Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Дәріс 6. Тақырыбы: Эндокриндік жүйенің дамуы



бет44/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Дәріс 6.
Тақырыбы: Эндокриндік жүйенің дамуы
Жоспар
1. Ішкі секреция бездері, гормондар
2.Йод тапшылығы және қант диабеті аурулары, олардың алдын алу
3. Жыныс бездері, олардың маңызы
4. Жыныстық тәрбие.


Ішкі секреция бездері, гормондар
Адам денесіндегі көптеген клеткалар (жалпы саны 100 триллионнан астам) арнаулы тканьдер, мүшелер және жүйелердің дағдылы қызметі, олардың өзара және сыртқы ортамен өте күрделі қарым-қатынасы жүйке және гуморальды жолмен реттелуі арқылы іске асады.
Функциялардың (қызметтердің) гуморальды реттелуінде маңызды ролді ішкі бөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организм ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды беліп шығарады. Ішкі секреция бездері жасап шығарған заттар гормон деген атауға ие болды.
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сrіnео — бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без клеткалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі секреция бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан-серік бездері, айырша без, бүйрекүсті, ұйқы және жыныс бездері жатады (1-сурет). Соңғы екеуі аралас секрециялы бездер.
Ішкі сөлініс бездеріне плацентаны (бала жолдасы) да жатқызады. Екіқабат (жүкті) әйел организмінде бала жолдасы бірқатар гормондар бөліп шығарады — эстроген, прогестерон және гонодотропин. Ішкі секреция бездерімен гипоталамус құрылымымен және қызметімен тығыз байланыста болады.
Қалқанша без, қалқансерік бездері және олардың қызметі
Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Үлкен адамдардың қалқанша безінің салмағы- 20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секідді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без ткані дәнекер тканьнің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий клеткалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин.
Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық жүйке жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді. Итттердің безін алып тастағаннан кейін, оларда шартты рефлекстердің қалыптасуы өте қиын болады. Қалыптсақан шартты рефлекс келесі күні жойылып кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл – гипертиреоз кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без қызметінің бұзылуына адам зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді.
Адамға тәуліктік йодтың мөлшері 0,15-20мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың синтезі (жасалуы) бұзылады. Зоб дамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулалаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100кг тұзға, 2,5г. Йодты калийды қосады).
Қалқансерік бездер
Қалқансерік бездер (glandula parathyroideae) аса үлкен емес эпителиалды құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны – паратгормон деп аталады.
Паратгормонның гиперкальциемиялық іске асыруда, кальцийдің ішек арқылы сіңіуінің күшеюінің маңызы зор. Паратгормон бүйректе активтілігі төмен витамин Д-дан гормональактивті формалы витамин Д3 жасалуына әсер етеді.
Бүйрек үсті бездері, оның гормондары
Бүйрекүсті бездері бүйректердің жоғары жағында орналасқан. Олардың салмақтары 6-12г. Әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат без салмағының 4/5, мили қабаты 1/5 бөлігін алып жатыр.
Милы және қыртысты қабаттардың шығу тегі, құрылысы және қызметі жағынан әртүрлі. Олардың қанмен қамтамасыздануы ерекше.
Бүйрекүсті бездерінің салмағы аз болғанымен тіршілік маңызы өте зор. Егер жануардың екі безін де сылып алып тастаса (экстирпация) 7-10 күннің ішінде ол өліп қалады. Мұндай жағдайда жауырын еттері әлсіреп, тамақтан қалады, өте тез арықтап салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартылып, ішкен тамағын құса береді, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс ағзаларының, асқорыту, бүйрек, зәр шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюлайды және басқа өзгерістер пайда болады.
Бүйрекүсті бездерінің гормондары. Бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты 40-тан астам кортикостериодтарды түзеді. Олардың бәрі де холестериннің туындысына (өніміне) жатады. Мұның ішіндегі тек қана негізгі орнында биологиялық белсенді гормондық қасиеті бар. Қалғандары осы негізгі гормондардың өніміне, немесе олардың ыдырауынан пайда болған заттарға жатады да көбінесе қанға өтпейді.
Гипофиз, оның гормондарының физиологиялық маңызы
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы 0,5-0,6г, алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы – аденогипофиз, ортаңғысы – меланогипофиз, артқы бөлігі – нейрогипофиз деп аталады.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі – аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацедофилдік, базофилдік және хромофобтық клеткалардан тұрады. Соңғылары – бас клеткалар осы бас клеткалардан дамиды. Бастапқы аталған екі клетка бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі.
Гипофиздің артқы бөлігі – нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен клеткалар – питунциттерден және гипоталамустың нейросекреторлық клеткаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі гормонының екеуі де (вазопрессин, окситоцит) гипоталамуста түзіліп, нейросекреторлық клеткалар аксондарының бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Возопрессин гипоталамустың супраоптикалық, ал окситоцин паравенртикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның шығуын үдетеді.
Жыныс бездері – гонадалар (грекше gone – пайда болу, aden – без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы секрециялық қызметі – жыныс клеткаларын (гаметоциттерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде аналық клеткалары пісіп жетіледі. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің ірі көбею немесе репродуктік қызмет. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференциясынан) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген процестерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.
Нағыз еркек жыныс гормоны – тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондар бар – андростерон, эпитестостерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап әйел жыныс гормоны – эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет