Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы



бет65/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы.
Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату - ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады.
Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады.
Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.
Ауыз қуысына үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақасты және тіласты. Бұлар дан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда орта есеппен тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Сілекейдің құрамы мен мөлшері астың құрамындағы заттарға байланысты.
Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада шамамен 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы балалардың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге ұқсайды, бірақ олардың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады. Жаңа туған сәбидің сілекейіндегі амилаза мен лизоцим ферменттері жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің құрамында Бұл ферменттер бар. Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек кісілердегідей болады. Сәбидің сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады. Олар ауыз қуысының, тілдің құрғап қалмауын қамтамасыз етеді.
Жаңа туған сәбидің сілекейінің реакциясы айтарлықтай тұрақты : әлсіз-сілтілі реакциядан сәл ғана қышқыл реакцияға дейін өзгереді, ал ересектерде күні бойы рН 5,6-дан рН 8,3-ке дейін, яғни қышқылды реакциядан сілтілі реакцияға дейін өзгеріп тұрады.
4 жастан 12 жасқа дейін ауыз қуысының кілегейлі қабаты саны жағынан да сапасы жағынан да өзгереді. Бұл балалардың осы кездегі зат алмасуының ерекшеліктеріне және қорғаныс тетіктерінің қалыптасуына байланысты болса керек деген болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі қабаттағы түрлі клеткалар үлкен өзгеріске үшырайды.
Соңғы кезде сілекейдің құрамында қанды ұйытатын және қанның ұюына кедергі жасайтын түрлі ферменттердің бар екені анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш қызметін күшейтеді. Ауыз қуысындағы кілегейлі қабаттың жаралануы күнделікті жиі болып тұратын жағдай. Сондықтан оны тез арада қалпына келтіру, қанның ағуын тоқтату, жараны асқындырмай мезгілінде қалпына келтіру өте маңызды. Ауыз қуысының жарасы терідегі жарадан анағұрлым тез жазылатыны мәлім.
Сонымен қатар, сілекей ауыздағы тістер үшін ішкі орта болады. Қалыпты жағдайда ол минерал тұздарының тіс эмаліне өтуіне жағдай тудырады. Сілекейдің құрамының өзгеруі тістің бетінде түрлі тұздардың шөгуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге сілекейдің құрамы ауруға байланысты өзгереді. Мысалы, бүйрек ауруында, қарын жарасы кезінде сілекейдің қалдық азоты көбейеді.
Жалпы алғанда сілекей бездерінің қызметі нәрестенің сүт тістері пайда болған мерзімнен бастап (5-6 ай) белсенді болады. Алғашқы екі жылда сүт тістері қарқынды қалыптасады да, 2-2,5 жаста барлық 20 сүт тістері болатыны айтылды. Осы кезден бастап бала ұзақ шайнауды қажет ететін қатты тамақты көп мөлшерде қабылдауына болады.
Жұту. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына (мұрын қуысы мен кеңірдекке) бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді.
Өңеш. Ауыз қуысында ұсақталып, сілекеймен араласқан ас қоймалжыңы жұтқыншаққа, одан өңешке өтеді. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Оның ішкі кілегей қабаты, қатпарланып ас қоймалжыңы өткен сәтте кеңейіп, оны өткізуге бейімделген. Мұнда ас қорытыл майды.
Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің ұзындығы 10 см, 5 жаста — 16 см, 15 жаста — 19 см.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет