Сабақтың түрі: теория Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі



Дата23.10.2020
өлшемі14,16 Kb.
#72062
түріСабақ

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№142 орта мектеп

Технология пәні мұғалімі: Мадиева Жеңіс Серікбаевна


Күні: 01.10.2016ж Сыныбы: 8 Пәні: Технология

Тақырыбы: Жемістер мен жидектер, тәтті тағамдар мен сусындар, салқын және желе қосылған тәтті тағамдар, өнімдерді даярлық

Сабақтың мақсаты:оқушыларға тәтті тағам түрлерінен, сусындар және тағамдар туралы мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: теория
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Ыстық  көженің тобына езбе көже кіреді ме?

2. Қандай көже түрлерін білеміз?

3. Қалай дайындайды?



ІІІ. Жаңа сабақ.

Жеміс-жидектер . Компотқа қолжетімді келетін кез келген жеміс-жидек жарай береді, олардың жаңа, кептірілген, тоңазытылған болуы мүмкін. Бірақ, жеміс-жидектерді езуге болмайды. Компоттың мақсаты – жемістерді бүтін күйінде сақтау болып табылады (үлкен жемістерді кесіп салыңыз). Компот үшін тым тәтті жемістер алынса, оны қышқылдату үшін лимон мен мүкжидек көмектесе алады. Сізге оғаш көрінегімен, компотты асқабақ, рауғаш, сәбіз, кәді сынды көкөністерде де қайнатуға болады. Оның түсі әсерлі болу үшін қызылша қосылады. Тіл үйірер дәм мен хош иісті алу үшін қызыл шарапты, жеміс шырындарын, корица, зімбір, жалбыз, мелисса, қалампыр, хош иісті бұрыш, жұпар жаңғақты қосуға болады. Бұлардың қатарына лимон қабығының үгіндісі мен раушан күлтелері, бір шымшым тұз артықтық етпейді. Бұл дәмдеуіштерді дайын болуға 5-10 минут қалғанда қосыңыз.

Тәтті тағамдар жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз ауқыт аралығынан кейін берілу керек.
Көптеген тәтті тағамдар құрамына майлар, сүт, жұмыртқа, кілегей, қаймақ кіреді, олар тағамды жоғары калориялы етеді. Бірақ тамақтануда тәтті тағамдардың орны оның калориялығымен емес, жоғары дәмдік қасиетімен анықталады.

Берілу температурасына байланысты тәтті тағамдар салқын, ыстық және балмұздақ болып бөлінеді. Тәтті тағамдармен көбінесе тәтті соустар мен қою шырындар беріледі.


Сусындар сонымен қатар ыстық және салқын болып бөлінеді. Ыстық сусындарға шай, кофе, какао, шоколад, салқын сусындарға әртүрлі сүт су сындары, жеміс-жидек және ұлттық орыс сусындары жатады. Ыстық сусындарды беру температурасы 75оС, суық сусындардың – 7-14оС болады.

Қорытынды:
Салқын тәтті тағамдарға балғын және тез мұздатылған жемістер мен жидектер, компоттар, желеленген тағамдар және (бұлғанған және бұлғанбаған), балмұздақ жатады. Еліміздің нарығына шөліңді әп сәтте басып, сергітетін түрлі энергетикалық сусындардың сатылып жатқанына біраз уақыт болды. Көбіне ештеңеден бейхабар жасөспірімдер, жас-тар, тіпті ата-аналардың өздері баласының денсаулығына аса қатерлі улы сусын сатып әперіп жатқанын білмейді. Қай сауда орнына барсаңыз да, сусындардың түр-түрін көресіз. «Кока-кола», «Пепси-кола», «Спраит», «Макси шай» т.б. жастардың сүйікті сусынына айналды. Бұл сусындардың зияндылығы, әсіресе жас ағзаға қаншалықты үлкен зардап әкелетіндігі жайлы кейінгі уақыттта ғана айтыла бастады.

ІҮ.Бағалау.

1. Тәтті тағамдарға нелер жатады?

2. Неше түрлі тағам білесіңдер.

3.Қандай сусын түрлерін білесіңдер?



Ү.Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет