Жалпы клиникалық зерттеулер Зәрді зерттеу Қайырғалиева Сымбат


байланысты бола бермейді. Зәрдегі белок (альбуминурия) несепағар, қуық қабынуы, уретрит кезінде пайда болуы мүмкін. Кейде белок сау адамдарда аса күшті физикалық жүктемеден кейін пайда болады



бет4/8
Дата17.11.2023
өлшемі1,74 Mb.
#191776
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3-тақырып. ЖЗА

байланысты бола бермейді. Зәрдегі белок (альбуминурия) несепағар, қуық қабынуы, уретрит кезінде пайда болуы мүмкін. Кейде белок сау адамдарда аса күшті физикалық жүктемеден кейін пайда болады.

 

Сонымен қатар зәрде белок 7-16 жас аралығындағы физикалық дамуы нашар балалар мен жүкті әйелдерде көрінеді. Альбуминурия бүйректен тыс түрі аллергиялық реакция, лейкоз, эпилепсия, жүрек жетіспеушілігі кезінде болады. Бұлардың барлығы функционалды альбуминурия.

 

Енді патологиялық альбуминурияны қарастырайық. Оның себебі әрдайым бүйрекпен байланысты, сондықтан бүйрек ауруын көрсетеді 3- 5% аралығындағы альбуминурия жедел гломерулонефритке тән, 0,5-1% – созылмалы пиелонефрит және гломерулонефритке тән көрініс. Нефроз кезінде зәрде белок жоғары көрсеткішке жетеді (3% жоғары). Сондықтан зәрдегі белок (ақуыз) анықтау аса маңызды диагностикалық тестердің бірі.

Зәрдегі белок бар жоғын анықтау.

  • Зәрдегі белок бар жоғын анықтау.
  • Ол үшін: пробиркаға 3-4 мл зәр құямыз, оған 6-8 тамшы сульфацил қышқылын тамызамыз.

    Белок бар болса зәр лайланады.

    Зәрдегі белок мөлшерін анықтау. Зәр құйылған пробиркаға 2-3мл 5% азот қышқылын абайлап құямыз. Сол кезде екі сұйықтық арасында ақ сақина тәрізді лайланады. Егер ол лайлану 3мин. сонында п.б. онда зәрде 0,033г/л белок болғаны. Егер зәрде белок көп болса онда белокты ақ сақина пайда болғанға дейін есептейміз. Белок мөлшерін білу үшін 0,033 г/л еселену бойынша көбейтеміз.

    Зәрде белок бар болса- протеинурия дейді.

Зәрдегі ақуызды анықтаудың сапалы әдістері белоктардың әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсерінен денатурациялану қабілетіне негізделген. Зәрдегі ақуызды анықтаудың сапалы әдістеріне мыналар жатады: сақиналы Геллер сынағы, 15-20% сульфосалицил қышқылымен сынама, қайнау сынағы. Зәрдегі ақуызды сапалы анықтау әдістері сенімді және қайталанатын нәтижелерді алуға мүмкіндік бермейді.

  • Зәрдегі ақуызды анықтаудың сапалы әдістері белоктардың әртүрлі физикалық және химиялық факторлардың әсерінен денатурациялану қабілетіне негізделген. Зәрдегі ақуызды анықтаудың сапалы әдістеріне мыналар жатады: сақиналы Геллер сынағы, 15-20% сульфосалицил қышқылымен сынама, қайнау сынағы. Зәрдегі ақуызды сапалы анықтау әдістері сенімді және қайталанатын нәтижелерді алуға мүмкіндік бермейді.
  • Жартылай сандық әдістер қазіргі уақытта негізінен құрғақ химия әдістерімен диагностикалық жолақтар (сынақ жолақтары) түрінде нәтижені визуалды түрде немесе несеп анализаторларын қолдану арқылы бағаланады. Зәрдегі ақуызды жартылай сандық анықтау үшін индикатор ретінде жиі қолданылатын бояғыш бромофенол көк болып табылады, ол басқа белоктармен - глобулиндермен, мукопротеиндермен, гемоглобинмен және Бенс-Джонсон ақуызымен салыстырғанда альбуминге сезімтал. Жолақтардың бұл қасиеті оларды селективті протеинурияны анықтауға қолайлы етеді, бұл кезде ақуыздың барлығы дерлік альбумин болып табылады, бірақ протеинурияның басқа түрлерінде жалған теріс нәтижелер тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет