Бұл бөлімде әрбір адамды еріксіз терең ойланып, толғануға
итермелейтін, Аллаһ тағаланың құлдарынан құпия ұстаған –
Ақырет күні жайлы әңгімеленеді. Сонымен қатар бөлімде Ақырет
күніне сену – иман тіректерінің бірі, ол күнге иман келтіруге
үндеу – барша пайғамбарлардың дағуаты, оған сенбейтіндерге
айтар ақыл-кеңестер, Ақырет күніне сенбейтіндердің ақыл-ойына
түрткі салатын Құран аяттары, Ақыретке сенудің пайдасы мен
оған күмәнданудың салдары, оны танып-білудің қажеттілігі,
Ақыреттің келуінен бұрын оған ізгі іс-амалдар жасау арқылы
қамдану, оған қатысты үрей мен үміт сияқты тақырыптармен
танысасыздар.