Аллаһтан өзгелер сендерге жәрдем ете ме? Яки өздеріне
жәрдем ете ала ма?» – делінеді. Құлшылық етілгендер де,
азғындар да, жаппай Ібілістің әскерлері де тозаққа етпетінен
құлатылады. Олар онда: «Аллаһқа серт! Расында, біз
сендерді әлемдердің Раббысына теңестіргенімізде анық
адасуда болыппыз ғой! Бізді күнәкарлар ғана адастырған
екен», – деп айтады»
2
, – деген.
Бұл – Аллаһтан өзгеге табынғандардың жалған құдайларына
айтқандары және оларға адасушылықпен табынғандарын кеш
мойындап, өкінгендерінен айтқан сөздері.
Ал құлшылық етілген ізгі кісі немесе періште болса ол өзіне
құлшылық етілгенге разы болмай, олардан бойын аулақ салады.
Негізінде, кәпірлер періштелерге емес, жындарға құлшылық
Достарыңызбен бөлісу: |