Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы



бет48/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Жыныстық тәрбие.
Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады – бұл жыныстық тәрбие мәселесі. Балалар мен жастарды жыныстық тәр биелеудің маңызы зор. Мұндай тәрбие ерте басталғаны жөн. Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақ та дұрыс жақсы отбасын құратын болады.Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:
Ер бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады. Шешеге апа – қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне дегн көзқарасты қалыптастыру қажет. Оларға сыйлауды, құрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады. Ер балаларға жұмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады, үйлесімді бағытталады. Мұнымен
қатар, жыныс мүшелерін күтуді, әсіресе кішкентай қыздарға үйрету қажет. Біртіндеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жас өспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіре бастаған жөн.Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасы да бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады.Балаларға жыныстық қызықтыру тудуратын фильмдерді, әңгіме кітаптарды көрсетпеу керек.
2. Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады. Осыған орай қыздардың ер балаларға деген ерекше ынтасы байқалады. Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды. Сондықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы өте зор. Қыздарға болашақта көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын алдын ала түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ат салысу керек. Бастауыш сынып мұғалімдері қыздардың аналарымен байланыста отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыру қажет. Осы бастан-ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралы алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиені жүргізу қажет.
3. Жалпы алғанда жас өспірімдерге ретсіз жыныстық қарым-қатынастың жағымсыз жақтарын түсіндіру маңызды. Ерте және ретсіз жыныстық қарым-қатынас адамды ерте қартайтады, түрлі жыныстық аурулар жұқтыруы мүмкін. СПИД, мерез, соз іспетті жұқпалы аурулардың тек жыныстық қарым-қатынастан туатынын, олардың зардабын түсіндірудің маңызы зор. Жоғары сынып оқушыларына жыныстық қарым-қатынас туралы арнайы әңгімелерді ер және қыз балалармен жеке – жеке топтастырып өткізу тәрбиеші – мұғалімнің міндеті. Мұндай әңгімелерді арнайы мамандармен кездестіру арқылы өткізсе, жастардың ұғымы дұрыс қалыптасады, ал маман емес адамдар өз ойын айту арқылы дұрыс түсінік бермеуі мүмкін.
Сонымен, қорыта келгенд, балалар мен жастарға жыныстық тәрбие беру ата-анасы мен мұғалімдердің ғана міндеті емес, бұл ел, халық түшін маңызды жалпы міндет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет