24-белгі: Базарлардың бір-біріне жақын орналасуы
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Фитналар бой көтеріп, өтірік
көбейіп, базарлар жақындаспағанша, Қиямет келмейді»
, –
деген
2
.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
«базарлар жақындаспағанша»
деген сөзінің түсіндірмесіне ғұламалар мынадай пікірлер
білдірген:
1. Адамдардың нарық бағаларынан тез хабардар болуы;
2. Бір базардан екінші базарға, арасы ұзақ болса да, тез арада
жетуі;
3. Барлық базарларда бағалардың шамалас болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |