалды.

Осыны сезді білем, апам:

- Інің ғой, әке, інің ғой, — деді.



Рахима апама ала көзімен қарады. Осыншама әділетсіздікке төзе алмады, бақырып жылап қоя берді.

- Айналайын, айналайын, Апатын сағынып жүр екен ғой. Қап, қап! — деп апам Рахиманың бетінен қайта-қайта сүйіп жатып әзер жұбатты.



Әбден ыза болып қалған екен, Рахима көпке дейін өксігін баса алмады. Міне, осыдан кейін ешкім де Рахиманы мазақтамайтын болды.
** *

Рахима бала болып орынсыз ашу шақыруды білмейді. Өзі құралпы балалармен бірдеңеге келіспей таласты екен, қатты мұңайып ойланып қалады. Бар болғаны осы ғана. Мен оның мұнысын момыңдыққа жорушы едім. Сөйтсем, оным бекер болып шықты.

Көршіміздің Рахимамен түйдей жасты Дәнеш деген қызы бар. Ал Дәнештің әпкесі Майра Алтынмен құрдас. Олар үнемі Алтындармен бірге ойнайды. Бүгін де бәрі ауызғы үйде отырған. Дәнеш пен Рахима бір нәрсеге келісе алмай қалды. Рахима байланысқысы келмей шегіне беріп еді, Дәнеш шапалақпен жағына тартып кеп жіберді. Рахима жылар деп едім, өйтпеді. Дәнешті бас салып, басы-көзіне карамай төпей жөнелді. Бұларды ажыратамын деп Алтын мен Майра екеуі де ұрсысып қалды. Тату-тәтті ойынның шырқы бұзылды. Балалардың араздығы деген қаншаға барушы еді, ертеңіне-ақ бөрі бірлесіп ойнап кетті. Рахиманың өзін ешкімге басындырмайтын өжеттігі бар екен. Мен осыны көп уақыт ұмыта алмай, өзіне қатты разы болып жүрдім.

** *

Әкем жұмыстан келіп, жуынып дастарқан басына жайғасқан соң, мынадай әңгіме бастады:

- Кемпір, Іздәндар Қорағаты өзенінің бойына көшіп келіпті. Енді біраз күнде құмға көшеді дейді. Онда олармен қатынасу қиынға соғады. Осындай жақын отырғанда қыздарын апарып берейік, — деді.

-42-

- Қой, бауыр басып қалдық. Балалармен ойнап жүре берсін де.



- «Кісі баласы кісендесең де тұрмайды» деген ғой. Сол рас. Босқа әке-шешесін сағынып, мазасы кетіп жүр.

- Қап, балалар қоңылтақсып қалатын болды-ау! Әсіресе Бекенге қиын тиетін болды. Екеуі бір-бірінен екі елі айрылмаушы еді.

- Не қылар дейсің? Одан да дүкенге бар да, балаларға тәтті-мәтті алып кел.

Апамдар жолға әзірлене бастады.

- Мен де барамын.

- Бармайсың. Әжеңмен бірге қалып, балаларға бас-көз болып отырасың, — деп апам қағып тастады.

Үлкен адаммен ерегісіп бола ма? Амалсыз көндім. Рахима төсек салмай тұрып, ерте ұйықтап қалды. Мен төсегімді әзірлеген соң, оны апам көтеріп кеп, жаныма жатқызды. Сонан кейін көрпемен Рахиманы қымтап жауып жатып:

- Бекен, Рахима ашылып қалмасын. Бүгін абай болсаң болды, ертең аулына алып жүреміз, — деді маған.

- Апа, — дедім мен, — осы мен балаға суықпын ба?

- Оны неге сұрадың? Ашуланғанда не айтылмайды дейсің. Сен соның бәрін көңіліңе алып жүреді екенсің ғой. Қой, ұйықта.

- Бәрібір қанша ашуланған күнде де көңілге тиетін сөз айтылмауы керек қой!
* * *

Рахима күндегісінше менің жанымда мұрны пысылдап, ұйықтап жатыр. Ал менің ұйқым келер емес. Ойыма әрне келеді. Үй ішіндегілердің бәрінің мені «балаға суық, тас бауырсың» дейтіні несі екен? Басқаны былай қойғанда, әжемнің де «шыли зәрлісің» дейтіні бар. Қандай да бір бөпенің жыламсырап қынқ деген даусы шықты болды, осы сөздер зірк етіп, жүрегіме тиеді. Содан болар, елден бұрын әлгі бөпенің жанына жетіп барамын да, дереу жұбатуға кірісемін. Жұрт құсап кәдімгідей «әл, әл, әл» деп аймалап, айналып-толғанамын. Бір жаман жерім, бөпе жылауын қоймаса, мұным көпке созылмайды. Әп-сәтте зығырданым қай-



-43-

нап шыға келеді. Кейбіреулер баланың асты-үстіне түсіп, ебін тауып жатады. Соларға таңым бар. Менде ол жоқ.



* * *

Алтынның емшектегі кезі. Еңбектеп қалған. Мен қаншада болғаным сонда? Алтын менен алты жас кіші. Бітті, мен алты жарымда екенмін. Онда тұрған не бар? Мен сияқты үшінші сыныпты бітіргендерге осы да есеп болып па?

Төкен екеуіміз солардың үйінің жанында ойнап жүргенбіз. Әжем де Алтынды көтеріп келген.

-Балалар, жүріңдер, шай ішіңдер. Мінтай апайдың осы сөзін естісімен, екеуіміз де самауырынға жалт карадық. Сөйтсек, ол жоқ. Төр алдына дастарқан жаңа жайылыпты.

- Балалар, ойынның қызығына әбден батқан екенсіңдер, ә!

- Айтпаңыз. Самауырынды үйге кіргізгенімді де байқамапты. Шақырмаса, ойнай беретін.

Әжем мен Мінтай апай осындай сөздер айтып үлгергенше, біз әй-шайға қарап жатпай, дастарқан басына жайғастық. Алтын былдырлап талпынып-талпынып отыр. Шайға қатқалы қойған азғантай сүтке қарап ентелейді. Әжем жібермейді. Алтын тағы бір-екі талпынды да, бақырып жылап қоя берді.

-Қап, мына қыз кісіге шай ішкізбейтін болды-ау! Емгісі келген екен. Бекен, сен көтеріп апара қойшы шешесіне. Әжең шай ішсін, — деді Мінтай апай.

- Апарасың ба, қайтесің, әке?

Бұл — әжемнің мені жұмсағаны. Дәл қазір басқа жұмсаса, қайдан жылжиын. Әжем ғой!

- Апарайын, әкеліңіз, — деп орнымнан атып тұрдым.

Мінтай апай тәрелке толы түрлі түсті кәмпитті дастарқанға әкеліп қойды. Соны керіп, көзім тұнып кетті. Әжем арқама салып берген Алтынды бір сілкіп қалдым. Әжем менің ашуымды аңғармады білем:

-Төмен түсіп бара жатыр ма? Сөйт, жоғары көтеріп ал, жеңіл болады, — деді.

Алтын бұрын көтергенімде жылағанын қоя қоюшы еді, бұл жолы өйтпеді. Қайта дастарқан басынан ұзаған са-

-44-


йын даусы үдей түсті. Бұлқынып, шіреніп-шіреніп кеп кетеді. Сөйткенде тәлтіректеп барып қайтамын. «Құлап кетер ме екен?» деп қорқамын. Бір-екі сілкіп, жоғарылатып алдым.

- Жылама енді, әке. Қазір мамаңды емесің.

Алтын тыншығандай болды.

- Е, айналайын, бағанадан бері өстімейсің бе? Айтқанды түсінген жақсы.

Енді мен Алтынға ақыл айта бастадым. Өзім білетін жақсы сөздерді жаудырып жатырмын. Өз-өзіме алаң болып, Алтынды мүлдем ұмытып кетіппін, оқыстан бұлқынып кеткені.

Қапы қалдым, шалқасынан түсті. Төбесімен шаншыла құлады. Бір сәт үнсіз қалды. Зәрем ұшып, қорқып кеттім. Бар болғаны «айналайын, айналайын» деп құшақтай бердім. «Айналайынды» қанша рет айтқанымды білмеймін, Алтынның шыңғырған даусы шыққанда барып есімді жидым. Ол бақырып жылай бастады. Енді менің ашуым қозды.

- Өзіңдікі жақсы ма? Сонша бұлқынғаның... Енді бүйтпейтін боласың.

- Күнім-ай, күнім!

Мен байқамай қалыппын, қайдан сезгенін әжем ұшып жеткен екен. Келе Алтынды көтеріп:

- Қорқып қалды-ау! Сорлы басым, шайда нем бар еді? Күнім, күнім, — деп аймалап жатыр. Менің денемнің бәрі ұйып қалғандай қозғала алмаймын. Әжемнен бір суық сөз, оқыс қимыл күтемін. Сондағы әжемнің бар айтқаны:

- Балам-ай, балаға суықсың-ау! Осыған әлің жететін уақытың болды ғой. Жықпай апарсаң болмайтын ба еді?

Әжемнің жүзінен ерекше сұс әрі аяушылық анғарғандай болдым. Әжем Алтынды көтеріп кете барды. Мен үн-түнсіз жер болып, тұрып қалдым.



* * *

Былтыр. Бауыржан аяғын апыл-ғұпыл басып жүрген. Бірде ертеңгілік ойынға шығайын деп киініп жатыр едім, апам:

- Бекен, балаларды ойнатып, үйде отыра тұршы. Біз картопты түптей салайық, жер боп кетіпті. Сонан кейін ойнасаң да жетер, — деді.


-45-

Төбемнен жай түскендей болды. Оң аяғыма бәтеңкемді сұққан күйі сылқиып отыра кеттім. Бәтеңкемнің бауын байларымды да, қайта шешерімді де білмеймін. Қолым еріксіз жыбырлап, әлгіні умаждай бердім.

- Не айттым саған? Шеш, бәтеңкеңді. Бала болып сенің де бір пайдаңды көретін күн бар ма? Жоқ...

Аяғымның басына қараған күйі үнсіз мөлиіп отырып, енді ешқайда мойын бұра алмасымды білдім.

Үлкендердің ашуланғанда өстіп артық кететіндері бар. Әйтпесе апам неге бұлай дейді. Тіптен сол картопты түптеу керек деген мен емес пе едім. Әлімнің келгенінше тырбаңдап он шақты түбін түптедім де. Сонда өзі разы болып:

- Айналайын, сен әлі жассың ғой. Сенің әлің келсе, біздің неміз бар? Қой, қабырғаңды қайыстырмай-ақ қойғын. Өзіміз-ақ бірдеңе қылармыз, — деп еді.

Міне, ендігісі мынау. Аяғымды сілкіп-сілкіп, бәтеңкемді ытқытып жібердім.

Апам мұнымды мүлде елемей, Бауыржанды емізіп отыр. Бауыржан апамның бауырына тығыла түсіп, емшегін жабыса сорады. Бір кезде ол жалт бұрылып, маған қарады. Ашулы түрімнен қаймықты білем, аяғын тыпыр-тыпыр еткізіп, шешесінің бауырына қайта тығылды. Бірақ қайтып емген жоқ, ізінше басын қайта жұлып алып, маған қарап күлімсіреді. Оның осы бір шат жүзі жүрегіме нұр құйды. Еріксіз жымиып, менің де күлкім келіп барады. Бауыржан сықылықтап күлді.

- Бауыржан, келе ғой, әуп етейін.

Бауыржан маған қарай талпынды. Апам қоя бере салды. Бауыржан тапырақтап келеді.

- Ал, Бекен, балаларға ие бол.

Апам маған сенім артып барады. Мұндайда мен көл-көсірмін. Лып ете түстім.

- Жарайды. Ойнап отырамыз.

Есік сарт жабылды. Бауыржан жан-жағына көз салды. Бетіндегі күлкі, қуаныш ізі тез арада ғайып болып, көздері адырайып, пәк жүзі лезде жабырқап, шешесін жоқтаған кейіп білдірді. Соны сезді де Алтын:

- Бауыржан, зый-зый, — деп «Москвич» машинасын әрлі-бері жүгіртті.

Бауыржан Алтынның қуыршақтарының ішіне енді де кетті. Бара өзінен айнымайтын қорбиған ойыншық аюды
-46-

құшақтап алды. Енді екеуі еш алаңсыз ойынға берілді. Менің оларға мүлде керегім жоқ сияқты. Өздерімен-өздері. Мен де өзіммен-өзім болып, суретті кітапшаларымды ақтаруға кірістім.

Бір уақытта аяқ астынан күтпеген жағдай болды.

- Мишка — баласы, мысық апасы болсын. Мишка жылайды, апасы емізеді. Міне, қазір. Ал, Мишка, жыла, — деп Алтын мысықты Бауыржанға қарай жақындатты.Сол сол-ақ екен, Бауыржан жылап қоя берді. Мен алғаш ойындары екен дедім. Алтын да солай ойлапты.

- Бауыржан, сен емес. Мишка жылайды, — деп жатыр.

Бауыржан шынымен жылапты. Бәрін тастады.

- Апа, апа, — деп есікке қарай еңбектеп барады.

- Қайда барасың? Қайт, ей, қайт, қарағым!Мен кітап қызығын қимай самарқау сөйледім. Қайтпады.

- Бауыржан, міне-міне. Мишка жыламайды. Өзің алшы, мә.

Мен енді Бауыржанды көтеріп әкеліп, қалың ойыншықтардың арасына қойдым. Сөйттім де, тып-тыныш отырған баланы жылатқан Алтынға ұрыстым.

- Басқа ойын құрып қалғандай! Шешесін еске түсірген сен. Мишкаң құрығыр. Мишка-пишкамен қуып шығайын ба үйден?

- Апама айтам.

Алтын да жылап есікке беттеді.

- Қайт, — деп қолынан тартып едім, тыртысып көнбеді. «Апалап» жылап, еңбектеп Бауыржан келеді, шыңғырып, жұлқынып Алтын тұр. Ашуым келіп, еденді тарс дегізіп бір тептім. Бауыржан аңқайып отырып қалды. Алтын қоймай жұлқынады. Өзімді-өзім ұстай алмай кеттім. Жағына шапалағым шарт ете түсті. Алтын шыңғырып отыра кетті.

Сол сәт төрде ілулі түрған тобылғы сап, он екі таспа дырау қамшыға көзім түсті. Аяқ асты қуанып кеттім.

Жүгіріп барып жұлып алдым.

- Үңдеріңді шығарыңдаршы, кәне!

Екеуі де демдерін тартып үнсіз қалды.

- Бар, бұрышқа. Ойнаңдар!

Ешқайсысы қозғалмады. Бақырайып-бақырайып отыр.

- Барыңдар деймін мен сендерге!

Қамшымен Алтынды жасқай бердім.



-47-

- Ей, мынау қайтеді, ей!

Төбемнен жай түскеңдей болды. Жалт қарадым. Ашулы шешем кіріп келеді.

Бұлар Алтын мен Бауыржанның кішкентай күндері ғой. Мені жаманатқа қондырып жүрген осындай бір болымсыз жайлар. Әйтпесе, Алтын, Бауыржан, Рахималарды дәл қазір менен артық жақсы көретін кім бар үйде! Соны біле тұра, қит етсем болды, үлкендердің «балаға суықсың, тас бауырсың» деп жазғыруы мүлде дұрыс емес сияқты.


* * *

Осыларды ойлап жатып ұйықтап кетіппін. Әкем шешеме сөйлеп жатыр екен.

- Рахиманы оятып, киіңдір.

- Арбаны жегіп болдың ба?

- Иә. Ал Рахиманы дайында.

- Қазір. Шешем келді де:

- Әуппа, — деп Рахиманы көтеріп алды.

Рахима ұйқысырап қыңқылдады.

- Оян, айналайын, оян. Апатқа барасың. Апат. Рахима ұйқылы көзімен түкке түсінбеді, жылады.

- Апа, жата тұрсыншы.

- Сен ояу ма едің? Тұр онда. Мен ауызғы үйге шыққанша, апам Рахиманы киіндіріп қойыпты. Үй ішінің бәрі ояу екен. Әжем, Алтын, Бауыржан — бәрі Рахиманың маңында шүпірлеп жүр.

- Рахима, әжеңді сағындырмай келіп тұр. Әкелші бетіңді.

- Рахима, тұлымыңды өстіп тарап жүр.

- Иахима, мә, Мишка. Апатқа бей. Мен де араластым:

- Рахима, мені ұмытпайсың ба?

Рахима жымиып, басын шұлғиды. Мақұлдағаны. Жанына жетіп барып аспандатып көтере бердім, көтере бердім.

Әкем кірді сырттан. Тап-таза мұнтаздай болып киініп алыпты. Қолында арба қамшы. Бізді асықтырды:

- Ал жүрейік. Болыңдар. Сонша үймелегеңдерің.

- Қоя тұр. Балалар қоштасып алсын. О немене, сонша асығып.

- Апа-ау, күн ысып кетпей жетіп қалайық дегенім ғой.

-48-

- Мейлі, ендеше, далаға шығайық, — деді әжем.



Бәріміз далаға шықтық. Арбаның ырдуанына шөп толтырып, үстіне киіз жайылыпты. Күрең бие жол тілеп, тықыр қағып тұр. Әкем екі езуін кере қаңтарып ақ қойған екен, соңда да шыдам табатын емес.

Арбаға алдымен апам мініп жайғасты. Онан соң әкем Рахиманы құшақтап апарып апамның алдына отырғызды. Рахима көзі жаутаңдап, бізге қимастықпен қарайды. Жүзінде — қуаныш. Әке-шешесіне, бауырына бара жатқан адам қуанбай, кім қуансын енді!

Әкем божыны қолына ала бере, күрең бие лып беріп жүріп кетті.

- Рахима, сау бол!

- Иахима, сау бол!

Бәріміз осылай деп шуласып, жапа-тармағай қол бұлғадық. Рахима да қол бұлғап барады.

Мен бір түрлі көңілім бұзылып, мұнан әрі тұра алмадым. Зып беріп үйге қойып кеттім. Келдім де, отыра қалып, сырты қызыл үлкен дәптеріме Рахима туралы ойымда калғанның бәрін тізіп жаза бастадым. Міне, енді күн-түн демей бітіріп отырмын.

Ал мен балаға суықпын ба? Соны біле алмай әлі далмын.

Ол жағын енді өздерің білерсіңдер...

ОҚУДЫ АҢСАҒАН АРАЛ

Арал мен Жайық — құрдас. Екеуі — ағалы-інілі адамдардың балалары. Екеуінің де әке-шешесі сиыр фермасында жұмыс істейді. Екеуі де оқуға ферма балаларын алып қайтуға арнайы қатынаған машинамен ұжымшар орталығындағы атасының үйіне келіп түсті.

Атасы мен әжесі екеуін де құшақ жая қарсы алды. Екеуінің де беттерінен алма-кезек сүйіп, мәжірежай болып қуанды.

Үйдің іші әп-сәтте абыр-дабырға толып шыға келді.


-49-

- Арал, ана кесені әперші.

- Жайық, мә, мынаны әрі қоя сал, — деп Ұлдаш әжейдің қолы ұзарды. Балалардың тілін алып, айтқанын істегеніне әжей айрықша мәз. Мұқа ата да қуанып жүр:

- Енді бүл екеуіне де, аты не еді әлгі, «Әліппе», қағаз, қарындаш, сиясауыт керек-ау. Кемпір, ертеңмен ауданға барып қайтайын. Соның бәрін тауып келейін, - деп қояды.

- Бар, бар, — дейді әжесі.

Мына сөзді естісімен Арал мен Жайықтың көздері оттай жайнады. Өйтпегенде ше, екеуі енді оқуға барады емес пе!

Ертеңіне Арал мен Жайықтың атасы аудан орталығына барып, құр қол қайтты. Атасы дүкенге кіреді де, қолын-дағы тордың аузын ашады.

- Ал, қызым, айналайын, екі балам биыл оқуға баратын еді. Сал мынадан екіден, «Әліппе», есеп, тағы не керек еді, өзің білесің ғой, бәрін әкел.

Сөйтсе, дүкенші күледі дейді.

- Мұның не, қарағым, күлгенің? Күлетін не бар, рас, мектепке екі немерем барады. Екеуі жасты.

- Ата, оныңыз дұрыс қой, жақсы екен. Қазір дүкенде оқулық кітап сатылмайды. Оның бәрін балаларыңызға мектептің өзі тегін береді.

- Сонда қалай? Ой, пәруәрдігер, о заман да бұ заман кітапты тегін берген дегенді кім көрген?!

- Рас, ата, тегін беріледі.

- Онда қайт десеңші.

- Иә.


Арал мен Жайықтың атасы осыны айтып келгенде, апасы да таңданды:

- Үйде отырып ештеңе білмейді екенбіз ғой.

- Сөйтіпті.

Арал мен Жайық енді мектепке бұрынғыдан да асыға түсті.


* * *

Бірінші қыркүйек күні атасы Арал мен Жайықты мектепке ертіп әкелді. Екеуі де әке-шешелері дүкеннен әперген судай жаңа киімдерін киіп, мұнтаздай болып алған. Қуаныштан жарыла жаздап, жымың-жымың етіп, бір-біріне қарай береді.

-50-

Мұғалім екеуін де партаға отырғызып болған соң:



- Ақсақал, документтері қайда бұл балаларыңыздың? Тууы туралы куәліктерін әкелдіңіз бе? Немене, екеуі егіз бе? - деді.

Шындығында, Арал мен Жайықты алғаш көрген адам егіз бе деп қалушы еді. Екеуі бір-бірінен айнымайды. Екеуі да шашы сарғыш, қой көз, дөңгелек бет, аққұбаша, қыр мұрынды сүйкімді ғана балалар. Жалғыз-ақ айырмашылығы — Арал Жайыққа қарағанда денелілеу.

- Жоқ, егіз емес, — деді атай екі немересіне кезек-кезек қарап қойып. — Малдағы балаларымның балалары. Куәлік-пуәлік дегенді мен білмеймін ғой, қарағым. Үйлерінде, аты немене еді, әлгі метіркелері бар шығар. Екеуі бір жылы туған. Мынау Жайық сәл-пәл үлкендеу, шөп шабыста, ал ана Арал Октәбір мейрамына бес күн қалғанда туған. Биыл екеуі де жетіде.

- Дұрыс, дұрыс, ақсақал. Балаларыңыздың жетідегісі жетіде екен. Бірақ Арал алынбайды мектепке.

Аралдың жүрегі зу ете калды.

- Ол ненің ақысы, қарағым-ау?!

- Заң бойынша жетіге жеті күн толмаса да, біз баланы оқуға ала алмаймыз.

- Қарағым-ау, бұл екеуі түйдей құрдас. Көріп тұрсың, Арал Жайыққа қарағанда зор әуелім.

- Солайы солай екен. Бірақ біз заңнан аттай алмаймыз. Оған қинамаңыз, ақсақал.

- Сол да сөз бе екен. Біреудің басы ерте, біреудікі кеш піседі. Арал — миы толық бала, алғыр.

- Жоқ, ақсақал, болмайды. Біз басына қарап емес, жасына қарап аламыз. Енді бірер жылда бала алты жастан бастап оқуға баратын болады. Сол кезде әкелерсіз, тағы немереңіз болса.

- Шүкір, бар. Әкелем. Әкелмегеңде ше?

- Сөйтіңіз. Әзірге заң осы. Заң орындауды талап етеді. Апырау, бұл бір қызық болды-ау. Заң жарықтық осы еңді. Еш шара жоқ. Жүр, Арал.

Ала жаздай оқуға әне барам, міне барамын болып алып-ұшып жүрген Аралдың көңілі су сепкендей басылды.



Өзі қатарлы балалардың бәрін талай-талай шаңға аунатқан қажырлы, қайсар Арал емес пе бұл. Олардың еш-

-51-


қайсысынан ығып көрмеген Арал енді мұғалімнен қорықпақ па? Жоқ. Мұғалім де адам.

- Жоқ. Бармаймын, — деді Арал міз бақпастан. Мұғалім де, Мұқа атай да Аралға таңдана қарады.

- Қой, қарағым, жүр үйге.

- Бармаймын.



- Бармағаның не өзіңнің? Жасы жетпеген баланы оқыта алмаймын мен. Оқығың келеді екен, барып директордан рұқсат сұрап келіңдер. Директор рұқсат етсе, тіптен қарсы болмай-ақ қояйын.

- Арал, жүр, еңдеше, директорға баралық.

Арал да, атасы да директордан бір қайыр болар деп еді, бірақ үміттері екеуін де алдапты. Мұғалім біткеннің барлығының сөзі бір екен.

- Балаңыз әлі жетіге толмаған екен, жеті жасқа жеті күн толмаса да, бала оқуға алынбайды. Заң — сол.

- Қарағым, алғын. Көр де тұр, осы бала сендерді ұятқа қалдырмайды.

- Ақсақал, ол мүмкін емес. Біз ондай эксперимент жасай алмаймыз.

Директордың «экспериментін» атасы да, Арал да түсінген жоқ. Ал Аралдың оқуға алынбайтыны анық болды. Бұл қорлыққа Арал қайтіп қана мойынсұнсын?!

«Одан да Жайық екеуімізді күрестіріп көрмей ме? Тіптен сол балалардың барлығымен күрестірсін. Бәрін тоңқалаң асырғанымда көрер еді кімнің үлкен екенін».

Арал осылайша тарығып келеді. Енді қайтсін? Қатарынан кемітсе, кім өстімейді?

- Жаның тірі болса, оқу ешқайда қашпас. Оқырсың әлі, — деді атасы былай шыға бере.

Арал үндемеді. Бойын ыза кернеп, жылағысы келіп барады. Шешесінің жылы сүт иісі сіңген құшағын аңсап кетті. Күңдіз-түні сиырлы ауылға электр беретін моторды айналдырып, үсті-басы жермай сасып жүретін әкесі де көз алдына келе қалды. Шешесі: «Оқуға алмай қойды ма? Әтеген-ай, енді қайттік?» деп күйгелектенсе, әкесі: «Сөлбіреме, Арал!» деп қайрат беретін сияқты.

Арал бірте-бірте сабасына түсе бастады. Бірақ ызалы ойлар көкейінен кете қоймады.

- Оқуы құрысын! Мен енді еш уақытта да оқымаймын. Көкемнен мотор жүргізуді үйреніп аламын да, үлкей-


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі
files -> Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет