Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет15/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Бала бұлшықетінің дамуы


Бала туылған кезде оның барлық қаңқа бұлшықеттері қалыптасқан, бірақ нашар дамыған болады. Бұлшықет бедері (рельефі) 5-6 жасында қалыптаса бастайды. Нәрестенің бұлшықет талшықтары-ның диаметрі 10-15 мкм. Ал 3-4 жасында 2,0-2,5 есе ұлғаяды. Бала әліжүргенге дейін, тұтас ағзаға қарағанда, бұлшықеттер баяу дамиды.
Бала жүруіне, денешынықтыру әрекеттеріне қарай, өсуі, әсіресе 6 жасқа келгенде тездейді. Нәресте алғашқы күндерінде қол-аяғын ербеңдетіп, ретсіз болса да белсенді қимылдайды. 2 айлығында жан-жағына басын бұрады. Ал, 7 айлығында жақсы отыра бастайды. Баланың тік тұруы үшін үлкенді-кішілі бұлшықеттерінің келісімді қызметтері қалыптасады. Бала 4-5 жасқа келгенде коньки теуіп, секіру әрекеттерін бастайды. 3-5 жаста-рында балаға өте дәлдікпен қимылдар пайда болады. 6 жасында баланың қимыл аппаратының дамуы жетіледі. Солай бола тұрса да балалардың бұлшықет дамуы біркелкі емес. 1 жасында аяқ, сан және мықын белдеулерінің бұлшықеттеріне қарағанда, қол және иық белдеу бұлшықеттерінің дамуы жақсы жетілмеген. 4-5 жасында қар (иық) және білек бұлшықеттері дамиды, бірақ қолбасы бұлшықеттері әлі жетілмеген.
Баланың тұлға бұлшықеттері ерте әрекетіне байланысты, қол-аяқ бұлшықетіне қарағанда тез жетіледі. Қолбасының бұлшықеттері 6-7 жасқа келгенде, әсіресе сурет салып, жазу жазғанда дами бастайды. Жасына қарай бұлшықеттердің химиялық құрамы да өзгереді.
Қимылдың дамуы үшін орталық жүйкенің барлық деңгейі, ми қыртысына дейін, қызметтері қосылуының үлкен маңызы бар.
Алғашқы табиғи шартты рефлексі кешенді тән-бұлшықет, сіңір, буын-шытырман (тактил-проприцепті-лабиринтті) тітіркендір-гішке нәрестенің 9-10 күнінде түзіледі. Шартты рефлекс бұлшықет-буын тітіркендіргіштеріне (тізе буынының жәй қимылы) 3-4 апталық балада пайда болады. Одан нәзік бұлшықет буын тітіркендіргішін талдау 2-3 айда дами бастайды.
Шамамен 2,5-3 айлығында көрген затына ұмтылып қол-қимылдары дами бастайды. Бала 5-6 айында қолына затты ұстау үшін бағыты да икемделеді; зат қай жағында болса да ол бір қолымен емес, екі қолымен бірдей бір мезгілде ұстап, қолына алуға әрекет етеді.
Балада 1 жастың ішінде қимылдау белсенділігінің қажетті маңызды бірқатар элементтері қалыптасады: бала ағзасындағы экстенсорлық (түзеткіш) және флексорлық-жұлынның қимылдат-қыш (афференттік) будаларының бұлшықетінің ширығып құрысуына (тонусына) әсері біртіндеп теңеседі. Осылардың нәтижесінде шүйде бұлшықетінің ширығып құрысуы (тонусы) артып жетілуінен бала “басын ұстайды”.
Бала 2 айлық болғанда, етбетінен жатып басын көтереді. Шалқасынан жатқан бала оң немесе сол жағына аударылуы (4 айда), етбетінен (айда) және керісінше қимыл әректтері дамиды. Тұлға және мықын бұлшықеттерінің дамуы баланың отыруын қамтамасыз етеді. Баланың жасы 3 жас пен 3-тен 6 айлық асу арасында бауырымен жылжуды үйрене бастайды. Етбетінен жатқанда ол, бүтін денесін басымен қоса көтереді. 6-7 айлығында, ол еңбектеп тұрып, одан кейін жылжуды бастайды. Шамамен 6 айлығында бала бөгеттерден екі қолымен ұстап көтеріледі, тік тұрады және біртіндеп отыра бастайды.
Барлық дененің теңдігін тұрақтандыратын, тұлға мен мықын белдеулерінің түзеткіш бұлшықеттер дамуымен біргелікті, тік тұрудың денені ұстау-бұлшықеттің ширап құрысу (тонустық) рефлекстері де дамиды. Бұл морфологиялық кезең: буын шеміршектерінің қайта құрылу барысы артуымен қаңқа сүйектерінің желімдік қасиеті (оссификацияла-нуы) күшеюімен және қантамырлар торының кеңеюімен сипатталады.
Бала 1 жастың соңында еркін тұрады да жиі-жиі жүреді, тік тұрудың тұрақтылығы кештеу (13-14 жаста) басталады. Барлық құрылым-дық элементтерінің морфологиялық дамуы және қызметтік (функционал-ды) мүмкіндіктерінің кеңеюі біргелікті жалғасады. Буындардың жүйкелендірілу аппараты қарқынды дамиды және олардың қантамыр-ларының жаңадан пайда болуы (васкуляризация), шеміршек жасуша-ларында гликогендер мен липоидтердің саны артады. Өсу аймағында (зонасында) РНК саны артып, ол кішкене жасуша элементтерінде (құрамында) айқын байқалады.
Бала 4 жасында ми қыртысындағы қимыл аймағының 4-ші алаңы құрылымдық жағынан ересектердегіге ұқсайды. 6 алаңы кештеу – 7 жасында жетіледі. 7 жасар балада 4 алаңы толық жетіліп, оның ми қыртысындағы көлемі (ересектердегідей) – 32 мм болады.
Сүйек жүйесіндегі ұлпалық мамандануы (дифференциялануы), сүйек желімдігі (оссификациялануы), сүйектердің жіктеліп қатаюы (синостаздануы) шапшаң жүреді. Баланың 5-6 жасында жіліктердің сүйек майлары толық жетіледі.
6-7 жасында тұлғаны, санды және балтырды жазу бұлшықеттерінің күші едәуір артады. Бұл кезең тірек-қимыл жүйесінің барлық қызметтік қабілетінің көтерілуі, ол деген, адымдап жылдам жүру, күрделі алма-кезек қимылдарды меңгеру. Бұл қимылдың дамуы мен тірек-қимыл жүйесінің морфология-лық жетілу барысы өзара байланысты жүретінін білдіреді. 7 жаста буындардың жүйкелендірілу аппаратының ұлпалық мамандануы мен дамуы жоғары дәрежеге көтеріледі, соның нәтижесінде, жүйке аппаратының кірігіп (диффуздық) таралуы, олардың ошақты орналастыруына алмасады.
Балалардың 11-12 жас кездерінде жүруі, жүгіруі, секіруі, лақтыруы және сапалы қозғалысы (жылдамдық, епшілдік, күштілік, төзімділік) одан әрі қарай да дамиды. Бұл жастарда барлық дерлік ми қыртысының қимыл аймағы, жасу-шалы құрылыс күйіне айналады. Шеткі жүйкелендіру аппаратының дамып жетілуі негізінен 12 жаста аяқталады.
12-14 жастарында буын шеміршектерінде қантамырларының жаңадан пайда болу (васкуляриза-циясы) ошақтары болмайды. Ол шеміршектің жылтыр гиалинді құрылымына айналады. Буын бетінде түзілетін эпифиздің эндохондралды сүйектенуі аяқталып, тек эпифиздік шеміршек аймағында ғана сүйек желімдігі әрі қарай жүреді де буын-байлам аппаратының құрылысы, ересек адамдардың буындарына тән қасиетке ие болады.
Қаңқа бұлшықеттерінің физиологиясы. Қаңқа бұлшықетінің құрылым-қызметтік бірлігі көп ядролы бұлшықет талшығы болып саналады. Бұл талшықтар будаға жиналып бұлшықетті түзеді. Бұлшықеттің арнайы қасиеті қабілетін арттыруына байланысты, оның жиырылғыштығы және бұлшықеттің қызметтік күйіне орай: жеке-дара, сіреспе (тетаникалық) немесе қарысып (контрактураланып) жиырылуы мүмкін
Қаңқа бұлшықеттерінің мұндай жиырылу заңдылықтарын тәжірибе зертханасында түрлі тітіркендіргіштерді (тоқ) қолдану арқылы анықтаған. Бұлшықетті бір рет тоқпен тітіркендіргенде оның жасырын уақыты (латентті), одан кейін жиырылу (-10м/с), қысқару фазасы (-50м/с) шоққысы және босаңсу фазасы (-50м/с) болып бөлінеді.
Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұңғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы, баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.
Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс (локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.
Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.
Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа дейін бала өте тез өседі. Тұңғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектепке дейінгі жаста ғана (5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.
Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады. Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.
Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын, өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық, гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін - өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет