Зәрдің тығыздығы төмендеген немесе жоғарылаған болса, нақты диагноз қою үшін дәрігер қосымша зерттеу ретінде Зимницский пробасын тағайындауына болады. Бұл зерттеу бүйректің қызметін тереңірек зерттеуге мүмкіндік беріп, нақты диагноз қоюға көмектеседі.
Зәр қышқылдығы
Зәр қышқылдығы
Зәр қышқылдығы өзгеріске көп ұшырайтын көрсеткіштердің бірі. Бір күн ішінде бұл көрсеткіш айтарлықтай үлкен көрсеткіштерге дейін өзгеруі мүмкін. Мұның себебі қан қышқылдығын (PH) реттеуге бүйрек қатысып, артық қышқылды заттарды зәрмен шығарып отырады.
Зәр қышқылдығы pH 4-тен жоғары – 7-ден төмен болуы керек. (4-7 арасында)
Зәр қышқылдығының төмендеу себебі (pH >7):
Зәр қышқылдығының төмендеу себебі (pH >7):
Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе метаболикалық алкалоз)
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
Қандағы калий деңгейінің жоғарылауы
Қалқанша маңы безінің гормонының жоғарылауы (паратгормон)
Ұзақ уақытқа созылған құсу
Несеп жыныс жүйесінің кейбір инфекциялары (уреаплазмоз)
Дәрілік заттарды қабылдау – никотинамид, адреналин
Бүйрек және қуық ісіктері
Зәрдің қышқылдығының жоғарылау себебі (pH<4)
Қанның қышқыл –сілтілік балансының бұзылуы (тыныстық немесе метаболикалық ацидоз)
Қандағы калий деңгейінің төмендеуі
Сусыздану (құсудан басқа себептер)
Қант диабеті
Жоғары температура
Дәрілік заттарды қабылдау: аспирин, метионин, диакарб
Зәрдегі белок
Қалыпты жағдайда зәрде белок концентрациясы 0,033 г/ л аспауы тиіс
Зәрде белок (ақуыз) пайда болуы әрдайым бүйрек зақымдалуымен