51
парасатты бір кісіге жолықсам дейтін едің ғой
1
. Сен – сол
кісісің
(яғни саған да өлім келді)
. Енді маған айтып бер»
, – дейді.
Сонда Амр ибн Ас:
«Ей, ұлым! Аллаһпен ант етейін! Астым
отта тұрған сияқты, бейне бір иненің көзінен дем алып
жатқандаймын
2
және бір тікенді бұтақ табанымнан бастап
бүкіл денемді бойлап сырып бара жатқандай»
, – депті.
Яғни ақтық демін алып жатқан пенденің бүкіл ағзасы
ауырсынып күйзеледі.
Бұл – Құран мен хадистен кейінгі, сахаба ұлдың сауалына
сахаба әкенің берген жауабындағы өлімнің ең тамаша
сипаттамасы.
Демек, жан беру, жанның тәннен бөлінуі оңай емес. Мұндай
арпалыс сәтте адам бүкіл болмысымен жан шыдамас күйзеліске
түседі. Бұл күйзелісті тек қана бір Аллаһ тағаланың мейірім-
шапағаты жеңілдетеді. Жоғарыда сипатталған өлім алдындағы
күйзелісті Аллаһ тағаланың уәдесі бойынша шәһидтер сезбейді.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) шәһидтердің жан тапсырулары жайлы:
Достарыңызбен бөлісу: