132
(с.а.с.) алдында Ибн Сайядтың Дәжжал екендігіне қасам ішетін.
Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның сөзін жоққа шығармайтын.
Мұхаммед ибн әл-Мункадир: «Жабир ибн Абдуллаһты (Аллаһ
оған разы болсын) Ибн Сайядтың Дәжжал екендігіне қасам
ішкенін көрдім де: «Аллаһпен қасам ішесің бе?» – деп едім, ол:
«Омардың осы үшін Пайғамбар (с.а.с.) алдында қасам ішкенін
естігенмін. Пайғамбар (с.а.с.) оның сөзін жоққа шығармайтын
еді»
, – деп айтты», – дейді
1
.
Нафиғ: Абдуллаһ ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын):
«Аллаһпен ант етейін! Ибн Сайядтың Мәсих Дәжжал
екендігіне күмәнданбаймын»
, – дейтінін риуаят еткен
2
.
Зәйд ибн Уаһбтан риуаят етілген хадисте Әбу Зарр (Аллаһ
оған разы болсын): «Мен үшін Ибн Саидтың
3
Дәжжал екендігіне
он рет қасам ішу, ол ондай емес екендігіне бір рет қасам ішуден
жақсырақ», – деген
4
.
Нафиғтан риуаят етілген хадисте былай делінеді: Бірде
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Ибн
Саидты Мәдина көшелерінің бірінде кездестіреді. Абдуллаһ
қараса, Ибн Саидтың бір көзі соқыр екен. Ибн Омар таңғалып,
Ибн Саидтан:
«Көзің қашан мен көріп тұрғандай болып қалды?»
– деп сұрайды. Ибн Саид: «Білмеймін», – деп жауап береді. Ибн
Омар:
«Басыңдағыны білмейсің бе?»
– дейді. Ибн Саид: «Егер
Аллаһ қаласа, оны сенің таяғыңда қылар еді», – дейді. Ашуланған
Ибн Омар оны асатаяғымен салып қалғанда, таяғы сынып кетеді.
Қатты ашу қысқан Ибн Саидтың ісініп кеткені соншалық, жолды
жауып қояды. Ибн Омар:
«Аллаһпен ант етейін! Оны ұрғанымды
сезбей қалдым. Сосын барып әпкем Хафсаға айттым»
, – дейді.
Сол кезде Хафса оған:
«Ибн Саидтан саған не керек болды? Сен
Достарыңызбен бөлісу: