Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Тақырыбы: Қанның жас ерекшеліктері және жүрек - қан тамырлары жүйесінің дамуы



бет50/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Тақырыбы: Қанның жас ерекшеліктері және жүрек - қан тамырлары жүйесінің дамуы
1.Организмнаң ішкі ортасы-қан, тканьаралық сұйықтық, лимфа
2.Қан топтары.Қан құю.Резус-фактор.
3.Қан қысымы, қан айналымы
4.Жүректің қызметі,оның жас ерекшеліктері.
5.Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу


Организмнаң ішкі ортасы-қан, тканьаралық сұйықтық, лимфа
Қан, лимфа және клеткааралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Клетка тіршілігі үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күрделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік полюс суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты. Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет, деп мәлімдеді ол 1878 ж. америка физиологі В.Кэннон ішкі ортаның. Оргаизмнің басты-басты биологиялық көрсеткіштерінің тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды айтады.
Қан – жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30% сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50% ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тыс баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы, данедегі кейбір клеткалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қанның негізгі функциялары:
1)Тіршілікке қажет заттарды клеткаларға, тканьдерге жеткізеді, ал зат алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады (тасымалдау қызметі).
2)Оттегін өкпеден тканьдерге, клеткалардағы көмір қышқыл газды өкпеге жеткізеді (тыныс алу қызметі).
3)Ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды (минералдарды) тканьдерге жеткізеді (тропикалық яғни қоректендіру қызметі).
4)Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен адам денесіндегі уытты заттар, азот қалдықтарын тканьдерден бүйрекке, өкпеге, тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп оларды шығарып тасыйды (экскреторлық қызмет).
5)Қан клеткалары (лейкоциттер), плазмадағы антиденелер денеге енген микробтарды, вирустарды, табиғи жат, улы заттарды бейтарап, зиянсыздайды (қорғаныс қызметі).
6)Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процестерді реттеуге қатысады (гуморальдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар – гормондар, медиаторлар, метаболиттер ағзалар мен клеткаларға өтіп тікелей немесе қан тамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу).
7)Қан клеткалары (формалы элементтер) ткань клеткаларымен креаторлық байланыста болады. Креаторлық байланыс жаңарған клеткалардың және тканьдердің табиғи құрылысы мен кейіпінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жаңа клеткалар құрылысы жағынан ескі клеткаларға ұқсас болу үшін клеткааралық информациялардың маңызы өте зор. Клеткаларға қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір клеткадан екінші клеткаға клеткааралық каналдар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа клеткаларға қан клеткалары да жеткізіп отырады.
8)Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып клеткалар мен тканьаралық сұйықтықтың коллоидтық, осмалық тұрақтылығын сақтайды. Осмалық тұрақтылық бұзылса клеткалар ісіп не бүрісіп қалады. РН тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады.
9)Қан көп энергия шығарып қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.
3. Қанның құрамы және мөлшері
Қан сарғылттау келген сұйық зат – плазмадан және оның ішінде жүзіп жүрген қан клеткаларынан, яғни формалы элементтерден тұрады. Қан клеткалары қызыл түйіршіктер (Эритроциттер) мен ақ түйіршіктер (лейкоциттер), қан пластинкалары – тромбоциттер. Плазма қан құрамының 52-58%-іне, қан клеткалары – 42-48%-не тең.
Адам денесінде 5 литр қан, ал мұнша қанда 700-800 гр гемоглобин бар. Эритроцит саны әйелге қарағанда ер адамда көбірек, осыған орай ер адам қанында гемоглобин көбірек болады. Ер адамның 1 л қанында 130,0-160,0г, әйелде 120,0-140,0г Нв бар.
1 л қанда ең көп дегенде 166,7 г/л Нв болады, бірақ оның мөлшері өзгеруі мүмкін, ол эритроцит санына сәйкес келе бермейді, кейде эритроцит саны азайғанмен Нв мөлшері қалыпты деңгейде қалады, ал екінші бір жағдайда эритроцит саны қалыпты болғанмен Нв мөлшері азайып кетеді. Сондықтан да дәрігерлік жұмыста әрбір эритроциттегі гемоглобин мөлшері анықталады, қанның түс көрсеткіші (ҚТК) есептеп шығарылады.
Гемоглобин, оның табиғаты және қасиеті.
Гемоглобин (Нв) көптеген газдармен тез әрекеттесіп, жаңа қосылыстар түзеді.
1.Гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуінен пайда болған қосынды оксигемоглобин деп аталады (ол НвО2 белгіленеді). Гемоглобиннің қышқылдық қасиетін көрсету үшін бұл белгінің алдына кейде сутегі жазылады (ННвО2). Оксигемоглобин тұрақсыз қосылыс, тез ыдырап оттегін бөліп шығарады.
ННвО2 ННв+О2
Ұю—қанның биологиялық қасиеті, қорғаныс қызметінің бір түрі.Осы қасиеттің арқасын
-да қанның сыртқа шығуы (қан кету) тоқтайды. Мұны гемостаз, яғни қан тоқтау дейді. Бұл
өте жиі әрі кең мағынада қолданылатын сөз. Гемостаз деп қанның сұйық қалпын және эндотелийдің бүтүндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық процестерді айтады. Ұйыған кезде қан қойылып, тромбаға айналады. Тромб қан тамырының жарасын бітеп, қан ағуды тоқтадады.Қаны ұйымайтын адамдар да болады оларды гемофиликтер деп атайды. Олар үшін жарақаттану өте қауіпті. Қан 2-3 минутта ұйиды. Ұйыған кезде қанның көлемі кішірейіп, қатаяды. Ұйындыдан сарысу бүлінеді, оның плазмадан айырмашылығы онда фибриоген болмайды.Қанның ұйып айналасына сарысуының шығуын ұйынды ретракциясы деп аталады.
Қан ұюы туралы ілімнің негізін салушы А. Шмидт. Соңғы кездегі мәлімет бойынша қан ұюы үш фазадан тұрады: а) протромбиназа пайда болуы; б) тромбин пайда болуы;
в) фибрин пайда болуы фазаларынан өтеді.
Жарақаттанған қан тамырының жуан жіңішкелігіне, ондағы қысымына қарай қан тоқтау 2 түрге бөлінеді: 1)тромбоциттік гемостаз—тромбоцит пен қан тамыры қабырғасының ішкі бетінің қасиетіне; 2)коагуаляциялық гемостаз—қан ұю жүйесін құратын факторға байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет