Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет2/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Пікір жазғандар:

Е.Б. Исаев – ОҚМУ «Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының доценті, б.ғ.к.


Н.М.Байсейтова - ОҚМПИ, «Биология » кафедрасының доценті,б.ғ.к.


«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде талқыланған және бекітілген.


№ -хаттама, __ _________ 2017 ж.

Бастауыш білім және педагогика факультетінің әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланған және бекітілген. №__хаттама, «­­­__»____ 2017ж.


ОҚМПИ-нің Әдістемелік кеңесінің шешімімен баспаға ұсынылған: №____ «____» _________ 2017 ж.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институты
Алғы сөз

Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні болашақ мұғалімдерді және тәрбиешілерді балалардың өсіп дамуының ерекшеліктерімен таныстырып, сол мағлұматтарды оқу-тәрбие жұмысында пайдалануға бағыт береді. Балалардың өсіп-дамуы тоқтаусыз жүріп жатқанымен олардың қарқыны өсу кезеңдерінде біркелкі емес. Сондықтан бала ағзасы өзінің түрлі өсу кезеңдеріне сәйкес ерекшеленеді. Олар сан жағынан да, сапа жағынан да байқалады. Осыған орай балалардың мінез-құлықтары, ой өрістері мен дүниетанымы қалыптасады.


Балалардың жас ерекшелігіне қарай сүйек, бұлшық ет, жүйке ұлпасы мен ішкі мүшелері жіктеліп, олардың қалыптасуы ересек адамдарға ұқсай бастайды. Бала ағзасы өзгерістерге ұшырайды. Оқу-тәрбие жұмыстарын бала ағзасының ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілк әрекеттерін, жеке торшалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, физиологиялық маңызын анықтайды. Физиология организмнің тіршілік әрекеттерін даралап тексермей, оларды біртұтас, тығыз байланыстағы процестер жиынтығы ретінде қарастырады және организмге тән біртұтастық қасиет орталық жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әр түрлі биологиялық белсенді заттардың әсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Оқушылардың физиологиялық дамуы заңдылықтарын айқындау - өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсарту шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алудың және олардан емдеудің жаңа жолдары мен тәсілдерін табуға негіз болып табылады.
Оқушылардың физиологиялық дамуы курсының басты міндеті, болашақ педагог- тәрбиеші студенттерді, өсіп, дамып келе жатқан ағзаның жасқа сай ерекшіліктері жөнінде заманауи мәліметтермен, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, түрлі оқу және еңбек жұмыстарын атқаруда жоғары жұмыскерлік қабілетін көрсете алу негізінде жатқан біліммен қаруландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет