Қант диабеті 1 – тапсырма «Қант диабеті» мәтін бойынша кездесетін төмендегі жаңа сөздерді жаттап алыңыз



Дата20.05.2020
өлшемі20,1 Kb.
#69940
Байланысты:
ҚАНТ ДИАБЕТІ
ҚАНТ ДИАБЕТІ

ҚАНТ ДИАБЕТІ

1 – тапсырма

«Қант диабеті» мәтін бойынша кездесетін төмендегі жаңа сөздерді жаттап алыңыз.
тұқым қуалаушылық – наследственность

соққы – удар

қорқу – страх; испуг; бояться

шөлдеу, шөл қысу – жажда, испытывать жажду

қайызғақтану – покрываться перхотью; шелушиться

түлеу – лущение

шуыл – шум

сұлы – овес

қарақұмық жармасы – гречневая крупа

жарма – крупа; дробленный

ақуыз – белок

көмескі – неясный; тусклый; едва заметный


2 – тапсырма

«Қант диабеті» мәтіні бойынша кездесетін төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Полиэтологиялық ауру, оның дамуы, оның пайда болуы, тамақты көп ішу, тым көп мөлшерде болу, тәтті тағамдар, физикалық және психикалық жарақаттар, жұқпалы аурулар, тәулік ішінде, зәрдің мөлшері, ауыр формалары, қызғылт түс байқалу, бауыры үлкею, қысымы төмендеу, дер кезінде емдеу, жүйелі емдеу, рұқсат етілу, алмастырып отыру.
3 – тапсырма

Берілген мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

Қант диабеті полиэтологиялық ауру. Оның дамуында тұқым қуалаушылық елеулі орын алады.

Диабеттің пайда болуына тамақты көп ішу, тамақта көмірсулар (углеводтар) мен майлардың тым көп мөлшерде болуы, тәтті тағамдарды көп жеу себеп болады. Аурудың дамуына физикалық және психикалық жарақаттар: басқа, ішке тиген соққылар, қатты қорқу т.б. әсер етеді. Жұқпалы аурулар (жұқпалы гепатит, қызылша, желшешек, грипп) себеп болуы мүмкін. Қант диабетінің ең ерте бөлінетін симптомы шөл қысу – полидипсия болып табылады. Бұл жағдайда тәулігіне 1500-3000 мл-ге дейін су ішіледі. Тәулік ішінде бөлінетін зәрдің мөлшері Тәулік ішінде бөлінетін зәрдің мөлшері 3 литрге дейін, кейде одан да көп болады.

Науқастың терісі құрғап кетеді, ауыр формаларында алақаны, табаны қайызғақтанып түлейді, бетінде, маңдайында, иегінде қызғылт түс байқалады. Шашта себорея (майлылық) пайда болады. Ауыз қуысы мен еріннің шырышты қабығы құрғақ, қою қызыл түсті болады. Стоматит, пародонтоз дамып, тістерінің босауы мүмкін. Бауыры үлкейеді. Ауыр жағдайларында жүрек, тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды: артерия қысымы төмендейді, жүрек қысымы көмескіленеді, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі. Қант диабетімен ауыратын науқасты дер кезінде және жүйелі түрде емдеу оның өмірін көптеген жылдарға ұзартады. Емі инсулин енгізу мен диетаны сақтау болып табылады. Инсулин – ақуыздан жасалатын белсенді зат.

Қант диабетімен ауыратын науқастарға белгілі мөлшерде қара нан, сары май, сүзбе, қаймақ, айран, жұмыртқа, картоп, капуста, сәбіз, қызылша, сұлы, қарақұмық жармасын, күріш беруге рұқсат етіледі. Етті балықпен алмастырып отыруға болады.


4 – тапсырма

Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қант диабеті қандай ауру?

  2. Қант диабеті ауруына не себеп болуы мүмкін?

  3. Бұл аурудың ең ерте білінетін симптомы не?

  4. Сырқаттың тағы қандай белгілері бар?

  5. Науқастың өмірін не ұзартады?

  6. Бұл аурудың емі не болып табылады?


5 – тапсырма

Төмендегі сөйлемдерді мәтінді тірек ете отырып толықтырып жазыңыз.

  1. Қант диабеті тұқым қуалайтын ... . 2. Тамақта көмірсу мен ... көп болса да аурудың пайда болуына себеп болады. 3. Науқастың ... құрғайды, алақаны мен табаны ... 4. Бетінде маңдайында ... түс пайда болады. 5. Қан қысымы ... , бауыры ... , жүрек ұшында шуыл ... . 6. Сырқаттың пайда болуына ... соққылар, ... аурулар әсер етеді. 7. Тәулігіне ... мл. су ішеді.


6 – тапсырма

Төменде қант диабетімен ауырған науқасқа дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың атынан тиісті жауабын жазыңыз.

  1. – Қандай себеппен келдіңіз?

  • ...

  1. – Қашаннан бері ауырасыз?

  • ...

  1. – Қан қысымыңыз төмендеп кетіпті. Ал жүрегіңізде шуыл бар екен. Өзіңіз бұрын емделіп пе едіңіз?

  • ...

  1. Күніне неше литрдей су ішесіз?

  • ...

  1. – Аузыңыз, тіліңіз құрғап кете ме?

  • ...

  1. – Қаныңызды, зәріңізді өткізіңіз. Анализдеріңізді тексерейік. Диагноз анықталған соң емделесіз.

  • ...


7 – тапсырма

Дәрігер ретінде қант диабетімен ауырған науқас туралы сырқатнама жазыңыз (аурудың аты-жөні, туған жылы, жынысы, мекен-жайы, ауру белгілері т.б.).
8 – тапсырма

«Қант диабеті» мәтіні бойынша түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.
9 – тапсырма

Төмендегі қанатты сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңіз.

  1. Адам үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ.

А.А.Семашко.

  1. Тәннің саулығына ең жақсы шипалы дәрі – сергек әрі жайдары көңіл-күй.

Х.Бострем.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет