Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



бет2/2
Дата13.08.2017
өлшемі3,26 Mb.
#23426
1   2

-52-

генде моторшы боламын, сиыр бағамын. Оқу неге керек? Жүре беремін сиырлы ауылда.

Бұл, әрине, Аралдың жаны кейіген соң айтқан сөзі. Әйтпесе оқымаушы ма еді, оқиды. Келер жылғы бірінші қыркүйекті асыға күтумен болады бұл. Атасы оны жақсы біледі. Сонда да Аралдың мынасына бірдеңе деу керек.

- Әй, балам-ай, оқисың. Оқу керек.

- Оқымаймын!

- Оқығанның кім, оқымағанның кім екенін көрмедің бе жаңа? Деректірдің кей сөзін түсініп, кей сөзін түсіне алмай, дал болып келеміз, міне, енді. Оқымасаң көрген күніміз — осы. Сиырлы ауылды қоя тұр. Жүр осында. Көше тәртібін үйрен біраз.

Шынында, сиырлы ауылда Арал қатарлы бірде-бір бала жоқ қазір. Бәрі оқуда. Кіммен ойнамақ бұл? Жас балалармен бе? Жоқ. Олармен ойнадың не, ойнамадың не?

Аралдың астыңғы ерні салпиып, үстіңгі ерні дүрдиіп діріддеп барады.

«Сиырлы ауылда не бар маған? Мен оқимын». Арал еңіреп жылап жіберді. Жерге отыра қалып жылады.

Қапелімде мұндайды күтпеген атасы сасып қалды.

- Ой, бәтір-ау, мұның нең?

- Мені неге алмайды оқуға? Мен бармаймын үйге. Оқимын.

- Жасың жетпей қалды емес пе? Сонан соң алмайды.

- Алады. Қайтсе де оқимын.

- Қой, балам, тентек болма.

Атасы Аралды қапсыра құшақтап, көтеріп, арқалап алды. Арал көз жасын тыя алмай өкіріп жылап келеді. Мектептен ұзаған сайын артына қарап қойып, өксіп-өксіп кетеді. Үйге жақындағанда мектептен де, мұғалімнен де, директордан да — бәрі-бәрінен көңілі қалып, ашу-ызасы бірте-бірте сейіле бастаған. Әжесін көрген бойда тағы бақырып жылады. Атасы мен әжесі Аралды екеулеп отырып әзер жұбатты.

Арал оқудан осылайша шеттеп қалды.

* * *

Арал сиырлы ауылға қайтпады. Атасының үйіңде жүре берді. Бұрын да бүл үйде айлап-

апталап жүретін, атасы мен әжесіне қолғабыс болатын. Бұл жолы мәселе басқа-

-53-

ша. Оқуға жарамай, Жайықтан кем болып барған масқара емес пе?! Жаны тірі болса, бір алынар мектепке. Сонда барады бұл сиырлы ауылға.

Бірақ Арал қарап жүрмеді, өз бетінше оқып жүрді. Кеш болды екен, дөңгелек үстелдің бір жағына Жайық, бір жағына оған қарсы қарап Арал жайғасады.

Аралдың Жайықпен қатар отырғысы-ақ келеді. Алайда атасы: «Баланың қолын қағасың, сиясын төгесің, мешайт етесің», — деп Аралды еркіне жібермейді. Жайық дәптерін жайса, Арал да жаяды. Жайық «Әліппесін» қолына алса, Арал да үңіледі. Қысқасы, Жайық не істесе, Арал да соны істейді. Мүғалімің не керек енді Аралға! Өстіп жүріп ол енді, атасының сөзімен айтқанда, «әліпті таяқ деп білетін болып қалды». Балаға әзірге керегінің өзі де осы емес пе? Арал бұған мәз. Тіптен өзінің оқуға алынбай қалғанын да ұмытып бара жатыр еді.

Бір күні Жайықтың мұғалімі келді үйге. Арал мен Жайық дөңгелек үстелді ортаға алып, тып-тыныш жазу жазып отырған. Мүғалім табалдырықтан аттай бере, үлкендермен амандасты. Жайық орнынан атып тұрды. Арал аңқайып отырып қалды.

- Отыр, Жайық, — деді мұғалім.

Сөйтті де дөңгелек үстелге жақын келіп, Арал мен Жайықтың дәптерлеріне үңілді.

- І-і, — деді сонан соң. — Бәсе, Жайыққа мына бала кедергі жасайды екен ғой. Ақсақал, бұл болмайды. Жайық балаларыңыздың кітап-дәптері кір-кір болып жүреді. Мынандай жағдайда, әрине, сөйтеді. Жайыққа сабақ оқитын жағдай туғызу керек.

Аралдың атасы не дерін білмей қалды. Есесіне әжесі саспады:

- Бұдан артық қандай жағдай керек бұған? Екеуі күн де ерсектесіп отырып, сабақтарын оқып жүр ғой. Жайыққа қарап, Арал да оқу үйреніп қалды. Жайық жалғыз өзі состиып отырып қалай оқымақ? Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасқан емес пе, шырағым-ау, — деді.

- Мұғалім ағай Аралдың әжесінің бұл сөзін құп алмады.

- Әй, әже-ай, айтып отырмын ғой. Арал Жайыққа кедергі жасағаннан басқа түк бітіріп отырған жоқ. Үйренген түгі жоқ. Барлық әріпті теріс жазып отыр, — деп Аралға төне түсті.

-54-


Аралдың атасы мен әжесі жарыса үн қатты:

- Қалайша?

- Терісі несі?

- Сол, теріс.

Шындығында, Арал әріптерді теріс жазып жүретін. Атасы қатар отырғызбайтын болған соң, қарсы қарап отырып алып, Жайық дөптеріне не жазса, соны көшіре беретін. Әрине, мүнысы Аралдың өзіне әбден оңды тәрізді еді. Жайыққа да бір қарағанда дұрыс болып көрінетін.

Мұғалім ағай істің мәнін бәріне жақсылап тұрып түсіндірді.

Аралдың атасы да, әжесі де:

- Біз мұны бірдеңе үйреніп қалды десек, бәрін теріс жазып, бүлдіріп жүр екен ғой.

- Онда бұған енді қайтып қағаз, қарындаш бермеу керек, — десіп дүрдиісіп қалды.

Арал да бүлдіргенін сезіп, үнсіз отыр. Аралдың көңілсіз күйін мүғалім ағай жақсы ұқты.

- Арал, сен оқуға асықпа. Ендігі жылы келесің. Сонда бойың да, ойың да өсіп, миың толық болады, — деді.

- Е-е, бәсе десеңші. Бір жылдың әрісі не, берісі не? — деп қостады атасы.

Олар не десе, о десін, Арал алған бетінен қайтпақ емес Теріс болса да, Жайыққа қарап жазғанын қоймайды қайтсең де. Қораш санап, қорлауын. Ешкімнен де кем емес бұл.

- Мен қоймаймын, жаза беремін.

- Жаза бер, Арал. Оң жазып үйрен. Бірақ Жайықтың оқуына кесіріңді тигізбе, — деп мұғалім ағай Аралдың ата-әжесімен қоштасты.

Есіктен шығып бара жатып:

- Әбден қапа болып, қырсығып қалған екен бұл балаларыңыз. Мейлі, Жайықтан үйрене берсін. Бірақ ол сабаққа дайындалғанда мазасын алып жүрмесін, — деп қатты тапсырып кетті.

Енді атасы Аралға бұрынғыдай еркіндік бермейтін болды. Екеуінің ортасына отырып алып, қымс етсе болды:

- Арал, тыныш. Мешайт етпе оқушы балаға, — деп Аралды қақпайлайтынды шығарды.

Осындайда оның Жайықтың дәптерін шимайлап бүлдіргісі де келіп кетеді. Жайықты аяйды. Оның не жа-

-55-

зығы бар? Қайта Аралға үйретіп-ақ жүргені. Атасы ғой оны «оқушы бала» деп оқшауландырып отыратын.



* * *

Жайық оқуға кеткен кезде Арал өзін қоярға жер таппай, іші қатты пысатын. Немересінің мұнысын сезген атасы Аралды оны-мұныға көп жұмсайды. Қара кер бие мен кер төбел құлынды ауыл шетіндегі тоғаннан суарып келеді, жаңартып шөп салады. Биені сауған сайын құлыңды салып, орнына апарып байлайды. Қара кер бие де, кер төбел құлын да Аралға әбден үйреніп адды. Аралды анадайдан көрісімен оқыранып, жем-шөп сұрайды.

Малды ауылда өскен емес пе, Арал — аттың құлағында ойнайтын бала. Қара кер биеге мініп-түскенін місе тұтпай, бүгін ол мынандай бір ойға келді: «Мен сияқты балалар оқып жүр. Мен не бітірмекпін? Асау үйретемін. Сосын сауын биеге тиіспей, кер төбел жабағыны мініп жүремін. Мектепке барып балаларды бір таңдандыруым керек қайтсем де».

Сәске түс. Күздің шағырмақ күні қара кер биені суарып тұрған Аралдың торсықтай шекесін қыздырып, су бетіне сансыз сәуле шашып көзін ұялтады. Күзгі дымқыл жер бусанып, ауа бірте-бірте қызып келе жатыр. Жер де, ауа да жұмсақ бір әдемі шақ. Жығылса, оны осы жұмсақ жер көтереді.

Бие мен құлын суға қанып жағаға шықты. Арал енді биеден түсті де, жүгенін сыпырып қоя берді. Сөйтіп, кер төбел құлыңды жүгеңдеді. Қара кер бие былайырақ барды да, оттап тұрды. Кер төбел құлын алғаш оқыранып тыпыршып еді, енесінің отқа бас қойғанын көріп, тынышталды. Жүген, әрине, құлынға үлкен келді. Арал құлынның құйрығынан он шақты тал қыл жұлып алып, жүгенді желкелігінен түйіп қысқартты. Ол енді кер төбел құлынға қарғып мінді. Жаздай салқын жерде тұмсығын көк жоңышқаға тығып тұрған үлкендігі тайдай кер төбел жабағы атқып кетті. Арал алғаш жүрексініп тізгінді босатып алған, кер төбел енесіне қарай ойнақтай жөнелді. Қара кер бие оған көрсетілген жәбірге төзбей араша түскеңдей болып оқыранып, жерден басын жұлып алды. Құлынының үстіндегі Аралды көрген соң: «Е-е, өзіміздің бала екен

-56-


ғой» дегендей, самарқау көз қиығын салды да, қайта оттап кетті.

Арал екі аяғын кер төбел құлынның екі қолтығына тыгып жіберіп, тізгінді шірене тартты. Кер төбел құлын кәдімгі бір қолау болғаңдай шойнаңдап тұра қалды. Аралға құлынның мұнысы ұнады. Тізгінді қырын бұрып, «шу-шулеп» еді, орнынан қозғалмады. Басын жіберсе болды, енесіне қарай жүреді.

Мұнысы Аралға еш кедергі болған жоқ. Кер төбел құлынға мініп, қара кер биені айдап үйіне келді.

Атасы Аралды көрген бойда сенерін де, сенбесін де білмеді.

- Бұл не, батыр-ау?

- Үйреттім құлынды. Ақыры оқуға алмайды, не істемекпін? Осы құлынға мініп жүремін.

- Жақсы болыпты. Мініп жүр.

Осындай баланы жассынып, оқуға алмай жүрген мұғалімдер де қызық-ау. Жайық мұның бірін де істей алмайды.

Мұқа атай немересіне разы болып, қарап қалды.
* * *

Енді біраз күнде кер төбел жабағы әбден бас біліп кетті. Арал оған мініп алып, қара кер биені жетектеп, суарып келіп жүрді. Жайық та мінетін болды.



- Жайық, мен бүгін мектепке құлынға мініп барамын, — деген бағана ертеңгілік Арал Жайыққа.

- Кел-кел. Нағыз қызық болады, — деген Жайық.

Міне, енді Арал кер төбел құлынмен мектеп ауласына ене берді. Дәл сол сәт қоңырау шылдырап, балалар далаға жүгіріп шықты. Бәрі құлын мінген балаға таңдана қарасты. Бір топ баланы ерткен Жайық Аралға беттеді. Бәрі келіп, Аралды қоршап алды.

- Қалай үйреттің? Әй, өзің күшті екенсің! - деп танданысып жатыр бәрі.

- Әй, соны қойшы, анада окуға жасы жетпей қалған бала ғой бұл. Құлын үйреткен де сөз болып па? — деді анадай жерде тұрған бір шикіл сары бала.

Арал шамданып кетті. Құлыннан қарғып түсіп, әлгі балаға тап берді. Жаңа ғана дүрдиіп тұрған шикіл сары



-57-

тұра кеп қашты. Балалар ішек-сілесі қатып күліп жатыр. Арал кері бұрыла бергенде, кер төбел жабағы ойнақтап ауладан шығып бара жатыр еді.

Қоңырау соғылып, балалар мектепке жамырай бет қойды. Бәрі Аралға күліп барады. Арал состиып жалғыз қалды. «Қап, оқуға алса ғой, бұл қорлықтың біреуі де жоқ. Сары бала, сен де, кер төбел құлын, сен де қолға бір түсерсіндер, бәлем!»

Арал үйге келсе, атасы мен әжесі әбігерленіп қалған екен.

- Балам, тірімісің?

- Осы пәлеге мінгенді қойшы. Бір күні жазым қылып жүрер, — деді атасы мен әжесі.

- Мінемін, — деді Арал. — Мінемін. Жаңа мені күлкі қылып тастап кетіп қалғанын қарашы. Әбден жуасытамын. Сонда өйтпейтін болады. Қазір қайта барамын мұны мініп мектепке. Аралдың атасы мен әжесі немерелерінің бұл кайсарлығын енді шеккі көрмеді.

- Мейлің, — деді де қойды.

Бірақ Аралдың мектеп жаққа қайтып барғысы келмеді. Ондағы балалардың барлығы Аралдан әлдеқайда жақсы, жүздері жарқын сияқты. Жабағыға жарбиып мініп жүргеннен шіреніп партада отыру әлдеқайда артық екенін сезді Арал.

Өстіп жүргенде Арал мен Жайықтың Жамбылда оқып жүрген Жақсылық ағасы мен Бағдагүл жеңгесі келді. Арал мен Жайық олардың кішкентай балалары Азаматты алма-кезек қолдан-қолға тигізбей көтеріп, рақатқа батты. Екеуі бір-екі рет таласып та қалды. Осындай бір сәтте ағасы:

- Қане, күресіңдер. Қай жеңгендерің көтересіңдер, — деді.

Арал мен Жайық алыса кетті. Әне-міне дегенше болмады, Арал Жайықты атып ұрды.

- Аралға жан шақ келмейді, тегі. Екі Жайық жабылса, бой бермейді бұл әуелім. Сөйте тұра мұны оқуға алмай қойғанын қайтерсің? — деді атасы.

- Иә, шынында...

Ағасы Аралға қарады. Арал жерге қарады.

- Мейлі, мектепке алмаса да, мен Жайықтан оқып жүрмін.


-58-


- Қалайша?

Жығылып қалғанына әжептеуір қапа болып тұрған Жайықты Аралдың мына сөзі бір көтеріп тастады. Тіптен Арал үшін қуана жауап берді:

- Аға, бұл мен не жазсам, дәптеріне соны жазады. Оқи да алады.

- Қызық екен! Қане, екеуің де қағаз, қарындаш алыңдаршы. Көрейін, жазғаңдарыңды. Арал мен Жайық қағаз, қарыңдаштарын алып, дөңгелек үстелге өзді-өзі орындарына жайғасты.

- Ал енді «А», «Ә», «Б», «В» деп жазыңдар. Арал мен Жайық дәптерлеріне төне отырып, ағаларының айтқандарын жазып шықты. Жақсылық алдымен Жайықтың жазғанын қолына алды. Жайық жап-жақсы орындапты.

- Жарайсың, Жайық!

Кезек Аралдың жазғанын тексеруге келді. Арал да біршама тәуір жазыпты. Бірақ «В»-ны теріс жазып қойыпты. Жарайсың, Арал! Бірақ «В»-ны теріс жазыпсың.

-Бұл сөйтеді. Әнеукүні біздің ағай да айтқан. Мұның болыңқырамайды екен, Арал. Бүйткенше, бізбен бірге қалаға жүр. Ертелі-кеш Азаматпен ойнап отырасың. Қолым босағаңда өзім саған оқу үйретемін. Жайықтан кем білмейтін боласың. Барасың ба?

-Барамын.Оқуға алынбай қалғанына Жайықтан сәл төмендеңкіреп жүрген Арал осылайша әп-сәтте өсіп шыға келді.

* * *

Ертеңіне Аралддың ағасы мен жеңгесі жолға дайыңдалды. Олар Аралды шынымен ала кетпек болды. Арал ет қызуымен «барамын» деуін дегенмен, кейін жүрексініп қалған. Қаланы көру де оған бір керемет қызық сияқты. Бірақ Аралдың келісімін ешкім еңді қайтып сұрап жатпады. Ағасы мен жеңгесі Аралға жеңілдеу сөмкені ұстатып, автобуспен Шуға, одан пойызбен Жамбылға тартып отырды.

Пойыз дегенің бір рақат болады екен ғой. Сиырлы ауыл пойыз жолға жақыңдау Бейсебайға көшіп келгенде, Арал пойыздың сарт-сүрт етіп әрлі-бері өтіп жататынын көретін.

-59-

Оған мінбегеннен кейін қайдан білсін. «Бұл да бір салдырлаған үлкен арба ғой» деуші еді. Сөйтсе, пойыз дегенің арба емес екен, ішінде сартыл да жоқ, сұртыл да жоқ әдемі үй екен, әншейін. Біреуі жатып, біреуі түрегеліп отырған жұрт. Бәрі мейірімді, бәрі көңілді.



Аралдың көңілі өсіп келеді. Терезеден сыртқа көз тастады. Айнала дөңгеленіп артқа қарай зулап көшіп жатыр. Телеграф бағаналары бірінен соң бірі шошаң етіп шыға келіп, лезде жоқ болады. Үлкенді-кішілі бекеттер мен стансалар да артта қалып жатыр. «Жайық мұның бірін де көрген жоқ қой. Оқымасам, оқымайын, пойызға міндім, енді қаланы көремін».

Аралдың ойын ағасы бұзды.

- Қалай, Арал пойыз ұнай ма?

- Ұнайды.

- Несі ұнайды?

- Бәрі. Ауылдағы балалардың бірі де көрген жоқ мұны. Ал мен мініп келемін.

- Дұрыс-дұрыс. Олардың көбі қаланы да көрген жоқ. Сен қалалық боласың еңді.

Арал қалалық болады енді. Қандай қызық. Аралдың бойын қуаныш кернеп кетті. Қай-қайдағы әдемі ойлар оралады басына. Қала керемет болып елестейді. Қалада бұл көрмеген ғажаптардың бәрі бар сияқты.

Пойыз қалаға түңде келді. Ол қалаға жақындап, жұрт түсуге әзірлене бастағанда, Арал терезеге тағы үңілген. Самсаған қалың жарық көрінді. Қала оттары сансыз жұлдызша жымың-жымың етеді. Арал қанша асыққанымен, бүл күні қаланың жарқыраған жарығынан басқа еш нәрсе көре алмады. Бұлар мінген такси іші де жарық, көше де, оны бойлай салынған үлкенді-кішілі үйлердің терезелері де жарық. Айналаның бәрі жарық.

Қала халқы түңде де жатпай, көшеде қаптап жүреді екен. Оны Арал такси қаланың ортасындағы алаңның тұсынан өте бергенде байқады. Алаң үстіне айқыш-ұйқыш шамдар іліп қойыпты. Бәрі түрлі түсті жарық шашып, маңайды қуанышқа бөлеп тұр. «Қалада жарық өте көп екен. Соңдықтан қалалықтар түнді білмейді, ұйықтамай-ды екен. Балаларға айтып баратын қызықтың көкесі осы емес пе?!»



-60-

Аралдың бұл ойы да жаңсақ болып шықты. Мәселе осы такси үстінде-ақ анықталды.

- Аға, қаланың адамдары жатпайды-ау деймін?

- Неге?

- Көшенің бәрі жарық екен.

- Жарықтың көп екені рас Бірақ адам түнде ұйықтамай тұра ала ма?

- Ауылда жарық аз. Әйтпесе мен ұйықтамас едім.

- Ауылда жарық неге аз? Жеткілікті ғой. Қалада үй көп, әрі биік. Соның бәрі жарық шашады. Соңдықтан саған қаланың жарығы көп болып көрініп келе жатыр. Болмаса, ауылдың үйлері мен көшелерінде де дәл осындай электр жарығы көп емес пе.

Шындығында, ауылда да солай емес пе?! Арал өзінің ептеп артықтау кеткенін білді. Ағасы айтқандай, қаланың жап-жарық болып тұрғаны үйлердің көптігінен және биіктігінен екен.



* * *

Арал қала адамдарының бәрі зәулім биік үйде тұрады ғой деуші еді. Олай болмай шықты. Ағасы мен жеңгесі шағын екі бөлмелі кішкене үйде тұрады екен. Бел ағашы, шабақтары адырайып-адырайып көрініп тұр. Арал туғалы мұндай үйді көрген емес. Атасының үйі де, сиырлы ауылдағы өздерінің үйлері де шатырлы, төбелері жып-жылмағай тегіс. Ауылда кімнің үйі болмасын сондай. Ағасы мен жеңгесінің мынандай үйде тұрғаны Аралдың жанына қатты батты. Тіптен жаңағы биік үйлер де, самсаған мол жарық та түкке тұрғысыз болып қалды.

- Аға, қаланың үйлері ауылдыкінен жаман екен.

- Қой.


- Рас. Көрмейсіз бе, міне? — Арал сұқ қолымен төбені нҰсқады. - Ауылда мұндай үй бар ма?

- Жоқ.


- Онда неге қой дейсіз?

- Әй, Арал-ай, сен біржола қалалық болғанша шаршатып бітіресің бізді. Мұндай үйде қаланың негізгі халқы тұрмайды. Олар жаңағы жолдағыдай үйде тұрады. Бұл әншейін біз уақытша жалдап тұрған пәтер ғой. Оқуды бітіріп, қызметке тұрған соң, көрерсің әлі. Қатқан үйде тұратын боламыз.

-61-

- Не, қалада оқитын адамдарға үй бермей ме?



- Береді. Жатақхана береді. Отбасылылар өстіп жеке меншік пәтер жалдап тұрады.

Арал құдды үлкендерше қорытынды жасады:

- Онысы жаман екен. Бұдан да ауылдың өзі жақсы ғой. Қайта көшіңдер.

- Оқуды қайтеміз?

- Оқымай-ақ жұмыс істегеннің өзі жақсы емес пе?

- Оның дұрыс-ақ. Бірақ оқу да керек қой.

«Оқу да керек». Оқу! Аралдың жүрегі сыздап қоя берді. Бағана Жайық ауылда калып, өзі қалаға кетіп бара жатқанда Аралдың қуанышында шек болған жоқ. Жайық ауылда жүр. Ағасы мен жеңгесі де қалада оқып жүр. Арал ауылда босқа жүрген. Мұнда да сөйтпек пе? Жоқ. Ауылға кету керек. Сиырлы ауылға барып, әкесі мен шешесіне қолғабыс жасағаны дұрыс емес пе? Сиырлы ауылда Аралдың іші пыса қоймайды. Әр кез жұмыс табылады.

- Аға, мен ауылға қайтамын. Аралдың ағасы мен жеңгесі сасып қалды.

- Қайтамының не, келмей жатып?!

- Енді не істеймін? Босқа жүрмекпін бе? Ойнайтын бала да жоқ.

- Бала табылады. Үй иесінің сен қатарлы екі қызы бар. Солармен ойнайсың.
* * *

Ертеңіне Аралдың ағасы мен жеңгесі оқуға кетті. Олар Аралдың кішкентай інісін балалар бақшасына ала кетті. Арал үйде жалғыз қалды.

- Арал, біз түске таман келеміз. Сен алысқа ұзамай, осы үйдің қыздарымен ойнап жүр, — деді ағасы.

- Олармен ұрсысып қалма, — деді жеңгесі.

Арал үй иесінің қыздарымен оп-оңай танысты. Екеуі бір-бірінен айнымайтын кертпіш мұрын, томпақ бет, шаштары баланікіндей қысқа қиылған сүйкімді қыздар екен. Арал екеуінің даусын естіп, далаға шыққан. Олар мұны көрген бойда шүпірлеп бас салды. Алдымен үлкені тіл қатты:

- Кто ты такой?

Арал орысша білмейтін. Түсінбеді.

- Наверное, он не знает русского языка. Сен кімсің?

-62-

Мұны айтқан кішілеуі. Жақсы қыз екен! Арал қуана жауап қатты:

- Аралмын.

Екі қыз сықылықтап күлді.

- Ой, как интересно!

«Үлкені қазақша білмейді екен. Күлгені несі?»

- Атың кім?

«Кішісі қазақша біледі екен. Жаңа айттым ғой. Қайталап сұрағаны несі?»



-Арал.

- Арал деген теңіз ғой. Адамға да осыңдай ат қояды екен, ә?

- Қояды. Біздің ауылда Арал деген адам көп.

- Мейлі, кел, ойнайық. Менің атым — Жазира. Ал мынау — менің әпкем Нәзира.

Енді Арал күліп жіберді. Жазираның кіп-кішкентай болып алып «әпке» деп сызылып тұрғаны жараспайды екен. Соған күлді.

- Что он смеется? Дурак, что ли? Аралды орысша білмейді дегенімізбен, «дурактың» жынды екенін жақсы білетін. Нәзираның өзін «жыңды» деп тұрғанын түсіне қойды.

- Ой, шүлдірлеген пәле. Өзің дурак!

- Мынау тақылдап қалған пәле қайдан шыққан бала өзі?!

Аралдың төбесінен жай түскендей болды. Есіктерінің алдында кесек, еркек жүзді, толық әйел тұр. Арал қалшиып тұрып қалды. Жазира жауап берді.

- Бұл — Арал. Жақсылық ағаның інісі.

- Бәсе. Колхоздың баласы екені көрініп тұр.

- Мама, бұл — жақсы бала. Нәзираның өзі мұны «жынды» деді.

- Десін. Ойнамаңдар онымен. Ауылдың баласынан қайбір өнеге үйренемін дейсіңдер. Ал, сен бала, бар үйіңе.

Арал ыза болып кетті. Мұндай сұмдықты бірінші рет естуі еді. «Колхоздың баласы жаман» деген не пәле бұл? Арал намысты қолдан беретін бала емес.

- Бармаймын... Мен жаман емес, қызыңыз жаман.

Арал тағы бірдеңелер айтпақ болып еді, тынысы бітіп қалды. Беті қып-қызыл болып өртеніп барады. Үйіне қойды да кетті.

-63-


Арал мына екі қызбен қайтып ойнамасқа бекінді. Содан үйде біраз отырып көшеге шықты. Көшеде машиналар ерсілі-қарсылы ағылып өтіп жатыр. Зу-зу етіп бір толастар емес. «Қалада машина көп болады екен. Міне, бұл енді қаланың ауылдан артықшылығы!» Көшенің осы маңдағы жалғыз қабатты жыпырлаған үйлері біраз жер созылып барып, биік үйлерге жалғасады екен. Арал солай қарап сәл тұрды. «Нағыз қала сонда екен ғой» деп ойлады. Жаңағы ашуызасы тарқап, аңсары сол биік үйлерге ауа берді, тротуармен тартып отырды.

Үлкен үйлер, шынында, көрікті екен. Бәрінің асты — дүкен. Арал оның ешқайсысына кірмей, жай аралады да жүрді. Үлкен-үлкен әйнектің арғы жағында тамақтың алуан түрі тұр. Мұндай дүкендерден жұрт нан, сүт көтеріп шығып жатыр. «Е, бұл ауылдағы Нұршакүлдікі сияқты азық-түлік дүкені екен». Енді бір әйнектің тұсына келе бере, Арал тесілді де қалды. Әйнектің арғы жағында ұзын көйлек киіп, оң қолын көтерген бір әйел тұр. Жүзі сарғыш. Дәл Нұрлыбектің шешесі тәрізді. Ол кісі де осындай ұзын, сұсты. Арал әрі қарады, бері қарады. Әйел қозғалар емес, бір түрлі жансыз сияқты. Арал әйелдің көзіне тіктеп қарады. Әйел де кірпік қақпай Аралға тесіліп тұр екен. Арал шошып кетіп, кейін қарай зытып берді.

Ол келе ебін тауып, ешкімге көрінбей үйге кіріп алды да, күн ұаққа тысқа шықпады. Іші пысып, жыларман болды. Далаға қаншама аңсары ауғанымен, Нәзира мен Жазираның шешесіне көрінгісі келмеді. Оның Аралды «ауылдың баласы, колхоздың баласы» деп кемсіткені, қыздарына ара түсіп тап бергені шымбайына батқан.

«Қалаларың өздеріңе. Мен кетемін ауылға. Қызбен ойнамаймын мен әуелім, айта берсеңдер. Сендермен ойнайтын кіммін мен? Қыз емеспін, баламын — мен! Бала баламен ойнауы керек. Биыл оқуға алынбай қалғаныммен, ендігі жылы жасым жетпек түгілі, асып кетеді. Осыдан партаға бір отырайыншы, бітті. Қыздар түгілі, баламен де ойнауды қойып, кітаптан бас алмай оқи беремін, оқи беремін. Сөйтіп, алдымен әдемілеп тұрып мектепті бітіремін, ал қалаға содан соң келемін».


-64-

* * *


Ағасы келісімен:

- Ал, Арал, көрші қыздармен таныстың ба? — деді.

- Жоқ. Танысқым да келмейді. Ауылға кетемін.

- Неге?

- Мен кешке дейін тесіліп үйде отыратын қыз емеспін ғой. Менің ойнауым керек.

- Ойна көрші қыздармен.

- Ойнамаймын олармен. Олар мені кемсітті.

Арал болған жайды ызаға булығып, айтып берді. Ағасы мен жеңгесі Аралға болысудың орнына жатып күлді.

- Шынында, бекер әкеліппіз. Саған мұңда көңілсіз болады екен. Аддағы сенбіде апарып тастаймын ауылға, — деді ағасы.

Осы сәт Арал өрістен шұбап қайтқан қалың сиырды, күрең атымен тепеңдеп оның соңын айдап келе жатқан Тайжан жездесін көргендей болды. Сиырлар енді аздан соң ауыл алдындағы электр сауғыш орнатылған ойға жиналады. Содан соң, Тайжан Аралды күрең атқа мінгізеді. Арал өрістен тоймай қайтқандай болып жалмаңдап ауа жайылғысы келген сиырды қайырып тұрады. Бұдан қызық не бар?! Арал аулына қайтуға асықты. Ол оқуға ендігі жылы алынады. Ал қалаға кейін, ағасы құсап үлкен болғанда, институтқа түсуге келеді.

БАУЫРЖАН ДЕГЕН БАЛА БАР

Автордың аз ғана айтары

Бауыржан Смағұлов — Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің үшінші «в» сыныбының оқушысы. Оқу озаты, тәртібі үлгілі. Сынып оқушылары арасында беделді. Суреті Құрмет тақтасында ілулі тұр. Үшінші «в»-ның сынып жетекшісі Рахима Тұрсынбайқызы Бауыржанды осылай сипаттайды. Мұның аты — мінездеме. «Айналайын!» — деу керек мұндай балаға. Ал жазушы үшін бұл — аз. Жазушы — адамның барлық болмысын алға жайып салатын халық. Ол ресми

-65-

мінездеме бермейді, мінездің тікелей көрінісін, яғни одан туындайтын іс-әрекетті жазады. Енді әлгі адамның — мінез иесінің жақсы, яки жаман екенін оқушы өзі пайымдап жатады.



Бауыржан туралы Рахима апайдың айтқанының бәрі рас.

Бауыржан туралы менің жазғандарымның бәрі рас.

Адамда бір-ақ өмір болады. Оның сол бір-ақ өмірі қаламына іліккен екен, жазушы азапқа түсті дей бергін. Ол адам иесіз аралда жалғыз қалған Робинзон емес, өзін қоршаған ортада, үлкен-кішімен, жолдас-жораларымен бірге өмір сүреді. Еңдеше, жазушы басты геройын сол адамдармен қарым-қатынаста бейнелеуге мәжбүр. Бұл — еркінсуге жол жоқ, олай-бұлай тырп ете алмайсың деген сөз. Өтірікті жазып көр, еститініңді естисің. Ондай жазушының көсегесі көгеріп, көрпе-жастығы ұзармайды.

Менің Бауыржаным да бірқыдыру адамдардың ортасында жүрген бала. Бір нәрсені асырып, не жасырсам, Бауыржанға да, оның достарына да қиянат болар еді. Ең әдемісі — шыңдықты жазу. Жазушыны діттеген жеріне жеткізетін жалғыз ғана ғажайып күш - шыңдық.

Даңқты қолбасшы, аттас атасы Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған шығармалардың барлығы қандай шын болса, үшінші «в» сынып оқушысы Бауыржан Смағұлов туралы бір топ әңгімелерден өрілген бұл повесть те сондай, өмірдің өзі.

Мұның атын әке-шешесі Бауыржандай болсын деп Бауыржан қойған. Бұл Бауыржандай бола ма, жоқ па, оны келешек көрсетер. Әзірге Бауыржан — бала. Баланың алдына кім шығыпты? Бауыржан қандай бала? Оны енді өздерің жеке-жеке әңгімелерден тұратын мына повесті оқып барып көріңдер.


ҚОРҚАҚ КІМ?
Қыстың аяғын ала бере, Бауыржандар жаңа үйге қоныс аударған. Жаңаның аты жаңа, қайда қарама, үйдің іші-сырты да, есік-терезесі де жарқырап тұр. Бәрі көз тартады. Барлық жерден

көңілділік еседі. Үлкен де, кіші де қуанышты. Әсіресе, балалар жағының қуанышы ерекше.

-66-

Жаңа үйдің жаны толған қызық оларға. Өздері үлкендер құсап бірін-бірі көп тосырқап жатқан жоқ, демнің арасында танысып, бірігіп ойнап кетті.



Әдетте, жаңа үйдің кем-кетігі болмай тұрмайды. Айталық, пәтерге электр қуаты, газ бірден берілмейді. Үй айналасын ретке келтіріп, көріктендіретін біраз жұмыс болады. Бауыржандар кірген жаңа үйдің жағдайы да дәл осындай еді. Әне-міне дегенше бәрі де біртін-біртін ретке келе бастады. Алдымен барлық пәтерге өзді-өзі иесі көшіп кірді де, кешке қарай самсаған терезелерден жарық саулап, тәтті тамақтың иісі мұрын жарды. Бүл жаңа үйге электр қуаты да, газ да берілді деген сөз. Бітті, жаңа қоныс иелерінің көңілі жай тапты. Енді өмір сүруге болады.

Алайда жаңа үйдің ауласы құрылыс материалдарының қалдықтарынан тазартылмай, тротуар, кірме жол асфальтталынбай біраз жатты. Сөйтсе, оның жөні бар екен. Құрылысшылар көктем шығуын күтіп жүріпті. Қар кетіп, жер дегдісімен, жаңа үй маңын мотор үні басты. Құрылысшылар экскаватор, каток, автомобиль айдап келіп, жұмысқа жапатармағай кірісіп кеп кетті. Құрылыс қалдықтары экскаватормен сыпырылып, машинаға тиелініп әкетіліп жатты. Үй маңындағы тазартылып, тегістелген жерге көшеттер отырғызылып, жол атаулыға, алаңқайға асфальт төселе бастады.



Жаңа үй тұрғындарының балалар жағы жұмыс тез бітсе, ойнайтын жер кеңісе екен деп асыққан еді, оған болмады. Басқа жұмыс шапшаң бітіп-ақ еді, асфальт төсеу созылыңқырап кетті. Аптаның соңғы жұмыс күні аяқталған кезде ауланың сол жақ шетіндегі осы үйге келіп-кеткен машиналар тоқтауға арналған алаңқай жартылай асфальтталынып қалып қойды. Содан барып олар қалған жерді бітіріп тастамақ болып, сенбі күні де жұмысқа келген, бірақ асфальт жеткізетін машина бір-ақ рет қатынады да, түске жуық тарап кетті. Жартылай асфальтталынған алаңқайдың арғы шетінде моторлы каток қаңтарулы қалды.

Құрылысшылар кетісімен, бұл маң жаңа үйдің бір топ баласына еркін тиді. Алдымен олар әлі жөнді қата қоймаған асфальтқа келіп тиісті, өкшелерін қадап, іздерін түсіріп байқады. Аяқ киіміңді аямасаң болғаны, асфальт беті

-67-

әжептәуір айғыздалады екен. Балалар енді ал кеп тепкілесін. Демнің арасында асфальт бетін майда шұрқ-шұрқ тесік басып кетті. Балалар сонда да қояр емес, есіріп алған, шамалары келгенше жер, жер емес-ау, асфальт тепкілеп жатыр.



Мына тірлік Бауыржанға бір ыңғайсыз болып көрінді. Біреудің еңбегін еш ету ғой бұл!

- Балалар, қойыңдар! Мұнымыз ұят! Әсіресе құрылысшылардан ұят. Мынаны көргеңде олар не дейді? «Мына үйдің балалары тәртіпсіз екен» дейді. Тоқтатыңдар! Келіңдер, қайта мына ізді қайтадан тепкілеп көмейік.

- Мынау не деп тұр, ей? Ұятшылын қарай көріңдер мұның! Ұялса, өзі ұяла берсін. Ал біз асфальтқа өзді-өз атымызды жазып шығамыз, ел оқып жүреді.

Төртінші подъезде тұратын, Бауыржанмен бірге екінші сыныпта оқитын Талғат деген толық, бадырақ көз қара бала осылай деді де, асфалыты екілене тепкілей бастады. Балалар Талғаттың айтқанына еріп, Бауыржанды күлкіге айналдырды:

- Ұялатын бала — бала емес, ол — қыз. Бар, қуыршақ ойна. Бұл ұялшақ емес, қорқақ. Құрылысшылардан қорқып тұр. Бауыржанға еңді бұл ойынның қызығы азайды, шеттей берген. Балалар жемге жабылған балапандар құсап, жерден бас алар емес. Осы сәт бір нәрсе аяқ астынан құлақ тұндыра дар-р-р ете қалды. Қазір ғана батырсынып тұрған балалар тым-тырақайы шығып қашып бара жатты. Ал Бауыржан бір орнында состиып тұрып қалды. Тіптен мырс етіп күліп жіберді.

- Ой, қорқақтар!

Барлық бала бір-бірінен ұялып, көздерімен жер шұқып түр.

- Ой-ба-ай, өл-ді-ім!..

Енді бәрі дауыс шыққан жаққа жалт-жалт қараған. Міне, қызық! Каток от алып кетіпті, бері жылжып келеді. Үстінде еңіреп жылап Талғат отыр. Басқаның бәрі ұмыт болды, балалардың бәрі катокқа қарай лап қойды. Каток бір қалыпты дүрілдеген күйі ақырын жылжып келіп, асфальтқа жаңа ғана бәрі жабыла түсірген ізді тап-

-68-


тап өте шықты. Енді тіке үйге қарап тартты. Жолда жаңадан отырғызылған гүл, ағаш көшеттері сап түзеп тұр. Бұл бетімен жылжи берсе, мына каток алдымен соларды жаншып өтеді, сонан соң барып үйді құлатады!

Талғаттың есі шығып кеткен, екі көзі жасқа толып отыр, еш әрекетсіз. Бауыржан жүгіріп келіп, катоктың артына жармасты да, үстіне қарғып шықты. Талғатты баса-көктеп барып жанына отыра кетіп, рульге жармасты. Талай шыр айналдырған ойыншық машинанікіндей емес, катоктың рулі ауыр екен. Сонда да тас болып қатып, оңға қарай бұра берді. Сөйтсе, каток қалай шабан жүрсе, солай қиын бұрылады екен. Әне-міне дегенше, каток көшеттерді жанап өтіп, қайтадан алаңқайға бет түзеді.

Балалар қапталдап секіріп, шулап жүр.

- Бауыржан, пәле екенсің ғой!

- Нағыз механизатор де!

- Бұл экскаватор айдауды да білер, тегі!

- Талғат қорқақтың өзі екен!

Бауыржан бұл сөздерді елең қылған жоқ, катокты тоқтатпақ болып, әр рычагты бір тартып барады. Талғат жылдамдығын тоқтатқан.



ҚУАНЫШ, ӘКЕЛ БЕТТІ!

Бәрі ойыннан басталды.

Үлкен үзіліс бітіп, балалар орындарына отырып жатқан. Сыныпқа екі өкпесін қолына алып ентігіп Қуаныш, оны өкшелей қуып Шоқан кіріп келді. Шоқан баспалдақтан жүгіріп көтеріліп барады екен. Қуаныш басып озған. Шоқан бар болғаны соған-ақ шырт ете қалған: Әй, неге озасың, тоқта! — деген. Қуаныш елемеген, тоқтамаған.

- Көрсетейін мен саған озғанды!

Шоқанның сыры белгілі. Қуанышты қуып кеп берген. Қуаныш сыныпқа кірген соң, қояр деп екпінін басқан. Жоқ, Шоқан өйтпеді. Қуаныштың көк желкесі зірк ете қалды. Басқа бала ұрса бір сәрі, Шоқанға амал жоқ. Онымен байланысып, абырой таппайсың. Оның сыныптағы балалардың бәріне әлі жетеді. Кімде-кім оған қарап бас

-69-


көтеріп көрсін, дереу адыраңдап шыға келеді. Балалар оның мұнысына түгел көнген.

Міне, енді Қуаныш та ауырсынғанын білдірмей, кәдімгі бір өзі кінәлі адамдай-ақ үн жоқ, басын төмен салған беті орнына барып отыра кетті. Екі көзінен екі моншақ үзіліп түсіп, партаға тырс-тырс тамды.

Басқаны білмейді, Қуаныштың көз жасын Бауыржан көріп қалды. Жүрегі дір ете түсті. Бүкіл сыныптың көзінше жолдасына қол жұмсады деген не сұмдық?! Мұны не деп болады?

Шоқан түк білмегендей-ақ тымпиып партасына қарай кетіп барады.

- Шоқан, тоқта! Шоқан қалт тұра қалды. Өмірі бұл сыныптан мұндай өктем дауыс естіп көрмеген. Қаны басына шауып, екі беті ду етіп, қып-қызыл болып кетті. Дауыс шыққан жаққа қарамай жүре берді. Жүре бермей не болыпты? Дауыс иесін бірден білді — Бауыржан. Бұларға осы биыл, жуырда ғана қосылған бала. Қарай гөр, ей! Ештеңе етпейді. Шоқан-ның кім екенін білмей жүр екенсің сен әлі! Білесің, білдірем! Сонда тұмсығыңды тықпайтын боласың әлің келмейтін жерге.

Шоқан партасының жанынан өте бере, Бауыржанға ала көзімен ата қарады.

- Тоқта деймін мен саған, тоқта! Кешірім сұра Қуаныштан. — Шоқан кілт тоқтады. Қарсы алдында қасқайып Бауыржан тұр. Шоқанның шегір көзі шот қабағын жарып шығып барады, ызаға булығып, өңі түтігіп кеткен. Бауыржанның қап-қара мөлдір көзі жайнап, ширығып алған. Бір қарағанда тіпті үнсіз күліп тұрған сияқты.

- Сен кім едің сонша, Қуанышқа ара түсетін?

- Мен — Бауыржанмын.

- Қай Бауыржан? Бау-ыр-р-жан. Сендей батыр Бауыржанды білмеймін мен. Батыр Бауыржан өліп қалған.

- Жоқ, Бауыржан тірі! Ол — батыр. Ол — мына мен!

- Балалар, мына жаманды қараңдар, өзін батыр Бауыржанмын деп тұр. Мә, саған Бауыржан!

Шоқан Бауыржанды құлаштап, құлақ шекеден көздеп тұрып-ақ ұрып еді, қолы ауаны осып, екпінімен өзі ұшып түсті. Бауыржан бұғып қалған. Бойын қайта тіктеп, жымиып қарап тұр. Бүкіл сынып қыран күлкіге батты.

-70-


Бұл — Шоқан Шоқан болғалы көрмеген қорлық! Не істеп, не қоярын білмей, орнынан самарқау тұрып жатты. Жұдырығы дарымады, енді екі аяғын іске қосады, дәл тізеден тебеді. Маған десе, ұршығы шықсын, жіліншігі шорт сынсын, бәрібір.

Шоқан тағы тап берген.

- Шоқан, тоқтат!

Рахима апай! Шоқан кілт тоқтады. Сыныпқа апай кіріп келеді екен. Енді бітті. Бауыржанның тізесінің ұршығы шықпайды, жіліншігі сынбайды. Көресіні бұл көреді. Шоқан еңіреп жылап берді.

- Шоқан, не болды саған?

Апайға Шоқан емес, бүкіл сынып жауап берді:

- Апай, Шоқанның өзі.

- Шоқан Қуанышты ұрды.

- Бауыржан ара түсті.

- Бауыржанды ұрмақ болып еді, қолы тимей, өзі мұрттай ұшты.

- Дұрыс екен. Онда несіне жылайсың?

- Ол мені ренжітті.

Апайдың түсі бір суып, бір жылыды.

- Жөн-ақ. Байқаймын, сен шатаққа жақынсың, тегі. Немене, сен ұрғанда Қуаныш ыза болмай ма, ренжімей ме?



- Онда төбелессін. Өшін алсын. Әлі келмей ме, үндемесін.

- Шоқан, сен өйтіп қатыгез болма. Біреуге жұдырығын ала жүгіру — барып тұрған жат қылық. Біз сені өйтіп еркіңе жібере алмаймыз. Солай ма, балалар?

Сынып шу ете қалды.

- Солай, апай!

- Шоқан — төбелескіш. Балалардың бәрін ұрады.

- Қыздарға да тыныштық бермейді.

Апай қолын көтерді, сынып тына қалды.

- Бәрі түсінікті болды. Балалар, өздерің айтындаршы, соңда не істеуіміз керек? Қандай жаза лайық бұл Шоқанға?

- Бәріміз жабылып ұрайық!

- Сыныптан қуайық!

- Ешкім мұнымен сөйлеспесін, ойнамасын!

- Директорға айтыңыз, апай.

- Әке-шешесін шақыртыңыз.

- Қазір бұрышқа тұрғызып қойыңыз.

-71-

Балалар өстіп жаза түрін тізбектеп айтып жатыр. Шоқан өзін аяйтын бір адамды көрмеді. Төмен қараған куйі тұнжырап тұр. Соңғы сөз - апайдікі.



- Шоқан, көрдің ғой, саған осы жазаның бәрі лайық.

- Апай, Шоқан өз қатесін мойындап, Қуаныштан кешірім сұраса, осымен қояйық.

Міне, қызық! Бүкіл сынып та, Шоқан да аң-таң. Өзіне жауығып тұрған адамға ара түскеңді кім көрген?!

Рахима апай бар денесімен Бауыржанға қарай ұмсынып:

- Бауыржан, айтшы сенің мұнынды қалай түсінеміз? —деді.

- Апай, біз — көппіз. Шоқан — жалғыз. Бауыржан әрі қарай не дерін білмей тұрып қалды. Еңдігі сөзді апай іліп әкетті:

- Бауыржан, сен өте дұрыс айтып тұрсың. Біз — көппіз, Шоқан — жалғыз. Жолдастарына жайсыз адам өстеді, жалғыз қалады. Ол осыны түсінсін. Қуаныштан кешірім сұрасын.

Шоқан басын көтерді. Барлық сынып күлімсіреп тұр екен. Шоқанның да жүзі жылып сала берді.

- Апай, кешіріңіз!

- Шоқан, сен кешірімді менен емес, жолдастарыңнан сұра.

- Сонда кімнен, Қуаныштан ба?

- Қуаныштан да, бәрінен де сұра.

- Қайтіп сұраймын, Қуаныштың қолын алайын ба, аяғына жығылайын ба, жоқ, бетінен сүйейін бе? Не істейін, айтыңызшы?!

- Бетінен сүй!

- Мақұл. Сүйем. Қуаныш, әкел бетті!

Балалар қыран күлкіге батты. Шоқан Куаныштың бетінен сүйгелі ентелеп бара жатты.



СЫНЫПТЫҢ ТОҚТАМЫ

Көктемгі каникулға шығуға енді екі күн қалған. Балалар кәдімгідей желігіп, ойлары мектепте емес, ойында еді. Соңғы сабақ біте бере Рахима апай:

- Балалар, бүкіл мектеп оқушылары металл сынығын жинауға кірісетін болды. Бұл игі іске біз де өз үлесімізді
-72-

қосуымыз керек. Сірә, бұл жұмысқа бүгіннен бастап кіріскен жөн болар. Неғұрлым тездетіп қолға алсақ, солғұрлым ерте бітіреміз, — деді.

Үшінші сыныптықтар ду ете түсті.

- Металды қайдан аламыз?

- Ал, керек болса, каникул!

- Оны каникулдан кейін жинайық та?

- Балалар, тынышталыңдар! Ұйғарым сол — жинау керек. Барлық мектеп іске кіріседі, біз де сөйтеміз.

Сынып ойланып қалды.

- Металл сынықтары табылады, апай. Көп-көп табылады.

Балалар түгел Бауыржанға қарады: қуанғаны да, таңданғаны да бар. Айтпаса да түсінікті. Бауыржан енді қай жерді көздеп отырғанын айтуы керек.

- Технологиялық институттың арғы жағыңдағы қосалқы бөлшектер зауытының орнында темір-терсек толып жатыр. Мен оны көптен бері бір керек болар деп байқап жүргем.

Бауыржанның сөзін балалар іліп әкетті:

- Рас, апай, онда металл сынықтары өте көп.

- Мен де көргем, үйіліп жатыр.

Талғат іштей таңданып отыр: «Мына Бауыржан пәле екен, ей!» Шынында, пәле болмаса, өсте ме? Әйтпесе қосалқы бөлшектер зауытының орталықтағы цехын қаланың шетінен салынған жаңа зауытқа көшіріп әкетіп, оның орнын тегістеп тастағанын осы балалардың бәрі біледі. Қанша тазаладым дегенмен, ол жерде металл сынықтарының әлі де аз емес екені рас. Соны көздеп жүріпті ғой бұл Бауыржан.

Түстен кейін үшінші сынып оқушылары қосалқы бөлшектер зауытының, дәлірек айтқанда, оның көшіріп әкеткен цехының орнына келді. Аумағы әжептәуір жерді алып, бір қарағанда жып-жылмағай болып жатқан жерді көрген балалар:

- Кәне, темір-терсек?

- Жұмысшылар біз жинайды деп темір тастап ақымақ па екен? — десіп қырсық-қыңыр сөздер айта бастады.

- Темір-терсекті Бауыржаннан сұраңдар. Мен кеттім. Шоқан да менімен кетеді, — деп Талғат Шоқанға бұрыла берген.
-73-

- Менен сұрап не керек? Жөндеп қараңдар, табасыңдар. Кімде-кімге бұл жұмыс ұнамайды екен, барсын, — деп Бауыржан еңкейіп, шеті көрініп жатқан білектей темірді жерден суырып алды.

- Әй, рас екен.

- Жабылдық, ендеше.

Балалар улап-шулап темір-терсек жинауға кірісіп кеп кетті. Талғат пен Шоқан біраз состиып-состиып тұрды да, ақырын жылыстап кете барды. Бауыржан бастаған балалар металл сынықтарын көп қылып жинап өткізді.

Ертеңіне Рахима апай балаларға қатты риза болды:

- Естідім, металл сынықтарын көп өткізіпсіндер. Жарайсыңдар бәрің де, - деді.

- Апай, арамызда жалқаулар да бар, - деді Бауыржан.

- Ия, олар кім?

- Талғат пен Шоқан.

- Қашан көрсең екеуі өстіп бөлектеніп жүреді, бізге қосылмайды. Кеше де сөйтті, бізді тастап кетіп қалды. Бізге де бұлардың қажеті жоқ. Барсын, басқа сыныпқа ауыстырыңыз.

Рахима апай балалардың сөзін үн-түнсіз тыңдап тұр. Талғат пен Шоқанда үн жоқ. Балалардың даусы жарқын-жарқын шығады.

Талғат та, Шоқан да Бауыржанға қарады, бірдеңе айт дегендері. Бауыржан не десін, екеуінен көңілі қатты қалған екен, беттер емес.

Рахима апай да не айтарын білмей дал болды.

- Апай, шынында, бізді үшінші «б» сыныбына ауыстырыңызшы, — деді Шоқан.

- Сөйтіңіздер, апай, — деді Талғат.

- Бұлар ешқайда да бармайды. Не деп барады? Соңда бұл екеуіне бүкіл сыныптың әлі жетпегені ме?Жоқ, жетеді. Жөнге саламыз, — деді Бауыржан.

Рахима апай мұғалім ғой, өзін ұстауы керек, әйтпесе бас салып Бауыржанның бетінен сүйіп-сүйіп алар еді. Балалар, Бауыржан дұрыс айтады. Сендер өз достарыңды өздерің тәрбиелеулерің керек. Жаман оқығанды жақсының қатарына, тәртіпсіз болғанды үлгілі етуге бастау мұғалімінің ғана емес, бәріңнің де мүдделі істерің болуы керек. Солай ма, балалар, — деді Рахима апай.

- Солай, апай!

-74-
- Солай!

Рахима апайдың құлағына баска сөз шалынған жоқ. Сыныптың да тоқтамы — осы да.

НЕ ІСТЕСЕ БОЛАР
Қағаз қалдықтарын жинауға үшінші сынып оқушыларының көзқарасы әр түрлі. Біреулер бар:

- Бұл жаман қағаз неге керек? — деп мұрын көтереді.

Енді біреулер:

- Қайтеміз, жинау керек екен, жинаймыз да, — деп бас салбыратады.

Бауыржан үшін бұл — бір қуанышты оқиға. «Қағаз қалдықтарын жинау керек» деген хабар естілісімен, екі білегін сыбанып шыға келеді.

Міне, бұл жолы да осылай болды. Бауыржан балаларды жинап:

- Ал балалар, бізге қағаз қалдықтарын жинауға комаңда берілді. Тездетіп іске кірісейік, — деді.

- Ура! Қағаз қалдықтарын жинаймыз.

- Несі бар, жоспарды орындаймыз. Бәріміз жабылып жинаймыз, қатырамыз.

Бірақ бес саусақ бірдей емес.

- Жабылсандар, жабылындар. Біздің үйде ескі газет-журнал толып жатыр. Мен өзім соны әкелемін, — деп қиқайды Талғат.

- Біздің үйде де жетеді! — деп қостай кетті оны Шоқан.

Бауыржанға бұл сөздер мүлде ұнаған жоқ. Әркім өзді-өз үйінен газет-журнал көтеріп әкелетін болса, оның несі қызық?

- Жоқ, бұл болмайды. Бәріміз бірігіп шығамыз, үй-үйді аралап, кеңселерге кіріп жинаймыз.

- Сол да сөз екен! Сен біздің әрқайсымыздың қанша килограмнан қағаз өткізетінімізді айт, біз Шоқан екеуіміз сонша әкеліп береміз.

- Иө, сөйтеміз.

- Не, сонда сендер бөлектенбексіңдер ме?

- Неге? Өз үлесімізді қоссақ, жетпей ме?

- Артығымен қосамыз. Жетеді.

-75-

- Жетпейді. Біліп қойыңдар, сендер әкелген қағаздарыңды бізбен бірге өткізбейсіңдер.

- Мейлі. Өзіміз-ақ өткіземіз.

Талғат пен Шоқан өстіп, балалардан бөлініп қалды.

Бауыржан бастаған балалар мектептің жанындағы Жамбыл құрылыс тресіне келді де, ұзыннан-ұзақ дәліздің екі қапталыңдағы қаптап тұрған есіктерді шетінен ашып, қағаз сұрай бастады. Бұлар қай есікті ашпасын, отырғандар қуана қарсы алады:

- О, о, балалар келіп қалды. Қағаз қалдығы ма? Бар, бар.

- Келіңдер, келіңдер, балалар. Білеміз, сендер жылда осындай кезде қағаз қалдығын жинайсыңдар. Дайындап қойғанбыз, — десіп, буда-буда қағаз ұсынды.

Үлкеңдер де, балалар да көңілді. Кәдімгі бір мереке сияқты. Балалардың әкелген ыдыстары, қойны-қонышы қағазға толды да кетті. Соның бәрін тасып әкеліп, таразыға салғанда, жоспар анағұрлым артығымен орындалған болып шықты.

Қағаз қалдықтарын қабылдап тұрған оныншы сынып оқушысы Айгүл Берікбаева бұлардың өткізген қағазын дәптерге тіркеді де:

- Жарайсындар, балалар! Сендер бірінші болып өткізіп біттіңдер. Бұларыңды енді қабырға газетіне жазамыз, — деді. Балалар қол шапалақтап жіберді. Осы сәт қолдарында бір-бір себет газет-журнал Талғат пен Шоқан келе қалды.

- Мына балалар да сендердің сыныптарыңда ма еді? — деді Айгүл.

- Иә, біздің сыныпта оқиды.

- Оңда әкеліңдер қағаздарыңды, таразыға қойыңдар.

- Бізге олардың қағазының қажеті жоқ, қоспаймыз. Өздері өткізе берсін.

- Неге?

- Олар бізбен бірікпей қойған. Қағазды өз үйлерінен барып әкелді.

- Сендер қосқызбасаңдар, бұлардың қағазын мен де қабылдамаймын. Мұны қай сынып өткізді деп жазбақпын?

- Апыр-ау, бұларға керегі не, қағаз қалдықтары емес пе еді? Не деп тұр ездері?

Бауыржан бастаған балалар мәз-мейрам болып сыныпқа беттеп бара жатыр.

- Енді қайттік? — деді Талғат.

-76-

- Білмеймін. Құрысын, бұдан былай не көрсек те, сыныппен бірге көрейікші, — деді Шоқан.



- Шынында, мұнымыз ұят болды.

- Ұятың не, масқара!

- Мына қағазды кайттік, ал?

- Қайдам?

Талғат пен Шоқан не істерін білмей дал болып тұр. Не істесе болар?

МҰНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНЕМІЗ?

Мектептің бірінші қабатына бар ғой, осы терезені бекер орнатады. Тегі бір сықиып қалған біреу болмаса, бала біткеннің бәрі — терезенің жауы. Балалар, әрине, терезеге әдейілеп тиіспейді, абайламай сындырып алады. Футбол теп, волейбол ат, доп терезеге қарай ұшады, қолыңа тас немесе жентектеп қар ал, сілтегенің терезенің көзін табады. Бітті, әрі қарай сені бір машақат күтіп тұрады.

Бауыржан мен Талғат та осындай бір шатаққа аяқ астынан ұрынды. Анықтап айтсақ, Бауыржан тепкен доп Талғаттың қолынан сырғып шығып барып, мектеп терезесінің бір көзін қиратты да кетті.

Кінәлі кім? Бір-біріне үрейлене, әрі жазғыра қараған екеуінің жүзінде де осы сұрақ тұрды. «Кінәлі -мен» деп мойындар кейіп екеуінде де болмады. Қайта Талғат:

- Терезеге қарай неге сонша қатты тептің? — деп шап ете қалды.

- Қолың қайда? Ұстасаң етті.

- Менің қолымды қайтесің, өзіңнің аяғыңа ие бол. Терезені қираттың, жауап бер.

- Ал сен ше?

- Мен бе, мен... Сен сындырдың дедім бе, сен..

Талғат сөзін аяқтамай теріс айналып, жүгіре жөнелді. Бауыржан аң-таң тұрып қалды. Сабақтан соң Рахима апайға айтуға бекіңді. Рахима апай қатар отырған екі шәкіртінің бір нәрсеге келіспей қалғанын бірден аңғарған. Сыныптағы отыз баланың әрқайсысының мінез-құлқы өзіне әбден мәлім. Бауыржан мен Талғат бір-бірімен тату еді, не болған? Сұраса ма екен, сұрамаса ма екен? Сабақ соңында көрер.

-77-

Сабақ бітуге жақындағанда әңгіме адалдық жөніне ойысты.



- Апай, адал адам қандай болады? - деді Қаламқас.

- Иә, бәсе, өздерің айтыңдаршы, балалар, адал адам қаңдай болады? - деді апай.

- Балалар шулап қоя берді.

- Адал адам ақылды болады.

- Адал адам ешкімді алдамайды.

- Адал адам — жақсы адам.

- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Осы айтқандарыңды кішкене бір қорытындылап, ой түйейік.

Осы сәт Талғат орнынан атып тұрды. Үстіңгі ерні дүрдиіп, көзі жасаурап кеткен.

- Апай, біз, жоқ мен жаңа үзілісте бірінші қабаттағы терезенің бір көзін сындырып алдым. Енді қайтем?

- Міне, бұл — адалдық. Бірдеңені бүлдірген екенсің, қателігіңді мойыңда, түзе. Адал адам сөйтеді, шындықпен, мейлі ол ащы болсын, бетпе-бет келуден қашпайды. Талғат, сен де сөйтіп отырсың. Адал адам... Енді Бауыржан орнынан атып тұрды.

- Апай, Талғат — адал емес, өтірікші. Барлық сынып Бауыржанға қарап қалған. Талғат бұға түсті.

- Бауыржан, не дедің? Қайталап айтшы.

Талғат - өтірікші. Терезені біз екеуіміз сындырдық. Бұл жаңа қашып кетіп еді, енді келіп адал бола қалыпты.

- Солай ма? Рас па, Талғат? Талғат үн қата алмады.

- Ой, бұл болмаған екен! Қателігіңді мойындағаның жақсы, бірақ шындықты жасырмай дер кезінде айту бәрінен де артық. Қап, әттеген-ай! Мұны қалай түсінеміз?

Талғат жерге кірермен болды. Бауыржан бір қалыптан айныған жоқ, жүзі жарқын.




КӨРШІЛІК ПАРЫЗ

Бауыржан мен Қаламқас ортадағы қатардағы алдыңғы партада отырады. Күңде-күнде бір партада қатар отырған соң, бірен-саран майда-шүйде көз аларту болып тұрады, әрине. Бірақ онда тұрған не бар, ештеңе жоқ. Кішігірім

-78-

кірбіңді елей берсе, жүйкесі жұқарып, тозып кетер адам. Екеуі, негізінде, тату көрші.

Бауыржан — құлағы түрік, шапшаң бала. Рас, кішкене мазасыздау болып кететіні бар. Қаламқас — жер қозғалса қозғалмайтын, мінезі ауыр қыз. Рас, шектен шығып бара жатса, Бауыржанға басу айтатыны бар. Әсіресе, кеше қатты қырына алды. Алғашқы сабақ үстінде-ақ:

- Бауыржан, тыныш отыр! — деп әңменінен қадала кеткені. Бауыржан ыза болып, кәдімгідей бұртиып қалды. Өкпелейін десе, Қаламқастікі дұрыс. Тым алақтап-жұлақтап кеткен Бауыржан сабасына түсті.

Көріп отыр екен, Рахима апай:

- Бұларың дұрыс. Екеуің бір партада отырсыңдар. Біріңнің кемшілігіңді бірің өстіп түзетіп жүргендерің жөн. Көршілік парыз — қиын, — деген. Сол сол-ақ екен, Қаламқас Бауыржанға шұқшиды дейсің бір.

Үзіліс кезінде Бауыржан алыс-жұлыс ойынның ортасында болуды ұнатады. Ойынға бір кіріскен соң, белгілі ғой, шамадан асып кеткеніңді білмей қаласың. Бауыржан да елден ерек емес, қайта ойынға жан-тәнімен кірісетіннің нағыз өзі.

Міне, енді алғашқы үзілісте ойын жаңа қызған. Бауыржан тізгінді ағытқан, Қаламқас сап ете түскені.

- Бауыржан, жетеді! Доғар енді ойынды, — деп қасқая қарап тұр.

Ал керек болса, бұдан кейін ойнап көр. Адамның беті бір қайтып қалған соң бола ма, Бауыржан топ ішінен сытылып шыға берді. Ренжиін десе, Қаламқастікі дұрыс. Ерен есіріп кеткен Бауыржан амалсыз басылды.

Бауыржан күндегі әдетімен сабақ бітісімен, сыныптас достарымен бірге мектептің дәл алдындағы аялдамаға тартты. Ал, шындығына келсек, Бауыржанға аялдаманың түкке қажеті жоқ, үйі мектептің дәл іргесінде. Бірақ Бауыржан дүрмекпен аялдамаға келгенді, жолдастарын шығарып салғанды жақсы көреді. Автобус бірінен соң бірі ағылып келіп, кілт тоқтай қалады. Жұрттың лықсып шығып, лап қойып мініп жатқаны. Бауыржанның достары автобусқа мінуге асықпайды, бұлар елдің

-79-


мінген-түскенін қызықтайды, аялдамада асыр салып ойнайды.

Дәл солай мәжірежай болып жүрген, қайдан шыққанын, Қаламқас пайда бола қалғаны.

- Бауыржан, қой, жетеді ойнағаның, үйіңе қайт, — деп қадалды. Бауыржан достарынан шеттеп қала берді. Үндей алмады. Бірдеңе дейін десе, Қаламқастікі дұрыс.

Автобус аялдамаға ағылып келіп, тоқтап жатты. Бірақ оның еңді еш қызығы қалмаған еді. Бауыржан үйіне тартты.

Келе жатып ойға батты: бұл Қаламқас қамқор болғансып өсте бермек пе? «Аулақ жүр» деп қағып тастау керек шығар. Онда Рахима апай оны неге мақұлдайды? Қаламқастікінің бәрі дұрыс. Қаламқас та өзі сияқты оқушы. Оның да кемшілігі бар. Ендеше, Қаламқас құсап бұл неге көршілік парызын өтеп, оған қамқорлық көрсетпейді? Е-е, жарайды, ертең болсын. Ертең алғашқы сабақ — диктант. Қаламқас диктантты жай жазады. Апайдың айтқанын бірде үлгеріп, бірде үлгере алмайды. Міне, осы ғой Қаламқастың бір осал жері. Жарайды.

Балалар диктант жазуға сақадай-сай болып, апайларын күтіп отыр. Бауыржан да, Қаламқас та дайын.

Бауыржан кеше бекінген ойын айтты:

- Қаламқас, сен диктантты менен көшір. Қаламқас шоршып түсті:



- Неге?

- Сен жай жазасың. Үлгере алмай қаласың. Менен көшірсең, екеуіміз де жақсы баға аламыз.

- Сенен көшіріп, жақсы баға алғанша, өзім жазып екі алғаным артық.

- Солай ма? Онда мен де сенің тіліңді алмаймын.

- Аласың.

- Не, сен жаман баға алмақсың ба сонда?

- Жоқ, жақсы баға алам.

- Ендеше, көшір.

- Біреуден көшіру — жаман әдет. Өзім жазам.

- Әдет. Ол неге керек? Жақсы баға алса, бопты да.

- Жоқ, олай емес.

- Жоқ, солай.

Осы сәт есіктен апай кіріп келе жатты. Бәрі орындарынан тұрды. Енді бұдан әрі сөйлеу қайда. Диктант жазу

-80-


басталды. Бауыржан оқтын-оқтын Қаламқастың дәптеріне үңіліп қарап қояды. Қаламқас бәрін үлгеріп жазып отыр. Байқап қалыпты, Рахима апай:

- Бауыржан, не, сен үлгере алмай отырсың ба? Мен жылдам айтып жатырмын ба? — деді.

- Жоқ, апай, үлгеріп отырмын.

- Онда Қаламқастың дәптеріне қарай берме. Біреуден көшіру - жаман әдет. Өзің жаз. Қаламқастың жаңағы сөзі ғой мынау, ойбай-ау! Мына Қаламқас пәле екен-ей! Бауыржан Қаламқастың дәптеріне енді қайтып қараған жоқ. Қайта диктантты өте жақсы жазуға тырысып бақты.



ӘНШІ
Бауыржап әнге бейім екенін күтпеген жерден байқатты. Алдыңғы күні Бауыржан, Раушан, Ләйлә үшеуі ерекше ұзақ ойнады. Сабақ жайына қалған.

- Бауыржан, ойынды қой, сабағынды оқы, — деді апасы оған.

- І-і, — деді Бауыржан жақтырмай.

Апасы ұрыспақ болған.

Бауыржан өз қатесін түсіне қойды. Дереу «і-і»-сін созып, «Анаға сәлем» әніне айналдырып жіберіп, ыңылдап барып, жазу үстеліне отырды.

Апасы не десін енді, қайта Бауыржанның мына тапқырлығына жымиып қойды. Кеше кешкілік Бауыржан кітап оқып отырған.

- Бауыржан, теледидарды қоса салшы, — деді әкесі.

- І-і, — деді Бауыржан кітаптан бас алғысы келмей.

Әкесі Бауыржанға ала көзімен ата қараған.

Бауыржан кешегіден тәжірибе алып қалған «і-і»-сін созып кеп жіберіп еді, «Әкеме» әні болып шыға келді. Бауыржан енді жалма-жан «Әкемені» ыңылдап барып, теледидарды токқа жалғады. Әкесі енді болмаса ашу шақырып келе жатыр еді, шарасыз болып қалды. Бауыржанның аяқ астынан таба қойған мына амалына разы болып, теледидарға ден қойды.

Бағана Бауыржан мектептен келген беті есіктен ішке енді ене берген.

-81-
- Бауыржан, жүгір, дүкен жабылып қалар, нан әкеле ғой, — дегені әжесі оған.

- І-і, - деді Бауыржан ат-тонын ала қашып.

Әжесі реніш білдірмек болып, оқтала берген Бауыржан машықтанып алған «і-і»-сін созып ыңылдап, «Әже туралы әнге» басты. Әжесінің жүзіне мейірім үйірілді. Немересінің өзіне ән арнағанына ағынан жарыла қуанып, Бауыржанға себет, тиын ұстата берді.

Міне, өстіп, Бауыржан бас-аяғы екі-үш күн ішіңде небір қиын әңді білетінін байқатып отыр. Бауыржанды осылай жұмсай берсе, ол әншілігін дамыта түсетін түрі бар. Сөйтіп жүріп, үлкен әнші болып кетпесе не қылсын?

Несі бар, әңдеткен жақсы. Шын пейілімен айтса екен, әйтеуір.



БІР ШӘУГІМ ШАЙ
Демалыстың аты — демалыс. Демалыс күні елдің бәрі тәрізді Бауыржанның әжесі де орнынан кешеуілдеп тұрады. Бұл күні ешкім еш жаққа асықпайды, әкесі мен шешесі жұмысқа, өзі оқуға, қарындастары балалар бақшасына бармайды. Шай жай ішіледі. Апта бойы ертелі-кеш қазан-ошақтың басынан бір шықпай, тыным көрмейтін әжесінің қолы ұзарып, арқа-басы кеңиді. Ас үйге аяғын басып кірмейтін кезі де болады. Ас үйдің бар тірлігін апасы атқарады. Ал анау-мынау майда-шүйде шаруаға әжесі Бауыржанды жұмсайды да, өзі көбіне-көп теледидар тамашалайды.

Бауыржан ұйқысынан енді оянып келіп залға кіре берген, әжесі бір қолында лупа, бір қолында бағдарлама, диванда отыр екен, мұны көре салды да:

- Бауыржан, жұрт тұратын уақыт болды, шай қоя салшы, - деді.

Бауыржан ерінді. Бірақ оны қалай айтсын, жалтарды.

- Қайтіп қоям? Қалай қоюды білмеймін.

- Сол да сөз болып па? Қоясың. Қойып көр.

- Қалай?

- Былай. Алдымен шайнекке су толтыр, сөйтіп, сіріңке шағып, газды ашып кеп жібер. От лап ете қалады. Бітті, шайнекті оттың үстіне қоя сал. Түсіндің бе?


-82-


- Ой, әже, қиын екен, түсінгем жоқ.

- Жүр онда, өзім қойып көрсетейін.

Әжесі мен Бауыржан ас үйге келіп кірді.

Әжесі жаңағы айтқанын қайта айта жүріп, бәрін өзі істеп шықты: шайнекке су толтырып, плитаға қойды. Газды жақты. Шай қойылды.

- Қалай, түсіндің бе, балам?

- Түсіндім.

- Онда дұрыс.

Бауыржанның әжесі осы — сенгіш адам. Түс әлетінде әжесі Бауыржанды шай қоюға екінші рет жұмсады.

Бауыржан, шай қойшы, қарағым.

- Қайтіп қоям? Қоя алмаймын.

- Неге? Бағана түсіндім дегенің қайда?

- Түсінгем. Кранды ашам. Мен ашсам, ол жабылмай қойса, қайтем?

- Бәсе деймін-ау. Кран жабылмаса, үйді су алып кетеді. Нағыз пәле — сол. Жүр, көрсетейін, ол кран құрғырды қалай жабатынын.

Әжесі дәл бағанағыдай түсіндіріп жүріп, шайды өзі қойды.

- Ал енді түсіндің бе, балам?

- Түсіндім.

- Түсінгеніңнен де, өзіңнен де айналайын! Бауыржанның әжесі осы — мейірімді адам. Кешке қарай әжесі Бауыржанды шай қоюға үшінші рет жұмсады. Бауыржан, маған бір шәугім шай қойып бере қойшы.

- Қайтіп қоям? Қорқамын.

- Неден?

- Газдан. Өрт шығып кетсе, қайтем?

- Ойбай, абайла! Газ деген бір пәле. Жүр, оны қалай жағу керектігін тағы бір көрсетейін.

Әжесі газды қалай жағу керектігін қайта-қайта түсіндіріп жүріп, шайды тағы да өзі қойды.

- Ал енді бәрін түсінген шығарсың, балам?

- Түсіндім.

- Міне, үлкен жігіт болды деген осы енді! Бауыржанның әжесі осы — ақкөңіл адам. Залға кірісімен әжесі диванға солқ етіп отыра кетті. Бауыржанның жүрегі дір ете қалды.

- Әже, не, бір жеріңіз ауыра ма?

-83-


- Ия, тізем ауырады. Ас үй мен екі арада дамылсыз жүгіре бергенді көтере алмайтын болып жүрмін. Әкең мен шешеңнің жұмыстан қолы тимейді. Раушан мен Ләйлә әлі кішкентай. Сен де әлі бір шәугім шай қоюға жараған жоқсың.

Бауыржанның екі беті өрттей боп кетті. Бекер ерінеді екен.

- Әже, әжетай, жүрші ас үйге, Мен сізге бір шәугім емес жүз шәугім шай қойып беруге жараймын. Жүр, көр, шай қойып көрсетейін. Бауыржан әжесін әй-шайға қаратпай, қолынан тартқан күйі ас үйге алып кірді. Демде шайнектегі ызылдап қалған суды төгіп, қайта толтырды, газды өшіріп, қайта жақты. Шайнекті отқа қойды.

Әжесі аң-таң: Апырау, бұл қалай болды өзі? Демнің арасында бәрін қалайша біле қалдың? Бәрі дұп-дұрыс, орнықты.

- Әже, мен бәрін білемін. Сізге бір шәугім шай қойып беруге жарадым ғой, ә?

- Білгеніңнен айналайын мен сенің. Жарадың, жарадың.

Әжесі де, немересі де қуаныштан жарыларман болып тұр.

АДАМНЫҢ АҚ ПЕЙІЛІ
Бауыржанның әжесі ауырып, қалалық ауруханаға түсіп қалды.

Қалалық аурухана Бауыржандардың үйіне өте жақын, бар болғаны көшенің арғы бетіңде. Төрт қабатты үлкен сұрғылт үй көшені ұзына бойлап тұр. Бауыржанның әжесі сол ауруханада жатыр. Адам ауырған екен, оның көңілін сұрар бллар. Адамның ақ пейілі науқасты жарты аурудан арылтады.

Бауыржан мұны жақсы біледі. Бұл — әжесі құлағына талай құйған әңгіме. Әжесі бұл сөзді басқалар ауырғанда айтатын, сөйтіп, қайткенде де, сол адамның көңілін бір сұрап қайтпай тыншымайтын, енді, міне, өзі ауырып қадды.

Тезірек көңілін сұрап барып, әжесін жарты аурудан арылтуы керек. Аурудың көңілін сұрап адам өңкей жақ-

-84-

сы сөз айтуы тиіс. Не айтуды Бауыржан жақсы біледі. Әжесінің осындай кезде айтқандарын талай естіген, көкейінде сайрап тұр: «Ештеңе емес. Сәл-пәл суықтап қалғансыз ғой. Мұндай-мұндай қыңқыл-сыңқыл болады десеңізші. Доғдырдың айтқанын істеп, берген дәрісін түк қалдырмай ішу керек. Доғдыр дегеніңіз — бір айналайын. «Жақсы сөз — жарым ырыс» деген, тез айығып кетіңіз».



Әжесінің не дейтіні де белгілі. «О-о, Бажан келіп қалыпты ғой. Құлыным менің! Әжең сәл-пәл ауырып қалды. Сен көңілімді сұрап келдің болды, ауырғаңды қоямын енді. Доғдыр рұқсат етсе, үйге қайтамын».

Жалпы, ауырған адам шынымен жазылды ма, жоқ па, оны тек дәрігер ғана біледі. Ал басқалар аурудың көңілін сұрауға асығуы керек. Әшейіңде Бауыржан көшенің арғы бетіне ойлана-ойлана өтер еді. Өйткені аурухана мен Бауыржандардың үйінің арасындағы Коммунист көшесі — қаладағы ең үлкен көше. Қашан болмасын бұл көшемен машина ерсілі-қарсылы дамылсыз жосып жатады, өту қиын. Ал қазір, амал қанша, арғы бетте — ауруханада әжесі жатыр, өту керек, көңілін сұрау керек. Әрине, көше қиылысынан өткен дұрыс-ақ, бірақ ол қайда-а, талай жер. Айналып жүргенше көше жиегіне барып аңдып тұрып, машина легі саябырси бергенде, лып беріп өте шықса болғаны.

Машина әрлі-берлі зуылдап тынбай, жол бермей, Бауыржан көше жиегінде бір қауым уақыт тұрды. Ақыры сирексіді-ау, Бауыржанның да күткені осы еді, арғы бетті бетке алып салып ұрды. Көшенің ортан белінен аса берген, дәл өкпе тұсынан зы-ың-ң еткен дыбыс шықты.

- Бала, тоқта! Неге көшені рұқсат етілмеген жерден кесіп өтесің? Тоқта!

Бауыржан жалт қарады. Сарыжолақ «Жигулиден» бір милиционер ағай түсіп жатыр. Амал қайсы, Бауыржан милиционер ағайға қарай жүруге мәжбүр болды. Бауыржан мен милиционер ағай бетпе-бет келді.

Сол сәт милиционер ағай оң қолын милығына апарып, қаздиып қалт тұра қалды да:

- Старшина Саудабаев, — деді. Бауыржан бірдеңе деу керек екенін сезе қойды.

- Б-ба, жо-жоқ... үшінші сынып оқушысы Бауыржан Смағұлов, — деп саңқ ете қалды.

-85-

Старшина Саудабаев мырс етіп күліп жіберді.



- Жарайсың, Бауыржан! Бүйтіп нық жауап беруді қайдан үйреніп жүрсің?

- Теледидардан. Солдаттардан.

- Дұрыс-дұрыс. Солдаттан үйрену керек. Ал енді көше тәртібін бұзғанды кімнен үйреніп жүрсің?

- Ешкімнен. Өзім бұздым.

-Мұның да дұрыс. Ендеше, үш сом айып. Ақшаң бар ма?

-Бауыржанның екі көзі тас төбесінен шықты.

- Ақшам жоқ.

- Жоқ болса, әке-шешеңнен әкел.

- Олар бермейді.

- Енді кім береді?



- Әжем.

- Е-е, онда әжеңнен әкел.

- Әжем ауырып жатыр мына ауруханада.

-Сен қайда бармақсың енді онда? Отыр үйіңде, бүйтіп тәртіп бұзғанша.

- Мен әжеме барам. Көңілін сұраймын. Сонда әжем тез жазылады. Соған асығып бара жатырмын.

- Өй, жолың болғыр, бағанадан бері сөйдемейсің бе? Әжемнің көңілін сұраймын де. Сұра-сұра. Бара ғой. Әжең тез жазылсын! Бірақ ендігәрі көше тәртібін бұзба. Қиылыстан өт. Әжесінің көңілін сұраймын деп бара жатқан балаға бағдаршам әр кез ашық — жасыл көше. Сен барған соң әжең жарты ауруынан айығар, неғыпты?

- Рақмет, ағай! Мен кеттім.

- Бара ғой, Бауыржан.

Бауыржан Смағұлов пен старшина Саудабаев алғаш қату болғанмен, өстіп, аяғы тату болып ажырасты. Қанша көріп жүргенмен, елең қылмапты, сөйтсе төрт қабатты сұрғылт үйдің есік-терезесі көп екен. Бәріне жұрт кіріп-шығып жатыр. Бауыржан қайсысына беттерін білмей, дел-сал болып біраз тұрды. Осылай тұра берер ме еді, кім білсін, дәл қарсыдағы есіктен ақ халатты ағай шықпағанда. Неге екенін ақ халатты ағай Бауыржанға бір сәт қадала қарап қалды. Содан соң:

- Ия, балақай, кімге келдің? — деді.



-Әжеме.

- Әжең кім?


-86-

- Әжем, әже. Ағай жымиды.

- Әжең әже екені рас қой. Фамилиясы кім дегенім де.

- Фамилиясы кім? Біл... жо-жоқ. Білем. Тұра тұрыңызшы, ойланайын.

- Өз атың, фамилияң кім?

- Бауыржан Смағұлов.

- Е-е, болды. Әжеңнің фамилиясы — Смағұлова.

- Жоқ, олай емес. Әжем көкемнің емес, ағамның мамасы. Олардың фамилиясы бөлек. Қалай еді? Т-т... Тасболатова.

- Міне, жігіт! Жарайсың, таптың. Еңді әжеңнің ауруын айт, қай есікке кіретініңді көрсетіп жіберейін. Әжең немен ауырады?

- Білмеймін.

- О, о, оның қызық екен. Адам бізде ауруына қарай бөлім-бөлімге бөлініп жатады. Әжеңнің ауруын білмесең, болмайды. Мен көмектесе алмаймын.

- Бауыржан қорқып кетті. Әжесін енді таптым-ау дегенде қарашы енді!

- Ағай, білем-білем. Әжемнің белі ауырады, екі тізесі басқызбайды, сүйек-сүйегі сырқырап қақсайды, көзі жөңді көрмейді, құлағы жақсы естімейді.

- Дәрігер ағай күліп жіберді.

- Әй, Бауыржан, айтқаныңның бәрі дұрыс. Оларыңның диагнозы біреу-ақ. Оның аты — кәрілік. Ал сенің әжең белгілі бір аурумен келген болуы керек бізге. Сен соны біліп кел.

- Білем. Қазір.

- Немене, үйлерің жақын ба еді?

- Жақын. Әне, ана үй.

- Е-е, бізге көрші екенсің ғой. Онда бар да, біліп кел. Сөйте ғой. Әжеңді іздеп шыққан екенсің, тап, көңілін сұра. Сен көңілін сұрап барсаң, әжең ауруынан тез айығады. Аурудың көңілін аулаған жақсы. Адамның ақ пейілі — шипа.

- Мен оны білемін, ағай.

- Қайдан?

- Әжем айтқан.

- Солай, ендеше. Бар, жүгір үйіңе.

Бауыржан жалт бұрылып, үйіне қарай жүгірді. Амал

-87-

қайсы, старшина Саудабаевқа берген уәдесі бар, сонау қиылыстан барып өтеді. Кім білсін, көшені кесіп өтсе, старшина тоқтатпас та. Тоқтатса, әжесі үшін асығып жүргенін айтар еді. Уәденің аты — уәде. Адам сөзінде тұруы керек.



Бауыржан жүгіре басып барады. Бүл әжесінің көңілін неғұрлым ертерек сұраса, ол солғұрлым жылдам жазылады.

КӨҢІЛШЕК
Бауыржан — көңілшек-ақ, мұнысы әр кез көрініп тұрады. Оның бәрін тізіп жатпай-ақ, осы жаңағы бір әзірде ғана болған мына бір жайттарды айтса, аз болмас.

Қазір мезгіл мамырдың ортан белі. Күн көзі үлкеннің де, кішінің де сығырая қарауына жарап қалған кез. Мұндай кезде аула қызығы таусылған ба. Тоңып үй кірмесіне тығылатын қыс, ыстыққа булығып көлеңке қуалайтын жаз емес. Көктемнің бұл шағын қойсаңшы, шіркін! Жан-жақты саумалдай өскен тал-дарақ пен газондардағы сан алуан гүлдер жұпар есіп, кеуде кеңітіп, жүрек алып-ұшып тұрған шақта үйде бала атаулы отырған ба? Жо-жоқ, әйда, асыр сал да, ойна. Доп қу, секірмекті зулат, қуаламақты тасырлат.

Аула балалары дәл өстіп жатыр. Кішкентай балалар құм үстінде жем шашқан торғайша шүпірлеп ойнап отыр. Одан ересектеу бір топ бала саяқтың үйіріндей олай бір, бұлай бір жосып өтеді. Бауыржан қуаламақ ойнап жүрген осы жүйрік топ ішіңде. Олар жандарынан әрбір жосып өткен сайын кішкентайлар бір шулап қалады. Осындай бір қарбалас шақта Бауыржан Серіктің добын бар пәрменімен теуіп өтті. Серік те — бір үйдің еркесі. Бұл қорлыққа көнбек қайда, ойбайды салды.

Бауыржан бүлдіріп алғанын білді, состиып тұр. Сонан соң домалап анадай жерге енді жетіп, дамыл тапқан допқа қарай тұра жүгірді. Барды да, алып келіп Серікке берді. Серік жылағанын қояр емес. Жұбату керек. Қалай? Аяғы ғой пәлені бүлдірген. Бауыржан жалма-жан доп тепкен оң аяғын бір адым алға тосып, балағын түріп жіберіп:

-88-

- Серік, мә, теп! Осы ғой, — деді шын пейілмен.



Серік нағыз безердің өзі екен, қыр жіліншіктен сарт дегізіп бір тепті. Бауыржан бүгжең ете қалып, аяғын қос қолдап ұстаған күйі отыра кетті.

Есеп бір де бір. Өз кінәсін өзі біледі ғой, Бауыржан дауыс шығарып жылаған жоқ. Бірақ балалардан шеттеп қалды.

Ендігі бір сәтте ол қыздарға барып қосылып кетті. Қыздардың «ананы өйт, мынаны бүйтін» жанұшырып орындап жүр. Бәрі жақсы, жарастықты.

Қыздардың тапсырмасы бірте-бірте көбейіп, Бауыржан үлгермеуге айналды. Намысты оңайлықпен қолдан берсін бе, арса-арсасы шыққанына қарамай, қыздардың саусағының ұшынан, нұсқаған жерінен табылып жүр. Осындай қарбаласта Сәуленің әкеліп жанына отырғызып қойған ойыншық мысығы жолына тұра қалыпты. Айналып өтуге уақыт жоқ. Бір теуіп, ұшырып түсірді. Сәуле шап ете қалды:

- Көзің қайда?

Бауыржан екі көзін жыпықтатты.

- Міне. - Ол көз емес. Көз болса, неге көрмейсің аяғыңның астындағыны.

- Көз. Байқамай қалдым.

- Көз емес.

- Көз.


Бұл жолы Бауыржанның аузы мен қолы бірге қимылдады, Сәулені иығынан қойып жіберді. Сәуле шар ете қалды. Бауыржан состиып, жер боп тұр. Қайтсе жұбанады мына шыбық тимес шыңқ етер қыз. Қолы ғой кінәлі. Жеңін түріп жіберіп, білегін алға тосты.

- Мә, ұр, Сәуле! Қатты ұр! Мен де жылайын.

Ыза боп тұрған Сәуле аясын ба, майлы білектен осып өтті. Шапалағы қандай ащы еді. Бауыржан жылап жібере жаздады. Ұрған қыз болған соң ғана шыдады. Енді қыздардың арасында да қызық қалмаған еді, шеттей берді.

Қайда барарын, кімдерге қосыларын білмей дал болып тұрған, тұсынан бір топ бала жүгіріп өтіп бара жатты. Бауыржан әй-шайға қарамай, қапталдан сарт етіп кеп қосылды. Сөйткенде Маратпен соқтығысып қалды. Екеуі


-89-


де етбеттерінен түсті. Бауыржан атып тұрып, үстін қаға бастады. Марат тұрар емес, жатыр. Бауыржан төніп тұр.

- Не болды, Марат?

- Не болды? Сен қағып жықтың мені. Шекем-ай, ше-кем-ай!

- Мен бе кінәлі?



- Сен.

Бауыржан кепкасын жұлып алып, шекесін тосты.

- Мә, ұр онда! Аяма! Мен де жылайын.

Дайын шекені кім аясын, Марат дәл құлақтың түбінен бір қойды. Бауыржан ал кеп жыла! Әй, көңілшек Бауыр-жан-ай! Әуелі бүлдіріп алып, артынан соның бодауына әркімге өр жеріңді тосып жүргенде не тамтығың қалар екен?!



«АТАМДІКІ»

Бауыржан, Талғат және оның інісі Алдан үшеуі ойнап отырған. Ойыңда ештеңе жоқ, Бауыржан төрде сүйеулі түрған домбыраға қол соза берген, Алдан шыр ете қалды.

- Тиме-е! Тарт қолыңды!

Бауыржан бір нәрсені бүлдірген екенмін деп шошып қалып, қолын тартып ала қойды.

- Ол — атамдікі. Ұстама. Сындырасың.

Домбыраны адам сындыру үшін емес, тарту үшін алмай ма екен қолға.

- Алдан, сындырмаймын, тартамын.

- Ал, Бауыржан, тарт.

Талғаттың сөзі аяқталар-аяқталмастан, Алдан домбыраны бас салды.

- Жоқ, тартпайды. Сынып қалады. Атам ұрсады.

- Бер! Тартсын.

- Бермеймін. Домбыра сенікі емес, атамдікі. Атам «ешкімге ұстатпа» деген.

- Қашан? Атам қайта біздің домбыра тартқанымызды жақсы көреді.

- Жоқ, жақсы көрмейді.

Алдан домбыраны алдына өңгеріп алған, өлсе ажырар емес. Өзінен кіші баламен ерегісіп, ешкім абырой таппайды.

-90-


- Талғат, мейлі. Алданның айтқаны-ақ болсын. Басқа бірдеңе ойластырайық. Қызық кітап бар ма?

- Бар.

- Бар болса, әкел, оқиық.

- Талғат шкафтан қалың қызыл кітапты алып, Бауыржанға ұсына берген.

- Ұстама-а!

- Не болды мына Алданға тағы?

- Алма. Жыртасың. Ол — «Қазақ ертегілері», атамдікі.

Атам «ешкімге оқытпа» деген.

- Қашан? Атам кітап оқуға ешқашан қарсы болып көрген емес.

- Оқысаңдар, басқа кітап оқыңдар. Атамның кітабын оқытпаймын мен сендерге.

- Сен өйтіп керги берме, бала. Таяқ жейсің.

- Талғат, тиме! Басқа бір ермек табайық.

- Мейлі, онда дойбы ойнайық.

- Бар ма еді?



- Бар.

- Онда әкел.

- Әкелмейсің. Ойнамайсыңдар. Шашып құртасыңдар.

- Шашқаны несі?

Дойбы — атамдікі, атам «ешкімге ойнатпа» деген. Талғат күйіп кетті.

- Мынау қайтеді, ей? Қызғаншақ! Көрсетейін мен саған...

Талғат інісіне тап берген. Бауыржан ұстап қалды.

-Талғат, қой! Алдан-ақ алсын бәрін. Жүр, біз кеттік далаға.

- Бара беріңдер. Қайда барасыңдар, келесіндер қазір-ақ.

- Өзің келіп жүрме соңымыздан.

- Тапқан екенсіңдер ақымақты! Сендер далада сандалып жүргенде отырам үйде. Домбыра тартам, ертегі оқимын, дойбы ойнаймын.

- Отыр. Көреміз қанша отырғаныңды.

Бауыржан мен Талғат ойын қызығына түсіп кеткен.

Алдан ұмыт болған.

Ал Алдан бұларды ұмытпапты.

Алдан тұр балконда сүмірейіп, бір қолында домбыра, екіншісіңде — дойбы, қолтығында — «Қазақ ертегілері».

-91-

Екеуі осылай боларын о баста-ақ білген.



- Бауыржан, Талғат, бері келіңдер, жүріңдер үйге. Мә, мыналарды берем. Атам ұрыспайды.

Алданның сөзіне ешқайсысы құлақ асқан жоқ, ойындарын жалғастыра берді.

Алдан тұр балконда телміріп.

МҮГЕДЕКТІҢ МАШИНАСЫ

Қалай байқамаған. Бауыржан мен Талғатқа керегі дәл иектерінің астында тұрыпты. Назар аудармаған, әйтпесе әлдеқашан алатын еді ғой.

Екеуі ойнап көрші үйдің ауласына барған. Бір кез Талғат Бауыржанды иығынан қойып қалды:

- Бауыржан, таптым-таптым!

- Нені?

- Нипельдің қақпағын.



- Кәне?

Талғат сұқ саусағымен ауланың төр жақ бұрышында тұрған ақ «Запорожецті» көрсетті.

- Әне. Ананың нипелінің кақпағы велосипедтікіне тұп-тура келеді.

- Қойшы, ей!



- Рас.

Екеуі орындарынан атып-атып тұрып, ақ «Запорожецке» қарай ұмтылды. Ентелеп келген күйі екеуі машинаның алдыңғы екі дөңгелегіне жармасты.

- Ой, балалар, бұларың не?

Дәл құлақтарының түбінен шыққан өктем үн екеуін де бойларынан ток жүріп өткендей тітіркендіріп жіберді. Екеуі де жалт-жалт қараған. Дауыс иесі — көше комитетінің төрағасы Өмірбек ағай екен. Ұзын бойлы, қалың қабақты, онсыз да сұсты кісі ашудан түтігіп кетіпті.

Бауыржан мен Талғат зәрелері ұшып, орындарында қақиып қатты да қалды.

-Нені бүлдіріп жатырсыңдар? Кәне, дереу орнына келтіріңдер.

Екеуі әлі ештеңені бүлдіре қойған жоқ еді. Сонда да көздері жыпық-жыпық етеді.

-Онда былай, бері жүріңдер!


-92-


Екі бала үн-түнсіз Өмірбек ағайдың айтқанын істеді. Өмірбек ағай балалардың қатты қорқып кеткенін білді, жүзін жылытып, жымиып қойды.

- Балалар, сендер неменеге дірілдеп тұрсыңдар? Мен құбыжық емеспін, қорықпаңдар, айтыңдаршы, бұл кімнің машинасы?

- Кімдікі?

-Білмейміз.

- Ия, білмейсіңдер. Білсеңдер, тимес едіңдер. Сеңдер не, қозғалыс белгілерін оқып үйренбегенсіңдер ме?

- Жоқ.


- Оқығанымыз жоқ.

- Бәсе. Ана алдыңғы және артқы әйнектерге жапсырылған үш бұрышты белгіні көрдіңдер ме?

- Көрдік.

- Көрсеңдер, ол - «Абай болыңыз! Рульде - мүгедек!» деген белгі. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл белгі — мына машина мүгедек адамның машинасы дегеңді білдіреді. Ал бұл ақ «Запорожецтің» иесі Файзолла ақсақал — Ұлы Отан соғысының мүгедегі, бір аяғы тізеден төмен жоқ, Польша жерінде қалған. Сендер сол мүгедек аталарыңның аяғын ұзартып жүрген көлігіне көз аларттындар.

Бауыржан да, Талғат та жерге кірермен болды.

- Ағай, біз білмей қалдық.

-Бауыржанды бұған бастаған мен едім. Біз еш нәрсесіне тигеніміз жоқ. Кешіріңіз.

- Солай ма? Білмегенді кешіруге болады. Көрмейсіндер ме, бұған ешкім тимейді. Сендер де тиіспеңдер. Қайта екеуің бір мезгіл бас-көз болып жүріңдер. Бұл қыстай гаражда тұрған. Файзолла атай енді жаздай мінеді мұны. Ол машинасын ертелі-кеш алыстағы гаражға апарып қойып жүре алмайды. Сондықтан бұл ақ «Запорожец» осы жерде тұрады. Біздің үлкеніміз де, кішіміз де мұны көздеп жүруіміз керек.

- Ағай, уәде береміз. Сіздің айтқаныңызды орындаймыз, — деді Бауыржан.

- Біз енді мұның маңынан ешкімді жүргізбейміз, — деді Талғат.

Сөйтіңдер. Бірақ сендер бұл қамқорлықтарыңды Файзолла атайға білдірмеңдер, көңіліне келіп қалар. Адам жақсылығын жарияламай жасар болар.

-93-


- Сөйтеміз. Білдірмейміз.

- Бұл «Запорожецке» енді жан адам тимейтін болады.

Өмірбек ағай өстіп ойда жоқ жерден Бауыржан мен Талғатқа осындай бір міндет жүктеді. Екі бала сөзінде тұрды. Ертелі-кеш ақ «Запорожецті» көздеп жүргендері.

Файзолла атай балалардың бұл қамқорлығын сезбеді дейсіңдер ме, сезді. Инабатты, тәртіпті балалар екен деп разы болып қояды. Ол кісі мұны жалғыз өзіне ғана емес, бүкіл мүгедек атаулыға көрсетілген құрмет деп біледі.

Атай Бауыржан мен Талғаттың нипель қақпағын шығарып алмақ болғанын білмейді, әрине. Білмегені жақсы.

КЕЙІН КӨРЕМІЗ

Бауыржан әжесі екеуі қала маңындағы кеңшарда тұратын туысқандарының үйіне барған, қайтарында екі көжек көтере келіпті. Көрген бойда үй іші түгел шу ете қалды: «Ойбай-ау, мұны қайтеміз?»

Әжесі абыржып отырып болған жәйді айтты. Бауыржан туысқанының өзіндей баласы — Жақсылықтың қоянын көріпті де: «Маған көжек керек, бер», — деп жата жабысыпты. Жақсылық қонақтың көңілін жықпай екі көжек бермек болыпты.

- Қарағым Жақсылық, бермей-ақ қой. Үйіміз мынандай болса бір сәрі, қора жоқ, бірінің үстіне бірін жинаған сандық сияқты, сатылы үйде қиын. Бауыржан, қой, балам, құр әуреге түсеміз, — деп әжесі оң рай бермеген. Көнетін Бауыржан ба, екі көжекті тас қып құшақтап алып, айрылмай қойған. Әжесі амалсыз көнген.

- Раушан мен Ләйлә шүпірлеп, көжектерді бас салды. Апасы тұр, не дерін білмей, күлімсіреп.

- О-о, — деді әкесі.

Бәрі тына қалды.

- О-ой, бұл болмайды.

- Бауыржан да жауабын әзірлеп үлгерген екен, сыдырта жөнелді.

- Өзім асыраймын. Лоджиядағы шайдың жәшігіне салып қоямын. Шөбін өзім жұлып әкелем, жемін өзім берем.

-94-

Әкесі қабағын шытып, даусын көтерді:



- Жоқ, болмайды, мынадай үйде қоян асыраған деген не сұмдық? Естіген елден ұят.

Қашан да Бауыржанның ең әуелгі мияты — екі қарындасы. Соларды алға тартты.

- Раушан мен Ләйләға да керек.

Раушан мен Ләйлә не дерін білмей, әкелерінің қабағына қарады. Әкелері енді кесіп айтты:

- Қажеті жоқ, апарып тастаңдар! Осы қазір әкетіңдер!

Осылай деуін деді, бірақ көңіл жықпас бір сезім қылаң берген. Бауыржан ерні салбырап, танауы қусырылып жүдеп тұр. Апасы мен әжесі Бауыржаңды аяп кетіпті, жарыса ара түсті.

- Көкесі, қой енді. Не болса соған шектей бермейік баланы. Жан-жануар асырап, араласып өскен бала мейірімді болады. Асырасын.

- Сөйтсін. Баланың меселін қайтара бермеңдер, түге.

Апасы да, әжесі де — жақсы адам. Ол жағы Бауыржанға әлдеқашан белгілі. Енді бірдеңе десе, Бауыржанға әкесінен жаман адам жоқ. Әкесі Бауыржанның көңіліне қарады, келісті.

- Мейлі, асырай ғой. Бірақ жақсылап күтетін бол, балам.

- Мақұл, көке.

Бауыржан екі көжектің қамына мықтап тұрып кірісті. Бір қарасаң, даладан шөп жұлып әкеле жатады, енді бір көзің түсіп кетсе, су құйып, жем беріп жүреді.

- Жарайсың, Бауыржан!

- Мен жақсылап бақсам, көжектерім тез үлкен болады.

Шындығында, көжектер тез үлкейді. Әне-міне дегенше, бұрын шай салған үлкен жәшіктің әжептеуір биік ернеуінен құлақтары ербиіп көрініп еді, едірейіп шыға келді. Сол сол-ақ екен, шоқиып отырып сыртқа сығалап қарағанды шығарды. Содан жәшікті бұйым құрлы көрмей, қарғып шығып, лоджияда еркін жортаққа басты. Енді екеуі де талыстай-талыстай қоян болды.

Дұрыс-ақ дедік. Бірақ Бауыржан қояндарға қарауды қойып бара жатты.

- Раушан, шөпті бүгін сен жұлып әкелші.

-95-
- Ләйлә, бүгін сенің кезегің. Бар, даладан шөп жұлып әкел, — деп қарындастарын кезек-кезек жұмсауға көшті. Несі бар, адамның үлкені кішісін жұмсағаны жарасады. Көп болып қолға алған іс оңады қашаңда. Сөйтсе, Бауыржан қояндардан мүлде жериін деген екен, қол ұшын тигізгенді қойды. Қашанғы шыдасын, екі қыз қыңқыл-сыңқыл шығара бастады. «Кеше шөпті мен әкелгем, бүгін сен әкелге» көшті.

Осындай бір егесте Ләйлә тоқ етерін бір-ақ айтты:

- Көжектердің Бауыржанға керегі жоқ болса, бізге түкке қажеті жоқ. Раушан да зорға шыдап жүр екен, Ләйләнің сөзін іліп әкетті:

- Шынында, бұлар неге керек? Апарып тастандар.

Бауыржан да айтатын сөзін жұптап апты:

- Бұлар көжек емес, қоян. Қоян құрысын, сасық. Маған овчарка күшік керек. Әперіңдер.

Көп қабатты үйде үй жануарларын ұстау — болмаған тірлік. Бұрын жайнап тұратын лоджияның әлдеқашан әлек-шәлегі шығып, екі қоянның қорасына айнала бастаған.

Бұл жай, әсіресе, апасына батады екен, бірден келісті:

-Көкесі, сөйт. Күшік тауып бер. Ит — адамның досы. Бала мейірімді болып өседі.

Әжесі де ығыр боп жүреді екен, қуана құптады:

- О, баста-ақ айтып ем, қояны құрысын деп. Болдыңдар ма? Енді таптың нені асырауды, балам. Ит асырау керек. Ит — жеті қазынаның бірі, ырыс.

Раушан мен Ләйлә мұндайда қарап тұрған ба, жарыса қостады:

- О-о, күшік! Күшік жақсы.

-Ура! Біздің итіміз болады.

Бәрі өстіп қаумалап тұрғанда көкесі қайда барсын, келісті. Күшік те табылды.

Ғажап болды. Бұрын сәске түске дейін пырыддап үйықтап жататын Бауыржан таң алагеуімнен күшігі қыбыр етсе, бірге атып тұрып, далаға атқып шығып бара жатады. Содан ұзақты күнге күшігінен бір елі ажырамай, аулада асыр салып ойнайды да жүреді. Жаз бойы сөйтті.

Күз келіп, мектепте оқу басталғанда көк күшік көкшулан арлан болды. Бұрынғыдай емес, Бауыржан ертеңгісін

-96-

тұра салып, беті-қолын апыл-ғұпыл жуып, бірдеңе тістеген боп, мектепке тартады. Көкшуланды апасы жетектеп бара жатады далаға.



Көкшулан күндіз де есік тырналайды. Үйде басқа жан жоқ, әжесі алып шығады. Кешкісін серуенге шыққанда, көкесі ертіп алады. Бауыржан итіне анда-санда ғана еш құлықсыз бір маңайлаған болады. Бауыржанның мұнысына ең алдымен апасы мен көкесі шыдамсыздық көрсетті.

- Мынауың керек пе, жоқ па өзі? Керегі жоқ болса, құрт көзін.

- Мынадай бірінің үстіне бірін жиған саңдық сияқты үйде ит үстап бола ма? Ит тұрмақ адамның өзі зорға шыдап отырғанда неме керек ол. Әкетіңдер аулақ!

Бауыржанның да айтатын сөзі даяр екен:

- Маған иттің керегі жоқ, күшік керек. Раушан мен Ләйлә ішек-сілесі қатып күлді. Апасы күйіп-пісіп:

- Ойбай-ау, күшік ит болмай ма? Мынау да басында күшік болатын. Көжек асырасаң қоян, күшік асырасаң ит болады.

- Онда маған аквариум әперіңдер. Балық асыраймын. Балық - барлық кезде балық.

Бауыржанның мына сөзіне көкесі не дерін білмей, сілейді де қалды.

- Айтып тұрғаны рас, - деді апасы.

- Сөз тапқанға қолқа жоқ. Аквариум, балық әперіңдер, — деді әжесі.

- Аквариум! Аквариум! - деп қуанды Раушан.

- Балық. Біздің үйде алтын балық болады, — деп мәз болды Ләйлә.

- Жарайды, — деді көкесі. — Көкшулаңды қайтеміз?

- Қойды адам атпен емес, итпен қайыратын болыпты ғой бүгінде. Әнеукүні Шәкен жата жабысып еді, соған береміз, — деді әжесі.

Солай болды. Көкшуланды қойшы туысқандары алып кетті. Апасы мен Бауыржан зоодүкенге барып, аквариум, балық алып келді.

Аквариум қонақжай бөлменің төргі бұрышына орналастырылды, су құйылып, ішіне балық жіберілді. Әдемі малта тастар, алуан түрлі су өсімдіктерін салып құлпыр-


-97-


тып қою керек. Су ішіне оттегі жіберетін кондиционер қажет. Ойдан-қырдан дегендей, осылардың бәрі табылды. Аквариум сурет болды да шыға келді.

Бауыржан қашан көрсең, аквариум маңында жүреді. Әңгімесі — балықтардың қызық қылығы. Бәсе, Бауыржан — жан-жануарды жақсы көретін бала.

Бірақ үй ішінің бұл қуанышы да алысқа бармады. Көп ұзамай-ақ ол:

- Раушан, мен ойнауға барам. Теледидар көріп болған соң ажыратқышқа кондиционерді жалғай сал. Күнде сөйтесің, — деп тете қарыңдасын жұмсап жатты.

Келесі кезек Ләйләнікі, әрине. Бауыржан ертесіне дәл солай етті:

- Ләйлә, балықтарға жемді енді сен шашып тұрасың. Ертеңгілік бір, кешкілік бір азғантайдан шаш. Балық аштықтан емес, тоқтықтан өледі. Шын, кітапта солай жазылған.

Бауыржан өстіп аквариум айналасындағы барлық тірлікті екі қарындасына бөліп берді де, өзі жай сырттай бақылаушы болып шыға келді. Мейлі, тағы бір өнерді бастамай, тыныш жүрсе бопты, әйтеуір. Балық дегеніңіз қоян да, ит те емес, азабы жоқ жануар екен. Ал аквариум болса, үйге жарастықты болып орнын тауып тұр.

- Көке, мен аквариумды Раушан мен Ләйләға бердім, — деді Бауыржан бағана.

- Өте дұрыс істегенсің. Неге өйттің?

- Балық, торғай асырау — қыздардың жұмысы. Маған фотоаппарат әпер. Фотограф болам.

- Балам, әрненің басын бір шалған болмайды.

Апасы мен әжесі көкесін жақтырмай қалды.

- Қой, папасы. Әпер сұрағанын. Болсын фотограф.

- Сөйт. Суретке түсіру де үлкен өнер. «Өнерді үйрен де, жирен» деген. Үйренсін.

Раушан мен Ләйлә қуанып тұр:

- О-о, Бауыржан фотограф болады.

- Ол мені күңде-күңде суретке түсіреді.

Көкесі енді бұдан әрі қыңырайса, үлкендердің көңілі қалып, балалардың меселі қайтады, көңді.

Ал Бауыржан, шынымен, фотограф бола ма, жоқ па, оны кейін көреміз.

-98-


ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ
Жұма — тазалық күні. Бір күні мектептің барлық оқушылары сияқты үшінші «в» сыныбы да соңғы сабақтан соң түгелдей қалып, өздеріне тиесілі жұмысты атқаруға кірісті. Үшінші сыныптықтар еншілеген жүмыс ауқымы аз да емес, көп те емес, өздеріне жетерлік. Сыныптың есік-терезелерін, парталарды, тақтаны тап-таза етіп жуып, сүрту, аулада өздеріне бөлінген жерді, гүлзарды мұнтаздай қып сыпырып, жайнатып қою — оңай шаруа емес. Бірақ көптің аты көп, сынып болып кірісіп кеп кеткенде, бір сәтте-ақ бітіріп тастайды.

Бөлісте ішінде Бауыржан бар бес баланың еншісіне шеткі қатардағы парталарды жуу тиген. Бұл дегенің осы бес бала жыл бойы тазалық күнінде алты партаны айнадай етіп жарқыратып жуып тұруы керек. Ал Бауыржан болса, парта жууды жек көреді. Әне бір күні парта жуамын деп пора-пора болып терлеп, былғамаған жері қалмай, рәсуасы шыққаны бар. Сонда партаға қайтып жуымасқа бекінген. Міне, енді парта жуу тағы алдан шығып отыр. Қайтпек? Қараптан-қарап бас тарта алмайсың, бір амалын табу керек. Бауыржан соңғы сабақ бойы парта жуудан құтылудың жолын ойлаумен болды. Сабақ бітуге жақындаған сайын бір орында отыра алмай, тыпырши берді. Біресе екі шекесін ұстап, біресе ішін басып көрді. Бәрі орнында, ауырмайды.

Рахима апай Бауыржанның мазасызданғанын байқап отырған:

- Смағұлов, саған не болған, тынышың кетіп отыр ғой, - деді.

- Апай, ішім ауырып отыр.

Бауыржан осылай деуге бекініп пе еді, жоқ па, білмей де қалды. Әйтеуір, аузына түскен сөз осы болды.

- Ішің ауырса, бара ғой.

Өзі әрең шыдап отырған адам мына сөзден кейін бір минут аял қылсын ба, Бауыржан лып беріп сыныптан шыға жөнелді. Шынымен ауырмаған соң қиын екен, жалғыздан-жалғыз сопайып қалай бармақ үй жаққа? Танитын біреу-міреу кездесіп қалып: «Басқа балалар оқуда, сен неғып жүрсің мұнда?» десе қайтеді? Қой, үй жаққа баруға болмайды.


-99-


Бауыржан көрші аулаға бет түзеді. Қыркүйекте аула баласыз, ойынсыз болған ба? Сәкіде бір топ бала отыр екен. Күнде ойнап жүрген, танитын балалар. Бауыржан келді де, қосылды да кетті. Әңгіме қызығына беріліп, іші ауырғаны мүлдем ұмыт болды.

Өстіп отырғанда бұларға Талғат келіп қосылды. Ол дәл Бауыржанның қасына келіп отырып жатып:

- Бауыржан, ішің ауырғаны қайда? Мұнда не істеп отырсың? — деп мұны шынтағымен бүйірден бір түртіп қалды. Бауыржан тарс кетті:

- Тапқан екенсіңдер парта жуатын ақымақты! Жуыңдар өздерің! Еш жерім де ауырмайды.

- Солай де, алдаған екенсің ғой.

- Солай. Алдадым.

Бауыржан қолды бір сілтеп, үйіне тартты. Келсе, апасы телефонмен сөйлесіп жатыр екен. Бұл кірген заматта апасы үсті-басын бір сүзіп шықты да, сөзін жалғастыра берді.

- Міне, өзі де келді... Қайдам, еш жері ауырған бала сияқты емес. Көреміз қазір сұрап... Онда шақыртам дәрігер... Жарайды. Сізге көп рақмет, Рахима Тұрсынбайқызы.

Апасы телефон тұтқасын қоя салды да, Бауыржанға ұмтылды:

- Балам-ау, жай ма? Қай жерің ауырады? Іш дегені несі тағы? Жағымсыз бірдеңе жеп қойдың ба?

- Жоқ, апа, еш жерім ауырмайды.

- Қалайша? Мүғалімің айтып отырса, ішің ауырып, сабақта отыра алмапсың. Дәрігер шақыртайын.

- Керегі жоқ, парта жуғым келмей, «ішім ауырды» деп амал қылып кеттім.

Апасының екі көзі бақырайып бара жатты.

- Бұл не пәле тағы? Оны кім үйретіп жүр? Бар, апайыңа шыңдықты айт, парта жуып қайт.

- Олар тарап кетті. Сыныпта ешкім жок,

- Сен не, сонда жолда ойнап жүрген екенсің ғой.

- Иә.


- Мұның болмаған екен, балам. Осы ақырғы рет болсын. Еш уақыт жолдас-жораңнан жырақтанушы болма, бәрің болып бір іске кіріскен екенсіңдер, бөлінбе. Ол

-100-


жақсылыққа апармайды: жалғыз қаласың. Ертең бара салысымен апайыңнан да, жолдастарыңнан да кешірім сұра.

Өйтпеске шара қайда, апасының айтқанының бәрі рас.

Ертеңіне Бауыржан мектепке бетінен басқандай болып әрең келді. Мұның кеше кешірілмес іске барғанын бәрі білетін сияқты. Не болса соған қуыстанып, зықы шықты. Бәрі Бауыржан қайтер екен деп, әліптің аяғын бағатын тәрізді. Неше рет апайдан кешірім сұрауға оқталып еді, батпады. Жөнді бір оңтайы келмеді. Бар болғаны оқтын-оқтын Талғатқа ұрланып қарай берді. Бірнеше рет көзіне көзі түйісіп қалып еді, неге екенін, ол емес, бұл тайқып кетті. Кінәлі адамның күні құрысын!

Осындай мәре-сөре күймен соңғы сабақ та бітті-ау! Қоңырау үні естілісімен, балалар жапа-тармағай дәптерлері мен кітаптарын жинауға кіріскен.

Осы сәт Рахима апай оң қолын сәл көтеріп:

- Балалар, сәл аял қыла тұрыңдар, — деді. Сынып тына қалды. Бауыржанның өкпесі аузына тығылды. — Балалар, кеше біз тазалық күнін әбден жақсы өткіздік. Әсіресе Талғат бастаған балалар ерледі. Бауыржанның ауырып қалғанына қарамай, олар жууға тиісті парталарды дер мезгілінде айнадай етіп жарқыратып қойды. Мен оларға рақмет айтамын.

Бүкіл сынып қол шапалақтап жіберді. Бауыржан ғана қосылмай төмен қараған күйі портфелін шұқылап отырып қалды.

- Ал енді бүгінгі кезекші тақтаны сүртіп, бірен-саран былғанған парта болса, соларды ғана жуып қойса, жарар. Мен қазір келем, — деп апай орнынан қозғала берген.



- Апай! — деді Бауыржан. Рахима Тұрсынбайқызы жалт қарады.

- Апай, бүгін кірлеген парталарды мен жуайыншы!

- Неге? Кезекші ме едің?

- Жоқ. Кеше... Ке-кеше, м-мен өтірік ауырып ем.

- Қой!

- Шын, апай! Бір жолға кешіріңізші! Бүкіл сынып кешірсін! Апам кешірім сұра деп еді.



- Апаң болмағанда сұрамайтын ба едің?

- Сұрайтын едім.

- Бәсе! Қайтеміз, балалар? Бауыржан жусын ба парталарды?

-101-


- Жусын!

Бауыржан жалт қарады. Талғат разы болып күліп тұр. Бүкіл сынып шулап қоя берді:

- Жусын, жусын!

- Жарайсың, Бауыржан!

Кешке дейін еңсесін басқан зіл қара тас серпіліп, Бауыржанның тұла бойы жеңілдеп сала берді.

СӨЗІНЕ БЕРІК

Қызық, біреу — қысты, біреу — көктемді, біреу — жазды, біреу күзді ұнатады, қалғанын жек көреді. Бауыржан үшін жыл мезгілінің, ең жаманы - күз. Әлбетте, Бауыржан қаладан екі адым аттап шықтың болды, егіс алқаптарының басталатынын, оларда көкөністің алуан түрі өсетінін, күз келді екен — олардын, пісетінін, бәрін қалаға тасып жеткізетінін, дүкендердің сөрелерін қайыстырып тұратынын жақсы біледі. «Балалар көкөніс жеу керек» деп әжесі де, апасы да, көкесі де алма-жүзім, қауын-қарбыз, қызан, шабдалы дегендеріңізді кезек-кезек себет-себет қылып көтеріп келіп жатқаны. Күздің осынысы рақат-ақ қой, шіркін! Жаманы қайсы сонда? О-о, ол көп! Ең алдымен, күзбен бірге оқу басталады, енді ал кеп күніге мектепке салпақта. Одан соң, күн суытып, үске қабат-қабат киім кию керек болады. Осының екеуі де Бауыржанға барып тұрған азап. Киім деген жыл мезгіліне қарай адамның үстіне өз-өзінен келіп лып етіп қона қалатын, білгің келген сабақ сарт етіп миыңа кіре кететін болса, нағыз өмір деп соны айт.

Ал мынау не? Азап.

Міне, тағы да күз келді. Басында айттық қой, бұл — жыл мезгілінің ішіндегі Бауыржанның ең жек керетіні. Оның анық-қанығына жету үшін алысқа бармай-ақ, осы жуырда ғана болған мына бір жайларды әңгімелеп қана қояйық.

Бауыржан ала жаздай аяғына жеп-жеңіл сандал киіп жүретін, нәскидің қажеті болмайтын, бауы жоқ, байлап әуреге түспейтін, аяғын сұға салатын да, тарта беретін.

-102-

Күз келді де салқын түсті. Аяққа енді бәтеңке кию керек. Бәтеңке киетін болған соң нәски кию керек екені өз-өзінен түсінікті. Бәтеңке біткеннің шұрық тесік көзі, оған аумақ-саумақ өткізіп шандып байлайтын сала құлаш бауы болады. Киген сайын белді үзіп еңкейіп, екі аяқпен алысып жату азап емей, немене? Азап, әрине.

Бірақ адамнан амал артылған ба? Бауыржан да ондай анау-мынаудан құр алақан емес, бір қақпайы бар. Бәтеңкені аяққа нәскисіз-ақ сұға салып, бауын байламай-ақ, бір тартып қап, қара табанның астына қарай сүңгітіп жіберіп тартып отыруды жақсы біледі. Ал көйлектің, костюмнің, шалбардың түймелерін жартылай салсаң өмірің жеңілдеп, азап азая түседі.

Бауыржан мұны жақсы біледі, сондықтан да мектепке дәл өстіп келіп жүрген. Ештеңе жоқ, бәрі дұрыс еді.

Кеше Рахима апай Бауыржанды тақтаға шақырды. Бар пәле осыдан басталды. Бауыржан, ойында ештеңе жоқ, тақтаға құлшынып-ақ шыққан, «Беретін сұрағыңызды беріңіз» деген батыл кейіппен апайға қарай берген. Апайдың сұрағы сабақ турасында емес, мүлде басқаша болды:

- Бауыржан, мұның не? Үсті-басың не боп кеткен? Түймең салынбаған, бәтеңкеңнің бауы байланбаған. Бауыржан не айтарын білмей, қипақтап қалды. Не десін, апайдың айтқанының бәрі дұрыс.

- Мұның дұрыс емес екен, Бауыржан. Кәне, алдымен көйлегіңнің түймесін салып қой. Қайтеді, Бауыржан көйлегінің түймесін салды.

- Костюміңнің түймесін сал.

Амал қайсы, Бауыржан костюмінің түймесін салды.

- Ал енді бәтеңкеңнің бауын байла.

Лаж жоқ, Бауыржан бәтеңкесінің бауын байламақ болып еңкейе берді. Аяғында нәски жоғын көрсетпейін деп, жасқаншақ тартып, бүгежектеп қалды. Рахима апай Бауыржанның бәтеңкені жалаң аяғына киіп жүргенін көріп қойды.

- Бауыржан-ау, немене, нәскиің жоқ па?

Бауыржанның екі құлағы ду ете қалды. «Ұялған тек тұрмас» деген рас. Бауыржан қатты ұялған. Бірақ амал қайсы, бірдеңе деу керек.

- Бар. Өзім кимей жүрмін, — деп шынын айтты.



- Неге?

-103-
- Ерінем.



- Қалайша? Сонда түймені салуға да ерінеді екенсің ғой.

- Ия, ерінем.

Балалар аң-таң, ішінара күліп жібергендері де бар.

- Бұл не болғаны сонда? Балалар, айтыңдаршы, не дейміз Бауыржанның мұнысына?

- Не дейміз?

- «Ерінбе» дейміз.

- Иә, сөз біреу — «ерінбе». Бір бұл емес, еріншек болсаң, әлі талай ұятқа қаласың.

- Мақұл. Еңдігәрі ерінбеймін, апай.

Уәде беру - о бастан оңай, ал оны орындау — қашаннан-ақ қиын. Бауыржан кейінгісін ойлап жатпады, оңайына қарай қашты. Ал Рахима апай болса, Бауыржанның айтқанына сенді.

Әрине, Бауыржан да — өз сөзінде тұратын бала. Ертеңіне мектепке мұнтаздай болып, тап-таза киімдерін киіп келеді. Сонда жан адам бұны тергемейді, ешкім таңырқап қарап, күлкіге айналдырмайды. Бірақ адамның ойға алғанының бәрі орыңдала бермейді. Қолдан келмеске лаж жоқ, қолдан келіп тұрғанның орыңдалмағанына, әрине, адамның өзі кінәлі.

Бауыржан ойын қызығымен жүріп, сабақ басталуға жақын қалғанда даладан үйге ентіге кірді. Мүндайда кей нәрсенің ұмыт қалатыны - заңды. Ұмытпайтын біраз нәрсе: алдымен апыл-ғұпыл ауызға бірдеңе салу керек, содан соң сабаққа дайындал-дайындалма, қолға портфельді алу керек. Қалғаны не, аяққа бәтеңкені сұға сал да — есіктің тұтқасына жармас, сөйт те, баспалдақпен заулап кеп жөнел. Сөйтті. Бәтеңкесі күндегісінше тарт-тарп етіп, екінші қабатқа жете бергенде барып, есіне нәски кимегені түскені. «Не істемек керек?» деп үлгергенше, екпінін тоқтата алмай, далаға атқып щықты. Кері бұрылайын десе, үйдегі әңгіме сыныптағыдан аз болмайды.

- Ой, осы бала-ақ ұмытшақтығын қоймайды-ау! — дейді апасы.

Екі қарындасы апасынан қалыспайды:

- Бұл нәскисіз бәтеңкесін қалай киеді? — дейді Раушан, көдімгі бір мұның нәскисіз жүретіндігін бірінші рет көріп тұрғандай-ақ.

-104-


- Бауыржанда ешқашан нәски болып көрген емес, - дейді Ләйлә, бұл тіпті қыста да носки кимейтіндей-ақ.

Тоқташы, шынында, нәски бар ма өзінде? Иә, бар, қыстай киіп шыққан. Бірақ олар қазір қайда, қай қуыста? Оңайлықпен табу қайда? Ал мектепке нәскисіз бару... Жо-жоқ, айта көрме!

Бауыржан жалма-жан жан-жағына қарады... Шеткі бірінші подъездің алдындағы орыңдықта ерте көктемнен суық күзге дейін әр нәрсені бір ермек етіп аулада жүретін Айбала мен Ұмытшақ әжейлер отыр екен. Соларға қарай берді де, қатты ыңыранып, ішін ұстап, бүк түсіп отыра кетті. Екі көзінің қиығы әжелерде. Әжелер де орындарынан атып-атып тұрды. Бауыржанға да керегі осы, қисалаң етіп жата кетті.

- Ойпырмай, мына балаға не боп қалды? - деді Айбала әжей.

- Соқырішек болған шығар, — деді Ұмытшақ әжей. Екі әже ентелей басып келіп, Бауыржанды екі қолтығынан демеп, үйіне алып жүрді. Мына жайды көргенде Зияда әжей шошып кетті.

- Ойбай-ау, не боп қалды? Жаңа ғана сап-сау кеткен бала еді. Бауыржан, Бажабай, не болды саған?

Бауыржанда үн жоқ.

- Далаға жүгіріп-ақ шығып еді, ішін басып отыра кетті, —деді Айбала әжей.

- Сөйтті де тыраң етіп жата кетті, — деді Ұмытшақ әжей.

Үшеуі қаумалай әкеліп, Бауыржанды диванға жатқызды. Ләйлә шкафтағы дәрілерге жүгірді. Раушан телефонға жармасты. Әжесі Ләйлә әкеп берген дәрі-дәрмек салынған аптечканы апыл-ғұпыл ашып жатыр, Раушан «Жедел жәрдемге» жалғасып үлгерді.

- Алло... Жедел жәрдем...

Осы сәт Бауыржан орнынан атып тұрды.

- Мен ауру емеспін!

Әжесінің қолындағы қаңылтыр аптечка қаңғыр етіп еденге ұшып түсті. Дәрі-дәрмектің бәрі шашылып кетті, Раушан телефон тұтқасын өз орнына тастай салды. Ләйлә селтиіп тұрып қалды.

Айбала және Ұмытшақ әжейлер сытылып шыға берді.

Екеуі:
-105-

- Әкем-ау, мұнысы несі?

- Бұл бір қызық болды-ау! — десіп тандайларын қағып бара жатыр.

Зияда әжей:

- Мұның нең, қарағым-ау! Жаңа ғана түр-түсің бұзылып, ауру болатынсың. Ал қазір екі көзің жайнап барады. Саусың. Мұның аты не? - деп немересін тергей бастады.



- Түк те емес. Маған дәрі де, дәрігер де емес, нәски керек.

- Сол-ақ па бар болғаны? Ойпырмай, бұл не сөз?

- Әже, қорықпай-ақ қой. Мен әдейі ауырдым.

- Е-е, неге?

- Сол. Нәски кию керек болды. Ауырдым.

- Міне, қызық! Түсіндірші, ауруың не, нәскиің не?

- Кеше мен апайға аяғыма нәски киіп келем дегем. Ұмытып кетіппін. Мектепке барсам — Рахима апай, бармасам, сендер ұрсасыңдар. Сонан соң ауырдым.

- Ой, тентегім-ай, сол бір жапырақ нәскиге бола елді осыншама дүрліктіргенің! Раушан, Ләйлә әкеліңдер ана шкафтан нәски біткеннің бәрін. Барсын мектебіне, таңдағанын киіп.

- Жоқ, мен бүгін аурумын.

- Қой әрі, біресе — ауру, біресе — сау. Бұл қай сасқаның сонша? Ертең мен пенсияма онын әкеліп қояйын ол нәски деген пәленің. Қазір, көне, табылғанын ки де, жөнел окуыңа.

Киетін киімді күні бұрын дайындап қоймаған соң осы да, жуық арада нәски табыла қоймады. Енді әжесі де, Раушан да, Ләйлә да үйдегі зат салатын шкаф, шифоньер, суырма біткеннің ішін астан-кестеңін шығарып іздеп жатыр.

- Сен бұрын да өстіп бір рет өтірік ауырғансың, - деді Раушан.

Бауыржан шоршып түсті.

- Қашан?


- Анада, тазалық күнінде, — деді Ләйлә.

Айтып тұрғандары рас. Құтылып көр енді! Сонда да бірдеңе деу керек қой.

- Мейлі. Көп сөйлегенше, табыңдар нәскиді.

- Табамыз.

- Барасың мектепке.

- Барам.

-106-

Несі бар, табылған нәскиді киіп кету керек мектепке. Алдымен табылсыншы сол нәскиі құрғыр. Табылды болды — аяққа сұға сап жөнейді. Уәде бердің екен, қайтсең де орындауың керек. Ал Бауыржан — сөзіне берік бала. Бас-аяғын байыптай алмай, елді сәл-пәл дүрліктіріп алғаны болмады, әрине.



ЖӨНДЕЛГЕН АҚАУ
Аспанды күздің ауыр ақсұр бұлттары торлай бастаған кезде Бауыржандардың үйінің жанынан, дәлірек айтқанда, оңтүстік-батыс іргесінен көлденең тартып салынған жаңа үй пайдалануға беруге дайын болды.

Үй салу деген, әрине, оңай шаруа емес. Ең алдымен, аумағы кішігірім стадиондай жер тақтаймен қоршалынды. Сөйтті де, екі экскаватор, бірнеше ауыр жүк көтеретін машиналар іске кірісіп кеп кетті. Мотор үні таңның атысынан күннің батысына дейін бір тынбай, әне-міне дегенше үлкен шұңқыр қазды. Содан соң шұңқырдың жағасына ұзыннан-ұзақ темір жол төселіп, оның үстіне сорайған көтергіш кран іске жегілді, күні бұрын дайындалып жеткізілген ірге тас бір-біріне кіріктіріліп, қалана бастады. Енді бір қарағанда үйдің қабырғалары өріліп, қаланып, көтеріліп жүріп берді. Әрі қарай есік-терезе салынып, өрлеу-сырлау жұмыстары қолға алынды. Үйдің төңірегі көріктендіріле бастады.

Осы жұмыстың бәрі артта қалып, құрылысшылар етек-жеңін жинай бастаған. Артық-ауыс құрылыс материалдары тасылып әкетіліп, қажеті жоқ техника азайған. Өстіп жатқанда, кешке қарай күздің алғашқы жаңбыры жауды. Жаңбыр жауған соң, әлбетте, жаңа-ескі деп қарамай, үй біткеннің бәрінің шатырынан су саулайды. Мына жаңа үйдің де шатырынан сансыз тамшылар төмен қарай жамырай құлаған.

Жаңбыр құйып бергенде, аулада ойнап жүрген балалардың бәрі үйді-үйіне қашып тығылған. Бауыржан мен Талғат та сөйткен, бірақ екеуі де үйлерінде тағат тауып отыра алмай, балкондарына шыққан. Екеуінің балконда ры қатар. Әр нені айтып мәз болып тұр.


-107-


Бауыржанның көзі жаңа үй жаққа түсіп кетіп еді, мына қызықты қара, бергі бұрыштан қабырғаны бойлай су ағып тұр. Бауыржан жақсы біледі, жаңа үй болсын, ескі үй болсын бүйтпеуге тиіс. Шатырдан тамған тамшы қабырғаға тимеуі керек. Ол үшін шатыр жақтауы қабырғадан жарты метр озып тұрады. Ал мынау дұрыс емес, Бауыржан осыны сонша тез ойлап өтті де, Талғатқа қарады. Талғат мұны байқамаған сияқты қаннен-қаперсіз тұр.

- Талғат, жаңа үйге қарашы! — Бауыржанның даусы қатты шығып кетті.

- Қарадым.

- Не көрдің?

- Талғат иығын қиқаң еткізді.

- Жөндеп қара.

- Жөндеп қарадым ал.

- Ештеңе көрмедің бе?

- Жоқ. Көрмедім.

- Қабырғаны бойлап су ағып тұр.

- Онда тұрған не бар?

- Бәрі бар. Жақсы емес.

- Айтасың! Соны да сөз деп.

- Енді қалай деп ең? Мұны құрылысшылар білмейді, өйткені жаздай жаңбыр жауған жоқ. Ертең олар көрсе жақсы, көрмесе айту керек.

- Ой, қамқорым-ай! Көреді. Сенсіз де табылады жаны ашитын адам.

- Табылар, табылмас, ал мен ертең барып айтамын құрылысшыларға.

- Әліңе қара, «прораб»!

- Қараймын ба, қарамаймын ба, ол — менің шаруам.

- Таяқ жеп қалып жүрме, әйтеуір.

- Оны ертең көреміз.

Ертеңіне Бауыржан ояна салып, балконға атқып шықты. Жаңбыр түнде басылып, қабырғаның кешегі су болған жері кеуіп кетіпті, ештеңе білінбейді. Жаңа үй төңірегі абыр-сабыр қимыл екен. Бауыржан тез киіне салып, жаңа үйге қарай тартты.

Бұл ентелеп келуін келді-ау, бірақ назар аударған жан адам болмады. Кімге не дерін білмей біраз тұрды. Ептеп



-108-

жүрек тоқтатты. Сол сәт жанынан шашын ақ қырау шалған жайдары жүзді ұзын бойлы ағай өте берді.



- Ағай, — деді Бауыржан.

Ағай жалт қарады.

- Иә, балақай, бірдеңе айтайын деп пе едің?

- Ағай, сіздердің жұмыстарыңызда бір ақау бар! Соны айтайын деп ем.

- Иә, міне, қызық! — Ағай мырс етіп күліп жіберді. — Ол не? Айта ғой.

- Айтсам, кеше жаңбыр жауғанда анау бұрыштан қабырғаны бойлап су ақты.

- Е-е, мынауың дұрыс екен. Кәне, көрсетші.

Ағай мен Бауыржан кешегі су аққан бұрышқа келді. Тамшының ізі, байқап қарағанға, ептеп ақ сора болып көрініп тұр.

- Әне, ізі көрініп тұр ғой, — деді Бауыржан.

- Көрдім. Мұның дұрыс екен. Бұл — нағыз ақау. Жаңбыр жауған сайын бұл жерден су саулап, ең алдымен үйдің сәнін кетіреді, содан соң, әрине, сылағы түседі, кірпіші мориды. Атың кім, айналайын?

- Бауыржан.

- Мен — Бейсенбек деген ағаңмын. Бауыржан, сен бір болайын деп тұрған бала екенсің, айналайын. Бізге үлкен жақсылық жасадың. Шифері сынған ғой. Біз осы күйі өткізіп кеткенде, күні ертең тұрғындар ренжитін еді. Сен бізді жұрт наразылығынан күні бұрын құтқардың. Көп-көп рақмет! Азамат екенсің! Бала деген осындай болуға керек қой. Өркенің өссін!

Бауыржан ұялып, қып-қызыл болып кетті. Не қыларын білмей тұрып қалды.

- Ағай, мен кеттім, — деді әрең дегеңде.

- Бара ғой, қалқам. Біз қазір сен айтқан жерді түзейміз.

Бауыржан келе, балконға шығып алып, жаңа үй жақтан көз алмай қарап тұр. Көп ұзамай-ақ шатырға екі аға шықты. Екеуі тура кешегі су аққан жерді бір отырып, бір тұрып, қарай бастады. Бауыржан дереу ішке еніп, Талғатқа телефон соқты.

- Алло, — деді Талғат. Талғат, балконға шықшы. Қара, кешегі жерді жөндеп жатыр.

- Қойшы, ей!

-109-

- Шық, көр.



Бауыржан мен Талғат балконға жүгіре шыққанда, құрылысшылар сынған шиферді шығарып тастап, жаңасын қағып жатқан. Мен көрсеткен ақауды жөндеп жатыр.

- Ой, пәле-ай, көрмейтінің жоқ! Жүр, жақын барып көрейік, не істер екен?

- Жүр.

Бауыржан мен Талғат жаңа үйге қарай жүгіріп бара жатты.



КӨК ДӨҢГЕЛЕК

Серікбек пен Мараттың қызықты ойынының бірі — дөңгелек қуу. Екеуінде де бір-бір дөңгелек, бір-бір имек сым. Дөңгелек болғанда - кәдімгі арба күпшегінің ескі құрсауы. Екеуі соны имек сыммен сылдырата қуып айдап, күн ұзақка ойнайды. Ойыннан жалыққан кезде Серікбек деңгелегін мойнына кигізіп ала қояды. Бүл оған дағды болып кеткен. Мұндайда шешесі көріп қалса:

- Қарағым-ау, андағың не? Көйлегінді былғайсың ғой. Мойныңа салғанша, оныңды қолыңа ұстап жүрсеңші, —дейтін қабағын шытып. Шешесінің тілін қаншама алайын-ақ дегенмен, былай шыға бере дөңгелегін мойнына қайта салып алғанын Серікбек байқамай да қалады. Әнеукүні Серікбектің досы — Марат көшеге су жаңа көк дөңгелек дөңгелетіп шықты. Ол сонадайдан-ақ:

- Ей, менің дөңгелегімді карашы, көкпенбек! — деп мақтана айқайлап, Серікбектің жанына ентіге келіп тоқтады. Екі езуі екі құлағына жетеді. Серікбек көк дөңгелекке табан астында қатты қызықты. Көк дөңгелектің сыры жалтырап көзінің жауын алды. Тіпті көк дөңгелектің даусы да оның құлағына қоңырауша сыңғырлап, жағымды естілетін сияқтанды.

- Марат, дөңгелегіңді айырбасташы. Үстіне қызыл құлжамды берейін, — деді Серікбек, қиыла сұрап.

- Е, неге берем! Құлжаң өзіңе, бермеймін, — деп Марат бұртаң етіп, жауапты шорт қайырды. Содан бері: «Шіркін, көк дөңгелекті қолға түсірер ме еді» деген ой Серікбектің жадынан бір шықпай-ақ қойды.


-112-


Бірде осы ойының орайы келе кеткені. Қалай дейсіңдер ғой?

Шаңқай түсте екеуі ауыл алдындағы өзенге қарай үлкен сазды жарып өтетін жалғыз аяқ жолмен жарысып бара жатты. Жолдың екі жағы — тұтасқан шидей-шидей түп-түп бұзаушіңмен. Кенеттен Марат сүрініп кетіп, етпетінен түсті. Қолындағы сым темірі бір жаққа, дөңгелегі бір жаққа ұшып кетті. Бірталай жер озып кеткен Серікбек қайта айналып келді. Бұл кезде Марат шұқшиып көк дөңгелекті іздеп жүрген. Мараттың қолындағы сымның шошайып жүргенін көргеннен-ақ, ол көк дөңгелектің жоғалғанын айтқызбай білді.

Әуелден көк дөңгелекке ынтық болып жүретін Серікбек:

- Тапқан — тапқандікі, ешкі — баққандікі, — деп мәз-мейрам болып қуанып кетті.

Осыны айтып, жоғалған нәрсені тауып алғандардың бермей қоюы бұларда бұрыннан бар әдет еді. Қалай іздеудің тәсілін Серікбек жақсы білетін-ді. Байқап тұрып дөңгелегін қалыңға қарай дөңгелетіп кеп жіберді. Ешбір дыбыс естілмеді. Ол өзінің дөңгелегін тауып әкеп, шөптің арасына қайтадан жіберіп қалды. Осылай лақтыра берді, лақтыра берді. Бір кезде көк дөңгелектің құлаққа жағымды қоңырау үні сыңғыр етті. Серікбек дауыс шыққан жерге жүгіріп барып, әй-шай жоқ көк дөңгелекті, басын қысыңқырағанына қарамай, мойнына кигізіп ала қойды.

- Әкел, дөңгелегімді!

- Иә, саған! Өзім таптым, өзім алам. Керек болса, менікін ал.

Серікбек осы сөзге ғана келді де, үйіне қарай зыта жөнелді. Марат жылаған бойы үйіне қайтты.

Серікбек өз ауласына кірген соң, көңілі орнына түсіп, дөңгелек өзінікі болғандай бір сезімге келді. Енді алайын десе, дөңгелек шықпай, басына кептелді де қалды. Әрі-бері тартқылап көріп еді, болар емес. Оған дөңгелек өмір бойы мойнында жүретіндей болып көрінді. Қорқып кетіп, бақырып жылап жіберді.

Баласының даусын ести сала, шешесі далаға атып шықты.

- Кім тиді, күнім, саған?


-113-

- М-мынау, шықпайды.

- Балам-ай, осы ойынды қой десе бір болмайсың. Басқа ойын құрып қалғандай, - деп шешесі алғаш ұрса бастады. Бірақ дөңгелектің шын шықпасын білгенде, ол да сасайын деді. Ойбай-ау, еңді қайттік?! Ең болмаса әкесі де үйде жоқ, жұмыста еді, — деді ол абыржып. Демнің арасында бірталай адам жиналып қалды. Жиналғандардың ешқайсысы да дөңгелекті қалай шығаруды білмеді. Дөңгелекті алдынан көтерсе — шүйдесі, артынан көтерсе — қалыңдау шот қабағының терісі жиырылып жібермеді.

- Баланы ұжымшардың ұстасына — Әбдірахманға апар. Қолының ебі бар, сол кісі кесіп шығармаса болмас, — десті кейбіреулер. Бұл сөзді естіп, Серікбек одан сайын шошыды. Өйткені ұжымшардың темір ұстасы Әбдірахман — Мараттың әкесі. Серікбекке басына төніп келе жатқан дәу балға елестеді. «Балама әлімжеттік жасағаның қалай?» десе не демек?!

- Ы-ы-ы... бармаймын...

- Бармағаның не, ей! Осы енді салбырап қамыт құсап мойныңда жүрмек пе?!

Шешесі жетектеп ала жөнелді. Бұлар келгенде, Әбдірахман үйінен түскі тамағын ішіп келіп, жұмысқа енді-енді кіріскелі жатыр екен. Серікбекті көрісімен, ол мырс етіп жымиып қойды.

- Жайша жүрсіңдер ме? Түрлерің суық қой.

Әбдірахман осылай дегенмен, күлкілі жүзінен оның барлық жайды білетіні айқын аңғарылып тұр еді.

- Сіз кесіп шығармасаңыз, қайдам? — деп Серікбектің шешесі болған жайды тағатсыздана айтып шықты.

- Соншама үрейленгендерің осы-ақ па? Батыр-ау, сенікі не, көзіңнің жасын көл қылып? Кәне,

бермен келші, көрейік, — деп ұста алақанына сабын езе бастады.

«Қолының ебі бар» деген сол-ау, әлгі кісі Серікбектің маңдайына сабынның көбігін жағып жіберіп, дөңгелекті оп-оңай шығарып алды. Ауырту дегенің не, Серікбек тіптен сезбей де қалды. Серікбектің шешесі жер-көктегі алғысын жаудырып жатыр.

- Жаңа ғана Марат осы дөңгелекті іздеп, ойбай салып еді, бұзақыны дөңгелектің өзі жетектеп келгенін қара-


-114-


шы, — деп Әбдірахман көк дөңгелекті бұрышта үюлі жатқан темір-терсекке қарай лақтырып жіберді. Көк дөңгелек үйіріне қосылған жылқының еміренгеніңдей бір түрлі ыстық үнмен сыңғыр еткендей болды. Серікбектің бетінен оты шықты.

Сірә, ол енді қайтып Маратқа тиіспейтін болар.



ШАНШАР АТАЙДЫҢ ШЕРТПЕГІ
Шаншар атай қызық өзі. Бала біткенге бүйідей тиеді. Қашан көрсең, шертпек алып жатқаны балалардың шекесінен. Ауылдағы бала біткен Шаншар атайға басын тосуды кешпес қарыз деп біледі. Кімде-кім шақырғанына бармай, қиқаңдап кашып кетсе, Шаншар қарт ерінбей-жалықпай, оны кешке үйіне әдейілеп іздеп барып, шертпекті әке-шешесінің көзінше алады. Атай енді аямайды, бағана қашқаныңның жазасына деп, аузына неше шертпектің саны түссе, соны алады. Үш іліксе — үшеу, бес деп қалса — бесеу, он бес деді екен — он бес. Бір қызығы, ауылда жан адам ол кісінің бетін қағып көрген емес. «Әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқтың» дәл өзі бұл Шаншар атай. Бұған балалар қашанғы шыдасын, әлбетте, ә дегенде ауырсынады, бірақ оған атай міз бақпайды. Балалар не қылса, ол қылсын, бірақ оған бірде-бір ата-ана араша түсіп көрген емес. - Өзіңдікі жақсы ма енді? Бағана шақырғанда қарызыңды беріп кетсең болмайтын ба еді? Үлкен кісіні әурелеп, қарашы, — деп қайта баланың өзін кінәлайды.

Шаншар атайдың бұл сырын білетін балалар тынышы осы деп, анадайдан шақырғаннан-ақ шекелерін тосып, икемделе бастайды. Ал, сондайда шертпек алып қана жіберсе жөн ғой, одан рахаты бар ма. Шертпек алу деген жай аты, онымен іс бітпейді. Сылтауы толып жатыр атайдың. Алдымен шұқшиып тұрып үсті-басыңды қарап өтеді. Егер киім-кешегіңнен, не аяқ-қолыңнан бір ши шығып қалса, бәленің болғаны дей бер. Онда шертпек үстіне шертпек жамалады.

-115-

- Мына ердің құлағына қарандар. Кірі бес елі тура! Бес шертпек. Тырнағы аюдай боп кетіпті ғой мына сабаздың, масқара-ай! Төрт шертпек... Шашынды неге алдырмағансың? Мұның үшін үш шертпек. Пәлі, сияның бәрі мына шіркіннің қолында жүр ғой. Азып-тозуын сонша бәтшағардың! Екі шертпек, — деп тізе береді, тізе береді. Құтылып көр енді. Барша балалардың алдында бетің бар, жүзің бар демей масқара етеді өстіп.



Ал үсті-басы тап-тұйнақтай, аяқ-қолы тап-таза балаларды:

- Е-е, міне, азамат! Адам болатын баланы қойсаңшы бұл . Жасынан тындырымды болады бұлар, —деп жер-көкке сыйғызбай мақтап ала жөнеледі.

Шертпек беруден құтылудың бір-ақ жолы бар, ол үшін дойбы ойнап, Шаншар атайды ұтуың керек. Ұтылсаң, тағы пәле, әр ұтылғанына үш шертпектен жамалып отырады. Ал ол кісіні әлі күнге бірде-бір бала ұтып көрген емес.

Шаншар атай — дойбыға жаны құмар, атақты ойыншы адам. Дойбы десе, ішкен асын жерге қояды. Анау-мынау ойыншысымақтарды төрт-бес жүріске келтірмей қағып тастайды. Ал оның соңы біздің шекемізге келіп бір-ақ тіреледі. Сондықтан бала біткен Шаншар атайдың алдынан қия өтпейміз. Сонадайдан сәлем беріп, сызылып тұрамыз. Барлығымыз да ол кісіге тек жақсы жағымызбен көрінуге тырысамыз.

Атайдың балалардың шекесін тызылдатуға неге сонша құмартып тұратынын бірде-біріміз білмеуші едік. Тіпті үлкендер де білмейтін. «Бір еріккен шал» десетін де қоятын. Ал атайдың шертпек алуы мүлде еріккеңдік емес болатын. Егер Бекенге Шаншар атайдың өзі айтпағаңда, ол жайды мүмкін ешкім біле алмас та ма еді, кім білсін...

Атайдың айтуынша, Бекен — адам болатын балалардың бірі. Өздері көрші тұрады. Сол Бекен биылғы жазғы демалыста лагерьге барған. Содан бір ай дем алып, үйіне бүгін тұс ауа келді. «Үйге барысымен, амаңдықтан соң Шаншар атайға жолығып, сәлем беремін» деп-ақ ойлап келіп еді, бірақ үй іші өзін қатты сағынып қалған екен, көкесі мен апасы әрнені кезек-кезек сұрап, шашау шығарар болмады. Бірнеше рет терезеден көз тастап еді, үнемі қыбырлап далада, есігінің алдыңда жүретін атай көріне

-116-

қоймады Бекенге. Содан үй ішінен әрең дегенде босап, төлем беруге келсе, Шаншар атай қолдан шапқан қоңыр домбырасын шертіп, екі қабат көрпенің үстінде жантайып жатыр екен. Шынтағыңда жастық, жаныңда дойбы.



- Ассалаумағалейкум, ата!

- Ә, әликумассалам. Бекен бе, ей, мынау! Қашан кеп қалғансың? Әй, айналайын-ай, атаңды сыйлап, сәлем беруге келдің ғой. Бәсе-бәсе, Бекеннен басқа балалардың бәрі көше таптарлар демеп пе едім. Ауырып жатқанымда біреуі есіктен сығаламады-ау, — деп Шаншар атай Бекеннің қолын алып, кеберсіген ернімен маңдайынан сүйді.

Бекен енді байқады, Шаншар атайдың ат жақты үлкен ақ сұр жүзі сарғыш тартып, азып, әлі күнге жанары сөнбеген қой көздері шүңірейіп қалған екен.

- Ауырып қалдыңыз ба, ата?

- Сен кеткен күннің ертеңіне оңбай жығылып едім, шүкір, әйтеуір. Жан қалды бір жолға. Өтіп бара жатқан заман-ай десеңші, соған да, міне, айға жуықтап қалыпты ғой. Е-е, айтпақшы, шекең шертпекті сағынып қалған жоқ па? Бірақ сені қойшы, таза жерде дем алып, асыр салып ойнап қайттың. Бәрінен де көшедегі шаңға аунап жүрген сумұрындарды айтсаңшы. Бетінен қағатын пенде жоқ. Сыпыра бір шертпек алып, тәртіпке келтірер ме еді өздерін... Ал қарап отырмалық, бермен жақында, шертпек тігіп, дойбы ойнап жіберелік. Байқайын сені...

Бекен лагерьде дойбыны жан-тәнін сала көп ойнап, әбден үйреніп қайтқан. Алғаш кейбіреулерден ұтылып қап жүріп, кейінгі кезде ойыншылдығына жан шақ келмей қойған. Дегенмен де, Бекеннің ойынша, Шаншар атайдан асқан ойыншы жоқ. «Қазір жеңіліп қап, шертпек беретін шығармын» деп қорқақтаңқырады. Шаншар атай жастығын биіктетіп, көтеріліңкіреп отырды.

Бір рет ойнады. Шаншар атай ұтылды.

- Шалымыма келмеуші ең. Апырай, не ғып жіберді? Апай-топайымды шығарды-ау лезде. Қайта тікші.

Шаншар атай екінші рет тағы ұтылды.

-Мынау қайтеді, ей? Жан қоятын түрі жоқ қой өзінің. Еңді бір көрейінші.

Атай бұл жолы да жеңілді.

-117-
- Пах, шіркін, оқыған баланы қойсаңшы бұл, жөні бөлек қой... Бұларға тең келіп болмайды. Бұлар біліммен ойнайды ғой, ал біздікі қайбір ойын дейсің. Тағы тігіп жібер, Бекенжан.

- Шертпегімді беріңіз.

- Әй, жаман неме, шертпекті мен сендерден қайбір қолым қышығаннан алып жүр дейсің. Осылар намыстансын, өнегелі болып өссін, үсті-басы таза жүрсін, өнер үйренсін деп алам да. Міне, сенің басың піскен екен, еңді сенен алмаймын, сен де мені кеш. Ал ана шіріктер де мені өстіп жеңіп құтылмайынша, шертпек алғаным алған.

Шекені ойып кете жаздап тызылдататын шертпектердің сырын Бекен енді түсінді. Бұрын атайдың бұл қылығына кейде ыза болып қалатын, бақса, бәрі бос түсінбеушілік екен ғой. Шаншар атай бұларға титтей де жамандық ойламайды екен, қайта барлығын осылар адам болсын деп істейді екен. Сөйткен абзал атайды қайта-қайта жеңе бергені үшін бір түрлі аяп, іші-бауыры елжіреп кетті. Мейлі, жүз рет ойнайық десе де, мақұл.

- Ата, қазір сіз жеңетін шығарсыз. Жүріңіз.

- Сен мені өйтіп алдаусыратпа. Мен жеңгеніме қуанбаймын, жеңілгеніме қуанам. Біз қай бір ойыншы дейсің. Кезек сенікі, өзің бастап жүре бер, — деді Шаншар атай кеудесін кере бір дем алып.

Атай жастығын жоғарылатып отырды.

- Ал онда жүрдік, ата.

Бекен алғашқы жүрісті жасауға құлшына қол созды.




СӨНБЕЙТІН ҚОЗ
- Бұл жай көкейімнен еш уақыт кетіп көрген емес, көңілдің көмбесінде жатқан сөнбейтін қоз.

- Соно-о-оу, бала кезде болған еді бұл әңгіме.

Мен екінші сыныпты бітіргелі жүрген кезде тау елін ойға — Шу бойына көшірді. Естуімізше, ұжымшарымыз қант қызылшасын өсіретін болыпты.

Ауыл-ауыл, абыр-сабыр болып жататын Кербұлақ ел кеткен соң жым-жырт құла түзге айналды.

Кербұлақтың басындағы Барлыбай аулының жұртында әкем су диірмен ұстайтын біздің үй, қатты қайырым

-118-

жұмыска жарамайтын Ахметжан атай мен Құтым апайдың үйлері көшпей қалған.

Үйі ауылдың жоғарғы шетіндегі Ахметжан атай оқшау отырғысы келмеді білем, біздің үйге іргелес Еркештің бос тұрған тамына кіріп алды.

Ахметжан атай — сыпа, кірпияз кісі. Кесек келбетінен нұр төгіліп тұрады. Қоңқақ мұрны, оның астындағы қалың бурыл мұрты атайдың әжім онша көп сызаттандыра қоймаған қызғылт жүзіне жарастықты болып көрінетін. Атайдың әр сөзі мен қимылынан бекзаттық білініп тұрады. Атай түске дейін көзге көп түспейді, үйінде кемпірінің қасыңда болады. Сөйтеді де өне бойы бір уақытта, көлеңке қисайғанда есік алдына шығады. Сол сәттен бастап атайдың үйреншікті тірлігі басталады. Ал атайдың ол тірлігі — өзінің және біздің үйдің алдындағы бірігіп кеткен айтақырды тазалау.

Атай Әмина апай ақ қағаздай етіп әдемілеп жуған жейдесі мен дамбалын, айыр қалпағын киіп, аласа орындығына қаздиып отырып алып, жалғыз шыбықпен айтақырдың бетіңдегі шөп-шаламды түртіп түре қууға кіріседі. Содан, орындықты ыңғайына қарай жылжытқаны болмаса, осы отырысынан танбай, ымырт жабыларда алаңқайды қылпық қалдырмай тазалап шығады. Күнде осы. Атайдың қолына жалғыз қу шыбықтан басқа ештеңе алмай, тұқшиып отырып-ақ алаңқайды мұнтаздай ететініне бәріміз танданамыз, бірақ ол кісі ештеңені елең кылмайды. Аңда-санда сонау басаттан бері қарай құлап түскен көлеңкенің бергі шеті қай жерге жеткеніне бір қарап қойып, шыбығын қайта шошаңдатуға кіріседі. Шыбық шоршытқан шөп-шаламды аласа қалың шөпті кешіп келе жатқаныңда аяғыңның астынан жанұшыра шоршып ұшқан шегіртке дерсің. Атай қалың шегірткені үркітіп отырған тәрізді мына әрекетінен бір қызық табатын шығар. Мүмкін... Қанша бас қатырсаң да жауабы табылмайтын әрекет еді мұнысы.

Бір күні кораның үстіне шығып алып, етбетімнен түсіп, атайдың бар әрекетін қалт жібермей бақтым да жаттым. Әлі көлеңке түсе қоймаған, атайды күн аямай-ақ қақтады. Атай маңдайынан шып-шып шыққан, қалпағының астынан шүмектеп аққан ащы терді жаялықтай орамалымен оқтын-оқтын сүртіп қойып, жұмысын тоқтатпады.

-119-

Біраздан соң үлкен бір сона ызындап кеп, атайдын бетіне, мойнына тиіп-тиіп өтті. Атай бар болғаны мойнын ішіне алып, тыржың ете қалып, жұмысын жалғастыра берді. Көлеңкемен бірге алаңқайға қалың шыбын-шіркей келді, бөрі атайдың басын айналып ұшады, өлермендері көзіне кіріп, мазасын алды. Күннің қызуынан да, сонаның ызыңынан да, шыбын-шіркейдің жабылғаны жаман еді, алайда, атай елең қылар емес, таласа талай берсін, не қылар дейсің деген сыңайы анық байқалып тұрды.



Шыбын-шіркей маған да кіріскен. Бірақ мені қойшы, аяқ-қолым бос, бір секірсем, зып беріп үйге кіремін де кетемін. Ал атай шыбын-шіркей тұрмақ, олардың көкесі жабылса да жұмысын тоқтатар емес.

Мен қорадан секіріп түстім де, қолыма қабырғаға сүйеулі түрған жалпақ күректі ала салып, ерсілі-қарсылы сілтеп, шыбын-шіркейді жасқап қуа бастадым.

- Ой, жолың болғыр, мұның нең? Тоқтат!

Мен кілт тоқтадым. Менің көмекке келгеніме қуанудың орнына зекігені несі атайдың?!

Атай менің өңім бұзылып кеткенін көрді, ренжіп калғанымды сезді.

- Әй, балам, өйтіп ожырайма. Бұл Кербұлақтан ел кеткелі жер ғана емес, ұшқан құс, жүгірген аң да жетімсіреп қалды. Сона соратын, шыбын-шіркей шағатын адам да, мал да жоқ. Сонда бұлар мені айналдырмағанда кімді айналдырады? Тиме сорсын, шақсын мені.

Мен түсінбейтін жай енді тіптен көбейді.

- Сонда қалай?..

Әрі қарай аузыма сөз түспеді.

Жақсы болғанда сөзімді Ахметжан атайдын өзі іліп әкетті:

- Біліп қой, бұл Кербұлақ жетімсіремеуі керек. Мен күніге күнге борсып, басы-көзімді маса-сонаға сорғызып бостан-босқа отыр дейсің бе мұнда? Мына алаңқайға су сеуіп, сыпырғышты сілтеп-сілтеп сыпырып тастауды білмейді дейсің бе мені? Жо-о-оқ, білемін. Елі кеткен Кербұлақтың мына кішкентай бір қолтығында өмір нышаны ұзағырақ білініп тұрсын деп шөп-шаламды әдейі жалғыз шыбықпен түрткілеймін. Сендер де қарап жүрмеңдер, Кербұлаққа бір пайдаларыңды тигізіңдер.

- Сонда не істеуіміз керек?

-120-

- Ойнаңдар. Ана кішкентай балаларды тоспаға ертіп секіріп, асыр салып шомылындар, Қарабетке шығып, ылдиға қарай тас домалатып жарыстырыңдар, түнде жамырап жұлдыз санаңдар, кешке қол жайып Аймен амандасыңдар. Айға не деп сәлем беретінін білесің бе өзің?



Ай көрдім,

Аман көрдім.

Ескі айда есіркедің,

Жаңа айда жарылқа, —

дейді.


- Білемін.

- Жөн. Білгенің жақсы. Ал оңда бар, ойна. Бала ойнаған жерде бақ болады. Балалы үй ғана емес, балалы жұрт та базар. Айналайын Кербұлақ сеңдер барда жетімсіремейді.

Ахметжан атай жалғыз шыбығына ұзындығы бір сүйемдей шөпті іліп алып, атып жіберді.

Мен атайдың сөзі көңілімді әлейім-жәлейім етіп тұрып қалдым. Ойланған болдым, бірақ атайдың сөзінің байыбына жете алмадым.

Өсе келе түсіндім: Ахметжан атай біздің туған жеріміз — Кербұлақты шексіз сүйген екен.

Атайдың сөзі сол сәтте-ақ көкейіме сөнбейтін қоз болып ұялаған. Содан бері ол атайдың ғана емес, менің де Кербұлаққа шексіз сүйіспеншілігім болып маздайды да жатады.



ЖАҢА ДОС
- Қабыл, торы атты суарып келе қойшы.

- Бармаймын.



- Неге?

- Жолда бір бала үркітеді.

- О кім?

- Есбол ағайдың баласы. Кеше үйінің жанынан өте беріп ем, Құттөбет деген итін қосып, айтақтап қуды. Торы ат алып қашып кете жаздады. Әрең тоқтаттым. Тағы үркітеді, бармаймын.

- Астыңда жалаңдаған ат тұрып, жаяудан қорқасың ба? Бар, суарып кел!

- Ауыздығын салып бер, әйтпесе.

-121-

- Алулысы жақсы, сылдырлап отырады. Сылдырына құлақ тігіп алданып, ат жан-жағына жалтақтамайды. Ауыздығын салып қойсаң, не болса, содан елеңдеп, үрке береді. Кел бері, аяғыңнан алып жіберейін. Әлдекімнің баласы құсағаны несі-ай жасымсып.



Қабылдың бетіне жігер оты ду етіп шапшып шыға келді. Әрі қорланып, әрі шамданып, торы аттың жалына жармасты. Қолы бір уыс жалға тиер-тиместен, әкесі аяғынан алып, Қабылды тоқым үстіне дік еткізді.

Торы ат басын шұлғып тастап, тізгін кере, жіті аяңдап келеді. Күмістелген ауыр ауыздықтың сылдырына қамыс құлағын қайшылап қояды. «Шынында да, ауыздығын алып қойған жақсы екен ғой. Сылдырына алданып келеді» деп ойлады Қабыл. Егер ары өтіп бара жатқанда ол көрінбесе, қайтарда ауыздығын салмай-ақ қояйын. Ал көрінсе, қайтсем де салып аламын!»

Қабыл көшенің аяғына жақындап қалды. Сол жақтағы ең шеткі шатырлы ақ үй — агроном Есбол ағайдікі. Есбол ағай бұл ауылға қызметке жыл басында ауысып, алдыңғы күні көшіп келді. Көшіп келгені бар болсын, Қабылға жақпады.

Кеше күндегі әдетімен өзеннен торы атты суарып қайтқан сапарында осы үйден Қабылдың өзі қатарлы мұрны делдиген бір қара бала:

- Құттөбет, Құттөбет, айт, айтақ! — деп жұлқынып жүгіріп шықты. Әбден әккі болған қу екен, кішкентай сары күшік шәуілдеп, жүгірген бетімен кеп, торы аттың аяғына жармасты. Торы ат жалт бермесі бар үркектеу жылқы еді, құлағын жымқырып ала жөнеле жаздап, тыпыршып қалды. Құттөбеттің айрылатын түрі жоқ, аттың аяғына оралады. Бейтаныс бала далбақтап жүгірген бойы ентелеп келіп, аттың астына кіріп кете жаздады. Сондай да шатақ бала болады екен! Шыбықпен торы атты осып кеп жіберді. Торы ат атып кетті. Қабыл ауып түсіп қала жаздады. Тізгінін тежеп үлгергенше болмады, ала жөнелді. Ал басын тоқтатып көр енді! Қабыл «құрыған екенмін» деп ойлады. Бұл маңда торы атқа жететін жылқы жоқ, өрен жүйрік. Артынан дүбір шықса, қозып кететін жел табан ұрма. Қабыл шабу тұрмақ, желуге қорқатын. «Қай күні ала қашар екен» деп жүрексініп, үнемі сақ жүретін.

Міне, енді алып қашты.


-122-


Торы ат көсіліп келеді. Бірақ шабысы сондай жайлы. Шуылдап жел еседі. Қабылдың көзі жасаурап, торы аттың қос құлағынан басқа дүниені көрмей қалды. Жер мен көктің арасында, қос құлақтың соңынан ұшып келеді. Жалдан қос қолдап ұстап, қатып қалды. Артынан тасыр білінбеген соң, торы аттың желігі бірте-бірте басылып барып тоқтады. Қабыл өзіне-өзі келсе, үйінен бірталай жер асып кетіпті. Екі қолы тас боп қарысып қимылдамайды. Қалай жығылмай қалғанына қатты таңданды, әрі қуанып кетті.

Ал бүгін не болар екен? Қабыл соны біле алмай қобалжып келеді. Қабыл агроном үйінің тұсынан өте берді. Жалтақтап бір-екі рет қарады, ешкім көрінбеді. Әжептәуір жер ұзап қалған, арт жағынан:

- Әй, бала, сені ме, қазір қайтарда болсын! — деген дауыс келіп жетті. Жалт қараса, кешегі бала есігінің алдына шығып ап, жұдырығын түйіп, қоқиланып тұр. Жаныңда Құттөбеті. Бала да, Құттөбет те басынып тұр. Қабыл күйініп кетті: «Осыдан қайтарда болсын, аттың ауыздығын салып алайын. Сонан соң күшігің тұрмақ төбетіңді қос, қорқар ма екем! Тапқан екенсің қорқақты! Жығылмақ түгіл, өліп кетсем де, жолыма тұрсаң, Құттөбетіңмен қоса қарып өтермін!» — деп тістене кіжінді.

Қабыл Шу өзенінің жағасындағы ұзынша өрлеуіттен шоқыта шықты. Торы ат соған-ақ желігіп, қос құлағын дамылсыз қайшылап, көрінген шөптің басына қарап секемденеді. Жіті аяңдап, лепіріп, жер-су баспай келеді. Қабылдың жүрегі қобалжи бастады. Торы аттың тағы да алып қашуы мүмкін. Қабыл тек тізгінді мият тұтады. Жаңа, суарған соң, ауыздығын салып алған. Жұдырығын түйіп қалған баланы Қабыл анадайдан көрді. Көшені қиып өтетін арықтың көпірінің дәл ортасыңда шөлтиіп тұр. Қолындағы ұзын шабақпен қара жерді осып-осып қояды. Құттөбеті жанында, екеуінің де күткені Қабыл.

Қабыл әжептеуір жерден дауыстады.

- Ей, бала, былай тұр, ат үркеді.

- Атаңның басы саған! Жақыңдап көр осыдан. Су жүрек, қорқақ. Қорықсаң, басқа көшемен жүр.

Қабыл ашуға булығып кетті. Астында жалаңдаған ат


-123-


тұрып, жаяудан қорықпақ па? Тебініп қалып, торы аттың басын қоя берді. Осыны күтіп келе жатқаңдай-ақ, торы ат атырыла жөнелді. Көзді ашып-жұмғанша көпірдің үстінен зу етіп өте шықты. Жаңа ғана айбарланып тұрған батырың шошып қалып, қайда қашарын білмей, киім-миімімен арықтағы шалшық суға қойып кетті. Сары күшік — Құттөбет қыңсылап үйіне тығылды.

- Ауыздығын салып алыпсың ғой, шапқансың-ау, шамасы?



Қабылдың әкесі Әбу — ұжымшар бригадирі. Қысы-жазы торы аттан басқа жылқының үзеңгісіне аяқ салмайды. Торы аттың үстіне де өзінен басқа шыбын жорғалатпайды. Шаппақ түгіл, желсең, жаны шығып кете жаздайды. Әкесінің бұл сырын ете жақсы білетін Қабыл.

- Жоқ, шапқам жоқ, - деп ат-тонын ала қашты.



- Енді неге салып алдың ауыздығын?

- Ана бала үркітсе, алып қашпасын деп.

- Үркітті ме? Қайтті?

- Үркітті. Бірақ атты кісі жаяудан қорқа ма?

- Онда сен қазір осы бойыңмен сол баланың үйіне барып келе қойшы. Бүгін егінді аралап қайтамыз ба деп ек. Соған Есбол бара ма екен? Біліп қайт.

Қабыл келсе, Есбол ағайдың ауласы абыр-сабыр екен. Үсті-басы малмандай, суға салған қоразға ұқсап сүмірейіп жаңағы «батыр» жылап тұр. Шешесі:

- Кімнің баласы ол өзі, тыюсыз өскен? Ат басып кетсе қайтеді, а? Ойпырмай, ойпырмай, құдай сақтаған екен қайта, — деп күйіп-пісіп бұрқырап жатыр.

- Әне, өзі де келді. Міне, мына оңбаған. Осы, осы... — деп екіленді бейтаныс бала.



- Қой, оның ондайы жоқ еді ғой. Бірдеңеге келдің бе, Қабыл? — деді Есбол ағай.

- Көкем жіберді сізге. Бүгін егінді аралаймын депсіз. Бара ма екен? — деді.



- Көкесі кім еді мұның? Оған айтып қоймаса, мынауың бір күні атқа қақтырып елтірер баланы, — деп бейтаныс баланың шешесі Қабылға суық көзін қадады.

Қабыл қызарып кетті.

- Апай, балаңыздың өзі кеше де, бүгін де ит қосып айтақтап, атымды үркітеді. Бүгін көпірдің үстіне шығып апты. Өзін ат басып кете жаздады.

-124-


- Бәсе, Әмірқұлдың өзінен де бар шығар. Қой, екеуің жауласуды тастаңдар. Сен жөн-жосықсыз жұрттың атын үркіткенше, қазір киім ауыстырып ки де, Қабылмен бірге барып, ат қорадан маған ат алып кел. Әмірқұл киініп шықты. Есбол ағай Әмірқұлды көтеріп, Қабылдың артына мінгестірді. Екеуі алғаш бір-бірінен қашқақтап отырып еді, ат аяңының ырғағы екшеп, тым жақындастырып жіберді. Біраздан кейін Әмірқұл жаңағының бәрін ұмытып, Қабылдың белінен қапсыра құшақтап алды.Қайтарда екеуі екі аттың үстінде үнсіз келе жатты. Әмірқұл Қабылға жалтақ-жалтақ қарап қояды. Бірдеңе дегісі келеді, бірақ не демек. Бағана өзін атпен қақтыра жаздап, арыққа жығып кеткен жоқ па? Енді несіне бірінші болып сөз қатпақ... «Өзім емес пе, егер мен оған ит қосып, атын үркітпеген болсам ше...» Осы ойлар сапырылысып, Әмірқұлды жегідей жеп келеді. Ол бір кезде Қабылға тізе түйістіре жақын келді де:

- Кел, дос боласың ба? — деді.

- Болсақ, болайық.

- Жарысайық ендеше.

- Кел, — деді Қабыл да тізгінін жиып ұстап.

Екеуі де бір мезетте тебініп қап, аттарының басын қоя берді.



БІР АРҚА ОТЫН
Сәске түс. Асқар ұйқылы көзімен есігінің алдына шықты. «Жақсы болды ғой, шекесін қыздыратын бала таба алмай тұр едім» дегендей Күн жымыңдап, бар қызуын Асқарға аямай төкті Асқар манаурап тұрып Күнге қарап еді, жалт етіп көзіне шағылысты. Көзін алақанымен көлегейлеп, төмен қарап кетті.

- Асқар, бері келші! Бері келші!

Асқар жалт қарады. Айжан қақпа аузыңда шыдамсызданып, шыж-быж болып тұр.

- О не? Не боп қалды?

- Бері келші, келген соң айтам. Асқар Айжанның жанына келді.

- Ал не? Неменеге асығасың сонша?

- Жолдаяқ отынның үстіне жатып апты, тұрмайды.

-125-
Апам сүтті пісіріп қой деген. Соған отын алайын десем, ырылдайды. Отынға жолатпайды. Мен одан қорқам. Сен қуып жіберші.

- Мақұл, жүр.

Айжан — Асқардың көршісі, екеуі түйдей құрдас — сегізде. Екеуінің де шешесі ұжымшардың қызылшасында істейді. Сүт пісіру, түсте апалары келерде шай қайнатып қою — Асқар мен Айжанның үйреншікті жұмысы.

Апалары:

- Бір-біріңе бас-көз болындар. Ұрыспай ойнаңдар, - деп кетеді жұмысқа. Апалары айтсын-айтпасын, онсыз да екеуі — тату достар. Бір-бірінен көмектерін аяған күні жоқ. Асқар Жолдаяққа ыза боп келеді. «Қап, мынаның басынуын қарай көр, ей. Көрсетейін мен оған. Осы қыздар да қызық, не болса содан үркіп тұрады. Әйтпесе сол жаман иттен де адам қорқа ма?» Асқар көшеден жұдырықтай-жұдырықтай үш тас алды. Басқа жер жетпегендей-ақ, Жолдаяқ бір арқадай жусанның үстінде бүк түсіп жатыр. Үлкен саялы талдың көлеңкесі оны күннен қалқалап, өзінше бір рақат дүние тауыпты. Бірақ отын да керек қой!

- Кет, ей. Кет, жоғал!

Жолдаяқ «мына балаға не жоқ» дегендей, міз бақпай жатқан күйі Аскарға ала көзімен ата қарады.

- Кет! Тұр, бар!

Жолдаяқ былқ етпеді. Асқар таспен жіберіп ұрды. Тас тимей кетті.

- Ыр-ыр-р!

Жолдаяқ басын көтеріп ап, тісін ақситып айбат көрсетті. «Енді ұрсаң, қолыңда өлем» деген түрі бар.

Асқар сәл сескеніп қалды.

- Ей, мынау қайтеді, ей!

- Асқар, қой! Енді ұрма, қауып алады.

- Қапса, қапсын. Қайтсем де қуып жіберемін!

Асқар да қасарысып алған. Дәлдеп тағы ұрды. Тас зу етіп барып, Жолдаяқтың жон арқасына тиіп, жерге домалап түсті. Жолдаяқ арс етіп жүгіріп барып, тасты бір қауып алды да, желке жүні дүрдиіп, ашулы кейіппен Асқарға ұмтылды. Мұңдай оқыс қимыл күтпеген Асқар қапелімде үрейленіп, бұрылып қаша жөнелді. Сол-ақ екен, тасқа сүрініп, етбетінен түсті. Асқар орнынан қайта тұрамын дегенде, ит оның балтырынан бір қарпып өтті.

-126-


Айжан Жолдаяқ Асқарға тұра ұмтылғанда-ақ, бетін басып, шыңғырып жіберген. Еш нәрсені көрмей қалды. Көзін ашып алса, Жолдаяқ артына қарап қойып, бір нәрсені тындырып тастағаңдай алшақ басып, үйді айналып барады екен. Балтырына үңіліп Асқар отыр. Айжан Асқардың жанына жүгіріп келді.

- Не болды, Асқар! Қауып алды ма?

- Қапса, қапсын. Отынды босатса, болды.
« ӘЛІППЕ»
Жұмаш пен Әділ дәл есіктің көзінде ұшырасты. Алақ-жұлақ етіп келе жатқан Әділ шалқалап ашылған есікке шекесін соғып ала жаздады. Жұмаш екенін көре сап:

Байқасаңшы, — деп шаңқ ете түсті. Байқасаң, байқамайсың ба? Кайдан білейін сенің есік көзіңде тұрғаныңды.

- Мейлі енді. Жүр, шатырдан мұз түсіріп жейік. Жұмаштың соңынан іле әжесі келе жатқан. Әділдің сөзін естіп қалды:

- Бар болғырлар, аулақ ойнаңдар! О неменем, есіктің көзіне топырлағаны.

Күнім әжей балаларға ашуланғансып жасқап, үйді айналып кетті.

- Жұмаш жүр, әйтпесе, бұзау сарайға барамыз. Мұздың әкесі соңда.

- Құрысын. Тайжан ұрсады.

- Кім айтты оны? Тайжан мая жақта жүр. Арбаға шөп тиеп жатыр, білдің бе?

- Қазір-ақ тиемей ме? Кеп қалады.

- Кім айтты оны? Сауыншылар қазір босатты арбаны. Оған арба жаңа тиді. Әлі қайда ол келгенше.

- Керегі жоқ, бармаймын. «Әліппе» оқимын.

- Сен жүр деген жаққа мен ұшып тұрам ғой. «Әліппені» мен де оқығам жоқ. Кешке оқимыз. Жүр.

- Ал жүре қойшы.

Жұмаш пен Әділ бұзау сарайға келді. Шынында, мұздың әкесі осында екен. Шифер шатырлы бұзау сарайдың күнгей беті бұжыр-бұжыр самсаған сүңгі мұз. Шатырдағы тығыз қар жіпсіп еріп, мөлдір тамшылар мұз

-127-


бойымен жүгірген қалпы тамып кетіп, жерге жарыса үзіліп түседі.

- Айттым ғой, мұздың әкесі осыңда деп. Мен ұрып түсіре берейін, сен жерге жеткізбей қақшып алып жинай бер, - деді Әділ.

- Мақұл.

Әділ жерде жатқан мұз сынықтарымен салбырап тұрған сүңгіні ұрып түсірумен болды. Ал Жұмаш қағып алып, қардың үстіне жинап жатыр. Екеуі де ұрттарын бұртитып мұз сора бастады, Бірер сынық сорғанға ауыздары тастай боп, тістерінің түбі сыздап, енді қайтып мұзға беттегілері келмей қалды. Әділ атқылаудан жалығар емес, Жұмаш зерігіп кетті:

- Мұның бәрін қайтеміз жинап? Тастайық, құрысын.

- Кел онда, екеуіміз екі жақтап, сүңгінің бәрін түк қоймай қиратып кетейік.

Енді екі жақтап атқылады. Сатырлап сынған мұзға мәз болып екеуі бар дүниені ұмытқан. Арба сықырлап келіп қапты.

- Шүу, жануар шүу! — деген Тайжанның жуан даусы тым жақыннан шықты.

- Әділ, Тайжан кеп қалды.

- Қорықпай-ақ қой, көрмейді. Арғы жаққа шөп түсіріп жатқаңда зытып кетеміз.

- Көрмесе, көрмесін. Жүр енді кетейік.

- Тұра тұршы, әне бір дәу сүңгіні ұшырып түсірейін.

- Анау шеткі ұзынды айтасың ба? Оған құлашың жетпейді, алыс қой. Әуре болма.

- Қазір мына тасты қырындатып сүйкете жібергенде көресің, ол тұрмақ, сол арадағының бәрін қиратам.

Әділ тасын бар пәрменімен жіберіп кеп қалды. Су-су қолынан сусып кетіп, тас жер бауырлай ұшқан қалпымен дәл алдындағы терезеге барып тиді. Саңғыр етіп, терезенің бір көзі ойылды да қалды. Тас қирата-мирата ішке сүңгіп кетті.

Бұл кезде арба сарайдың алдына келіп тоқтаған. Әділде үрей қалмады. Тасамен үйіне дейін безді. Жұмаш та үйіне қатты алқынып келді. Әйтеуір бір тәуір жері екеуі көзге түспеді.

Тайжан балаларды бұзау сарайға көп жолатпаушы еді. Маңайына жолап кеткен бала пәлеге қалатын. «Есікті ашып кетесің. Бұзаулардың бір жеріне зақым келті-


-128-


ресіңдер», — деп қызғыштай қорып, қуып шығады. Міне, енді Тайжанның сол айтқаны болды.

Жұмаш не істерін білмеді, ештеңеге қолы барар емес. «Әліппесін» өрі-бері аударыстырған болды. Оқи алмады.

- Шұқшиып қағаздан басқаға қарамайсың. Бала деген бір мезгіл үй шаруасына да қарайласуы керек қой. Тұр, су әкел. Кешкі тамақтың қамына кірісетін уақыт болып қалыпты.

Әжесі пештің жанында жүн түтіп отыр еді. Осыны айтты да, шашылған жүнін жинастыра бастады.



Жұмаш мойын ағашпен суға келе жатыр. Амалсыз бұзау сарайдың алдынан өтеді. Жолы — сол. Арба бос тұр. Іште бұзауларға шөп салып жүрсе керек, Тайжан көрінбейді. Жұмаш арбаға қатарласа берді. Дәл сол мезетте, қолында айыры, Тайжанның шыға келгені:

- Әй, Жұмаш, тоқтай қал. Терезені құртқан сендер ме?

- Жо-о-оқ.

- Апырай, ә! Сиырдың мүйізі тиіп кетті ме екен? Демнің арасыңда көзі үңірейіпті де қапты. Жел улеп, жас бұзаулар бүрсеңдеп тұр. Шөппен тығындаған болдым. Үйлеріңде ескі әйнек немесе фанер тақтай бар ма? Бірдеңе қып мықтап бітемесе, бұзауларға суық тиетін болды түнде, — деп Тайжан шашылған шөпті тырмалай берді.

Ыңғайы бұлардан көрмеген сияқты. Бірақ Жұмашқа Тайжанның сөзі қатты батты. Анада алғашқы қарда, он шақты бұзау суық тиіп ауырғанда, мал дәрігері бес-алты күн жатып емдеп, әзер жазған. Қазір суық тиіп ауырса, қырық-елуі бір-ақ ауырар. Оған кінәлі Әділ екеуі емес пе? Әділ болса, бүлдіріп алып, үйінен шықпай қойды. Тайжан сұраған ескі әйнек, фанер тақта бар ма еді? Жоқ. Көзіне түскен емес. «Әй, осы «Әліппемнің» қабы тура келмес пе екен? Ол да сынған көз сияқты сопақша еді. Не де болса, соны салып көрейін».

Жұмаш өзеннен су әкеле жатып, Тайжанның арбамен сиыр сарайды айналып кеткенін көрді. Неге кетті? Жұмаш оны біледі. Бұзаулардың астына төсейтін топан әкеледі.

Жұмаш суды үйге кіргізе салып, «Әліппесін» қойнына тығып, бұзау сарайға қайта келді. Текпішекке шығып, «Әліппесін» сынған көзге туралай қойып еді, дәл бір өлшеп-пішіп қойғандай қона кетті. Жұмаш ойланып тұрмады, «Әліппесінің» қабын жұлып алып, әйнек көзін


-129-


әдемілеп бекітгі. Жерге түсіп, анадай жерден бұрылып қарап еді, «Әліппе» деген қызыл жазу мен мұндалап бүкіл терезені сәндендіре түскендей екен. Көкірегін қуаныш сезімі биледі.

Тайжан бұзаулардың астына сабан төсеп жүріп, әлгі сынған көздің жымдай боп бітеліп қалғанын көрді. «Қағаз ба өзі, немене?» деп қайран қалды. Жақын келіп, үңіліп қараса, кітаптың қабы. «Е-е, мұны бітеп жүрген Жұмаш екен ғой. Қарай гөр, ей! Бір айналайын бала өзі. Кітабы өзіне керек емес пе екен? Бір ебін жасайтын ек қой» деп ойлады.

Ертеңіне бірінші сабақ «Әліппе» болатын. Жұмашпен бірге отыратын тазалықшы Майра:

- «Әліппеңнің» қабы қайда? Неге жыртасың? — деп жатып жабысты.



Жұмаш не дерін білмей, тұнжырап отыра берді. Не демек?.. Ол Әділ досын әшкере еткісі келмеді. Өз ісін елеусіз санады. Нұрғиса ағай балаларды түгендеп болар-болмастан, Майра қолын көтерді.

- Ағай, Әбиіров «Әліппесінің» қабын жыртып тастапты.

- Әбиіров, Майра рас айта ма? Неге жыртасың?

Жұмашта үн жоқ. Қып-қызыл боп жерге карап тұр.

- Сені, тәртіпті, жақсы оқушы деп жүрсек. Оның нең, кітабыңды бүлдіргенің?

Жұмаштың астыңғы ерні салбырап, көзі жасаурай бастады. Белгісіз бір сезім жүйке-жүйкесін босатып бара жатыр. Жұмаш басын жұлып алды. Балалардың бәрі состиып қарап қалған. Тек Әділ ғана партаға жабысып, құнысып отыр.

- Әділ байқамай сарайдың терезесін сындырып алды. Соған...

Жұмаш сөйлей алмай өксіп кетті. Партаға мөлт-мөлт тамшылар жарыса тамды.


КӘКЕННІҢ ОЙЫНЫ
Кәкеннің атасы мен Дәмбай қарт төменгі сиыр сарайына күнде барып, жүмыс істеп қайтады. Жұмыстары — сүрлем шұқырын қыстан қалған шіріктен арылту. Өзі бір бітпейтін-ақ жұмыс.

- Бізге бір ермек керек. Қарап жүргенше, осыны таза-



-130-

лап берейік, — деп өздері бригадирден сұрап алған болатын. Енді бітіре алмай әуре. Оның үстіне кеше бригадир келіп, жап-жақсы амандасып тұрып, бір сөзінде:

- Әлі бітірмегенсіндер ме? — деп қалды.

Екі қартқа батқаны осы. Бір аянған күндері жоқ. Қайтпек? Кей шұңқырлар сол бойымен шірік-ескі сүрлем. Екеуі айырларына сүйеніп тұрып, кінәні сауыншыларға артады. Бірінші сөзді Кәкеннің атасы Далдан қарт бастады.

- Шіркіндер, қыстай не беріп шыққан сиырларына?

-Апыр-ай, десеңші! Бәрі орнында жатыр. Мұны білмей Спан кінәні бізге артып кетті-ау.

- Енді қайтсін. Бізге оңай тимегенін білгенімен, сол ерің шұңқырлардың ерте тазарып, саңғырап кепкенін жақсы көреді ғой. Сондықтан айтқаны да.

- Кәрі қойдың жасындай жасымыз қалғанда, тағы бір сөз естіп жүрмейік, қимылдайық.

Екі қарт әбден қас қарайғанша қимылдады. Үйлеріне екеуі де тұралап шаршап жеткен.


* * *
Кәкен кинодан келсе, атасы терлеп-тепшіп шай ішіп отыр. Таң қалды. Бұл уақытта атасы мен әжесі ұйқыға қам қылып жатушы еді. Тіптен жатып та қалатын.

- Қайда жүрсің, қарағым? - деді атасы. Жауабын да күтпей, еңкейіп кемпірінің қолына кесесін беріп жатыр.

- Кинодан келдім.

Әжесі кесені қолына алған бойы бағжаң ете қалды:

- Бұл не деген таусылмайтын кинә өзі! Кинө, кинә деп күнде тентірегенше, атаңа көмектессең нетті? Өлімші болып жаңа жетті.

- Не болды, ата?

- Ештеңе жоқ. Сен баланың мазасын алмай тыныш отыр. Керек киносын көреді де балалар. Онда нең бар?

- Өзің емес пе, жаңа бригадир «тез бітіріңдер» деп кетті деген? Текке көше таптағанша барсын, көмектессін саған.

- Мейлі, онда. Ертең мен де барайын, ата.

- Қой, балам, буының қатсын. Жаның тірі болса, жұмыс табылар. Сеңдер істемегенде, осы жұмысты кім істемек? Біздің сиқымыз болса мынау.


-131-


- Жасымсытатын ештемесі жоқ. Отау иесі болатын уақыт жетті ғой, бұрынғы уақыт болса. Барсын!

- Барамын.

- Кел тамағыңа.

Әжесі Көкеннің алдына табақпен ет, кесе толы сорпа әкелді.



Сорпа ішпеймін. Шай ішемін. — Көкен сорпаны кейін жылжытты.

- Іш. Реңің кірмейтіні осы ғой. Ет — етке, сорпа — бетке. Ішіп ал, күнім. Мен саған ұрыссам, жақсы болсын деп ұрсамын. Ішіп ал осыны...


** *
Кәкен атасы екеуі бір шұңқырға түсіп істеді. Ал атасы күңде Дембай екеуі бірлесіп істейтін. Содан екенін, жоқ өздерінің әдеттері екенін, екі қария өлсін-өлсін тысқа шығып, насыбай атып, демалып отыра берді.

Сондай бір ретте, Кәкен бір айырды көтере бергенде, әлгінің астынан құлаштай қара шұбар жылан шыға келді. Көкен анадай жерге атқып шықты. Жылан жиырылып алып, қап-қара айыр тілін сумаңдатты. Кәкен ептеп бойын жиды. Жақындап келіп, жыланды айырымен салып өтті.

Жыланды өлтіргесін, Кәкен сергіп қалған. Енді сол жыланды атасының аддына көміп, қызық көрмек болды.

Атасы келіп жұмыс істей бастады. Көкен күлкіге булығып тұр. Үні шығып күлермен болған соң, аяғының астына тесіліп, құдиып алған. Қалай болғанын байқамай қалыпты, атасы балаша секіріп арбаңдап жүр. Мойнында өзі көмген жылан, түсетін емес. Атасы басыңдағы бөркін жұлып алып, мойнын сабалады. Жылан жерге былқ ете түсті. Сұлқ жатыр. Атасы барып қарады.

- Мына патшағар тірі ме, өлі ме? — деп аударыстырып үңілді.

Кәкен алғаш күліп, кейін өзі де қорқып қап, сұп-сұр боп тұрған. Атасы баласына қарады. Түсіне қойды. «Баламысың деген! Бүйтіп те ойнайды екен?»


** *
Енді кешке дейін шүйіркелесіп сөйлеспеді. Көздері тайқып, қашқақтай берген. Ауылға да үнсіз келе жатты. Дал-

-132-


дан қарт дәл қазір өзіне ренжіді... «Менікі не? Өліп қалған жыланға бола түйеше тайраңдап! Балаға күлкі болдым».

Кәкен де қысылып келеді. «Қап! Мойнына оралады деп ойласамшы. Екі ортада атамды ренжіттім». Кәкен атасына бір жылы-жылы сөздер айтпақ болды. Бірақ ол аузына түспеді. Тілінің ұшында тұр, шықпайды.

-Ата! — деді ауыл қарасы көрінгенде. Үні қарлығып шықты. — Бағанағыға ренжіп қалдыңыз-ау!

-Жоқ, неге ренжиін? Шаршап келем.

-Ататай, ренжімеңіз, мен ешкімге айтпаймын.

-Айта бер, қарағым. Қартайғанда бір балалығы дер жұрт. Айта бер.

-Жоқ, айтпаймын, ататай!

Жаңдарынан бір ауыр жүк машинасы өтті. Қалың қою шаңның арасында қалды. Далдан қарт атына қамшы басқан, шаң тұманнан сытылып шыға берді.

- Дұрыс, балам, дұрыс. Қартты қорқытып алып, аяғансиқыңнан айналайын сенің.

Атасы Кәкенді бауырына тартты. Кәкен мұрнын атасының қолтығына тыққан, ыстық екен. Көңілі жадырап, еңсесін басқан ауыр жүктен құтылғандай болды.

- Тентегім, жақсы бол!

Атасы Кәкенді арқасынан қағып, бауырына қыса түсті.



АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ
Көктемнің шуақты бір күніңде ауылдың аяғыңдағы тас жолдың екі жақ бетінен, екі телеграф бағанасына көкала жазу іліне қалды. Аялдама жарнамасы екен бұл. Ертеңіне-ақ ауданнан ұжымшар орталығына автобус қатынай бастады. Енді аудан орталығына да, ұжымшарға барушылар да бұрынғыша жаяу-жалпы шұбыруды тоқтатты. Лезде-ақ автобустың сағат сайын бір рет қатынайтынына үйреніп алыстық, аялдамаға жиналамыз. Рақат!
* * *
Осы аялдама жарнамасын мен бостан-босқа қираттым. Әншейін бір күтпеген оқыс іс болды.

Кендірбай екеуіміз «Орленоктерімізді» мініп, тас жолға шыққанбыз. Канал көпірінен өте бере, Кендірбай:

-133-
- Өскен, кел, анау аялдамаға дейін жарысайық, — деді.

- Кеттік.

Ағыза жөнелдік. Шүу дегенде алға шығып кеттім. Негізінде Кендірбай озатынды, қатарласа берді. Енді болмаса озып барады, кілт тормоз бердім. Қарасам, жолдың келесі бетіндегі аялдаманың тұсы екен, қуанып кеттім. Кендірбай біраз жерден барып оралды.

- Не болды саған?

- Не болғаның не? Сен қалдың, сол болды.

- Аялдамаға дейін дегеніміз қайда?

- Енді не қыл дейсің? Мынау не, аялдама емей?

- Әй, қу-ай, анау аялдамаға дейін еді ғой.

- Айтқан екенсің!

- Жүр, әйтпесе қайта жарысайық.

- Анау-мынауынды білмеймін, қалдың.

- Қорқақ! Аялдаманы түсінбегенсіп, сылтауратуын.

- «Аялдама, аялдама» деп басымды қатырмашы. Керек болса, мұныңның быт-шытын шығарып құртамын.

«Құртамынды» басында сөз екпінімен ерегісіп айтып едім, тағы мынадай бір ой келе кеткені:

- Кендірбай, кел осыларды жұлып алайық. Өзді-өз ауламызға іліп қоямыз. Велосипед аялдамасы болады да шығады. Бар ғой, қатып кетеді. Кендірбай ат-тонын ала қашты.

- Өй, құрысын, біреу көріп қояды!

- Сол да сөз екен? Қазір деп тұрған кім? Кешке.

- Жоқ, керек емес. Мен кеттім.

- Бара бер.

Кендірбай велосипедіне мінді де, артына бір бұрылмай кете барды. Мен тұрып қалдым.


* * *
Тас жолға шықсаң көзіңе оттай басылып мен мұндалап тұратын көкала жазуды мен сол күні кешке-жоқ еттім. Одан айрылған бағаналар бұрынғыдай оқшаулануын қойды. Елеусіз болып барады. Тек түбінде жұрт аяғымен тапталған бат-тақыр алаңқай ғана жатты.

Енді ел аялдаманы қойып, үш көшенің қайсысының аяғында шоғыр көп, бәрі сонда жиналады. Әрине, автобус шоғырға тоқтайды. Аялдама — сол. Аялдаманың не керегі бар? Автобус ауыл тұсына тоқтаса болды емес пе?

-134-

Тоқтайды. Жаяу қалып көргеніміз жоқ. Біз енді бұған да үйреніп үлгердік. Кел де, мініп кете бар. Рақат.



Кеше Кендірбайдың шешесі аудан орталығына барған екен. «Оқушылар жәрмеңкесі ашылыпты. Керектеріңді барып алыңдар» деп келді. Кеңдірбай екеуіміз бір-бір тор алып, аудан орталығына жөнеп бердік.

Тас жолға шықсақ, шоғыр арғы шеткі көшенің аяғында екен. Сонда беттедік. Бұрынғы аялдаманың тұсына келгенде, Кендірбай маған:

- Өскен-ай, сені айтсайшы, аялдаманы құртып. Ауылдың дәл ортасы, бізге де жақын, жақсы еді, — деді.

Өзім де өкініп жүретінмін, ашық мойындадым.

- Қап десеңші, бекер болды.

- Қой дегенде, тіл алып па ең?

- Дабырлама, ел естиді.

Біз жиналғандарға жақыңдап қалдық. Орта көшеден бір кемпір шықты. Таяғына етпеттей сүйеніп келеді. Бәріміз таныдық — Нағима әжей. Әжей тас жолға әзер жетті де, бізге дауыстады.

- Бері келіңдер, қарақтарым. Аялдама мұнда. Келіңдер мұнда.

- Расында, аялдама сол жер болатын. Оның үстіне әжей мұнда жете алмас. Жүріңдер, сонда барайық, — деді бір мосқал адам.

Әжей сөзін сыйлап келгенімізге разы болып қалды.

- Келіңдер, айналайыңдар, аялдамасы құрғыр осы жер еді, мына бағанада жазуы бар болатын. Балалар құртты да, пәле болды.

Әжей сөзін айтып болар-болмастан, мосқал адамның көзі бізге түсті. Әсіресе, маған қадалды. Нағима әжей жалпы балаларға өкпе артқаны болмаса, бізді барсың ба, жоқсың ба деген жоқ еді. Мына кісінікі қызық болды. Еңді елдің бәрі бізге қарады. Тіптен сөз шығып кете жаздағаны. Оңда бір сұмдық болатын еді. Автобус келіп қалып, сол құтқарды.


* * *

Қайтарда да Нағима әжей бәріміз бір автобусқа міндік. Автобусымыз ауыл тұсына қатарласа берді. Үлкен көшенің тұсынан өтіп те кетті, заулап барады.

- Шопыр, шопыр, тоқтат. Ұзап кетті-ау!

-135-


Бұл — Нағима әжей. Автобус екпінін баяулатып барып, біздің көшенің тұсына келіп тоқтады. Сөйтсек, адамдар осында жиналған екен, лап қойды. Кендірбай екеуіміз алдыңғы есіктен ытқып-ытқып шықтық. Нағима әжей болса, күңкілдеп әлі түсе алмай жүр.

- Ойбай, белім. Ұзап кеткенін. Енді қайтіп жеттім? Автобус гүж етіп орнынан қозғалды. Нағима ежей состиып тұрған бізді көрді.

- Балалар, бері келіндер. «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген. Мынаны үйге дейін көтеріп барсаңдар, қайтеді?

Кендірбай оны-мұны толы торын маған берді, өзі әжейдің жүгін көтеріп алды. Нағима әжей аяғын санап басады. Екі тор иығымды түсіріп, қолымды қиып барады. Әжейдің қақпасына әзер жеттім.

-Ал, әжей, біз қайттық.

Нағима әжей орта көшенің аяғында, үшінші үйде тұратын. Бізге бұрыс. Сонысын баса айтып, алғысын жаудырып жатыр.

- Үлкен жігіт болыңдар, шырақтарым, көсегелерің көгерсін! Біраз жолдарыңнан қаддырдым. Аялдамасы құрғырдың әуресі бұл. Автобус бұрынғы орнына тоқтаса ғой, еңбектесем де жетер едім. Қарыс жер мұң ғой бізге. Сеңдер болмасандар, жете алмайтын ем. Үлкен жігіт болындар!

Жүрегім бүлк ете қалды. Нағима әжейдің мына сөздері бізге айтқан рақметінен гөрі, аялдама кесірінен көрген кәріптігін шағып, көмек сұраған мұң-зары сияқтанды. Осы сәтте әжейді кереметтей аяп кеттім. Таяғына етбеттей сүйенген әжей аласарып, жер бауырлап еңбектеп бара жатқаңдай.

- Өскен, анада аялдама жарнамасын қайда жіберіп едің?

- Құрыған сонда-ақ, қайтпексің?

- Керек.

- Айтсаңшы. Неменеге керек?

- Бұрынғы орнына қағып қоямыз. Көрдің бе, Нағима әжейге обал.

- Білуші ме ең, ауруханада қызы жатыр, соған күнде барады.

- Жоқ, білмеймін. Онда тіптен керек екен.

- Басқа бір амалын қарастырмасақ, мен оны сол күні-ақ каналға лақтырып жібергенмін.

Біз сол күні кешке қолымыздан келгенше автобус аялдамасын жасап, бұрынғы орнына қағып қойдық.

-136-


* * *

Біреу жұлқып оятты.

- Тұр, Өскен, тұр. Кешегі уәде қайда?

Мен орнымнан атып тұрдым. Кендірбай екен. Мен ұйықтап қалыппын. «Ертемен көрейік барып, автобус қай жерге тоқтар екен?» деп келіскенбіз кеше.



Велосипедтерімізбен ағызып тас жолға шықтық. Бүгінгі шоғыр дәл біздің көшенің тұсында екен. Нағима әжей де бүкшеңдеп өз көшесінің аяғына шығып қалыпты. Біз кешігіппіз — автобус ұжымшар жақтан келеді... Заулап, таяп қалды. Қызықты қараңдар, шоғырдың жанына тоқтамай өте шықты.

- Мұнысы несі, шіркіннің?

- Біздің автобус па өзі? — деп танданысты тұрғандар. Кендірбай екеуіміз олардың жанынан өте шықтық.

Автобус барды да, біз қаққан «Автобус аялдамасына» барып тоқтады. Жалғыз Нағима әжей мініп жатыр. Енді жұрт сонда жүгірді.

- Е, бәсе, жазу іліп қойған екен ғой мұнда.

- Онысы жақсы болған екен. Осылай танданысын, разы болысқандарымен, көкала жазуға ешқайсысы пәлендей бір назар аудармаған тәрізді. Әйтпесе оның фанер тақтайдан жасалғандығы және айтарлықтай ұста емес адамдардың қолынан шыққандығы білінуші еді. Ол туралы да бірер сөз айтылатыны күмәнсіз болатын. Ал оның бәрін көріп, біліп тұрған Кендірбай екеуіміз ғана.

Мәселе жазудың сұлулығында емес пе деймін. Өйткені содан бері автобус нашар да болса, сол біз бағанаға қаққан көкала жазудың түбіне тоқтап жүр. Жұрт соның түбіне жиналады. Рақат.

СУРЕТ САБАҒЫ
Сурет сабағы жаңа басталған. Мұғаліміміз Ерен апай:

- Балалар, білесіңдер ме, 8 наурыз жақын қалды. Ол —Халықаралық әйелдер күні. Бүгінгі сабақта бәрің аналарыңа лайықты сыйлық болатындай бір-бір сурет салыңдар, - деді.

Бүкіл сынып болып:

- О, жақсы болды!


-137-


- Қызық-ай! - деп шу ете түстік.

- Мен раушан гүлін саламын, — деді менің парталасым Темір.

-Мен апамның суретін саламын, - деді аддыңғы партада отыратын Қанат.

- Мен де, — деді оның парталасы Зәуре.

Мен де апамның суретін салуға бекіндім. Бәріміз тапсырманы орындауға құлшына кірісіп кеттік. Қайдағы бір шар, шаршы, пирамида дегендерді қайта-қайта сызғылағаннан гөрі, өз шешеңнің суретін салған әлдеқайда оңай емес пе. Менің көз алдыма өзіме ең жақын ыстық, аяулы анам келе қалды. «Қызым, жақсылап сал мені. Мен бұл сыйыңды қуана қабыл аламын», — деп ақ қағаз үстінде күлімдеп тұрды ол.

Қарындашымды берік ұстап, қағазға төне түстім. Алайда қарындашым қағаз бетіне жақындай бере, қолым дірілдеп кетті. Кілт тоқтадым. Жаңағы күлімдеп тұрған анам көзден ғайып болып, алдымда аппақ қағаз жатты. Өсіп отырған көңілім лезде пәс тартып бара жатты. Ары отырдым, бері отырдым. Қолым баратын емес. Мен анамның суретін сала алмайтынымды сездім.

Қанат пен Зәуреге қарап қоямын. Екеуі дәптеріне төне түсіп, дамыл таппай жұмыс істеп отыр. Солардан кем болғаным ба? Мен де енді әйшайға қарамай іске кірісіп кеттім. Сөйтіп, бас көтермей отырып, бір нәрсе салып шықтым-ау, әйтеуір. Бір нәрсе дегенім — бұл менің шешемнен гөрі, осыдан бес-алты жыл бұрын ойнаған, ал қазір жетімсіреп сарайымыздың бір бұрышында жататын қуыршаққа көбірек ұқсас болып шықты.

Әйткенмен мен өз еңбегімнен шешеме ұқсас белгілер іздеп, көп үңілдім. Үңілген сайын мен одан жаным шошып, түңіле бердім. Құрысын бұл қуыршақ! Мен енді оған қарағым келмей, дәптерімді жауып қойдым.

Тақтаға, терезеге, есікке, қабырғаға қарадым, барлық жерде анамның үйдегі үлкейтілген үлкен суреті: «Қап, мені сала алмағаның қиын болды-ау!» деп өкініш айтып тұрды.

«Сен дүниедегі суреттің бәрінен жақсысың, апа. Сондықтан сала алмай отырмын сені. Әйтпесе мен суретті ешкімнен кем салмаймын». Осы ой кішкене еңсемді көтергендей болды.


-138-


Бағанадан бері шұқшиып бірдеңе жазып отырған апай жәутендеп отырған мені көріп қалды.

- Дәулетбекова, немене, салып болдың ба?

Мен төмен қарадым.

- Апай, біз болдық.

Енді байқадым, балалардың көбісі тапсырманы орындап болғанға ұқсайды. Ерен апай әдеттегідей бірінші партадан бастап, дәптерлерді жинап жүр.

- Жарайсың, Қанат!

- Зәуре, сен де жақсы салыпсың.

«Пәлелерін-ай, мыналардың!» Апай біздің партаға жақындаған сайын мазам кете берді. Дәптерімді ашып қарап едім, көзім бұлдырап кетті. Мен ешқандай мақтау ала алмайтынымды сездім. Дәптерімді қайтадан жауып қойдым.

Міне, апай біздің партаның тұсына келді. Темір дәптерін берді.

- Темір, сенің мына гүлің апаңа сыйлық боларлықтай екен.

- Бағила, сен жаңа апаңның суретін салмақ болып едің, немене, салмағансың ба?

- Жоқ.


- Кәне, дәптерің?

Мен дәптерімді апайға қарай ақырын ысырып қойдым. Апай дәптерімді қолына алды да:

- Салыпсың ғой. Жақсы салыпсың. Неге алдадың мені? — деді.

- Жо-о-оқ. Менің апам бұдан жақсы. Бұл жа-а...

Мен сөзімді аяқтай алмай, өксіп кеттім. Көзіме жас үйірілді. Апай қапелімде сасып:

- Қоя ғой, Бағила, қоя ғой. Сенің апаң - жақсы адам. Мынау өзің жасыңда ойнаған қуыршақ қой. Соны жақсы салыпсың, — деп бәйек болып қалды.

- Менің апам бұған ұқсамайды.

- Мен оны жаңа айттым ғой, Бағила. Сенің апаң — алтын адам.

Апай шындықты айтып тұр. Мен өксіп барып басылдым. Сол сәт біреу солқ ете түсті. Қанат екен. Менің көңілім шайдай ашылып, Қанатқа күле қарадым.

- Менің апам да мына суреттен жақсы, — деді ол көз жасына булығып.

Зәуре еңіреп жылап жіберді.

-139-


- Менің апам Бағиланікінен де, Қанаттікінен де жақсы.

Пәлесін-ай мұның! Жаңа ғана апай мақтағанда мәз болып еді, енді демнің арасында айтып отырғанын қара. Біреудің шешесінде несі бар екен? Зәуреге осысын айтпақ болып оқталып едім, менен бұрын жауап берді:

- Өзіңнің апаң жаман.

Ерен апай енді ашуланып қалды.

- Қойыңдар, балалар. Бәріңнің де апаларың жақсы. Бұл салғандарың сендердің апаларың емес, қуыршақтарың болсын. Оның өзі де апаларыңа үлкен сыйлық болады. Апаларыңа сеңдер ойнаған қуыршақтың өзі ыстық. Қуыршақты жақсы да, жаман да етіп салуға болады, ал, анасының суретін ешкім жаман етіп салмайды. Кәне, бәрің дәптерлеріңді жинап маған беріңдер, көріп шығамын, — деп үстелінің жанына барып тұрды.

Үшеуіміз де енді жым болдық. Өйтпегенде ше? Біз апаларымызға сыйлық етіп қуыршақтарымызды салдық қой. Ал оларымыз онша жаман сыйлық бола қоймас.



АЛҒАШҚЫ ЕРТЕҢГІЛІК
Мен бір ұзақ жолдан келіп ұйықтап жатқанмын. Кенет оянып кеттім. Көзімді аша бергенім сол еді, қолыма қыстырылған қағаз тиді.

- Көке, мә, подарок.

Менің балам — Бауыржан мұны айтып тұрған.

Бағана ол балалар бақшасына кетерде мен де оған жолдан әкелген сыйымды беріп, шығарып салған едім. Айналайын сенен, Бауыржаным!

- Бауыржан, мен тәттіні жемеймін ғой, мә, өзің ала ғой.

- Жоқ, көке, ішіңде алма бар, біреуі сенікі.

Мен баламның риясыз көңілін қимай, бір алманы қолыма алып, ақырын-ақырын жей бастадым. Балам аптыға жеді. Соның нәтижесі — ол өз алмасын менен әлдеқайда бұрын тауысты.

- Білесің, көке, менің не жегім келіп тұр? Алма жегім келіп тұр.




-140-

- Мә, жей ғой, Бауыржан.

Бауыржан бұл алманы да апыл-ғұпыл жеп, тез тауысты. Енді ол қолына алуан түрлі дәмнен құралған сыйлық салынған қағазды алды. Бұл жолы сыйлық ішіндегі әдемі дәм — вафлиді шешесінің аузына тосты. Шешесі вафлиді шетінен сындырып, аузына сала бергені сол еді, Бауыржан тағы сөйлеп қоя берді:

- Білесің, апа, менің не жегім келіп тұр? Вафли жегім келіп тұр.

- Мә, жей ғой, Бауыржан.

Бауыржан вафлиді де көпке жібермей жеп тауысты. Бұл — оның балалығы ғой. Біз мұнысына көнеміз. «Подароктың» ішінен Бауыржанның өзіне көп нәрсе табылады, әрине. Түрлі печенье, сан алуан кәмпит. Мұның бәрі — Бауыржанға әдемі-ақ «подарок». Бірақ бізге әуес ас емес. Баламыз осыны түсініп тұр. Ол біз үшін «подароктың» ішінде көп қызықтың қалмағанын білді.

- Апа, мен ақ көйлегімді киемін.

- Не қыласың оны киіп?

- Киемін. Бағанағы қара трусигімді де киемін.

- Не қыласың оны киіп?

- Киемін. Бағанағы ақ гольфигімді де киемін.

- Не қыласың оны киіп?

- Киемін. Бағанағы қара бәтеңкемді де киемін.

- Кисең, кие ғой.

Бұл — оның сотанақтығы ғой. Біз оны көтереміз.

Бауыржан ендігі бір сәтте бар киімін киді де, әдемі бір сүйкімді күйге енді. Маған солай көрінгенімен, бұл киіміне өзі разы болмады.

- Енді көкемнің костюмін киемін.

- Ойбай-ау, ол саған үлкен емес пе?

- Үлкен. Абылайдың да шапаны үлкен ғой. Мен Абылай боламын.

Біз енді оған менің костюмімді кигізбек болдық. Бірақ ол мұны киген жоқ, үстіне жамылды. Омырауын түйреуішпен түйретті. Сөйтті де, қолына өзінің пластмассадан жасалған қылышын алып, үйдің ішін опыр-топыр қылып, әрлі-берлі шапқылай бастады. Ол күнде бұлай етпейтін. Мынау баламның саналылығы ғой. Мен баламның Абылай хан болып шапқылағанына қуандым. Апасы да

-141-


қуанып тұр. Өйткені әншейінде Бауыржанның бұлай үй ішін апыр-топыр қылып шапқылағанын мен көтерсем де, ол көтермейтін.

- Бауыржан, Абылай болуды саған кім үйретті?

- Бүгінгі ертеңгілікте тәрбиешіміз үйретті!

- Ертеңгілігі несі?

Менің бұл сұрағыма апасы жауап берді.

- Бүгін бүларда қазақ хандары мен батырларына арналған ертеңгілік өткен.

Мен істің жайын сонда барып ұқтым.

МЕЙЛІ, ОЙЛАНСЫН!
Балабақша ауласында әр топтың өз алаңқайы бар. Әр алаңқайда мініп алып, шоқырақтап отыратын ағаш та, қорбиған тұлып қонжық, мүйізі шыршадай бұғы, асыла кететін әткеншек, жылтыр қаңылтырдан жасалған сырғанақ, әйтеуір, не керектің бәрі табылады. Сонан бәрі қашан көрсең де ағы ақ, қызылы қызыл болып жарқырап тұрады.

Сабыр мен Мақсаттың, яғни ересек балалардың алаңқайы балабақшаның түстік жағыңда. Балалар далаға шықты болды, осында шүпірлесіп ойнайды да жатады. Бұл топтың қыздары мен балалары ешкімге көз алартып көрген емес, сөйте тұра, олардың оң жақтағы көршілері — естиярлар тобындағы Серік пен Еркін қалай да оңашасын тауып, бұлардың алаңқайына кіріп кетіп, бір нәрсені бүлдіруге құмар-ақ. Кеше аттарын құлатып тастап кетіпті, бағана алаңқайларына айнала тізіп, әктеп қойған малта тастарды шашып, рәсуа етіпті. Мұны не деп болады?

- Қайтпек керек? — деді Сабыр кәдімгідей уайым қылып. Шот қабағы түйіліп, қой көзі тұнжырап кеткен.

- Өш алмаса, болмайды, — деді Мақсат қызбаланып. Жұқа бидай өңі алаулап шыға келді.

- Сонда не істейміз?

- Не істейтіні бар, біз де олардың алаңқайының быт-шытын шығарайық.

- Ол болмайды. Ұят.

- Несі ұят! Мұны істеген Серік пен Еркін. Кел, онда солармен төбелесейік.

- Төбелесу — тәртіпсіздік.

-142-


- Айттым ғой, ең дұрысы — алаңқайларына тиісу.

- Қой.


- Не, сен қорқасың ба, онда өзім қиратамын барып. Сенде намыс жоқ екен.

Сабырдың намысы неге болмасын, қозып шыға келді:

- Жүр!

- Тоқта! Түстен кейін, ұйқы кезінде барып жайрату керек.



- Мақұл. Келістік.

Күнде Анар апайдан бір-екі ескерту естімей ұйықтамайтын Сабыр мен Марат бүгін жастыққа басы тиісімен, «қор» ете қалды. Бұл ел тез ұйықтасын деген қулықтары еді, жоқ, өздерінің де көздері ілініп кетіпті. Алдымен Сабыр оянды, төсегінен ақырын сырғып түсіп, Мақсатты түртті:

- Мақсат тұр!

Мақсат көзін уқалап, аузын аша берді:

- А-а...

Сабыр өз аузын басты:

-Тс-с-с...

Мақсаттың көршісі Күләш оянып кете жаздады, ұйқысырап, бірдеңелерді былдырлап барып тынды.

Сабыр мен Мақсат демдерін іштеріне тарта қалған. Күләш қайта ұйықтады-ау дегенде, аяқтарын ақырын-ақырын басып, есікті көздеді. Табалдырықтан аттап сыртқа шығысымен, алаңқайды бетке алып жарыса жөнелді. Әрі қарай бәрі ойлағандай болды, көршілерінің алаңқайларын туталақай етті: аттарын, аюларын сұлатып салды, тағы басқа да ойыншықтарына қырғидай тиді.

Екеуі былайғы дүниенің бәрін ұмытып, тізілген малта тастарды тепкілеп шашып жатқан, кенет төңірек шу ете түсті. Олар екі топтың балаларын көрді. Кәдімгі бір құбыжық көрген дерсің, еліріп алған. Екеуінің де демдері бітіп, буын-буыңдары босап, сылқиып тұрды да қалды.

- Мыналар екен ғой, біздің алаңқайларымызға тыныштық бермей жүрген.

Бұл Күләш айтатын сөз бе еді? Екеуі мұны өз тобының намысы үшін істеп отырса, қара, айтып тұрғанын! Өстіп мойныңды ішке алып сүмірейіп тұра бергеннен басқа амал жоқ енді. Ортаңғы топтың тәрбиешісі Сара апай:


-143-
- Міне, мәселе қайда жатыр? — деп мырс етті.

Анар апай жүзі сынып, төменшіктеді:

- Қайдам?..

Сабыр апайларын аяп кетті.

- Иә, біз — тәртіпті балалармыз.

Балалар ду күлді. Сөзге Мақсат араласты:

- Шын, Сабыр дұрыс айтады, апай. Біз — жақсы балалармыз, мұны әдейі істедік.

- Қалайша?

Анар апайдың айтыңдар, тағы да айта түсіңдер деп тұрғанын Сабыр да, Мақсат та түсіне қойды. Екеуі жарыса жауап қатты:

- Ана Серік пен Еркін біздің ойыншықтарымызды күнде шашады.

- Біз өш алдық.

Сабыр мен Мақсаттың тобы ұйымшылдық танытты:

- Рас, апай.

- Үнемі сөйтеді. Әне, қараңызшы, ана құла аттың құлағын жұлып тастапты.

Серік пен Еркіннің тобы қарап тұрсын ба, олар да дауыс көтерді:

- Апай, өтірік айтады.

- Өздері — бұзақы балалар.

Тәрбиеші апайлар не дерін білмей, абыржып тұр.

- Сонда сендер кімге жамандық жасадыңдар? — деді сосын Сара апай. Айтыңдаршы, кімнің мүлкін бүлдіріп жүрсіңдер? Бұл сұраққа Сабыр мен Мақсат қана емес, Серік пен Еркін де жауап берсін, — деді Анар апай.

- Біз Серік пен Еркінге жасадық мұны.

- Әуреге түсіп жинасын екеуі енді алаңқайларын.

Сабыр мен Мақсаттың бел алып бара жатқанына Серік пен Еркін шыдаушы ма еді, олар да айқайлап шыға келді:

- Біз де шашамыз сендердікін...

-Шашу аз, қирату керек.

Екі апай да қатты қапа болды, не үйреткен мына балаларға?!

- Балалар, бәрің ойланып көріңдерші, мыналардың айтып тұрғаны жөн бе, жоқ, басқаша ма?

- Сөйтіңдер, бәрің жақсылап ойланып айтыңдар.


-144-


Екі топтың балаларында да үн жоқ.

- Апай, бұлар бәрімізге жамандық жасап отыр.

Сабыр күйіп кетті. Бұлар бүкіл топтың намысын қорғап отырса, Күләштің мынасы несі? - - Бұлардікі жамандық емес, қастандық.

Мақсат шоршып түсті:

- Қастандық! Мүмкін, одан да сорақы бірдеңе шығар?

Серік пен Еркіннің көздері жыпылықтай бастады.

Біз ешкімге жамандық ойлаған жоқпыз.

- Бар болғаны аттарын жыққанбыз.

Сара апай енді өз шәкірттеріне шүйлікті:

- Күләш дұрыс айтады. Сендер ештеңе түсіндіңдер ме өзі?

Анар апай Сабыр мен Мақсатқа бұрылды:

- Сендер ше? Бір нәрсе ұқтыңдар ма, жоқ па?

Әбден намыс буып алған төртеуі ондай терең сөзді ұғарлық халде емес еді.

- Анар Баетқызы, осыны түсінуді өздеріңе қалдырсақ кайтеді? Ойлансын, — деді Сара апай. - - Сөйтсек, сөйтейік, Сара Жомартқызы. Ал қазір Сабыр мен Мақсаттың бүлдіргендерін бәріміз жабылып ретке келтірейік, — деді Анар апай.

- Сөйтеміз бе, мейлі, ендеше.

Екі апайдың келісімге келе кетуі Сабырға ұнаған жоқ:

- Неге? Олар шашқанда, біз өзіміз жинағанбыз. Жинасын өздері.

Мақсат оңай көнді:

- Сабыр, жүр жинаймыз.

Сабырды енді кім тыңдасын, екі топтың балалары шәк-шәлекейі шыққан алаңқайды ретке келтіруге кірісіп кетті.

Сабыр шеттеп қала берген, сол сәт Күләш жүгіріп келіп, қолынан тартты:

- Жүр, Сабыр, жалғыз қалған жақсы емес.

- Бара бер, жинаңдар Серік пен Еркіннің алаңқайын!

- Алаңқай солардікі ме екен?

- Енді кімдікі?

- Бәріміздікі.

- Айтасың. Біздің өз алаңқайымыз бар.

- Біздің де, аналардың да алаңқайы — балабақшанікі.

- Ал балабақша кімдікі?

- Біздікі.

-145-


- Енді не қыл дейсің? Жүр, кеттік.

- Тоқташы, сәл ойланып алайын.

- Ойлан, ал.

Сабыр ойланып тұр. Мейлі, ойлансын!




ҮЗЕҢГІЛІК
Бұл екеуі мұнда ойнауға келген. Әуелі екеуі хауыздың тас жақтауының үстіне секіріп-секіріп шығып алып, әрлі-берлі жүгіре бастады. Осының өзі де аз емес еді. Жақтау әжептөуір жалпақ, бірақ биіктеу. Абайлау керек, әйтпесе құлап кетуің мүмкін. Ойынның қызығы да осында — жығылып қалмай жүгіруде болатын. Екеуі ешқандай сүрінбей-қабынбай жақсы-ақ жүгірді, секірді.

Бір кезде Қайрат хауыз ішіне әдейі қарғып түсті. Одан Қасым қайтіп қалсын. Ізінше тас еденге дік ете қалды. Хауыз ішіне екеуі бекер түспепті, ермек етерлік оны-мұны жетерлік екен. Алдымен сүтті сиырдың емшегіндей кере қарыс су атқылайтын түтіктерді қайта-қайта ұстап көрді. Жазда су тызылдатып тұрып шапшиды аспанға бұлардан. Су ең биікке шапшитыны қайсысы болды екен? Екеуі осы сұраққа жауап іздеп, түтіктердің әрқайсысын бір ұстады.

- Мынау, — деді Қасым.

- Жоқ, мынау, — деді Қайрат.

- Неге? Менікі ұзын, бұдан атқыған су алысқа барады.

- Ал мынаның ұшындағы тесігі тар. Мен талай көргем, жіңішкесінен су биікке шапшитын.

- Әй, соғасың-ау өтірікті.

- Шын.


- Жарайды, менікі — осы ұзын, сенікі — аңғары қысқасы болсын. Жазында көрерміз, кімдікінен су биік атқылайды екен.

- Келістік, солай болсын.

Бұл мәселеге осымен нүкте қойылды. Екеуі енді арасынан түтіктер жыпырлап шығып тұрған тегенедей-тегенедей сұр тастарды айналдыра бастады. Қай жақтан жеткізілді екен? Әу баста-ақ осындай сандықша тастар болды ма екен, жоқ, қиып, қисынын келтірді ме екен?

-146-

Екеуі тастардың бірінен соң бірін ұстап, қозғауға әрекет жасап көрді. Зіл батпан ауыр тастар былқ етуші ме еді? Мәселе тасты орнынан жылжытуда емес, әрекет жасап көруде. Ойын қызығы, міне, осыған ойысты.

Қасым шеткерідегі бір тасты қатты-қатты ырғап қалып еді, қозғалғандай болды.

- Қайрат, жүгір, мына тас орнынан жылжыды. Кел, көтер бір жағынан, құлатамыз.

- Неге?

- Құлатып тастайық. Көктемде жөндейді.

- Қызықсың сен. Кейін жөндейді деп, әп-әдемі нәрсені бүлдіруші ме еді?

- Бүлдіреді. Маған көмектесесің, көмектеспесең, ойнамаймын.

- Ойнамасаң, ойнама. Мен бұл тастарға енді қайтіп қолымды тигізбеймін.

- Сөйттің ғой. Онда мен саған өкпеледім, үйге кетем.

Қасым теріс айналып жүре берді. Қайда барады, тас жақтауға барып тірелді де тоқтады. Екеуінің де бойынан ток жүріп өткендей болды. Мәссаған, екеуі де шыға алмайды екен ғой мына хауыз ішінен. Екеуі үрейлі кейіппен бір-біріне едірейе қарады.

- Ал кетпедің бе үйіңе?

- Кетем. Мықты болсаң, өзің шығып көрші! Бізге енді шығу жоқ бұл шұңқырдан. Мені осында ертіп келген сен. Мамама айтам! Ма-ма...

Қасым бақырып жылап қоя берді. Қайрат сасып қалды.

- Қасым, қой, жылама кішкентай бала құсап.

- Мен сенен кішкентаймын, жылаймын.

- Жылама, сен менен көп кіші емессің.

- Көп кішімін. Сен бірінші сыныпта оқисың, мен мектепке ендігі жылы барам.

- Бір жас та сөз бе?

- Сөз. Жылаймын. Ма-ма-а...

- Қасым, жарайды сен кішісің, мен үлкенмін. Сен менің айтқан тілімді ал, сонда қазір-ақ шығамыз.

- Қалайша?

- Сен менің аяғымнан алып көтересің, сөйтіп алдымен мен шығам, содан соң сені тартып шығарамын.

- Жоқ. Алдымен мені шығар.

- Сен мені тартып шығара алмайсың ғой.

-147-


- Шығара алам.

- Ал кел онда, көтер аяғыңды.

Қасым оңтайлана берді, Қайрат аяғынан көтеріп, хауыз жақтауына бір-ақ шығарды.

Қасымның көңілі орнына түсті. Енді Қайратқа көмектесу керек. Жақтау ернеуінде тұрып еңкейіп, Қайраттың қолынан тартып көріп еді, әлі келмеді. Бұл құларман болған соң, Қайрат қолын қоя бере салды. Қасымнан басқа қайран жоқ еді.

- Қасым, жаңа айттым ғой, сен кішісің, мені тартып шығаруға әлің келмейді. Сен қайта түс. Сөйт те, менің аяғымнан көтер. Мен шығам да, сені қолыңнан тартып алам.

- Неге түсем? Түспеймін.

- Айттым ғой неге түсетініңді.

- Түспеймін.

«Қап, мынау бір түкті түсінбейтін бала екен ғой. Жоқ, қу ма?»

- Қасым, белдігіңді әкел бері.



- Неге?

- Көресің қазір, бере тұр. Сен өзі қандай адамсың?

Қасым әшейінде белдігін жан адамға ұстатқан ба, ал қазір Қайрат дігерлеп тұр. Белдігін лажсыз беруге тура келді. Қайрат өз белдігін де ағытып алып, екеуін жалғады. Сөйтті де, үзеңгілік жасап, бір ұшын Қасымға ұстатты.

- Ал, Қасым, мынаны үзеңгілік дейді. Жақтаудың арғы жағына шық та, тас қып ұстап, бері соз. Қасым Қайраттың айтқанын бұлжытпай орындады. Қайраттың аяғын үзеңгілікке салғаны да сол еді, жақтауға ытқып шықты. Қасым қуанып кетті.

- Қайрат, қалай тез шықтың, а?

- Несі бар? Адам атқа осылай мінеді. Үзеңгіге аяқ тиісімен, ердің үстіне лып ете қалу керек.

- Қызық екен.

- Солай ма?

- Мен де хауыздан үзеңгілікпен шығып көрейінші.

- Көр.


Қасым хауызға қарғып түсіп, Қайрат созған үзеңгілікке аяғын салып жатыр.

-148-


ҚИСЫҚ ШЫБЫҚ
Нағима апай екі достың бір нәрсеге келісе алмай қалғандығын бірінші сабақ басталысымен-ақ сезді. Екеуі бір-бірінен қашқақтай берді. Әсіресе, Әлмен бұртаң-бұртаң етіп, Болатқа жолар емес. Бір партада отырып, бұлай ету жараспайды екен. Екеуі мектеп табалдырығын алғашқы аттаған күннен бірге отырып келеді. Сол екі жыл ішінде бүйтіп көрмеген тату достар бүгін айнып қалыпты. «Не болды екен бұларға? Өздері табысар». Бірақ екеуі күні бойы жақындаса қоймады.

Соңғы сабақ аяқталуға жақын қалған. Нағима апай екеуінің жанынан өтіп бара жатып, Болаттың:

- Айтсаңшы, айт, — деп сыбыр ете қалғанын естіп қалды. Әлмен теріс қарап кетті.

- Қорқақ.

Мектеп есігінен шығысымен, балалар үйді-үйіне тарап кетті. Тек Болат қана кейіндей берді. Міне, Нағима апай шығып келеді. Қолтығында бір бума дәптер.

- Апай!

- Ау, Болат. Иә, бір нөрсе айтқың келді ме?

- Иә, апай, біз байқамай жас шыбықтың бірін сындырып алдық.

- Қалайша? Кәне, жүр көрейік.

Нағима апай мен Болат мектеп стадионының сол жақ шетіндегі арық бойына отырғызылған қалың шыбықтарға бет алды. Апай анадайдан байқады: қара ағаштың бір көшеті сұлап жатыр. Жанына келді. Шорт сынбапты. Тек шытынап-шытынап жарылып, майысып қалыпты.

- Неге сындырдыңдар?

- Бұл қисық екен. Әлмен жығып алып, түзетемін дей бергенде, шарт ете түсті. Екеуіміз де тұра қаштық. Сізге айтайық деп едім, Әлмен қорықты. «Осыны айтсаң, сатқынсың» деді. Мейлі, менің шындықты айтқым келді.

- Оның дұрыс болды. Айтпағанда бұл шыбық қурап қалатын еді. Енді мұны біз өлтірмейміз. Әлмен өз қатесін мойындар. Сөйтіп, екеуің табысып кетесіңдер.

Нағима апай қалтасынан қол орамалын алды да, шыбықты тұрғызып, мықтап таңып қойды. Болат қарап еді, бағанағы өздері түзетпек болған жер сол қалпы қиса-

-149-


йып тұр. «Қисық болса да солмаса екен» деп ойлады Болат.

- Болат, сен күнде бұған бір мезгіл су құйып тұр. Сонда тез жетіліп кетеді.

Бұл жайды Нағима апай да, Болат та Әлменге айтқан жоқ. Әлмен өзінше мәз болып жүре берді. Қарағаш болса, бір-ақ аптаның ішінде қайтадан құлпырып, оз достарымен бірге желге тербеліп тұрды. Сенбі күні соңғы сабақтан кейін Нағима апай балаларды осы жайқалған шыбықтардың жанына ертіп келді. Оқушыларды сапқа тұрғызды да, шыбықтарды санап шықты. Сонан соң балаларға:

- Кісі басы бір-бірден келеді екен. Енді бәріңе жеке-жеке бөліп беремін. Сонан соң сол шыбықтарды өзді-өздерің қамқорлыққа аласыңдар, — деді. Мына жаңалыққа балалар:



- Жарайды!

- О, әбден қызық болды! — десіп мәз болып қалды. Бөлісте Әлмен сындырған қисық шыбық Ерікке тиді. Ол:

- Мынау сынық, қисық екен, алмаймын, — деп қиғылық салды.

- Мейлі, Ерік басқасын алсын. Кәне, балалар, қайсыларың аласыңдар. Еңбек сүйгіш бала күтсе, бұл әлі-ақ әдемі, түзу ағаш болып кетеді.

- Мен аламын.

Болат өз құлағына өзі сенбей қалды. Жалт қарады, шынында, Әлмен қол көтеріп тұр.

- Ала ғой, Әлмен.

Нағима апай Әлменге аса разы сезіммен елжірей қарады. Әлмен жүзінде әрі ұялғандық, әрі мазасызданғандық бар еді.

Ертеңіне Әлмен мектепке жеткенше асықты. Кеше ұялып, жөндеп қарай алмаған. «Сынып қалған ағаш қалайша қайта тұрып кетті?» Осы ой түнімен Әлменге маза бермеді. Бүгін елден бұрын келіп, жақсылап тұрып көрмек.

Әлмен келсе, ешкім жоқ екен. Қарағашты шұқшиып қарай бастады. Қаз қалпы. Өзі түзетпек болған қисық жері де бұрынғыша. Бар өзгеріс — сынған жер орамалмен таңылған. «Мұны кім таңды екен, ә? Кім де болса, ол бір жақсы адам-ау. Болат болмасын?!»


-150-


Әлменнің жүрегі дір ете түсті. «Болат болмасын? Ой, пәлесін-ай. Қап, әнеукүні соның тілін алсамшы. Өзі келер қазір».

Әлмен волейбол алаңындағы орындықта отыр. Қақпа жаққа жалтақ-жалтақ қарайды. Болат жуық арада келе қоймады. Әбден шаршады. Бірнеше рет кеткісі келді. Кетейін-ақ дейді, сол сол-ақ екен: «Мынаны таңған Болат болды ма екен? Соны білмей кетпеймін» деген бір ой сап ете түсті.

Әй, бір уақытта Болат та көрінді-ау. Қақпадан велосипедін жетектеп кірді де, міне салып, шыбықтарға қарай ағыза жөнелді.

- Болат.
-Ау.

Болат кілт тоқтады.

- Мен сындырған шыбықты таңған сен бе?

- Жоқ.

- Енді кім?



- Апай. Анау — апайдың орамалы.

- Не, ол кісіге сен айттың ба?

- Иә.

- Қап. Бірақ бәрібір сен дұрыс жасапсың.



- Енді өзің ғой. Ол ағашты енді жақсылап күтсең болғаны.

- Әрине, жақсылап күтем. Кел, екеуіміз табысайық.

- Сенімен ұрысқан кім? Өзің ғой.

- Мен қойдым.

- Кел онда, велосипедке отыр. Мен де шыбығыма су құяйын.

Әлмен Болаттың алдына отырды. Екеуі шыбықтарға беттеді.



РАС-АУ ОСЫ
Бақтыгүл екінші сыныпта оқиды. Оқуын оқиды-ау!.. Бірақ әлі күнге көбейту кестесін де жөнді білмейді. Таңдансаңдар да, рас. Тіпті ол мұны білудің керектігін ойлап та көрген емес. Қайтсін біліп! Сыныпта мұғалімнің оқушылардың көмегі дап-дайын. Ал үйге берілген тапсырманы бірін қалдырмай көкесіне шығартып алады. Қандай есеп болмасын, оны қатырып тұрып шығарып беруге көкесі

-151-


әр кез дап-дайын, ал Бақтыгүл болса, мұнтаздай етіп көшіруге әбден машықтанып алған. Әуелі көкесі Бақтыгүл оқудан келісімен:

- Ал, қызым, бүгін қандай есеп берді үйге? — деп сұрап отырады.

- Бір күрделі есеп, екі жай есеп, — дейді Бақтыгүл. Рас, алғаш көкесі:

- Қызым-ай, осыны да білмейсің бе? Оп-оңай ғой. Өзің шығарсаңшы, - деуші еді.

- Балаға білгенді үйреткеннен қашқаны несі? Ақылы толған соң, ешкімге жалынбас менің күнім. Мұғалім бір, бұлар бір қажап, су ми қылатын болды ғой баланы, түге, — деп апасы кәдімгідей ренжіп қалатыны бар.

Содан кейін көкесі сөйлегенді қойып, қандай есепті болса да, қағып тастап отыратын болды. Сөйтіп, есеп үшін Бақтыгүлдің басы қатып, қабағы түйіліп көрген емес. Ал оқуға, жазуға келгенде ол алдыңғы сапта. Кез келген тақырыпты, кейбіреулер құсап ежелеп жатпай-ақ, зуылдатып оқып шығады.

Көркем жазуды алсақ, сыныптың алды Серіктей болмағанмен, Зәуремен тең түсіп қалады.

Сенбі күні Бақтыгүлдің апасы мен көкесі көрші ұжымшардағы туыстарына қонаққа кетіп еді, әлі оралған жоқ. Күн болса кешкіріп барады, ал олардың қарасы да көрінбейді.

Ас үйде әжесі жүр күйбеңдеп. Мұнымен қоймай:

- Әлгілердің келетін уақыты болып еді. Шайлары қайнай-қайнай суалып қалды. Сонша кешіккені несі екен? —деп далаға әлсін-әлсін шығып, көшеге көз салады.

Бақтыгүл де көшеге қайта-қайта шығумен жүр. Өйткені жаңа бір әзірде есеп шығаруға отырған. Бірақ шығару қайда, цифрларға қарағанның өзінде демі бітіп, тұншығып кеткендей болды. Үйге берген тапсырманы орындамай мектепке бару мүмкін бе? Жоқ, әрине. Өзі ғой шығара алмайды. Енді қайтпек керек? Тек қана күту қалды.

Бақтыгүл көшеге бір шыққаныңда бұрылыстан біреу бері қарай айнала берді. Бақтыгүл бірден таныды: мақтаншақ Қартабай. Ол — төртінші сыныпта оқитын сыриған ұзын сары бала. Жұрт өзін мақтаншақ деседі. Бірақ Бақтыгүл ол сырын білмейді. Бірге ойнап көрген емес. Мақтаншақ болса, жаман бала ғой деп аулақтап жүретін.


-152-


Ал қазір Бақтыгүл Қартабайға жалынышпен қарап:

- Қартабай, мен бүгін үйге берілген есепті шығара алмай қойдым. Соны шығарып бересің бе? — деді.

- Әкел, көрейік.

Қартабай келіп, дарбазаның түбіндегі орындыққа отырды. Бақтыгүл үйге кітап, дәптеріне жүгірді. Қартабай мен Бақтыгүл есеп шығаруға енді кіріскен. Шешесінің сүйкімді үні дәл құлағының түбінен естілді. Бақтыгүл жалт қарап еді, шешесі де, әкесі де төне түсіп тұр екен.

- Қартабай есебімді шығарып жатыр.

- Күнім-ау, ол болмайды. Есепті біреуге шығартушы ма еді?

Түс мезгілі. Оқудан тараған балалар топ-топ болып көше-көшені бойлап, шашырап кетіп жатыр. Бақтыгүл, Серік, Зәуре үшеуі бірге келеді. Бұлар өз көшелеріне түсе бергенде, алдарынан Қартабай шықты.

- Балалар, сендер білесіңдер ме? Мен кеше Бақтыгүлдің есебін шығарып бердім.



«Түу, мақтаншағын-ай мынаның. Өзі өтірікші екен ғой» деді іштей Бақтыгүл. Балалар кідірмей жүре берді.

- Ертең апайға айтам. Бақтыгүл кеше есебін Қартабайға шығартып алыпты деймін, — деді Серік ұзай бере.

- Өтірік. Ол өтірік айтады.

- Не қылған өтірік? Жаңа айтты ғой.

- Иә, соған да...

Бақтыгүл не айтарын білмей кібіртіктеп қалды, «көкем шығарып берген» деп айтуға да болмайды екен ғой. Серік онда одан сайын жабыса түседі. Серік үйдің тұсына келгенде:

- Қайтсең де айтам, — деп қақпасына қарай бұрылды. Аяғын нығыздап басып, Бақтыгүлді қорлап барады. Енді екі-үш үй өткен соң, Зәуре де:

- Есепті өзің шығарған екен десем, біреуге шығартып алған екенсің ғой, — деп теріс қарап кете барды.

Бақтыгүл не дерін білмей, ызаға булығып кетті. Артына қарап еді, Қартабай көшенің арғы бетінде келеді екен.

- Бақтыгүл, қалай қатырдым ба? Енді есебіңді шығартасың ба?

- Өтірікші, мақтаншақ! Апама айтам қазір!

-153-


- Айт. Айта бер. Шешең кеше не деді? Есепті біреуге шығартуға болмайды деді. Солай. Менің де айтып отырғаным — сол. Есепті әркімнің өзі шығаруы керек.

- Мен өзім шығарам.

- Шығар.

- Несі бар, шығарам.

- Онда сөз басқа.

Бақтыгүл ойланып қалды. «Рас-ау осы, Қартабайдың айтып тұрғаны».




АҒАЙДЫҢ АУЫРМАҒАНЫ ЖАҚСЫ

Жамбыл—Меркі аралығына қатынайтын автобус «Жаңа тұрмыс» ұжымшарынан әжептеуір жер ұзап шыққанда бүйірдегі жалғыз аяқ жолмен бала мінгестірген біреу құйындатып келіп, ат басын жол жағасына жете бере бір-ақ тартты. Бала аттан қарғып түсіп, қойнындағы құлаштай қағазды суырып алып, жаза қойды. «Меркі» деп жазылыпты онда.

Автобус екпіндетіп келіп қалды. Автобус жүргізушісі — Сабыр ағай бала қолыңдағы мына жазуды көрген бойда мырс етіп күлді. Сабыр ағай — автобус руліне отырғанына он жылдың жүзі болған, жол сырына әбден қанық адам. Уақытының көбін осы жол бойында өткізіп келе жатқан ағайдың мұндайды тұңғыш рет көруі еді. Соңда да түсіне қойды.

Әрбір жаңалықты өмірдің өзі туғызады. Көрінген машинаға қол көтере-көтере, ығыр болған соң, таба қойған ақылы бұл баланың.

Сабыр ағай балаға іштей сүйсінді де машинасын тоқтатты. Бала автобусқа өте тез ырғып мінді. Күзгі суық қарыған ба, әлде зулап бара жатқан автобусты тоқтатқанша қысылғаны ма, бала нарттай болып қызарып кетіпті. Автобус орнынан қозғалды. Бала өзін елеп тоқтаған мейірімді ағай кім болды екен дегендей шофер жаққа қарады. Сабыр ағай да тапқыр баланы анықтап көріп алмақ болып, мандайшадағы айнаға үңіліп отырған. Екеуінің көзі айнада түйісті. Сабыр ағай «жарайсың» дегендей көзін

-154-


қысып қойды. Өнербек жымиды. Бұл екеуінщ бір-біріне деген ризашылық сезімін білдіргендері сияқты болды.

Өнербек енді қапырық автобус ішін бір шолып, артқы жақтағы бос орынға қарай томпаңдап бара жатты.

Жолаушылардың барлығы оған тесіле қарап қалған.

- Әй, бала, жаңағы қағазға жазып алғанды өзің ойлап таптың ба?

- Өзі бір біз сияқты көп жол жүретіңдерге керек-ақ екен.

Отырғандар енді баланың мынаусының өте тиімді екенін, жай қол көтергенге көп шофердің тоқтамай өте шығатынын, содан әр кезде көрген қорлықтарын әңгімелеп, біраз дуылдасты.

Өнербек өткен сенбіде жаңағы әкесі екеуі құйындатып түскен бел астындағы қыстауларына үйі көшіп келіп қонғанын естіп, тез жетуге асыққан болатын. Жету оңайға түскен. Жамбылға қарай жүргелі тұрған алғашқы автобусқа міне сала, тартып отырған. Ал кері қайту өте қиын болды. Әкесі жол жағасына әкеліп тастады да, иесіз калған малына алаңдап кетіп қалды.

Өнербек жол жағасында ұзақ тұрды. Бір автобус өтеді, екі автобус өтеді. Қол көтереді. Тоқтамайды. Әбден зықысы шықты. Күн ұясына батуға айналғанда барып, бір автобус тоқтады-ау, әйтеуір. Бұл барар жерін айтқанда, шофер ағай:

- Қап, бекер тоқтаған екенмін-ау! Біздікі алыс маршруттың автобусы. Меркінің өз автобусы бар емес пе? Жақын жерге адам алмаймыз. Мейлі енді, міне ғой. Меркіге бәрібір тоқтаймыз, — деп қиналған болатын.

Өнербек автобусқа мінерін мінгенімен, қатты қысылған. Шынында, Меркінің Жамбылға қатынайтын өз автобустары бар. Оны Өнербек жақсы біледі. Солардың өзі тоқтамай кетті емес пе әнеукүні. Сонан соң Өнербек бүгін сол автобустарға салмақ артып, «Меркі» деп жазып алып шығып еді. Сөйтсе, мұнысы табылған ақыл болған екен.

Автобус Меркінің автостанциясына келіп тұмсық тіреді. Жолаушылар жапатармағай автобустан түсе бастады. Жұрттың артын ала Өнербек те есікке беттеген. Сабыр ағай айнадан бәрін көріп отыр, Өнербек есікке жете бергенде:

- Балақан, сен тоқтай тұршы, — деді.




-155-

Өнербек кілт тоқтады.

- Бері кел, балақан. Атың кім?

Өнербек Сабыр ағайға жақын келді.

- Өнербек.

- Жаңағыны өзің ойлап таптың ба? Соны айтшы.



- Иө.

- Жарайсың! Қалайша!

- Автобус тоқтамайды. Енді қайтпекпін?

- Сен немене, жиі күтесің бе автобусты?

- Жоқ. Аптасына бір-ақ рет. Мен осында интернатта жатып оқимын. Сенбі күні ауылға барамын да, жексенбі күні қайтамын. Үлкен жолда автобустардың көбі тоқта-майды. Сонан соң осылай жасадым.

- Жарайсың, бауырым! Сен енді көрінген автобусқа қол көтеріп әуре болма. Дәл бүгінгідей уақытта жаңағы жерге шығып тұрсаң болғаны, алып кетемін. Бұл жақтан да белгілі уақытта қозғаламыз. Өзің қай сыныпта, қай уақытта оқисың?

- Үшіншіде. Түске дейін оқимыз.

- О, онда өте жақсы. Автостанцияға дәл осы уақытта келіп тұр.

- Жарайды.

Сабыр ағай мен Өнербек арасындағы достық осылай басталды. Әр сенбі, жексенбі сайын Өнербек үйіне Сабыр ағайдың автобусымен келіп, кетіп жүрді. Өнербек енді бұл автобусты «80-08 ДЖД» деген нөмерін былай қойғанда, өзіне ыстық бір елеусіз белгілерінен-ақ сонадайдан танитын болды.

Сабыр ағай болса, жолыққан сайын Өнербектен денсаулығын, оқуын сұрап қояды.

- Жақсы, — дейді Өнербек.



- «Үш» бар ма?

- Жоқ.


- «Төрт» ше?

- Жоқ.

- Сонда не?



- «Бес».

- Жарайсың, жігітім! Саған тоқтамайтын автобус болмауы керек бұл жолдың бойында. Сабақты «беске» оқитын баладан асқан кім бар бұл дүниеде!


-156-


Өстіп жүргенде оңтүстікке көктем лебі келіп жетті. Қыстайғы сіресіп жатқан күртік кар үстімен ауыр дымқыл мұнар жүгіре бастады.

Асфальт жол үсті бәрінен бұрын еріп, көк балақ болып сойылып жатыр. Машиналар лай араласқан киіз қарды қақ бөліп тіліп, сарылдап-гүрілдеп өтеді.

Өнербек үйреншікті жерінде автобус күтіп тұр. Белгілі уақыт болып, өзі күткен автобус та көрінді. Өнербек автобустың тоқтайтынына еш шүбә келтірмей, жол ернеуіне жақындады. Сарылдап келіп қалған автобус тоқтамақ түгіл, екпінін үдете түсіп, Өнербектің үсті-басын малмандай етіп өте шықты. Өзіне жақсы танымал көк бауыр автобус мұның көңілінен өте бір ыстық, жақын нәрсені сабақтап суырып алып, ұзап бара жатты. Өнербек ызаға булығып, өксіп-өксіп кетті.

Бір апта бойы Өнербек көңілін Сабыр ағайға деген өкпе кернеумен жүрді. Жақсы ағайдың тез арада теріс қарап кеткеніне өкінетін де сияқты еді.

Сенбі күні Өнербек автостанцияға бір түрлі көңілсіз келді. Сабыр ағайдың автобусын көргенде, тіптен мазасы кетті. Өзіне ыстық болып қалған Сабыр ағайдың жүзіне қалай қарамақ? Бәріне өзі кінәлі сияқты. Несімен кінәлі? Онысы беймәлім. Әйтеуір бір ыңғайсыздық бар. Бұдан былай тоқтамай-ақ қойсын. Онсыз да үлкен жолда машина аз емес кой. Ал, қазір, күн кешкірмей тұрып, осы автобуспен үйге дейін жетіп алу керек.

Өнербек кассадан билет алды да, жерге қараған күйі келіп, артқы орындықтың терезе жақ түкпіріне бүрсиіп отырды. Қанша қарамайын дегенмен, көзі өзінен-өзі алғы жаққа бір, автостанция жаққа бір түсіп кете берді. Өстіп отырғанда автостансадан билет тексеретін апай мен бір ұзын бойлы ағай шықты. Екеуі сөйлескен бойда келді де, билет тексеретін апай автобусқа енді, ұзын бойлы ағай барып рульге отырды.

- Билеттеріңізді дайындаңыздар.

Жаңа кайда қойғаны есінде жоқ, Өнербек билетін орнынан атып тұрып іздеді. Билеті шалбарының оң қалтасында екен. Өнербек еңсесін көтеріп тік отырды. Бүріскен тұлғасы, өкініш езген көңілі көтеріліп кетті. «Бәсе, бұл машинаны басқа біреу айдайтын болған екен ғой».


-157-


Ертеңіне Өнербек үлкен жолға бұрынғысынша құлаштай қағазға «Меркі» деп жазып алып шықты. Өзіне таныс автобус тақап келеді. Өнербек қағазын көтеріп, көрнекі ұстады. Автобус тоқтап, алдыңғы есік ашылды.

- Өнербек, хал қалай? — деді Сабыр ағай.

- Жақсы.

- Жазуыңды неге алып шыққансың?

- Өткенде автобус тоқтамай қойды.

- Қап, Мүтәліпке ескертпегенімді қарашы! Сәл ауырып тұрдық, бала!

- Енді жазылдыңыз ба?

- Жазылдым. Өнербек қуанып кетті.

- О-о, жақсы болды онда!

Әнеукүнгі өкпе де, өкініш те жоғалып, бойын қуаныш сезімі биледі. «Ағайдың ауырмағаны жақсы».

БАЙНАШ
Байнашты бәріміз «солдат» дейміз. Десе дегендей. Анау шеткі партада отырады.

- Есназаров, — дейді мұғалім.



- Мен!

- Байнаш көз ілеспес шапшаңдықпен атып тұрады. Ол енді тапжылмастан сіресіп қалады. Біз бір-бірімізге қарасып, жымыңдаса бастаймыз.

- Тақтаға кел.

- Есть!

Мұны Байнаш маңындағылар ғана еститіндей етіп, жәй айтады. Енді Байнаш қаздаңдап басып, тақтаға барады. Мұғалімге бетпе-бет таяп келіп, лып етіп бізге қарай бұрылады. Қасқая қарап тұрады, қисайып, бүгілу дегенді білмейді-ау, тура солдаттың өзі!

Бірақ осы Байнаш сабаққа нашар. Сонысы жаман. Мұндай еркелігі бар балалар оқуға жүйрік болса! Зәурені көрмейсіңдер ме? Ерке-ақ! Бірақ оқудың түбін түсіреді. Сонысымен сүйкімді. Ал мына Байнаштікі не? Түсінсемші! Былтырғысы бір сәрі. Кәкима апай мұнысын білетін еді де, Байнаштың солдат қылықтарын елемейтін. Сонда да сабақ білмейтіндігінен талай сөздер естуші еді.

-158-


Биылғысы не деймін? Биыл мектеп меңгерушісінің өзі — Жалғас ағай оқытады. Өйтпегенде ше? Біз енді бұл мектептің соңғы үшінші сыныбында оқимыз. Ендігі жылы ұжымшар орталығындағы орта мектепке барамыз.

Байнашты қойсаңдаршы бұл! Жалғас ағайдан да ұялып, қаймықпады. Тақтаға шақырып еді, өз әуеніне басты. Ағай жымың етіп күлді. Байнаш па ұяла қоятын? Тақтаға барып сіресіп тұр. Ережеден аузын ашпады. Жалғас ағай тақтаға бір сөйлем жаздырды. Зәуре қанша қате тапты екен, қолын көтерді. Зәуре тұрмақ, менің өзім үш қате көрдім.

- Есназаров, сабаққа неге дайындалмайсың?

Үн жоқ.


- Бір себеп болған шығар? Айт.

Ауыз ашу қайда?

- Айтсаңшы. Неге дайындалмадың?

Байнаш қаздиып тұр. Көзі жыпықтай береді. Осы жері солдатқа келіңкіремейді. Солдат еш нәрседен қаймықпауы керек қой.

- Отыр ендеше. «Екі».

Байнаш лып етіп, бұрылып жүре берді. Партасына үш-төрт адым қалғанда, аяғын тарс-тұрс басты. Балалар ду күлді.

- Ағай, Байнаш — солдат. Өстеді. Солдатша жүреді.

Аузы жеңіл Есен тақылдай жөнелді.

- Қызық екен! Есназаров, тақтаға кел.

Қайтпайсың-ау, Байнаш! Тағы солдатша басып барады. Жүрісінен танбады.

- Орныңа бар.

Енді Байнаш қайсарланып алды. Бұрыла бере, орнына қарай еденді тарсылдатып, қаздаңдай басып бара жатыр. Кей күлегештер болмаса, басқамыз жым болдық. Бір қызықты күтіп отырмыз. Ойлағанымыз жүзеге аспады. Сабақ жалғаса берді. Керек десе, ағай Байнашқа бір ауыз тіл қатқан жоқ. Тек сабақ бітерде:

- Есназаров, ұмытпай тұрғанда айтып қояйын, бүгін төртінші сабақ орыс тілі ғой, содан кейін кетіп қалып жүрме.

- Жарайды. Байнаш қаздиып тұр.

Жарас ағай шыға бере, мен: «Не істер екен? Жеке сөйлескісі келсе, неге кабинетіне ертіп кетпейді? Не

-159-


істемек?» деп ойладым. Маған әйтеуір бұл бір қызық болып көрінді.

Соңғы сабақ бітіп, балалар тарап кетті. Байнаш сыныпта қалды. Менің кеткім келмей, сабақ кестесін қарағансып, залда тұрып алдым.

Әне, кабинетінен Жалғас ағай шықты. Сабақ кестесіне үңіле түстім. Біздің сыныпқа кіргені сол еді, ізінше Байнашты ертіп далаға беттеді. Байнаш қолын сермей бастады. Мен де алыстан ілестім. Спорт алаңына бара жатыр. Дәл ортасына барғанда Жалғас ағай:

- Есназаров, сумкаңды анда қой да бері кел. Енді екеуіміз нағыз солдат жүрісін үйренейік. Бағанағың келіңкіремейді екен, — деді.

Байнаш жымың етті. Қуанып тұр. Байнаш тұрмақ мен де күліп жібердім, шарбаққа жабыса түстім.

Ағай бұйрық беріп, Байнашты жүргізе бастады. Даусы сұсты шығады. Түрлі қимыл кезінде денені қалай ұстау керектігін де үйретіп жүр. Байнашымыз түк білмейді екен. Демнің арасында шаршап қалды. Әй, Байнаш — солдат-ай! Құрысын сенің бүйтіп солдат болғаның. Жалғас ағай сонда да қоймады. Байнаш аяқ көтеруден қалды. Ақыры, тоқтатып алды да:

- Есназаров, солдат — қастерлі атау. Сен оны күлкіге айнадырады екенсің. Біз сияқты қарт солдаттар өзін ешкімге қылжақ еткізген емес. Солдат болу — ең қиын оқу. Оған сен жассың. Сен әуелі мектептегі оқуыңды меңгеруің керек. Бар, сабағыңа дайындал, — деді ағай ызғарлы түрде.

Тыңдап тұрған мен де сескеніп қалдым. Байнаш спорт алаңынан ілбіп әзер шықты. Ешкімді елейтін емес. Жай басып, ұзап барады.

Содан бері Байнаш тақтаға шақырғанда, қол сермеп қаздаңдап басуын қойды. Қайта сабаққа тілі шығып келеді.

АТА
Жауынгерлік дабылмен белгілі ауданға келген сайын біздер — телефонистер он шақырым жердегі тұрақты байланыс жүйесіне кабель тарқатып келіп жалғаймыз. Бірде кабель тарқатып келгенімізде, тұрақты байланыс жүйесінің басталар жеріндегі бағананың түбіне бір киіз

-160-


үй тігіліп қалыпты. Түрікпендердің дәу-дәу ала иттері анадайдан абалап алдымнан шықты. Қарап тұратын уақыт па, тура тарта бердім. Жайшылықта жаяу тұрмақ, атпен жолаудың өзі — жүректілік, түрікпен иттері тайдай-тайдай үлкен болады. Қазір не, иығымда автомат, оның үстіне кабель шөлмегі сартылдап, жіп-жіңішке дала кабелін соңыма шұбыртып тастап безіп келемін. Иттердің өздері тайқып кетті.

Үйден жеті-сегіз жасар бір қара бала атқып шықты.

- Солдат, солдат! — деді есікке бұрылып. Іштен жауап дауыс қарлығыңқырап естілді:

- Солдат болса не қыл дейсің? Бар, атты әкел!

Мен қазақ сөзіне елең еттім. Бала бағанаға қарай жүрді. Мен бұрын жеткенмін, дереу аттың шылбырын шеше бастадым. Кәдімгі өзімнің атамша күрмеп байлапты.

Бала төмен қарап тұрып, қолын созды. Діріл бар. Ұстата салдым. Машинамыз кеп қалды. Енді бала ұмыт болды.

Байланыс орнаттық. Дала телефонын бағанадағы сымға қосып үлгергеніміз сол еді, шылдыр етті.

- Бақылау пункті. Аға лейтенант Черкашин. «Глобус». Орнаттық. «Астра» жауап берген жоқ. Міне — «Астра».«Астра», «Глобусқа» жауап беріңіз.

Сонымен, «Глобус» пен «Астра» жалғанды. Біздің мақсатымыз орындалды. Аға лейтенант трубканы орнына қойды.

- Ефрейтор Молдашев.



- Мен.

- Сен осында бақылауда қаласың.

- Құп болады, аға лейтенант жолдас.

Мен бақылау пунктінде қалдым.


* * *

Енді әлгіндегі бала есіме қайта түсіп, киіз үй жаққа қарадым. Қыбыр еткен жан жоқ. Ала иттер үй айнала көлеңкеге жайғасыпты. Ентігіп, арсалақтап өкпесін соғады. Әсіресе, босағаға таяу жатқан қара бас маң төбеттің көрген тауқыметі ауыр болса керек, ес-түссіз, мең-зең, басын көтереді, тілі салақтап жерге жетер болады. Басын жерге сылқ еткізіп қайта тастап, сұлқ қалады. Арғы қапталдағы қойлар да өкпе соғып, бір-бірінің бауырына басын тығады. ЬІстық буып, бар дүние ентігеді.


-161-


Терім қатып, салқындай бастап ем, енді ыстық қайта бууға айналды. Әсіресе, етігімнің басынан өтіп барады. Бағананың көлеңкесіне малдас құрып отырдым. Телефон шылдыр еткен сайын тындаймын. Байланыс үзілген жоқ, сөйлесіп жатады.

Құрметті оқушым, осы жерде телефон шылдырлағанда менің неліктен тыңдайтындығыма сәл де болса танданып ой жүгіртулерің мүмкін. Мүның мәнісі — менің телефоным кабель мен тұрақты жүйенің жалғанған жеріне қосылған. Олар бір-бірін шақырғаңда, менің телефоным да шылдырлайды. Трубканы көтеріп тындаймын, екеуі сөйлесіп жатса — болғаны. Біреуі сөйлеп, бірі үнсіз болса — байланыс бұзылғаны. Бақылау пунктінің мақсаты — менің мақсатым — ақау қай жағынан болды, соны анықтау.

Әне, қара бала тағы да есігінің алдына шықты. Басына ақ киіз қалпақ киіп алыпты. Ал шалбары далиған кең. Тек бойы қортық, әйтпесе киімі, тұлғасы ауыл шалынан айнымай қалған. Сонысының өзімен де жақын тартады. Қол бұлғадым. Келді.

- Кел, отыр. Атың кім?



- Ата.

- Түрікпенсің бе?

- Жоқ, қазақ.

Дәл осы кезде шешесінің даусы шықты.

- Ата, ей, Ата.

- Ау.


- Қайда жүр өзі?

- Мұндамын. Солдат ағаның қасында.

- Болмайсың ба еңді? Ұялып тұрсың ба айтуға? Ертіп келе ғой. Бол.

Атаның екі беті қызарып кетті. Қап-қара томпақ көздері жайнап барады.

- Сізді шайға шақырып жатыр. Жүріңіз.

- Мен бара алмаймын.

- Неге? Жүріңіз.

- Жоқ. Мынаны тастап кетуге болмайды.

Мен иегіммен телефонды нұсқадым. Ата қызыл қобдишаға таңырқай қарады.

- Не бар мұның ішіңде?

Мен трубканы Атаның құлағына тостым.

- Біреулер сөйлеп жатыр.


-162-


Мен микрофонды жаба қойдым. Олай етпесем, Атаның сөзі байланыс тәртібін бұзады. Тіпті болмаған күнде Ата үні командирлердің құлағына шалынып қалса, ашуын келтіруі сөзсіз.

Шешесінің даусы тағы шықты:

- Ата, ертіп келсеңші енді.

Ата маған жалтақ-жалтақ қарайды. Жүрсе екен деп тұр.

- Бара ғой, Ата. Келе алмайды деп айт.

Ата әзер кетіп барады. Адам деген қызық-ау, демнің арасында қимастық, туыстық орнай қалғаны ма, жоқ, жалғыздық елегізуі ме, Атаның үйіне қарай берем. Атаның тысқа шығуын қалап отырмын. Ата көпке дейін көрінбеді.

Әкесі шықты да, керіліп сәл тұрды. Мен жаққа қарап қойды. Сөйтті де:

- Ата, ешкілер шошаңдай бастапты. Малды өргізейік. Киін, - деп белдеуде тұрған атын шеше бастады.

Шынында, он шақты ешкі қойдан ұзап жайылып барады екен.

Батыстан болмашы керімсал самал елп-елп етіп өтті. Жусан басы қозғалақтап қалды.

Ата аяғына етік, үстіне костюм киіп, белін белбеумен тартып алыпты. Маған қарап жымияды. Ұзын ұштық таққан қамшысын шартылдатып, қойларды өргізе бастады.
* * *
Аздан соң Атаның шешесі келді жаныма. Қолында — дастарқаны, бір шайнек шайы бар.

- Қарағым, амансың ба? Шөлдедің-ау, жаным. Шақырсақ, келмейсің. Өзім шай әкелдім, сусындап ал.

- Неге бармайын? Мынаны тастап кетуге болмайды. Болмаса, шақырмай-ақ бармас па едім.

- Бәсе, десеңші. Ал іше ғой.

Дастарқандағы бауырсақ пен қойдың әдемі құрты екен. Рақаттанып бір шыны шай ішіп бола бергенімде, телефоным шылдыр-шылдыр ете қалды. «Астра»:

- Ало, алоу, «Глобус», «Глобус»! Неге екенін, жауап бермейді, — деп жатыр екен.

- Бақылау, бақылау, — дейді «Глобус». Үні маған әзер естіледі. Талып жетеді.

-163-


- Бақылау пункті. Ефрейтор Молдашев.

- Не болды? «Глобус» естілмейді.

Индикатор тұтқасын бұрадым. «Астра» естіп-ақ тұр. Ал «Глобус» міңгірлеп маған зорға естіледі. Телефон құлағына аға лейтенант Черкашин келді.

- Ефрейтор Молдашев, сол маңайды тексере бер. Комаңда жіберемін. Сым жерге тиген. Ізде.

Шай жайына қалды. Орнымнан атып тұрып, автоматымды асына бастадым.

- Қарағым-ау, ішсеңші шайыңды. Не болды? — деп Атаның анасы бұл оқыс қимылына дегбірсізденіп, үрейленіп қалды.

- Апа, уақыт жоқ. Рақмет. Тығыз жағдай болып қалды.

- Әй, айналайындар-ай, — деп шешей шыныдағы ішілмей қалған шайды төгіп, дастарқанды жинап жатыр.

* * *
Кабельді жағалап, белге шықтым. Алдымда қойнауда қой жатыр. Қой шетінде Ата маған қарай жүгіріп келеді. Екеуіміз қапталда ұшырастық.

- Аға, ана жерде сым үзіліп жатыр, — деді Ата ентігіп.

- Қай жерде?

- Жүріңіз, тауып беремін.

Келсем, сымның біреуі қой тұяғынан үзілгені рас екен. Ата жалғапты да, белгілі болсын деп үстіне құм төмпешік үйіп қойыпты. Сымды жақсылап жалғап, изолентамен орадым. Сонан соң Атаға:

- Ата, сымның ашық қалған жерін жерге тигізсең, бұл сөйлемей қалады. Сен үстіне құм үйіп сөйлетпей қойыпсың, — дедім.

- Мен белгілі болсын деп едім. Мен білген жоқпын.

Ата қатты қысылып қалды. Абыржып ыңғайсизданды. Сол сәтте өзін аяп кеттім.

- Білем, білем. Сен білмей істедің. Бәрінен де тауып бергеніңді айт. Біз саңдалып іздейтін едік. Ал, сен оп-оңай тауып бердің. Атаның жүзі жадырап сала берді. Мына жабыстыратыныңыздан маған да беріңізші. Тағы үзілсе, өзім-ақ жалғап, орап қояйын.

- Берейін. Бірақ сендер қойларынды бұл жерден бас-


-164-


қа жаққа жайыңдар. Қой аяғымен таптап, тағы үзіп кетуі мүмкін.

- Жарайды.

- Мен кеттім, Ата.

Ата бара қойға тиісті. Әкесі қойдың арғы шетінде жүрген.

- Не болды? Тиме, тиме! - деп айқайлап еді, Ата қарайтын емес, дүрілдетіп қуып жүр.

Күн алаулап бел асты. Жыра-жыраға қара көлеңке үйіріле бастады.

Телефонымды тыңдап қоямын. Сөйлесіп жатыр. Орнымнан тұрып, әрлі-берлі жүріп бой жаздым. Қой кешкі өрістен келе жатыр. Бөрте серке жалт-жалт басып, қора шетіне жетіп қалды. Қойдың алды қаптап келіп, науадағы тұзға жабылды. Соңы бытырап жатыр, Ата иіре бастады. Қойдың бір шеті менің үстіме келіп қалған, Ата жанымнан қой қайырып өте берді.

- Ата, бағанағыдан кейін үзілген жер таптың ба? — дедім сөзге тартқым келіп.

- Жоқ. Біз ол жаққа қайтып барғанымыз жоқ. Қойды ол маңнан алыс жайдық.

- Қойыңды иіріп болған соң кел.

- Жарайды.

Ата көп кешікпей-ақ келді. Мен құрғақ паегымды жая бастадым. Консервіні ашып, нанды турап — бәрін панамамның (ыстық жақтарда жауынгерлер киетін бас киім) үстіне үйдім.

- Ал, Ата, жейік.

- Жоқ. Мен үйден тойып келдім.

- Дегенмен, әскер тамағынан алып қой.

Ата сараң алады. Жаныңда адам бары жақсы екен, «ал-алдап» отырып көңілді тамақтаңдым.

- Телефон тыңдатыңызшы, — дейді.

Тыңдатамын, тындап-тыңдап алып:

- Не айтып жатыр? — дейді.

- Оны айтуға болмайды. Құпия. Бәрі сендер үшін, тыныштық үшін, — деймін.

Ата ұзақ тыңдайды. Қалай да ұққысы келеді.

- Бірдеңе-бірдеңе, ало, ало деп жатыр. Тыңдаңызшы, — деді Ата кенет дегбірсізденіп.

Тыңдадым. «Астра» екен. «Глобуспен» байланыс үзіліпті, үн қатпайды.

-165-


- Ата, тағы бір жерінен ақау шықты. Іздеп келемін.

- Түн ғой. Түнде көрінуші ме еді? Оны қайдан табасыз? Ертең ерте іздемейсіз бе?

- Әй, Ата-ай, әскери байланыс күтіп тұра ма? Талай-талай кездесіп жүрген жай ғой. Тапқанда қандай! Міне, былай кабельден үстап алып, тарта береміз. Мен кеттім. Сен үйіңе бар. Жат.

- Қазір келесіз ғой. Сізді күтіп отырамын.

Ақауды жөндеп қайтқанымша, екі сағаттай уақыт өтті. Келсем, Ата телефонның түбінде отыр.

- Сөйлеп жатыр. Екі адам сөйлесіп жатыр, — деп күлді.

- Сен әлі кетпегенсің бе?

- Жоқ. Үйге бармаймын дедім. Сізбен бірге отырып, қой күзетемін.

Біз енді әр нені айтып отырмыз. Құс жолын көлденеңінен кесіп, қызыл-жасыл нүкте өтті.

- Ұшақ па?

- Ұшақ.


- Түнде жатпай ма?

- Жатпайды. Қозғалыста күн-түн деген болмайды. Ұшақ, пойыз, автобус тәулік бойы қозғалуын, қатынауын тоқтатпайды.

- Рас, рас, ағай. Біз былтыр Қазақстанға барғанбыз. Соңда пойыз түнде де жүре берген.

- Әне, көрдің бе, солай.

Шинельдің үстінде шалқамыздан жатырмыз. Ата жұлдыздар туралы, түнгі ұшақ туралы менен көп-көп әңгіме сұрады. Бір уақыт үнсіз қалды. Сөйтсем, тыншып ұйықтап кетіпті. Жарым түн болды. Атаны шинельмен қымтап қойдым да, телефон қобдишасына басымды сүйеп, қалғи бастадым. Шылдырлаған сайын тыңдаймын. Бір уақытта телефон оқтын-оқтын шылдырлай қалды.

- Бақылау, бақылау! — деп жатыр екен.

- Бақылау тындап тұр!

- Молдашев, жинаймыз. Сен сол басынан орай бер. Ұқтың ба?

- Ұқтым.

Бағанаға шығып, сымды үздім. Ата мұрны пысылдап ұйықтап жатыр. Қимай сәл тұрдым. Қайтейін, шинель керек, әрі жалғыз өзін далаға тастап кетуге болмайды.



-166-

Ояттым. Көзін ашып алды. Атып тұрды. Ұйықтап қалғандығына қысылды.

- Ата, біз жинайық деп жатырмыз мынаны. Сау бол!

- Түнде қалай жинайсыздар?

- Жинаймыз. Күтіп тұратын уақыт жоқ. Сен үйіңе барып ұйықта. Сау бол!

- Сіздер күн-түнді білмейді екенсіздер.

- Иә, солдат үнемі қозғалыс үстінде. Бәрі сендер үшін. Бара ғой, айналайын.

- Сіз тағы да келесіз ғой. Тез келіңіз. Мен күтіп жүрем.

- Жарайды. Күт. Мүмкін келермін. Келе алмасам, өкпелеме. Біз — солдатпыз.

Орнымнан қозғалдым. Шөлмек тұтқасын бұрадым, сартылдап түн тыныштығын бұзды. Иттер абалап үрді. Мен ұзай бердім. Ата ұйқылы көзімен мең-зең күйде теңселе басып, үйіне кетіп барады. Мен жаққа қарап қояды. «Ұйықтай ғой барып, тыныш ұйықта, қалқам! Біз бармыз ғой». Мен түн құшағындағы құм жоталарына көтерілдім.



КӨК ҚОЗЫ

Батальон маршта келе жатқан. Полк көлеміндегі екі күндік жаттығу аяқталып, әскери қалашыққа қайтқан бетіміз. Батальон машиналары салқар колонна — керуен құрып келеді.

Бізге колоннаның ортан белінен орын тиген. Біздікі ГАЗ-53 маркалы, алдыңғы, артқы дөңгелегі бірдей тартатын қорапты машина. Қораптың екі қапталы ашпалы астау. Екі астаудың іші де қаз-қатар тізілген дала кабелінің шөлмегі. Қақпағы жабылған соң астаулар кәдімгі орындық болады да қалады.

Міне, қазір біз, телефоншы алты жігіт, үш-үштен бөлініп алып, екі қапталдағы орындықтарда, яғни астаушалар үстінде қаздай тізіліп отырмыз.

Бұралаң дала жолы артта қалып, машиналар айнадай асфальтқа түскен соң, екпін алып, заулай жөнелді. Енді колонна үзілмес-басылмас бір сыдырғы, өрі жайлы сарынға түсіп алып, асығыс тартып келеді.

-167-


Екі тәулік бойы тыным көрмей, жел-құйын болып телефон желісін тартқан біз бұйығып, бір-бірімізге тығыла түсіп, құс ұйқы болып отырмыз. Мызғып кетіппін.

- Ерген, қара, қозы! Ерген, қозы!

Бойымды әзер жинап алдым. Қайда қарарымды білмей, жан-жағыма алақтай бердім.

- Әне, әрі қара!

Ефрейтор Селедков сұқ саусағымен менің ту сыртымды нұсқады.

Жалт қарадым. Асфальттың терістік жағы қара жол болатын. Бір көк қозы соған түсіп алып заулап барады. Бірінен соң бірі тұсынан зарлап келіп, зулап өтіп жатқан машиналар қозыны ес-түсінен мүлде айырған.

Ол енді колонна өткенше бұл екпіннен шыға алмайды. Колонна өтіп кеткен соң да, біразға дейін жүгіргені жүгірген. Сонан соң ештеңені көрмей, не маңырай алмай, екі өкпесін соғып әл-дәрменсіз тұрар. Отар қайда, енесі қайда? Оның бірін де бұл қозы енді қайтып таба алмайды. Зеңгіп қалады ғой, бейшара. Қойшы іздер. Бірақ табар ма екен? Әй, кім білсін, алыстап кететін болды ғой.

- Адасатын болды-ау, қап!

Өстіп өкініш білдіргеннен басқа бізде еш амал жоқ, бел асып кеттік. Қозы қала берді.

Машина кілт тоқтады. Бір өре түрегелдік.

- Не боп қалды?

- Қирады, сірә.

Кабинадан Дементьев шықты.

- Жетер ұйықтағандарың, бой сертігіңдер былай...

- Не болды?

- Не болсын? Бір жарты сағатсыз қозғалмайтын болды.

Дементьев дереу капотты аша салып, іске кірісіп кетті. Машина бұзылған екен, яки тоқтаған екен деп тапырлайтын ауыл емес, бұл — әскер. Қозғалыс кезінде артық-ауыс қимылға жол жоқ, орын-орнымызда отырмыз. Екі көзіміз белде. Көк қозы күттірмеді, қылтың етіп шыға келді.

- Әне, көрінді!

- Мынау шынымен қозы ма, жоқ, шайтан ба?

Дементьев басын мотордан жұлып алды.

- Жігіттер, шуламаңдар, ұстаңдар қозыны.

Мен әй-шайға қарамай жерге қарғып түсіп, жаға жолға жүгіріп шықтым. Көк қозы салып ұрып кеп қалды.

-168-

Екі көзі тұнып, екі құлағы бітіп қалса керек, өзі келіп құшағыма қойып кетті. Кішкентай жүрегі кеудесін жарып кетердей тарс-тарс соғады. Бақайына дейін қара терге түскен. Көкпеңбек көк бұйра жүніне жабысқан шаң терге шыланып жылт-жылт етеді.



Мен қозыны көтеріп жігіттерге беттегенде, колонна ұзай бастаған. Дементьев капотты жауып жатыр екен. Маған айқайлады:

- Ерген, жүгір! Тез отыр машинаға.

Мен жүгіріп кеп, қозыны жігіттерге ұсына бердім. Селедков қақшып алды.

Машина гүр ете түсті. Солдатқа бұйым болған ба, аяғым дөңгелекке тиер-тиместен, қозғала берген машинаға ытқып шықтым. Машина кері бұрылды.

- Құрттты мына Дементьев!

- Ол емес, көк қозы құртады бізді.

- Ештеңе етпейді.

Ә, дегенше заулай жөнелдік. Сол сәт жаңағы көк қозы ұшып жеткен қара жолда ақбоз атпен шауып келе жатқан шопанды көрдік.

- Анда қараңдар!

- Қайдан білді екен, ей?

Мен көк қозыны алдыңғы аяғынан аспандата көтеріп қойшыға көрсеттім. Қойшы ат басын тартты.



Дементьев тежегішті басты. Ол машинасын кері бұрғанда, қойшы асфальт жағасында тұрған. Ақбоз ат жуас жануар екен, үрікпеді. Шопан тебініп кеп, машинаға қатарласа берді. Мен еңкейіп көк қозыны қойшыға ұстата салдым.

- Рақмет. Көп рақмет, солдат қарақтарым!

- Сау болыңыз, ақсақал.

Дементьев газды аямай басты. Машина тез-ақ екпін алды. Шопан желе шоқырақтатып бара жатты.




БҮЛДІРГЕН ТЕРЕ БАРҒАНДА

Біздің жақта бүлдірген адырда болады. Сай табанына жақын жартастардың астына, яки бұлақ суының бойына шығады. Жылда бүлдірген піскенде адырға атпен әдейі келіп, теріп қайтатынбыз.

Бүгін де Сөрелі сайдағы бүлдіргеннің қалың шығатын

-169-


жеріне келсек, қап-қара боп тұнып тұр. Жанымда өзіммен бір оқитын Рақтай деген жолдасым бар. Екеуіміз:

- Ойпыр-ай, қалыңын-ай!

- Піскен-ақ екен, тегі, — деп танданысып, аттан асығып-үсігіп құлап түсіп жаттық.

Сол екі арада қалың бүлдіргеннің арғы шетінен бір елік атып шықты.

- Елік, елік! — деп айқай салдық. Сөйтіп мәз болып тұр едік: іле-шала дәл әлгі жерден еліктің лағы көрінді. Сәл қашып барып, көп ұзамай-ақ, қалың шөптің арасына қойып кетті. Шөптің басы біраз жер қимылдап барып тына калды. Екеуіміз бір сәт анқиып тұрып қалдық та, аттарды тастай салып, жүгіріп сол жерге жеттік. Рақтай еліктің лағын алғашқы кірген жерден іздей бастады. Мен жүгіріп, шөп қимылының тоқтаған жеріне келсем, еліктің лағы жермен-жексен болып, құлағын жымқырып, бүк түсіп жатыр. Бас салып ұстап алдым. Еліктің лағы бір түрлі аянышты дауыс шығарды.

Рақтайға қарап едім, өзі таба алмай калғанына өкінгендей боп тұр. Соны білдім де, елікті соған ұстата салдым.

- Мә, сен ұста, екеуіміз бірігіп асыраймыз.

Рақтай менің қолымнан ала бергенде, еліктің лағы аянышты өксіп-өксіп жіберді. Осы дауысты естіді білем, алдағы тұмсықтан елік ешкі шыға келді. Бізге қарай жасқанбай салып ұрып келеді. Енді не болар екен деп тұрып қалдық. «Айтақ-айтақ» деп жоқ итті көмекке шақырып, өтірік күшейдік. Елік сескеніп, состиып тұрып қалды, қайтып қашпады. Қайта бірте-бірте жақындай берді. Еліктің лағы шешесін көмекке шақырып, дауыс шығаруын қоймады. Біз қанша айқайласақ та, елік сескенер емес. Баласымен бірге өлмек түрі бар. Біресе баламды жіберсеңдерші деп жалына сұрағандай, бір орында тыпыршиды. Бір рет тіптен жақын келді. Мөлдіреген танадай қара көздерінен жас тамшыларын көріп қалғандай болдым.

- Бейшара, жылап тұр екен, — деді Рақтай жұлып алғандай.

Ол да байқап қалған екен.

- Қой, онда лағын жіберейік.

- Жіберсек, жіберейік.

-170-

Еліктің лағына қаншама қызығып қимағанымызбен, анасын аяп кеттік, босатып жібердік. Екеуі секеңдеп отырып кезеңге шықты. «Балалар, сендерге рақмет» дегендей бізге қарап сәл тұрды да, орғып-орғып қырдан асып кете барды.


АЛА МЫСЫҚ
Бекежан оянары оянғанымен, жылы төсекті қимады. Тұруға ерініп, көзін бір ашып, бір жұмып, ұйқылы-ояу маужырап жата берді. Ол бір сәт көзін ашып жатып бір нәрселер ойлаған болып еді, көзі өзінен-өзі жұмылып мызғып кетті. Әлгі ойы түс сияқты бұлдыр тұманға айналды. Содан қайта ояна беріп, тағы басқа нәрсе ойлайын деп еді, құлағына жіп-жіңішке үн ызың ете түскендей болды. Сергіңкіреп құлағын түріп еді, үн жалғыз емес, бірнешеу болып үздік-үздік естілді. Және дәл өз төсегінің астынан шығады. Бекежан әп-сәтте еденге қарғып түсіп, етбеттеп төсектің астына үңілді. Түкпірге таман өзінің ала мысығының бауырында қыбыр-қыбыр етіп жатқан қызыл-шақа соқырларын көрді.

- Бекежанның қуанышы қойнына сыймай кетті. Ала мысықтың бір соқырын қолына ұстап аялағысы келді. Еңбектеп жақындайын деп еді, ала мысық көзі оттай жанып, пыр-пыр етіп айбат шекті.

Бекежан ала мысықтың мұнысына әжептәуір ренжіп, не қыларын білмей тұрып қалды. Кетейін десе, оларды көзі қимады, жақындайын десе, ала мысық жолатпайды. Сөйтіп тұрып санай бастады. Соқыр төртеу екен. Енесімен — бесеу, Бекежан апыл-ғұпыл киінді де, сыртқа беттеді. «Енді менің мысығым бесеу болды» деп бірге ойнайтын жолдастарына түгелдей айтып шықты.

Ала мысық соңдай балажанды екен. Бекежан қанша аңдығанымен соқырларын көзінен түк таса қылмады. Үнемі бауырына басып жатты. Әдепкі күңдері Бекежанның табақпен әкелген сүтінен басқа нәр сызбады.



Ала мысықтың соқырларының үшеуі ала да, біреуі тарғыл. Төртеуі де ала мысықтың бауырына жабысып, кейбірі емшегін дәл таба алмай, әр жерін түрткілеп, жіңішке даусымен мияулап жатқанда Бекежан:

-171-


- Кеудесінде нең бар, ей? Мыналар көрмей ме, немене? — деп таңданып, барлық қимылына телміре, қызықтап ішек-сілесі қатып күлді.

- Қайдан көрсін? Әлі көзін ашқан жоқ қой? — деді Бекежанның апасы.

Бекежан мысық балаларының көзіне енді зер салды. Бәрі де көздерін тарс жұмып алыпты.

- Көзін жұмып алғандары несі? Ашпай ма? — деді таңданып.

Бекежан ит пен мысықтың балалары көздерін ашпай туып, кейінірек ашатынын білмейді екен.

Апасы соны айтып түсіндірді. Соның үшін де мысықтың баласы соқыр деп аталынады екен. Мысықтың соқырлары аз-ақ күннің ішінде көзін ашып, есейіп қалды. Анасы енді сүйікті кәсібі аңшылыққа шыға бастады.

Ала мысық үйден шығысымен Бекежан жолдас қызы Назым екеуі мысық соқырларының аузына сүт тосып әуре болады. Өйткені Назым біреуін ертерек үйіне алып кетуге асығатын. Бекежан да өзінше тамақ беріп асырауды құп көрген біреуін.

Ала мысық — өте қызғаншақ. Даладан кіріп келісімен бұларға дөңгелек отты көздерін қадап, пыр-пыр етіп, соқырларын тез бауырына жинап алады. Бекежандар бұлардың мойнына әлдеқашан-ақ әр түрлі белгі жіп тағып қойған.

Бір күні Назым өзінің қызыл жіп таққан ала соқырын бауырына қысып, аялап үйіне алды да кетті. Бекежан өзінің сүйікті тарғылын төсегінің үстіне жатқызып қойды.

Ала мысық сырттан келісімен Назым әкеткен соқырын мәуілдеп әрі іздеді, бері іздеді, аласұрды, жоқ. Аяқ астынан бір соқыры ұшты-күйлі жоқ болғаны жанына бататын сияқты. «Бәрінен осылай айрылады екенмін. Мына балалар бәрін құртып тынады екен», — деп шошыды білем, сол түні-ақ соқырларын каналдың арғы жағындағы қалың қамыстың ішіне тасымақ болды. Каналдан науаның үстімен өту керек. Бұл науадан үнемі су үзілмейді. Ұжымшардың қызылша егісіне баратын су күні-түні бетімен-бет болып лүпілдейді де жатады.

Мысықтан епті аң бар ма, әрі талай өтіп үйренген жері, тастай қараңғы түнде науаның жалғыз қырымен соқырларын біртіндеп тістеп өткізіп, қамыс арасына таси баста-

-172-


ды. Екеуін еш қырсықсыз арғы жағаға өткізіп алды. Тіпті каналдың жағасында тұратын Назымдардың мысық атаулыға өш Алыпсоқ деген көк төбеті де байқамай қалды. Үшіншісін тістеп дәл каналға жақыңдай бергеңде, Алыпсоқ көріп қойып, арсылдап тұра ұмтылды. Не істеу керек? Науадан жүгіріп өте шығу қауіпті. Суға құлайды. Айбат көрсетпесе, Алыпсоқ қауіпті, жақындап қалды. Амалсыздан аузына тістеп алған соқырын канал жағасына тастай салды. Белін бүгіп, арқа жүнін үрпитіп «ыф» деп иттің бетіне шапшыды.

Алыпсоқ та, мысық та бір-бірінен көз жазбай аңдысып қалды. Осы кезде ала мысықтың соқыры тырбаңдап жатып, жардан домалап барған күйі каналға шолп ете түсті. Ала мысық екі көзін иттен алмаған күйі шегіншектеп мияулап-мияулап жіберді. Көк төбет те көңілін бір демдегендей болып, жайына жүре берді. Ала мысық екінші бір соқырынан осылай айрылды.

Қамыс арасынан торғай, тышқан ұстап жеп, ала мысық қалған екі соқырын асырай берді. Қарны ашқанда үйге де келіп-кетіп жүрді. Ол келген сайын Бекежан: «Балаларың қайда? Ертіп кел! Енді ешкімге бермеймін», — деп ұрысқан болады. Ала мысық оған түсінбейді, түк көрмегендей көзін жұмып, пыр-пыр етеді.

Өсе келе ала мысықтың соқырлары өзіндей үлкен мысық болды. Екі соқырының өзіне тартқан аласы жұқалау, пысық, ал тарғылы болбыр, бос болып өсті. Тарғыл анасының жанынан шықпай, ал анау өзінше аң аулап ұзап кете беретін. Анасы қаншама жанынан шығарғысы келмей еміренгенмен, пысық ала біртіндеп ұзап жүріп, ақыры жатағына қайтып оралмай қойды. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас бола ма», жөнін тапты.

Ала мысық барлық жайға енді түсінді. Тарғылынан да айрылатынын білді. Соқырын қаншама жақсы көргенімен уақыт, табиғат заңы осы. Ешкім баласын қанжығасына байлап жүрмейді.

Бір күні түнде ала мысық жалғыз соқырын үйге ертіп келді. Тарғыл адам көрмей тағыланып кетіпті. Жүк аяқтың, төсектің астына кіріп, шықпай қойды. Бекежан жақындаса, екі көзі оттай жанып тығыла түседі. Бірнеше рет есіктен шыға қашпақ болып еді, ала мысық қақпайлап шығармады. Есік жақта екі құлағын едірейтіп етбетінен


-173-


бүк түсіп, аңдыды да жатты. Тарғыл мысық бірте-бірте ұстағанға да көнді, тырнамайтын да болды. Екі мысық та үй ішіңде еркін жүреді, Бекежан тарғыл мысықты қанша жұлмалап ойнаса да, ала мысық түк қызғанбайды.
ҚАРА СИЫР
Қып-қызыл Күн көкжиектен иек артып, Аралтөбенің басын жаңа ғана шала бастады. Саздағы ауыл үсті түнгі шық пен асыға жөңкіген Шу суының ауыр көтерілген буынан тұмантып, буалдыр тартып тұр. Ауыл алдындағы қыраттан түнгі өрістен қайтқан сиырлар дымқыл жондарында Күн сәулелерін жымындатып, бүрсиіп шұбап түсіп жатыр.

Қалың топтың алдында ішін жарау аттай тартып, қаншырдай катқан қара сиыр ентелей басып келеді. Кіртиіп, жүдеп қалған екі көзін бұзаулар тұрған қаша жақтан алмайды. Есіл-дерті сонда, басқа жаққа мойын бұрар емес. Қашаға жақындап кеп тұра қалып, бар даусымен өкіріп қоя берді. Қалың бұзау үздік-создық мөңіреп жауап қатты. Бірақ қара сиыр мың сан дауыс ішінен оп-оңай тани қоятын бір өзіне ғана ыстық үнді ести алмады. Енді өңешін тартып, өкіріп-өкіріп алды да, ауылға соқпай, суат жаққа қарай шеттеп жылжыған қалың сиырға қарай бет түзеді. Қызыл бұзауы бар тұлғасымен елестеп, есеңгіреп, теңселіп бара жатыр.

...Осылай екі күн бұрын кешке қарай қара сиыр да өрістен екі бүйірін теңдеп қайтып, қораның төріне келіп тұрып күйсей бастады. Иесі сауып та бітті. Еңді желінінің бұрыш-бұрышыңда там-тұм тамшылар қалды. Қазір Аманкүл қызыл бұзауын босатып қоя береді.

«Қашадан ұмтыла шыққан ол алғашқы екпінімен біраз жерге жүгіріп барып, жан-жағына аңтарыла қарап тұрып: «Қайдасың, ене?» — деп мөңірейді. «Мө-мө, мен мұндамын», — дейді бұл. Бұзауы жүгіріп келіп, бауырына жабысады. Енді ал кеп сор сорпылдатып, ал кеп сор! Қара сиырдың тұла бойы балқып, алпыс екі тамыры жібіп жүре береді. Бұзауының құйымшағын, бөксесін, арқасын жалап, жан рақатқа батады.

Міне, қызық, Аманкүл мұны бір түрлі аяғандай жұмсақ үнмен былдырлады да, анадай жерде тұрған көк сиырды

-174-


сауа бастады. Аманкүлдің бұзауын салмағаны қалай? Қара сиыр мөңіреп қашаға келді. Бұзауы жауап қатпады. Қашаны әрі айналды, бері айналды, бұзауы ұшты-күйлі жоқ. Не істерін білмей, безек қақты. Қалың сиыр ішін әрлі-бері кезіп шықты, бұзауы жоқ. Олай-бұлай жалтақтап көзін сатты, бұзауы жоқ. Қашаға қайта келді, бұзауы жоқ. Қара сиырдың іші бір сұмдықтың болғанын сезді. Арал-төбе шөгіп, қалың қамыс жапырылып, Шу өзені тоқтап қалғандай болды. Бауырында бір-бір бұзауы бар басқа сиырлар қандай бақытты еді. Қара сиыр бір түрлі аласарып, шөгіп кеткендей болды. Суық ызғар, өксікті өкініш кернеп барады бойын.

- Өк, Өк, ей!

Бақташының өктем үні шығып қалды. Сиырлар өруге айналды. Олардың ойында не бар, күндегі әдеті. Қара сиырға бүгін оларға ілесу қайда? Бұзауы қалып барады емес пе осында. Осында болмағанымен, өрісте жоқ бәрібір. Сондықтан не бар бұған онда. Қара сиыр оқшауланып қашаға қарай жүрді.

- Не бар, ей, бұған қашада?



Келгенбай ұмтылып кеп, ұзын қамшысымен шарт дегізді. Өткір ұштық жонын тіліп өткендей болды. Қара сиыр қашаны айнала қашты. Сиырдың қиқар мінезінен әккі болған күрең ат аузын айдаһардай ашып келіп, дәл жамбастан бір мытып алды. Келгенбай енді ұрмады. Күрең аттың өзі-ақ мұны бастырмалатып келіп, қалың табынға тықты.

Қара сиыр дөңге шыққан соң, артына қарады. Бұзау қашасы қол бұлғап шақыратындай. Көзіне ыстық, оттай басылды. Тіптен «бұзауың мұндалайтындай». Ылдиға қарай салып ұрып жөнелді. Қамшыға да, күрең аттың өткір тісіне де бой бермей, өлген-тірілгеніне карамай, қашаға бір-ақ жетті. Мұның көнбесін білген соң Келгенбай:

- Әй, баршы! — деп қолын бір сілтеді де, көп сиырдың соңынан кете барды.

Қара сиыр түнімен аласұрды. Бұзау өрісін түгел кезіп шықты. Өкіре-өкіре даусы да қарлықты. Сенделіп жүріп-жүріп, айналып келіп қашаны табады. Сүйікті қызыл бұзауының қаша ағашына жабысқан бір топ жүнін тауып алды. Соны иіскеп-иіскеп алды. Көзіне мөлтілдеп жас келді. Жерден сынық шөп үзіп алған жоқ. Қаншырдай қатып, екі бүйірі өкпесін соқты. Иімей қойды. Іштей

-175-

егіліп, жыламсырағандай мұңлы бір кейіппен мөлиіп, былқ етпеді. Күндіз-түні қайда барса да, қайтып соғар қазығы қаша болды. Белгісіз күш соның маңына тартты да тұрды. Үміт күтіп, айналшықтай берді.



Міне, қара сиырдың бүгінгі үміті тағы да құм болды. Көңілсіз ілбіп, су ішетін жайпақка жақындай бергенде, кенет мұрнына қызыл бұзауының иісі келді. Қайда ұмтыларын білмей, бар шерлі даусымен өкіріп-өкіріп жіберді. Басын шайқап-шайқап, мұрнын көкке көтеріп, жан-жағынан иіс күтті. Алдан, өзен жақтан соққан баяу жел әкеліп жатыр екен сүйікті иісті. Солай қарай еңкілдеп жүгіре жөнелді.

Сол бетімен жағаға келсе, ар жақта бұзауы мөңіреп жүр. Ай-шайға қарамай, суға қойды да кетті. Бірақ арғы жағаға шыға алмады. Екпінімен ықтырып әкеткен су Аралтөбенің алдындағы қайырға әкеп тықты. Жағаға жақын қалғанда құмға тізесінен кіріп, тұрды да қалды. Қимылдаған сайын майда қиыршық, оппа құм осылып, сіңіре берді. Қара сиырдың мұнымен түк ісі болмады. Арғы жағадан су кешіп келген бұзауын жалап, мауқын басты. Анау-мынау жеңіл салмақты қайыр құм көтере береді екен. Бұзауы түк те қайырлаған жоқ.

Қалың қорысқа кіріп адасып кеткен бұзауымен екі жылға татитын екі күнгі азаптан кейін осылай табысты қара сиыр.

Келгенбай қайырлап қалған қара сиырды көре сап, ауылға шапты. Былтыр да осы жерге бір сиыр батып кете жаздап еді. Тез тартып шығармаса, қауіп.

Жігіттер қамыттаулы екі ат алып, қашығырақтағы көпірді айналып келмек болып, тұра шауып кеткенде, ауылдың қалған жаны Аралтөбе үстіне жиналып еді.

- Ойпырмай, не болар екен?

- Әлгілер ерте жетсе, тәуір болар еді-ау! ,

- Шіркін, ана-ай! Баласы үшін отқа да, суға да түседі-ау! — десіп шулап тұр бәрі.

Қара сиыр артына бұрылып, жәутеңдеп осы топқа қарап-қарап қояды.

Ар жақтан жігіттер де жақындап қалған. Қара сиыр олардың көмек екенін сезді, көңілі орнына түсіп, қызыл бұзауын мейірлене жалай бастады. Емшегінен сүт саулай жөнелді.

-176-

АТА КӨКЕК
Қарасайдың аузындағы ескі қой қора әлдеқашан шатырсыз қалған. Жалаңаш тас қалау аспанға қарап ашылған алып ауыз құсап аңқайып тұр. Шатыры жоқ болған соң, жауын суы қабырғаға қалаған тастардың арасын кіріктірген балшықты шайып кетіп, арса-арса болған тас қалаудың өн-бойы — сансыз саңылау, жыпырлаған қуыс-қуыс.

Жылда көктем шығып, Қарасайдың жылға-жылғасынан қарғын су қаптап аққанда тас қораға алыстан — жылы жақтан екі көкек қанаттары талып ұшып жетеді.

Биыл да сөйтті. Екеуі ентелеп зорға жеткен тас қалаудың күнгей бетінің шығыс жақ бұрышындағы томардай тастың үстіне жалп-жалп етіп қона кетті. Біраз отырып солығын басқан соң ата қораз: «Көкек, көкек», — деп жан-жаққа жар салды. Мекиен көкек: «Піш-ш, піш-ш», — деп ұшып, былтырғы ұя салған қуыстың аузына барып қонып, дереу ішіне еніп кетті.

Ата көкектің көңілді үні тас қора қалауына қонудан қорқатын қалың шымшықты лезде шексіз қуанышқа кенелтті. Бір үйір шымшық қора үстінен дүркіреп ұшып өтіп, түстік қапталдағы дәу қара тастың үстіне барып қонып, жыпырлап отыр, бәрінің екі көзі тас кора жақта. Торғайлардың күтіп отырғандары — қара шұбар жыландар.

Тас қораның жылы қуыстарына қыстап шығып, суық денелерін күн қыздыра бастаған жыландарға енді көкек күн көрсетпейді. «Кө-кек, кө-кек!» — деген көңілді үн қара шұбар жы-ландардың миын тесіп, жүйкесін жұқартады.

Кө-кек, кө-кек!

Қара шұбар жыландар тас қораның өздеріне мекен болған қуыстарынан сусып шығып, жылғадан өтіп, торғайлар отырған қара тастың етегіндегі қорымға кіріп, көзден ғайып болды.

Ата көкек айналада не болып жатқанының бәрін көріп отыр. Жуаңдығы білектей, ұзын қара шұбар жылан қорым тас шетінде ата көкекті зәрдей суық екі көзімен атып, жатып алды.

-177-

Шымшық торғайлар шыдамсызданып шыр-шыр етеді.



Алыстан мекеніне көкектен бұрын ұшып жеткенімен, жыланнан қорқып, тас қораға жолай алмай жүрген қос қарлығаш қанаттары сусылдап ұшып, ата көкекті екі-үш айналып өтті, соңғысында таңдайларын тақылдатып. «Бірдеңе істеңізші», — деп асықтырған сыңайланды.

Ата көкек бәрін түсінді, ана дәу қара шұбардың көзін құртпай, тас қорада тыныштық орнамайды екен. Өн бойын ашу кернеген ата көкек томар тасты теуіп ұшып, қара шұбарға қарай қалбаңдап бара жатты. Жан керек екен, қара шұбар шұғыл ирелеңдеп қорым тастың арасына кіріп кетті.

Ата көкек қара шұбар жатқан жерді жанап өтіп, қайқаң етіп орнына барып, қанатын жайып, қона кетті.

Шымшық торғайлар демнің арасында үйірімен дүр етіп ұшып келіп, тас қалаудың қуыс-қуысына зып беріп кіріп кетіп жатыр.

Қос қарлығаш тас қора қалауының үстінде көлденең жатқан ұзын көк тастың ернеуіндегі былтыр өздері балшықтан бұжыр-бұжыр етіп жасаған ұяларының түтік іспетті аузы жабысқан жапсарға қонып алып, шаттық жырын төге бастады.

Тас қорада енді құстардың еңбекке толы бейбіт өмірі басталды. Құстардың жыландардан басқа жауы жоқ. Жыландарды ата көкек жолатпайды. Түн қатқан түлкі мен қарсақ тас қалаудың қуыс-қуысындағы ұяларға жерден мойнын созып та, үстінен еңкейіп те жете алмайды.

Құстар енді алаңсыз жұмыртқалап, ұя басып, балапан шығарып, оларға Қарасайдың қалың шегірткесін шетінен тасумен болады.

Ата көкек бейне бір қырағы сақшы тәрізді, күн көзі көрінген кезден томар тас үстіне шығып алып, «Кө-кек, кө-кек» деп ұзақ отырады.

«Кө-кек» деген үйреншікті үн естілісімен торғайлар бірінен соң бірі ұяларынан ұшып шығып, шұғыл іске кіріседі. Томар таста ата көкек отырғанда еш қауіп жоқ, шаңда бір жылан жыбырлай қалса, қалың торғай қырғи тигендей шырылдап қоя береді. Сол сәт ата көкек сап етіп келіп, томар тастың үстіне қона кетеді.

-178-


Ата көкек ұзын біз тұмсығымен томар тасты шоқып-шоқып қалады. Ата көкектің шүйдесіндегі айдары адырайып, тұмсығымен тұтасып, ұзын жебеге айналады, желке жүні тікірейіп-тікірейіп шыға келеді. Іле зып беріп ұшып, шу шыққан жерге жетеді.

Балапандар тегіс жұмыртқаларды жарып шығып, шиқылдап, тамаққа аузын ашқалы қара шұбар жыландардың есіл-дерті тас қора жаққа ауған. Дүниеде қызыл шақа балапаннан асқан қылғытарлық не болсын. Әсіресе, талай рет бірден он шақты балапанды өңешінен өткізген дәу қара шұбарда дегбір қалмаған. Қара шұбар — нағыз жырындының өзі, былтыр көкектің көзін ала бере, бір бүйірден тас қалауға жанап кетіп, бірталай торғайды сорлатқан.

Міне, бүгін де қара шұбар қалың шөптің арасымен мүлде ақырын, соншама сақ жылжып келе жатыр. Қара шұбар тас қалаудың көлеңкесі үзілмей түсетін болған соң шөп шықпайтын тақырдың жағасына іліге бере жермен-жексен болып жата кетті. Бұл уақытта құстың бәрі — сауысқаннан сақ, жылан тұрмақ, шаян қимылдаса, біліп қояды. Қазір де сөйтті, тас қалаудың бергі шетіндегі ұясынан шыққан шымшық қара шұбарды көріп қалып, бай-балам салды. Торғайлар, тегі, бір-бірін шиқылынан түсінеді, демнің арасында айнала азан-қазан болды. Батыл шымшықтар, тіптен, жыланның басынан теуіп өтпек болып, ентеледі.

Торғайларға көмекке қарлығаштар да келді, жыланның алдын қайта-қайта кесіп өтіп, зымырап ұшып жүр.

Ата көкек тас қораны тасалап ұшып, қара шұбардың дәл алдынан шықты.

Қара шұбар тайсалмады, басын қақшитып, айыр тілін сумаңдатып, «Келсең, кел», — деп безерді.

Екпіндеп ұшып келген ата көкекке шегінер жер жоқ еді, қара шұбардың дәл алдына барып қона кетті. Ата көкек пен қара шұбар бір сәт бірін-бірі аңди қалды.

Ата көкек көп аңдысудың түкке қажеті жоқ екенін қандай да бір түйсікпен сезе қойды да, ұзын, біздей үшкір тұмсығымен демде жыланның әуелі бір көзін, іле екінші көзін шұқып, ағызып жіберді.

Қара шұбар қатты серпіп, қүйрығымен ата көкекті осып түсті. Ата көкек, мойны үзіліп кете жаздап, тақырға топ

-179-


ете қалды. Содан соң ата көкек пен қара шұбар опыр-топыр болып, айқаса кетті. Ата көкек, қара шұбардың басынан дамылсыз шұқи берді. Ал қара шұбар ата көкектің бөтегесінен тістеп, ішіне уын енгізіп жіберді.

Ендігі бір сәтте денесіне у жайылған ата көкек қылжиып, миы ойылып, екі көзі ағып түскен дәу қара шұбар жылан сұлап жатты.

Қалың шымшық ата көкектің өздері үшін жанын пида еткенін елеген жоқ, дамыл таппай балапандарына шегіртке тасып жүр.

Қос қарлығаш біраз шырылдап ұшып барып тыншыды.

Көшбасшылары — дәу қара шұбардың тас қораның түбінде жайрап жатқанын қара шұбар жыландарға ешқандай ой салған жоқ, бәрі қандай да ебін тауып қызыл шақа балапандарды қылғытқысы келіп емінеді. Қазір ертеңгілік томар тастың үстінде ұябасар көкек отыратын болған.

Кө-кек, кө-кек!

Ұябасар ата көкекті жоқтап сұңқылдап отыр ма, төрт балапанының аман-есен өсіп келе жатқанына қуанып, жыр төгіп отыр ма, оны өзі болмаса, ешкім білмейді.

Кө-кек, кө-кек!

Ұябасардың ата көкектікінен нәзіктеу үні тас қалаудағы топ торғайға қуат береді, жылғаның арғы жағыңдағы қалың жыланның берекесін алады. Өмір — осы, сүйініш пен күйініштен тұрады.


АБДОЛЛА АТАЙ
- Мұрат, Абдолла атай сендердің көшелеріңде тұрады ғой.

- Иә.


- Оңда біздің жиынға сол кісіні шақырайық деп отырмыз. Мына қағазды атайға сен апарып бер.

- А-атай...



Аузыма осыдан басқа сөз түспей, қағазды Алмагүл апайдың қолынан аң-таң болып ала бердім де, көз жүгірттім.

«Құрметті Абдолла атай! Сенбі күні сағат 17-де мектебімізде өткізілетін жиын-

-180-

ның құрметті қонағы болыңыз. Өзіңізге бір тілегіміз де бар. Өз өміріңізден балаларға әсерлі тәрбиелік мәні бар әңгіме айтып берсеңіз дейміз. Соған дайындалып келсеңіз.



Мектеп дирекциясы».

Мәс-саған! Абдолла атайды мұндай екен деп кім ойлаған?! Ақ қырау шалған қалың қасы түксиген сұсты, кесек тұлғалы қарт көптің бірі болатын. Қашан көрсең үйінің маңында бір тынбай қыбырлап шаруа істеп жүреді. Ауласы, үй іргесіндегі бағы жайқалып тұрады. Бірақ еш бала атайдың бағына қарай аяғын қия басып көрген емес. Атайдың белгісіз бір қаһары бартын. Тегін адам емес екен ғой бұл атай.

Міне, енді Абдолла атай құдды сабақ білмейтін бала құсап абдырап оқушылардың алдында тұр.

- Апырай, не айтсам екен, ә? Бұл бір қызық болды-ау өзі. Қалай бастаймын енді? Әңгіме көп, қайсыбірін айтам? Қап!..

Атай өстіп қысылып-қымтырылып, демнің арасында терлеп-тепшіп қоя берді. Алмагүл апай басу айтты:

- Атай, асықпаңыз, бәрін айтыңыз. Үлкеңдердің өмірі — балаларға үлгі.

- Жөн, қарағым. Мейлі, енді айтып көрейін.

Абдолла атай енді осылай сәл-пәл аял қылып алып,әңгімесін жайымен бастап кетті.

Сондағы Абдолла атай айтқан әңгіме мынау еді.

...Ақ патшаның он алтыншы жылғы маусым жарлығы Қарабақыр аулына келіп жеткенде, Абдолла 18 жасар жігіт болатын. «Ақ шаңырақ адам бермейді, қара шаңырақ қағыс қалмайсың». Жергілікті әкімдер мен биболыстар үкімі — осы. Әкесі де, өзі де жалшы Абдолла тізімге алдыңғылардың бірі болып іліккен. Балаң жігіт тағдырына мойынсұнған. Бірақ Тілеулі шешесі жоқ жетім екі ұлының үлкенін өлімге тірідей байлап бергісі келмеді. Бір түнде Абдолла мен Әбдірахманды аталарынан қалған жалғыз тұяқ — ақ інгенге мінгестіріп алып жолға шықты.

Содан бір айдай мерзім өткенде туған жерлері — Талас бойын тастап, таса іздеп шыққан Тілеулі Верный қаласының төменгі жағындағы Есентай сайында отырған ауылдың бір шетіне келіп күрке тікті.

-181-


Бұл жақта да ел дүрлігулі еді. Өтеген би шарқ ұрып қара халықтың баласын шетінен матап жөнелтіп жатқан.

Абдоллаға да тықыр таянған. Ауыл адамдарынан: «Орысқа жалға тұрғанды әскерге алмайды екен», - дегенді естіп Абдолла Қарасу бекетіне тартқан. Покровский деген орыс байының күш-көліктеріне — өгіздері мен аттарына бақташы болды. Үйіне түнделетіп келіп тұрады.

Бір келгенінде әкесі көкірегі қарс айрылып отырып:

- Балам, келме. Бағана Өтеген би шақыртып алып: «Сен балаңды алып қашып жүрген қу екенсің. Үш күн мұрсат берем. Сол мерзім ішінде балаңды өз қолыңмен жетектеп әкеліп маған тапсырасың. Өйтпейді екенсің, жер бастырып жүргізбеймін», — деп қатты тепсінді. — Сақ бол, балам, — деп тез қайтарып жіберді.

Ертеңіне Абдолла мәре-сәре күй кешті. Сорлы әке, жетім бауыр не күйде? Өтеген би нағыз қатыгездің өзі. Айтқанын істейді ол. Өйтпейді екен, кешпейді. Не істеу керек?

- Абдолланың бүл халін сала құлаш сары мұртты жалшы жігіт Иван ұққан рай байқатты. Бірер рет Покровский жоқ жерден сылтау іздеп, Абдолланы қырына алмақ болғанда, Иванның ара түскені бартын. Содан бері Абдолла ептеп қазақша білетін осы бір әділетті адамды іш тартатын. Түскі үзіліс кезінде Иван жөн сұрады.

- Абдолла, менікі біледі. Сен түнде үйге барған. Жаман сөз естіген. Давай, сен маған айт. Что стряслось?

Абдолла болған жайды айтты.

- Ай, шайтан Утеген би — жаман адам. Казахский бай, би, орыстики купец — барибир. Один черт. Их надо бить. Сени бугин Утеген издейди, ертен Покровский береди байлап властка. Давай, сен тунде Есентай сайга бар. Там Тоқаш Бокин халыкты жинап жатқан. Соған қосылса, битти. Бяринен құтылды. Токаш — кедейдики дос. Бар соган, Абдолла.

- Барам, Иван.

- Надо будет и я пойду в народное ополчение.

Кешке Абдолла Покровскийдің барлық күш-көлігін бір сайға әкеліп матап-тұсап тастап Есентай сайына тартып отырды.

Жасырын бас қосып жатқан топқа, оның басшысы Тоқаш Бокинге жолықты. Бар шынын айтты.

-182-


- Жақсы, жігітім. Онша ынжық емес екенсің. Әулие-аталық жалшы жігітке отрядта орын бар, — деп Тоқаш Абдолланы арқаға қақты, тізімге жазды. Ендігі әңгіме ертең Мүттәйім бағында болады. Осы отырған барлығымыз ертең кешке Верныйдың төменгі жағындағы сол бақта бас қосамыз. Енді еш нәрсеге қайрылмастай болып кел.

- Келем.


Абдолла ертеңіне Иванды көргенше асықты.

Иван мұның әңгімесін естісімен қатты қуанды.

- Вот кордин. Утегены да Покровские еще будут ползать перед нами. Давай кешке шуруй в отряд! — деп Абдолланың қолын қысып-қысып қойды. — Мы еще встретимся с тобой.

Кешке қарай Абдолла тағы да әкесі мен інісіне тартты. Бір көріп кетпек.



Абдолла атын қатты бастырып келген. Әр тықырға елеңдеп отыратын әке алдан шықпады. Абдолланың жүрегі бір сұмдықты сезгендей зулап қоя берді. Тастай қараңғы күркеге жасқана енді. Табалдырықтан аттай берген бойда бір нәрсені былқ дегізіп басып кетті. Сүрініп, тізерлеп қалды. Сипалап еді, адам денесі екен. Әке денесі! Қанға боялып, өліп жатыр. Әкесін өкіре құшақтап, жата кетті «Әбдірахман қайда?» Абдолла енді жанұшыра інісін іздей бастады.

- Әбдірахман! Бармысың, бауырым, бір тіл қатшы!

- А-а, аға.

Әбдірахман ақ інгеннің шомының астына кіріп кетіп, жан сауғалапты.

- А-аға, қазір аналар келеді. Сені де өлтіреді, — дейді иегі кемсеңдеп.

Абдолла өлі әкесін өңгеріп, інісін мінгестіріп түн құшағына кіріп жөней берді.

Абдолла межелі жерге мерзімді уақытында жете алмады. Әкесін жерлеп, інісін Верныйға әкеліп Нығметулла деген татарға қол бала қылып берген соң барып қосылды отрядқа. Кекті жігіт Абдолла отрядтың сайыпқыран сарбазы болды. Неше рет қалаға, заимкаларға басып кіріп, алға қойған мақсатты орындап жүрді. Өстіп жүргенде Өтеген биден кек алсам-ау деген бір ой көкейінен кетпейтін. Бірде осы ойын Тоқашқа айтқан.

- Біз жеке адамның кегі үшін емес, халық мүддесі үшін күресіп жүрміз. Біздің әрқайсымыз өшіккен адам-



-183-

дарымызды жайратып тынсақ, бұл жортуылымыздың мәні қайсы? Бәріміз тізе қоса қимылдасақ қана құриды Өтегендер. Сонда ғана қайтады халық кегі, — деді де Тоқаш Бокин біраз келелі әңгіме толғады.

Абдолла отрядқа өзінің бас қамы үшін келіп қосылып еді, сөйтсе мәселе түйіні тереңде жатыр екен. Абдолла өстіп жүріп біртін-біртін көзі ашылып, революция ісіне біржола беріліп кетті. Верныйдағы патша әскері қамалына жасалған шабуылда Тоқаш Бокин отрядының ер жүрек жауынгерлерінің арасыңда Абдолла да бар болатын.

Осыдан кейін Тоқаш Бокин отряды Верныйда қалып қойды да, Абдолла қызыл әскерге қосылып, Жетісуды ақ бандадан азат ету жорығына шықты.

Гавриловка селосын азат ету үшін болған кескілескен бір ұрыста кешкілік Абдолла қатты жараланды. Түнімен ес-түссіз жатып, ертеңгілік көзін ашса, дәл жанында жау зеңбірегі от бүркіп тұр. Абдолла атының елексесін тасалап жатып, зеңбірекшіні жалғыз оқпен жайратып салды. Осы сәт тағы да талықсып кеткен.

- Абдолла. Абдолла! Туысқан, братан!

Құлағына таныс үн талып жетеді. Біртін-біртін есі кіре бастады. Біреу басын көтеріп, аузына су тамызып отыр. Алдымен көзге оттай ыстық шошақ бөрік, қызыл жұлдыз, сонан соң Иванның сала құлаш сары мұрты, барлық таныс кейпі айқындала берді.

- Иван!

- Абдолла! Мен сонда айтты кездесемиз. Кездестик. Сен — кызыл аскер, мен тоже кызыл аскер.

- Иван! Мен өлем.

- Брось та, Абдолла. Сен лазарет жатады, жазылады. Кызыл аскер өлмейди, согысады, побеждает. Биз али жаксы омир суреди. Потом оледи.

Иванның айтқаны келді. Абдолла Верныйдағы лазаретке жеткізіліп, өлмеді, жазылып шықты.

Абдоллаға енді мұсылман отрядына жолдама берілді. Оның командирі дүнген халкының даңқты ұлы Мағазы Масанчи еді. Абдолла бұл отряд құрамында Қазақстан мен Орта Азияны тап жауларынан азат ету жолындағы небір кескілескен ұрыста жанқиярлық ерлік көрсетті. Әрқашан ұрысқа кірерінде: «Кызыл аскер олмейди, соғысады, побеждает», — деген Иванның сезін бір қайталап

-184-

қоюшы еді. Дәл солай болды, тап жауларын талқандап жеңіп шықты.



Орта Азиядан қайтқан сапарында Абдолла қанды көйлек достарымен бірге келіп осы Алғабас аулының орнына алғашқы қазық қаққандардың бірі болды. Алғабастан өзі туған Қарабақыр аулы алыс емес. Бірақ Абдолла атай өзінің жорық жолында табысқан достарымен бірге өмір кешіп келеді! Осындағы «Алғабас» ұжымшарын» өз қолдарымен құрып, гүлдендірді. Бәрі де енді жолды балаларына берген, өздері құрметті демалыста.

Ал Абдолла атайға бір кездері адаспас жол нұсқаған Иван атай болса, сол өзінің Ұзынағашында, өз сөзімен айтқанда, «жакси омир суреди».



ТЫРТЫК, СЫРЫ

Сейітжанның атасының шекесіңде айқұш-ұйқыш бірнеше тыртық бар. Атасы өмірі шаштаразға барған адам емес. Өткір ұстарасы бар, соны қолға береді де, шашын жібітіп:

- Ал, — дейді.

Сейітжанның әкесіне де, ағасына да сөйткен. Ендігі кезек Сейітжанға келді. Атасы алғаш ұстарасын ұсынғанда, Сейітжанның қолы дірілдеп, қатты жүрексінді.

- Қорықпа, балам, — деді атасы, — Атаңның басы не көрмеген бас. Сенің қолыңның ептеп тайып кеткеніне түк те болмайды. Азар болса, арам қаны шығар. Аяма, сыпыр.

Мына сөзден сон Сейітжанның көңілі ептеп орнына түсіп, батылданатын. Сөйтіп жүріп ол шаш алуды әбден үйреніп алды.

Енді атасының шашын алу екеуіне де бір рақат болды. Атасы бұл шашын сыпырып тастаған кезде ерекше бір көңілденіп кетер еді.

- Міне, азамат! Шаш ала білген адам батаға ие болады. «Жауынмен жер көгереді, батамен ер көгереді». Ал, —деп алып, батасын төге жөнеледі.

Бірде атасы осылай мәжірежай болған кезде:

- Ата, шекеңізде тыртық көп қой. Ол неліктен? —дегені бар Сейітжанның.

- Оның бәрінің себебі бар. Әрқайсысы — бір-бір әңгіме. Айтып берсем, тыңдайсың ба? Жоқ, сеңдер кітаптан


-185-


басқа да әңгіме болатынын ұмытып па едіндер? — деді атасы.

- Тыңдаймын, айтыңыз.

- Ендеше, тында. Атаң — жетімдікті көп көрген адам. Анамның түр-түсі есімде жок. Ол кісі менің үш жасымда қайтыс балыпты. Әкем Смағұл мен әжем Үрияның қолында қалыппын мен. Әкемнің де, әжемнің де маған жетімдік көрсеткісі келмейтін еді. Бірақ мен олардан да ерте айрылып қалдым. Екеуі де мен он жасқа толған 1917 жылы сүзек ауруының құрбаны болды.

Мен енді өгей шешем Бижамалдың қолында қалып қойдым. Бижамал еркек кескінді, аса қатал адам еді. Ол әкемнің аруағын күтіп көп отырмады, ерге шықты. Міне, мен енді өгей әке, өгей шеше колына қарадым. Кісі баласы тұрмақ, өз баланды шолжаңдататын заман ба ол? Қит етсем, екеуі ұрып-соға беретін. Мен олардың қалтаң-құлтаң тірлігіне артық ауызбын. Содан олар мені Солдатовка деревнясындағы Тихон Иванович (фамилиясы есімде жоқ) деген кулакқа жалға берді. Сол кезде менің жасым небәрі 12-де еді. Қабырғам қатып, бұғанам бекімей жатып, менің ауыр еңбек жолым басталды.

Қатты-қайырын жұмысқа жарамаймын. Сондықтан Тихон кулак мені көп таяқтаушы еді. Маңдайымдағы айғыз-айғыз тыртықтардың көбі содан қалған. Олардың әрқайсысы ауыр азаппен ұялаған менің шекеме.

...Тихонның аттары серейген-серейген биік еді. Мойнына қамыт салдырмайтын. Жеккен сайын мықшыңдап жатқаным. Жануар, бір жуас қарагер ат болды. Сол ғана менің мүшкіл халымды аяйтындай, басына қамыт апара бергенімде, мойнын төмен салушы еді. Бірде әлгі жануар басын кекшитіп тұрып алғаны. Қамытты кигізе бергенімде шегініп кетті. Қамыт өз мойныма қапталып қалды.

- Оңбаған ит!

Осы сөзді естідім. Арғысын білмеймін. Мойнымдағы қамыт жоқ. Бет-аузым сірне-сірне қатқан қан. Басымда жалшы Ахмет отыр.

- Әй, балақан-ай, шананы өзім жегетін едім ғой.

- Қарагер жуас еді.

- Қулактың аты да өзі сияқты құбылмалы болады.

Бұдан былай жолаушы болма.


-186-


Ахмет маған осылай ақыл айтып жатты. Мен басымды изеп, көне бердім. Міне, бір тыртық.

- Әй, Ахмет адамның алтыны еді ғой. Он екі жасар баладан қайбір жалшы шықсын. Ахмет бір өзі екі адамның жұмысын істейтін. Тұла бойы толған күш-қайрат, бәкене талпақ жігіт еді. Маған туған әкемнен артық жақсылығы өткен абзал жан болатын ол. Неше рет Тихонның кәрінен, әлім келмес жұмыс азабынан аман қалып қалған еді.

...Сарыбұлақ дейтін жерден шанамен бауланған бидай әкелуге бардық. Екеуіміздің қарамағымызда он жалғыз аттық шана бар. Ең біріншісі Ахмет, соңғысы мен. Ортадағы аттар өздері жүріп отырады. Осы сапарда мен Ахметтің адамгершілігі мол, нағыз күш иесі екенін көрдім.

Деревнядан таң қараңғысында шығып, суыт жүріп, Сарыбұлақтағы маяға күн шыға жеттік. Қыстың қысқа күніңде таң атса, күн батпай ма? Ахмет шаналарды бірінен соң бірін тией бастады. Мен шана үстінде тұрмын. Бауларды жаймалаған боламын. Ахмет жерде тұрып-ақ бауды қалаған жеріне қойды. Түс кезіңде он шана түгел тиеліп бітті. Жолға шықтық. Балалық, яки жазым, жолда ылдида сырғып кетіп, шананың оқтығына түсіп қалдым. Қарагер теппейді. Оқтық пен шана арасында кептелдім де калдым. Қарды сүріп келемін. Бір кезде аунап кетіп, калың қардың астында қала бердім. Тырбанып едім, шыға алмадым. Өлді деген осы екен.

Бір уақыттар болғанда Ахмет артына қарапты. Менің шана үстінде жоқ екенімді байқап, іздеп зорға тауыпты.

- Әй, балақан-ай, шананың үстінде жөндеп отырсаң етті.

Бар айтқаны осы. Бірақ мен жерге кіріп кете жаздадым.

Осы бауды масақтап, астық ұшыратын веялкаға салдық. Ал ол веялканы қолмен бұрап жүргіземіз. Бұған да менің шамам жетпейді. Сонда да тырбанамын.

Тихон келіп қалды. Жасы қырықтар шамасындағы, беті былшиған, жуан сары адам. Не болса соған ашуланады. Ахметке батпайды. Мені қит етсем, сойып салады. Таз ашуын тырнадан аладының кебі онысы. Бұл жолы да таяққа жығылдым. Тағы бір тыртық түсті шекеме.

-187-


...Күн жексенбі еді. Жексенбіде ешкім жұмыс істемейді. Деревня халқы түгелдей сауық құрады. Тихон мұндай думанның қақ ортасыңда жүреді. Тихонның қызы Аксинья мен баласы Васька келді жаныма. Екеуі:

- Үйде ешкім жоқ. Жүр, — деді.

Сол сәтте екеуін кереметтей жақсы көріп кеттім. Мен жылынып, тамақ ішкен соң төбе басына шығып жұрттың ойынын тамашалап тұрдық. Бір кезде өзіміз де ойынға араласып кеттік.

Ойнап жүріп, абайламай, Аксиньяны жылатып алдым. Сол сол-ақ екен, Васька қолындағы таяғымен шекемнен салып кеп жіберді. Бетімді қан жуып жүре берді. Кулак балаларымен ойнамақ болғаным бір тыртық болып есімде қалды.

...1915 жылы ауылда жер реформасы жүргізіле басталды. Алдымен Қаратай, Боқыш, Ысқақ, Бейсенбай сияқты байлардың жерлерін тартып алып, кедейлерге үлестіріп беру ұйғарылды.

Мен онда комсомолмын. Комсомолдың жанып тұрған кезі, айтқаны екі болмайды. Комсомолецтер жиналып, әуелі Қаратайға келдік.

Сөйтсек, байлар қаруланып, дайын тұр екен. Бізге лап қойды. Біз қарусызбыз. Қаратай мені шекемнен күрекпен ұрды. Есімнен танып қалдым.

Көзімді ашсам, бет-аузым қан. Әкемнің ағасының әйелі Қайғыжан менің үстіме төніп түскен екен. Соққыдан оның бір көзі шығып кетіпті. Ал менің, достарымның бірінің қабырғасы, бірінің аяғы сыныпты. Сөйтіп, біз соңғы қаңды қақтығысқа тап болдық. Осы жолы менің шекеме соңғы тыртық түскен еді.

Біз көп ұзамай алғашқы ауыл шаруашылық артелін құрдық. Ол «Өркен» деп аталады. «Өркен» өркен жайды, өсті. Сендер — «Өркеннің» баласысындар. Сендердің торсықтай шекелеріңе ешкім тыртық салмасын. Біз осы үшін күрестік, өз шекемізді кулактардың соққысында тостық.

Сейітжан содан бері атасының шашын абайлап, әдемілеп алатын болды. Ұстараның жүзі атасының тыртығына тиіп кетіп, жарасын жаңғыртпасын дейді.

-188-


Ертегілер

АРЛЫ БАЛА
Ертеде, бұрынғы өткен заманда, бір мақтаншақ бай болыпты. Ол кешкілік ауыл сыртындағы төбеге шығып, еркек кіндіктілерді жинап алып әңгіме-дүкен құрып отырғанды ұнатады екен. Бір күні төбе басындағы топтың жанына ойнап жүрген ауыл балалары келе қалады.

Ерігіп отырған бай балаларды күрестірмек болады. Ортаға байдың баласы шығады. Екі мықынын таянып талтайып тұрған бай баласына ешқандай бала батпайды.

- Кәне, байекеңнің баласымен қайсың күресесіңдер? Келіңдер. Мырзаға батпайсыңдар, ә? — деп бір мосқал жылтыр кара балалардың әрқайсысына бір қадалады.

Балалардың бәрі жерге қарап, шегіншектей береді. Мосқал қара енді балаларды шап беріп шетінен ұстап, бай баласына қарай итеріп жіберіп тұрады. Бай баласы қолына тиген баланы жерге атып ұра береді. Әп-сетте балалар ұмар-жұмар болады. Бай қолын көтереді:

-Уа, тоқтаңдар! Қыранның баласы да қыран, қарғаның баласы да қарға. Менің баламмен күресу қайда бұларға? Қойыңдар. Доғар, балам! Біреуін майып қып жүрерсің тағы.

Жұрт тына қалады.

Бай қарқ-қарқ күледі, ал баласының екі езуі екі құлағында, мәз.

Сол сәт ортаға бір бала атып шығып, байдың баласымен ұстаса кетеді. Сол сол-ақ екен, әлгі көз ілеспес шап-


-190-


шаңдықпен байдың баласын атып ұрады да, басынан аттап кетеді.

Ел ішін тартып, бір сұмдықты күтеді.

Мосқал жылтыр қара кісі палуан баланың әкесі еді. Ол тұра жүгіріп барып баласының жағасына жармасып, дедектетіп ортаға сүйреп әкеледі.

- Иттің ғана күшігі, осы жаңа еді ғой жығылып қалғаның. Сені қай шайтан түртті? Қайтіп жықтың


байекеңнің баласын? Онда мен сізді аяғам, енді өзімді аядым.

Әкесі баласын одан әрі жұлмалады.

- Не деп тұр мына оңбаған?

- Мен қарғаның баласы емеспін.



- Апыр-ай, құртты-ау! Мынау бала емес, пәле екен, ей!

Әкесі баласын ұрмақ болып, қолын көтере берген. Сол сәт көпті көрген көнекөз, аппақ сақалы омырауын жапқан қария:

- Тоқтат, жетер! Әй, өңшең ез. Жұдырықтай бала құрлы намыс болмаған соң өстіп қарға құсап шуылдамағанда қайтпексіңдер?! «Күш атасын танымас» дегенді неге білмейсіңдер. Балам, кел бері! Арлы адамның ісі - сенікі, айналайын! Малсыз болсаң да арсыз болма. Бүгін өз намысыңды қорғай білсең, ертең — еліңнің намысын қорғарсың, — деп намысшыл палуан баланы жанына шақырып алып, маңдайынан иіскеп, бетінен сүйеді.

Бай бас бармағын шайнайды. Абайламай сөйлеймін деп, өзінің де, баласының да абыройын айрандай төгіп алған еді.

Байдың баласы әкесі сияқты дөң кеуде бай болады. Әкесінің байлығын еселей түседі.

Ал кедейдің баласы ақсақал айтқандай, жамбасы жерге тимеген палуан, ел намысын ардақтаған батыр болады. Қол бастап, халқын талай жаудан қорғап қалады.

-191-


АЛТЫННЫҢ ӘЛЕГІ
Ертеде бір кедей неше жыл жалшылықта жүріп тапқан-таянғанын тірнектеп жинап, ауқатты ауылдасынан ауданы азғантай ғана жер сатып алады. Көктем шыға ол әлгі ауылдасының қосына шығып, ақысына соның өгізімен өз жерін де жыртып алуға келісіпті.

Сөйтіп кедей ауылдасының жерін аударып болып, өзінікіне келіп түседі. Алғашқы айналымның аяғына шыға бергенде-ақ, түрен жүзі қатты бір нәрсеге тіреліп тұрып қалады. Шаруа: «Тас шығар», — деп алып тастамақ болып еңкейе береді. Сөйтсе, түрен ат басындай алтынға тірелген екен. Кедей шошып кетеді. Өзіне-өзі күбірлеп: «Мен жерді ғана сатып алдым. Ал алтын — жердің иесінікі», — дейді де алтынды ауылдасының үйіне алып келеді.

- Мен ол жерді өмір бойы өңдеп келдім. Сонда бұл алтынның барын да, жоғын да білген емеспін. Қазір жер де, алтын да сенікі, — деп ауылдасы алтынды алмайды.

- Жоқ. Менің еңбегім сіңбеген нәрсе менікі емес, — деп кедей алтынды тастап қайтуға ыңғайланады.

- Мұныңыз болмайды, көрші. Мен де ақысыз ешкіммен ала жіп алмасып көрген адам емеспін. Өзімнің ақ адал малым да жетеді. Алтыныңызды алып кетіңіз, — деп ауылдасы ат-тонын ала қашады.

- Енді қайттім? Қайда бармақпын? — деп кедей дал болады.

Ауылдасы кедейді аяп кетеді де:

- Онда мұны ханға апарып, төрелігін сұрайық. Хан кімге бұйырса, сол алсын, — дейді.

Екеуі хан сарайына келіп, толып жатқан жасауылдарға жалынып-жалпайып жүріп ішке әзер кіреді.

Хан тағында уәзірлерімен кеңес құрып отыр екен.

- Дат, тақсыр, — дейді есіктен ене бере екеуі де басын жерге жеткізе иіліп.

- Даттарың болса, айт, — дейді хан.

Екеуі сандықтың аузын ашып жіберіп, болған жайды жарыса айтып шығады. Хан тыңдап болып, бас уәзіріне:

- Мына екеуіне екі ділдә бергіз дағы, алтынды қазынаға апарып салғыз, — деп әмір етіпті.

Кедей мен ауылдасы:

-192-


- Бізге ештеңенің керегі жоқ.

- Бәрі сіздікі, хан ием, — деп келген іздерімен кері жылжып, есіктен шыға салып, өз жөндеріне жөнепті.

Олар ұзап кетті-ау дегенде ханның бас уәзірі:

- Хан ием, осымыз ағаттық іс болған жоқ па өзі? — депті.

- Қалайша? — депті хан.

- Тақсыр! Әлгі бейшаралардың екеуі де бойларында жарты мысқал арамдық жоқ момын адамдар екен. Сізге осыншама бар пейілдерімен әкеліп, әділ төрелігіңізді естігелі келгеңде, алтынды қазынаға алу қиянат. Естіген ел не демек? — депті бас уәзір.

Хан біраз үнсіз бедірейіп отырып қалыпты. Хан бұрын да өстіп ойланбай іс қылып, елдің ренішін туғызып жүреді екен. Уәзір сол жанды жеріне тие сөйлеп отыр. Мына жайды естіп, ел наразы болса қайтпек?

Хан халық қаһарының не екенін білетін жырынды қу еді.

-Тез, алдыр онда екеуін, — деп әмір етеді.

Жаландаған жасауылдар жан қойған ба, әне-міне дегенше екеуін дедектетіп хан алдына алып келеді. Екеуінде де өң-түс жоқ, бастары салбырап кеткен.

- Әй, құдайдың шын сүйген құлдары, көтеріңдер бастарынды. Сендер адам естімеген адалдық көрсеттіңдер. Соларыңа орай мен де хан атаулы жасамаған ұйғарым айтамын. Екеуіңнің біріңде ұл, біріңде қыз болса, құда болыңдар. Мына алтынды солардың еншісіне бердім, — дейді хан.

Кедейде бой жеткен қыз, ал оның ауылдасында ер жеткен ұл бар екен. Екеуі ханның мына күтпеген шешіміне қайран қалып, үйлеріне қайтады.

Келе хан жарлығын кедей қызына, ауылдасы ұлына айтады. Қыз бен жігіт қосылуды құп алады.

- Алтынды біз де алмаймыз. Хан ием бізге енші бергісі келсе, өз қазынасынан берсін. Жерден табылған алтын — оңай олжа. Ол бізге опа болмас, — дейді сонда кедейдің қызы.

Кедей мен ауылдасы ат басындай алтынды көтеріп, ханға қайта келіпті. Ханға қыздың айтқанын сол қалпында жеткізіпті.

Хан санын бір соғыпты.

-193-

- «Абайламай сөйлеген ауырмай өледі». Жеңілдім қызыңнан. Еншісі әзір. Ал мына алтын халықтікі екен. Бұл түгел жұмсалып, жер өңделсін, оған бау-бақша салынып, жеміс-жидек отырғызылсын. Адам баласы оның өнімін бір-бірін алалап-құлаламай игілікке асырсын, — деп жарлық қылыпты.



Хан жарлығы орындалып, алтынға ұшы-қиырсыз мол жер игеріліп, әне-міне дегенше өнім бере бастапты.

Бұл жарлықты хан: «Адамдар бау-бақша мен жеміс-жидектің өнімін бөлісе алмай, бір-бірімен ырду-дырду болып жатады, дау-дамай, айтыс-тартыс өрбіп алдыма жүгіне келгендер көбейеді, елді әрі де, бері де жығып билік айтып, үстемдігімді арттырамын», — деген ішкі бір есеппен берген еді.

Бірақ олай болмай шықты. Қалың жұрт ынтымақпен қауын-қарбызды қанып, алманы алып, жүзімді үзіп жейтін болыпты. Ел ішіне молшылық орнап, той көбейіпті. Сондай берекелі тойдың бірі — кедейдің қызы мен оның ауылдасының баласының некелескен тойы болыпты.

Хан айтқанын екі ете алмай, тойға екі жасқа енші алып келіпті. Кедей де, оның ауылдасы да шексіз бақытқа бөленіпті. «Аққа құдай жақ» деген сөз, сірә, осыдан қалса керек.



АР ЖАҚ - БЕР ЖАҚ
Шу өзенінің екі жағындағы кең сазға екі ауыл қатар келіп қоныпты. Екі ауылдың ортасыңда ернеуінен асып Шу өзені жөңкіп ағып жатады. Адам араласпайды, мал қосылмайды, әр ауыл өз тірлігімен болады.

Екі ауылда бір-бірінің асқанын да, басқанын да көре алмайтын екі бай болыпты. Сол екі бай ертелі-кеш өзен жағасындағы екі дөңеске шығып алып бір-бірінің жүрген-тұрғанын аңдып отырады екен. Бірінің шаруасы асып бара жатса, екіншісі жасыпты, бірінікі шайқалса екіншісі шалқайыпты.

Сөйте-сөйте өзеннің сол жағында отырған ауылдың бойы мүлде асқынып, ұрынарға қара таппай сенділіпті. Бақастық адамға не істетпейді? Байдың ойына не бір пәле, не сан зұлымдық орала беріпті. Байдың екі көзі су жақ-

-194-


тан кетпейтін болыпты. Қыбыр еткенді аңдиды екен. Сөйтіп, екі ауылдың адамдары өзеннен су алуға да емін-еркін бара алмайтын дәрежеге жетіпті.

Бір күні сол жақтағы ауылдың байы ұрыларын түгел жинап алып:

- Барыңдар, өліндер-тіріліңдер, арғы ауылдың жылқысын бірін қалдырмай бері айдап өткізіндер! — деп бұйырыпты.

- Неге? — депті ұры басы.

- Ана мес қарынның кәрі қарагер айғырының даусы жаман, барқырап жер жарады. Содан қорқып бүкіл қысырағым қысыр қалды. Бар жылқысын айдап келіңдер!

Байдың жарлығы орындалады. Сол түні оң жақтағы ауылдың жылқысы тайлы-таяғына дейін айдатылып алынады.



Енді оң жақтағы бай қарап жатсын ба. Бай бүкіл ауылды жиып кеңес құрыпты. Малын алдырған ауыл адамдары ашулы, қатты дүрлігіпті. «Бізді басынған екен, шабамыз», — депті сайыпқыран жігіттер. «Ақылға келейік», — депті ақсақалдар. Осындай сан-саққа алып ұшқан ойдың тоқтамы жуық арада бола қоймапты. Қызба жігіттер жағы белең алып, екі ауыл арасы бүлінбек болыпты.

- Уа, жарандар, шаршамаңыздар. Бұл таластарыңыздың шешімін маған беріңіздер!

Жиналған жұрт дауыс шыққан жаққа жалт-жалт қараса, жарбиып тазша бала тұр. Бәрі сенерін де, сенбесін де білмей, тына қалыпты.

- Ия, мұны айтып тұрған мен, — депті тазша бала. — Маған мол қылып оғымен мылтық, ертең осы уақытқа дейін уақыт беріңдер.

Желігіп тұрған жігіттер күлкіні қойып кеп жіберіпті.

- Өй, мынау не деп тұр?

- Түрін қараңдар! Бұл жалғыз мылтықпен түгел бір ауылды қырмақ!

Осы сәт көпті көрген көнекөз қария:

- «Асыл — тастан, ақыл — жастан» деген, жігіттер. Баланың айтқанын орындаңдар, — депті.

- Жә, ақсақал дұрыс айтады.

- Біз ағайынды шаппаймыз, — деп шу ете қалыпты егде жігіттер.

-195-


- Көрейік. Егер ертең осы уақытта жылқым бергі жағада болмаса, қария сенің де, тазша, сенің де басыңды алам, — депті бай.

Тазша баланың айтқаны дайын болыпты. Бала оқ толы оқшантайды беліне буып, мылтықты асынып, төмендегі — жарты күншілік жердегі өткелге қарап бет түзепті.

Келер күні ертеңгілік сол жақтағы ауылдан гүрсілдеген мылтық даусы естіліпті. Тазша бала ауылдың аяғынан түсіп, алдынан үріп шыққан итті мылтығымен бір басып сап «қаңқ» дегізіп ілгері тарта беріпті. Иттен ит қалмайтын болыпты. Мына суық хабар байға жетіпті.

Бай жігіттерін жұмсап, тазша баланы алдына алдырыпты.

- Кімсің? — депті бай. Арғы ауылдың қойшысымын.

- Е-е, ендеше мұнда нең бар? Итке неге тиісесің?

- Біздің ауылдың қойының бәрін қасқыр қырып кетті. Пәленің бәрі иттен болды, қасқырдан қорқып үрмейді. Соған ашуланып, ол ауылдың итін бірін қалдырмай қырып бітіп, енді осы ауылдың итіне кірістім.

- Ей, тазша неме, өзіңде ақыл бар ма? Ол ауылдың итінің қорқақтығынан қойын қасқыр жейді, сен бұл ауылдың итін қырасың. Өзеннің арғы жағындағы қасқыр бергі жағындағы иттен қорықты дегенді кім естіген?!

- Дұрыс, байеке, біздің өзеннің арғы бетіндегі айғырдың даусынан бергі бетіндегі байтал қорықты дегеніңізге сеніп қап, осылай істеп ем. Мұным ақымақтық екен. Кешіріңіз, қойдым, — депті тазша бала. Бай:

- Тіліңе шоқ! Итімнен аулақ жүр. Бар-бар, өзің де, жылқың да құрысын, апар! — деп сұп-сұр боп отырып қалыпты.

- Маған да керегі осы, — депті де, тазша бала есікті көздепті.

Жүйелі сөзге кім қарсы болсын, хан айналасындағы небір әпербақандардың өзі ләм-мим деп жақ аша алмапты.

Тазша бала аулының жылқысын айдап оң жағаға қайтыпты.


-196-


АРМАНЫНА ЖЕТКЕН АЙБАЛТА
Бір салақ адам Балта сатып әкеліп, қораның бұрышына тастай салыпты. Содан алғашында әне саптаймын, міне саптаймын деп жүреді де, кейін мүлде ұмытып кетеді.

Балта болса, тот басып, әрінен айрылып бара жатты. Ақыры бұл қорлыққа төзе алмады. Бір күні өн бойын намыс кернеп, орнынан шоршып кетті де, жанында жатқан қайрақ тасқа тиіп сыңғыр етті.

- Бұл кім? — деп қыр ете қалды қайрақ тас.

- Мен — Балтамын.

- Иә, не болды?

- Қайрақ тас, сен ақыл қосшы, не істеу керек, қайтсем, жарқылдап иемнің қолында жүрем?

- Арманың сол ма?

- Иә.


- Еңдеше, баяғыда-ақ қимылдауың керек еді. Тоғайға бар, өзіңе лайық сап кесіп, киіп ал. Сөйт те, маған кел, мен сені қайрап, жарқылдатып шығарайын. Көрсін сонан соң иеміз.

Балта қуанып кетті, бір шоршып бір, екі шоршып екі адым аттап, тоғайға тартты. Балтаны сонадайдан көргеннен-ақ қалың ағаш:

- Балта келе жатыр!

- Қайсымызды кесер екен? — деп шу ете қалды. Бәрі дүрдиіп, селк-селк етіп, қорқып тұр.

Балта тоғайдың шетіне келіп, қалың ағаштың әрқайсына бір тесіліп қарап тұрды. Бірі ұзын, бірі қысқа, бірі жуан, бірі жіңішке ағаштар абыр-сабыр, тынышталар емес. Балта қайсысын кесерін білмей, дал болды.

Ағаштар біртін-біртін жүрек тоқтатып, тынышталайын деді. Балта сол сәт үлкен Аққайыңның өзіне лайықты бір бұтағын таңдап үлгерді. Іле сарт етіп, сол бұтаққа жабыса кетті. Әне-міне дегенше әлгі бұтақты кесіп, сап қылып киіп алды да, ауыл қайдасың деп, тартып отырды. Ағаштар абыр-сабыр болып қала берді. Бәрі енді бұтағы кесіліп, жаны қиналып тұрған Аққайыңға басу айтты.


-197-

- Ештеңе етпейді, бір бұтағың кесілсе, екіншісі өсіп шығады, — деді Бәйтерек.

- Иә, сөйтеді, кішкене қиналарсың, жетіліп кетесің, — деді Қарағаш.

- Үзілген бұтақ — ұзатылған қыз. Ол енді Балтамен бірге иелерінің колында жүріп, талай шаруа бітіреді. Бір бұтағыңның адамның игілігіне айналғанына сен қайғырма, қайта қуан, — деді дәу Тал.

- Рақмет бәріңе! Жанашыр ағайындық сөздеріңмен жарты қайғымнан арылтқандай болдыңдар. Айтқандарың рас, біз бәріміз адам үшін, адамның игілігі үшін өсіп тұр емеспіз бе? Барсын бұтағым, жолы болсын. Басқа амал қанша, — деп Аққайың ауыр дем алды.

Сол кез төменде қалың Шіліктің біреуі шіңкілдей жөнелді:

- Саған сол керек. Әуелеп өсем деп көзге түскен өзің. Басыңда мына біз құсап өспей, жер бауырлап жатып алсаң ғой, сапқа жарамас едің. Сонда сені де кеспейтін еді. Ал енді аһыла-үһіле.

Шіліктің бұл шірік сөзін жалғыз Аққайың емес, қалың ағаш түгел естіді. Бәрінің бойын ашу кернеді.

- Қап, мынаны-ай! Мұның бойы неғып өспей жүр десем, осындай қу екен ғой, — деді Бәйтерек.

- Айтпа, тегі. Арамын қарай гөр! Мұндайлар өспейді, аяқ асты болып қала береді, — деді қарт Қарағаш.

- Бәсе, бұлар неге жапырақ жаймай жүр десем, күншіл екен ғой. Күншіл болдым дегенше, іс бітті. Азып-тозып кеттім дей бер, — деді дәу Тал.

- Мейлі, өзіне жақсы болса, айта берсін, — деді Аққайың.

Шілік ләм-мим деуге шамасы келмей, жер болып қалды.

Сапталған Балтаның адымы ұзарып қалған, кораға тезірек жетті. Келе қайраққа жармасты:

- Қайреке, айтқаныңызды орындадым. Еңдігі кезек сіздікі.

- Мұның енді жөн. Уәдем — уеде!

Қайрақ Балтаны қайрап, тотын кетіріп, жарқыратып шығарды. Ертеңгілік қораға кірген иесі қылпып тұрған балтаны көріп:

-198-


- Апыр-ау, мына Айбалта қайдан шыққан? Сабы қандай әдемі еді. Осындай бір балтаға қол жетпей, қор болып жүр едім, жақсы болды-ау, — деп қуанды.

Балта өстіп әрекет қылды да, арманына жетті. Ол енді адамға қызмет етеді. Тоғайдағы ағаштар ше? Аққайың жалғыз бұтағы үшін көп зардап шеккен жоқ, жетіліп, жайқалып тұр. Ал, Шілік болса, сол күйі көлеңкеде қалған.


БӘЙТЕРЕК ПЕН ДӘНЕК
Аққайнардың желкесіндегі ұзынша қолат — бір үйір қызғалдақтың отаны. Жылда көктемде бұл жерде қып-қызыл қан құлақ қызғалдақ көздің жауын алып тұнып тұрады.

Қызғалдақ жайнап тұрған. Көрген адамның басы айналып, елтіп, әл-дәрмені кетер еді. Бір күні Алатау сілемдерін құлдилай саулайтын Қордайдың сары желі сарнап соқты-ай дейсің бір. Үлпілдеп тұрған қызғалдақты айтасыз, тас суырды. Қалың қызғалдақты отап тынды.

Сауылдап төгілген қып-қызыл жапырақ Аққайнардың бетін көміп кетті. Қайнардың астынан бұрқ-бұрқ атқылаған сан-сан көзі қойсын ба, жапырақтарды ысырып, біртін-біртін ағысқа түсіріп жіберді.

Қызғалдақтардың дәнегі қалың шөп арасына жасырынған. Кейбірі топырақ жамылып үлгерген. Келесі күні күн қызып кетті де, Аққайнардың басын аламан-топыр қылып құйын жүріп өтті. Шаң-тозаң шыр көбелек айналып, қайнар басындағы алып бәйтеректің ұшар басына өрмеледі. Жеңіл жапырақтар әлдеқайда аспанға қалықтап лағып кеткен, құйын сап басылды. Жаңағы зыр айналған әлем-тапырық жым болып, құйын құтыртқан заттың бәрі жан-жаққа жайылып жүріп берді.

Бұл аламан-асырға қызғалдақтың Дәнегі де қосылып кеткен еді. Құйын басылысымен ол да жерге қарай

-199-


теректің бір бұтағынан соң бір бұтағына соғылып, қаңғалақтап келе жатты. Өстіп өкпесі өшіп, әл-дәрмені құрыған шақта бір жуан бұтақ түбіне құрылған өрмекші торына ілініп қалды. Өрмекші ұясынан шыға салып, зулаған бойы Дәнекті әй-шайға қарамай матады да тастады. Сөйтіп, Дәнек торға шырмалған күйі жаз бойы тұрды. Күзгі жаңбыр өрмекші торын оған маталған шыбын-шіркей, қиқым-сиқымымен бірге бәйтерекке жапсырып тастады. Сөйтті де, жер-дүниені қар басып қалды.

Дәнек бәйтеректің жарығына кіріп кеткен. Қыстай жылы жерде ұйқыға басты.

- Көктем келді. Бәйтерек оқтын-оқтын сілкініп, шуылдайтын болды. Күн құрғатпай нөсер құйып, бәйтеректің өн бойымен саулап су ағады. Бәйтерек жаңбырға шомылған сайын жіпсіп, рақатқа батып, тазара бастады. Дәнекті де су әлденеше рет жуып өтті. Өз-өзінен желік пайда болып, қыбырлай бастады. Жерге түскісі келді. Төменге қарап еді, басы айналды. Жер алыс, лай-батпақ екен. Денесі түршікті, Дәнек:

- Жерге түссем, ана батпаққа батып кетіп, тұншығып өлемін-ау, — деп қуысқа бұға түсті.

Кешке қарай күшті дауыл тұрып, Бәйтерек қатты сілкінді. Дәнекте ес қалмады. Дауыл бір саябырсығанда, ол:

- Атай, мені аяй гөр! Көп қозғалмаңызшы. Менің сізге еш зияным жоқ қой. Осы кішкентай қуысыңызда жата берейінші, — деп безек қақты.

- Әй, сен кім едің? — деп гүр етті Бәйтерек.

- Мен — Қызғалдақтың Дәнегімін.

- Онда несіне қалтырайсың? Секір жерге! Кір қойнына! Жер — бәріміздің анамыз. Ол сені де өндіреді, өсіреді. Жайқалып тұр содан соң, көздің жауын алып.

- Өспеймін. Жатам өстіп. Қозғалсам, жел былтырғыдай іліп әкетіп, тау-тасқа соғып, басымды айналдырады.

- Қой, сен тіл ал! Ондай-ондай болмаса, өмірдің қызығы қайсы? Жер қазір жүмсақ. Қойнына кіресің де кетесің. Жер демі ыстық, қыстайғы денеңді алған суықтан әп-сәтте арыласың. Балқып, өніп жүріп бересің. Көктеп өсесің.

-200-


- Көктемеймін, Қызғалдақтың өмірі қысқа екен. Кішкентай ғұмыр үшін әуреге түскенше жата берем өстіп.

- Сендер — қызғалдақсыңдар, біз — терекпіз, мына кең дүниеге бәріміз де керекпіз. Сөзді доғар, секір, кәне!

- Секірмеймін.

- Секіресің! — Бәйтерек ашуланып, сілкініп өтті. Дәнек безек қақты.

- Ататай, тимеңізші!

- Жасықты жаным жек көреді. Шыбық тимес шыңқ етпе болған деген не сұмдық!

Бәйтерек енді әй-шайға қараған жоқ, бір жіңішке шыбығымен Дәнекті сырып жіберді. Дәнек зу етіп құлдилаған бойы барып, жұп-жұмсақ топыраққа сүңгіп кетті. Терекке өкпесін айтып та үлгере алмады.

Жер дымы мен Күн қызуы қойсын ба, Дәнек алдымен бусанып, содан соң қыз-қыз қайнап, бөртіп жүріп берді. Сөйтті де, ақ сүйрік болып өніп, қылтиып жер бетіне шыға келді. Бәйтерек тұр екен сол орнында, жапырақтары бүр жара бастады.

- Бәйтерек ата, міне, мен өніп шықтым! — деп айқай салды Дәнек.

- Айтпадым ба саған! Қорқып ең, қуанып тұрсың енді. Көп қуаныш әлі алда. Сен қазір өскінсің. Сенің өзегіңді жарып қызғалдақ шығады. Қызғалдақ — қуаныш гүлі, — деп дауыстады Бәйтерек.

- Кімді қуантам, қалай қуантам?

- Өс, саусағыңды жай, алау ат! Арғысын өмірдің өзі көрсетеді.

- Мақұл, айтқаныңызды орындаймын, Бәйтерек ата. Сіз де өсіңіз!

Нөсерлетіп жаңбыр құйды. Өскін суға тұншығып, қалшылдап жаурай бастады.

- Бәйтерек ата, өлдім! — деп шыңғырды.

- Шыда, өскінім, Сіміре бер жаңбыр суын. Ертең Күн шығады, жайнай түсесің.

Өскін жаңбырға әбден шомылды, тамыры да ылғалды құныға жұтты.

Бәйтерек айтқандай, ертеңіне жайнап Күн шықты. Өскін құлақтанып, қызылшұбар жапырағын жайды. Енді әні-міне дегенше алақандай-алақандай жапырақтың дәл


-201-


ортасын жарып шыққан өзек басы қауашақка айналды, ол жарылды да, қып-қызыл шоқтай қызғалдақ құлпырып, жайнап, жанып тұрды.

Қызғалдақ сұлу гүл болды. Сұлумын деп дандайсыған жоқ. Талай-талай долы дауыл тұрып, аптап ыстық сорып, қақаған суық қарып, өн бойы бұжыр-бұжыр, шор-шор болған қарт Бөйтерекке:

- Бәйтерек ата, сіздің тіліңізді алғаным дұрыс болыпты. Ақылыңызға рақмет! — деп иілді.

- Солай ма екен?! Бәсе! Өзің ғана емес, өзгеге де қуаныш сыйлайсың сен әлі-ақ. Өзгеге қуаныш сыйлаудан асқан бақыт жоқ, қарағым. Жайнай түс, — деп Бәйтерек разылық білдірді.

-202-
МЫСАЛДАР

КӨЛДЕЙ КӨЛЕҢКЕГЕ СЫЙМАҒАН ЕКЕУ
Шілденің күні жер-дүниені шыжғырып тұрған шаңқай түсте сандықтай тастың көлеңкесінде қарақұрт пен қара шұбар жылан кездесіп қалды. Екеуі де жансая қылар көлеңке іздеп келген.

- Әй, қыбырлаған неме, қайдан жүрсің? Жөнел бар жаныңның барында, аулақ! — деді жылан иіріліп жайланып жата бере.

- Әй, шұбатылған ішек, барсаң өзің бар! Мен тұрғанда саған көлеңке қайда? — деді қарақұрт торсиып етбетінен құлай кетіп.

Өстіп екеуі екі жерде жата берсе, көлеңке, әрине, жетерлік еді. Бірақ ондай ынтымақ жылан мен карақұртта қайдан болсын? Сәл жатып, салқындап ес жиған соң, екеуі де басын көтерді.

- Әй, жаңағы айтқаным қайда? Бар, менің ұйықтауым керек. Маза бер! — деді жылан зекіп.

- Барсаң, өзің бар! Босат көлеңкені, бұл жер енді менікі болады. Торымды құрып мекен етем, — деді қарақұрт қасарысып.

- Айтқан тілді алмадың ғой?

- Алмадым!

- Бар дегенде бармадың ғой?

- Бармадым.

- Ал әйтпесе, өз обалың өзіңе!

Жылан қарақұрттың уы жиналған торсығын шап беріп тістеп кеп қалды. У толы торсық тарс жарылды. Қарақұрт аяқтары серейіп, қиралаңдады да қалды.

-204-


Жыланның аузы уға толып кеткен, жұтып кеп жіберді. Өзегі өртеніп бара жатты. Ендігі сәтте басы, құйрығы, ортан белі — әрқайсысы әр жаққа шорши жөнелді.

Сөйтіп, көлдей көлеңкеге сыймаған екеу лезде екі жерде жайрап жатты.

БОЗТОРҒАЙ МЕН ЖЫЛАН
Бір түп боздың түбіндегі бозторғайдың ұясында төрт балапан өсіп келе жатты. Екі бозторғай ертелі-кеш балапандарына жем тасумен жүрген.

Күн сәскеге таянған шақта ана бозторғай жем алып ұшып, ұясына жақындай бере, жан түршігерлік оқиғаның үстінен түсті. Ұзындығы жарты құлаш, қара шұбар жылан тілін сумаңдатып, ұясына жақындап қалыпты. Балапандары аузын ашып, шыр-шыр етеді.

Бозторғай ұя мен жыланның ортасына келіп отыра кетті.

- Мына сорлы қайтеді, ей? Жан керек болса, былай тұр жолымнан, — деді жылан басын көтеріп.

- Сен менің балапандарымды жемексің, мен саған жол бермек екенмін ғой. Жоқ, ол болмас.

- Онда өзіңді жеймін!

- Жей алмайсың!

-Не дейсің? Торғай жыланға қыр көрсетті дегеңді кім естіген!

- Кім естісе, ол естісін. Мен балаларымды тастап қаша алмаймын. Одан да өлім маған келсін!

- Онда кел бері, кір аузыма!

- Аш аузыңды!

Жылан аузын ашып, көзін жұмды.

Бозторғайға керегі де сол еді, жыланды шап беріп, екі аяғымен басынан мықтап бүріп, жерден іліп әкетті. Жылан торғайды орап алмақ болып жиырылып әлектеніп көріп еді, ештеңе шықпады.

Торғай дамыл таппай пырылдап, жыланды арқан бойы көтеріп апарып, жерге тастап келіп жіберді. Жылан құлдилап келген бойы жайпақ тастың үстіне түсіп, парша-паршасы шықты.

-205-

М А 3 М Ұ Н Ы



ІІТОМ

ШАҒЫН ХИКАЯТТАР

Қос тентек 6

Рахима 28

Окуды аңсаған Арал 49

Бауыржан деген бала бар 65

ӘҢГІМЕЛЕР

Көк дөңгелек 112

Шаншар атайдың шертпегі 115

Сөнбейтін қоз 118

Жаңа дос 121

Бір арқа отын 125

«Әліппе» 127

Көкеннің ойыны 130

Автобус аялдамасы 133

Сурет сабағы 137

Алғашқы ертеңгілік 140

Мейлі, ойлансын! 142

Үзеңгілік 146

Қисық шыбық 149

Рас-ау осы 151

Ағайдың ауырмағаны жақсы ..............154

Байнаш 158

Ата 160

Көк қозы 167

Бүлдірген тере барғанда 169

Ала мысық 171

Қара сиыр 174

Ата көкек 177

Абдолла атай 180

Тыртық сыры 185

-206-

ЕРТЕГІЛЕР


Арлы бала..................................................................................190

Алтынның әлегі 192

Ар жақ бер жақ 194

Арманына жеткен Айбалта 197

Бәйтерек пен дәнек 199

МЫСАЛДАР


Көлдей көлеңкеге сыймаған екеу 204

Бозторғай мен жылан 205

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет