Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Көмірсу алмасуы, оның жас ерекшелігі. Көмірсулардың бала ағзасы үшін маңызы



бет76/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД

Көмірсу алмасуы, оның жас ерекшелігі. Көмірсулардың бала ағзасы үшін маңызы.
Көмірсутек алмасуының реттелуі, әсіресе нәрестеде және ерте балалық шақта мүмкіндігі өте мол. Бұның себебі нейроэндекринді механизмі жетілмегендігімен түсіндіріледі. Осыған байланысты нәрестелерде қандағы глюкозаның деңгейі қандағы қант құрамы аш қарында шамамен 30-50 мг%, емізулі балаларда 70-90 мг% аралығында болады. Ал ересектердің қанында қант орташа 100 мг% десек, 12-14 жастағы жасөспірімдердегі ең жоғарғы көрсеткіші 90-120 мг% тіркелген. Бұл балаларда көмірсутектің алмасуы ересектерге қарағанда қарқынды жүретінін білдіреді. Бұл өсіп дамитын ағза күш-қуатқа өте мұқтаж болатынын көрсетеді. Оның үстіне балалар ағзасында ақуыздар мен майлардан көмірсутегінің түзілуі нашар.Бала қанша жас болса, онда гликогеннің барысы сонша қарқын-ды жүреді де, сонша көп қан құрамында сүт қышқылы болады. Көктемде баланың өсу барысы артқанда, қанда сүт қышқылының мөлшері қыс мерзіміне қарағанда жоғары.
Май алмасуының жас ерекшеліктері. Баланың өсуі күшейген және жыныстық дамуы кезінде кейде оның азғындауы (арықтауы) байқалады. Оған себепші гипо-физден соматотропты және қалқан-ша безден гормондар өнімі күшейеді. Ал, май депосының жеңіл азаюына жүйке жүйесінің соматикалық бөліп шығаруының (тонусы) күшейгені белгілі рөл атқарады.
Емшектегі бала 1 кг массасына 6-7 г май қабылдауы қажет. Мектеп және мектепке дейінгі жастағыларға 1 кг массасына 25-30 г май керек. Тамақта шамадан тыс май болғаны зиян. Өйткені, ол сілті-қышқыл теңдігін ацидозға (қанда қышқылдың артуына) келеді. 25 жастан кейін негізгі зат алмасуы келесі әрбір 10 жылда 75% төмендейді.
Тұзды (минералды) заттардың теңдігі де баланың жасына тәуелді. Өсіп келе жатқан ағзаға кальцийдің көп маңызы бар. Әсіресе, бір жастың арасында дененің 1 кг массасына шаққанда тәулігіне кальцийге мұқтаждығы өте зор болады. Басқа тұздардан бойы, қол-аяғы өсіп, жалпы тән қатынасы қалыптасу кезінде магний, цинк, кобальт, бром және фтор қажеттігі бар. Бала ағзасына электролиттердің де ара қатынасы дұрыс болуы өте қажет
Витаминдер
Витаминдер туралы жалпы түсініктеме. (лат. Vita- өмір+аминдер-құрамында азоты бар химиялық заттар. ) Витаминдер- аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар . Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер ферменттердің құрамына кіретіні белгілі. Егер организмде витаминдержетикіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу процесі бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлдем болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады т.б. күрделі өзгерістер туады. Витамидерді латын әріпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай айтады. Барлық витаминдердің екі топқа бөледі: Майда еритін витаминдер және суда еритіндер.
3. Дұрыс тамақтану - денсаулық үшін тиімді тамақтану маңызды, яғни тағам калорялы және әртүрлі болуы керек. Тамақтану рационына барлқ негізгі тамақ өнімдері қамтылуы тиіс: ет (белок), өсімдік және жануар текті майлар, көмірсулар, жемістер, көкөністер, таза су. Тамақтану режимін сақтау, яғни күніне 4-5 рет белгілі сағатта тамақтану қажет. Тамақты мөлшерден артық ішпеу және тұзды, тәтті тағамдарды көп жемеу керек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет