Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Йод тапшылығы және қант диабеті аурулары



бет45/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Йод тапшылығы және қант диабеті аурулары Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без (glandula thyroidea) – біршама ірі без. Үлкен адамдардың қалқанша безінің салмағы- 20-30 гр. Балаларда (2 жасқа дейінгі) – 1,5-2г. Қартайған шақта, басқа да ішкі сөлініс бездері секідді, оның салмағы кішірейеді. Қалқанша без ткані дәнекер тканьнің жұқа қабаттарымен қоршалған көлемі 25-500 мкм болатын фолликулалардан тұрады. Олардың эпителий клеткалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Бұлар трийодтиронин (Т3) және тетрайодтиронин (Т4) немесе тироксин.
Қалқанша без гормондары жүрек қызметін жылдамдатады. Олар орталық жүйке жүйесінің дамуына және қызметіне елеулі әсер етеді. Итттердің безін алып тастағаннан кейін, оларда шартты рефлекстердің қалыптасуы өте қиын болады. Қалыптсақан шартты рефлекс келесі күні жойылып кетеді де, оны жаңадан қалыптастыруға тура келеді. Ал без қызметінің жоғарылауынан орталық жүйке жүйесінде қозу тежелуден басым болады. Бұл – гипертиреоз кезінде аурулардың өте эмоциялы болуының себебі. Қалқанша без қызметінің бұзылуына адам зейінінің бірқатар көрсеткіштері өзгереді.
Адамға тәуліктік йодтың мөлшері 0,15-20мг. Организмге қажетті йодтың мөлшері үнемі жетпесе тиреоидтық гормондардың синтезі (жасалуы) бұзылады. Зобдамуының алғашқы кезеңінде, әсіресе йодтың тапшылығы аз болған жағдайда, қалқанша без фолликулалаларының өсуі организмге қажетті гормон жасауын уақытша қамтамасыз ете алады. Бірақ йод жетіспеуі елеулі болған жағдайда гипотиреоз әрі қарай, микседема мен кретинизмге жеткенге дейін дами береді.
Топырағы мен суының құрамында йод мөлшері аз аймақтарда эндемиялық зобтан сақтандыру мақсатымен, тамаққа йодталған ас тұзын қолданады (100кг тұзға, 2,5г. Йодты калийды қосады).
Қалқансерік бездер
Қалқансерік бездер (glandula parathyroideae) аса үлкен емес эпителиалды құрылым, саны 2-6, салмағы 20-50мг. Әдетте, олар қалқанша безінің артқы жағында, жоғарғы және төменгі ұштарында жұптап орналасқан. Бездер өте жақсы тамырланған. Қан мен лимфа тамырларының бойымен оларға симпатикалық жүйке талшықтары енеді. Қалқансерік безінің гормоны – паратгормон деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет