Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
Жоспары:
Жалпы зәр анализі қалыпты көрсеткіштері
Зәрдің физикалық қасиеттерін бағалау
Зәрдегі ақуыз бен қантты анықтау, сапалық және сандық әдістер
Зерттеудің әртүрлі түрлеріне арналған зәрді жинау ережелері. Күнделікті зәр
Нечипоренко әдісі
Зимницкий бойынша зәр анализі
Жалпы зәр анализі - бұл зәрдің физикалық, химиялық сипаттамасы мен тұнба микроскопиясын бағалауға мүмкіндік беретін зертханалық зерттеу.
Жалпы зәр анализі - бұл зәрдің физикалық, химиялық сипаттамасы мен тұнба микроскопиясын бағалауға мүмкіндік беретін зертханалық зерттеу.
Жалпы зәр анализі қалыпты көрсеткіштері
Зәрдің физикалық қасиеттерін бағалау
Зәр түсі
Қалыпты жағдайда зәр сабан- сары түсті болады.Зәр түсіне қабылдаған тағам, дәрілік заттар әсер етуі мүмкін.
Зәр мөлдірлігі
Зәр мөлдірлігі
Қалыпты жағдайда зәрді ыдысқа құйғаннан кейін бірнеше сағат ішінде зәр мөлдірлігін сақтау керек. Аз ғана лайлану оның құрамындағы эпителиалды жасушалар мен шырыш әсерінен болуы мүмкін.
Зәрдің лайлану себебі:
Эритроциттердің болуы (зәр-тас ауруы, пиелонефрит, гломерулонефрит, қуық қатерлі ісігі, простатит)
Лейкоциттердің болуы (пиелонефрит, цистит)
Зәрде бактериялардың көп болуы (пиелонефрит, цистит)
Зәрде белоктың болуы (пиелонефрит, гломерулонефрит, амилоидоз)
Көп мөлдерде эпителийдің болуы (пиелонефрит)
Тұздардың зәрде жоғары болуы (ураттар, фосфаттар, оксалаттар)