Мемлекттік аппарат



Дата13.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#125792
Байланысты:
мжтк

Мемлекттік аппарат

Тарих жəне құқық факультеті

Құқықтану мамандығы

1курс студентті

Азимбаев Айбек

Жоспар:

1.Мемлекеттік аппарат түснігі

2.Мемлекет органдары мен мекемелер

3.Мемлекеттік аппарат Қағидасы

4.Белгілері

5.Қорытынды

Мемлекеттік аппарат түснігі:

  • Мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларын жүзеге асыратын,əртүрлі органдар,мекемелер мен ұйымдар жүйесі мемлекеттік аппарат деп аталады.
  • Мемлекеттік аппарат бұл мемлекеттік органдар мен мекемелердің бірыңғай жүйесі.Осы жүйе арқылы мемлекет өз билігі мен басқаруды қамтамасыз етіп отырады.

Айырмашылық

Мемлекеттік органдар мен мекемелердің айырмашылықтарын айта өтсем:

  • Мемлекеттік органдардың қолында билік болады ,мемлекеттік билікке ие және мемлекет тарапынан əрекет етеді,керек кезде мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.Мысалы:мемлекет басшысы,прокуратура,министрлік,сот.
  • Ал,мекемелердің қолында билік болмайды, олар басқару,əлеуметтік мәдени және коммерциялық емес функцияларды жүзеге асыру үшін қызмет етеді.Мекелерге мысалдар:түзету (колония,түрме),білім (балабақша,мектеп,университет)мəдени (кітапхана,музей)және тағыда басқалар

Мемлекеттік органдардың жақсы жұмыс істеуі үшін осы басты қағидаларды ұстану қажет:


•мемлекеттік аппараттың барлық буыны адам мүддесі және бостандығын қамтамасыз ету бағытында құрылады, əрі қарай қызмет көрсетеді.

•биліктің бөлінуі,үш тармаққа:заң шығарушы, атқарушы және сот.

•демократия:əрбір азаматқа саясатқа ықпал етуге және жұмыс істеп тұрған мемлекеттік органдардың жұмыстарын бақылауға мүмкіндік беру.

•Жариялылық:билік органдарының қызметі туралы қоғамның БАҚ арқылы,өзіне қатысты ақпаратты алу құқығы арқылы жеткілікті хабардар болуы.

•Заңдылық мемлекеттік органдардың заңдарды қатаң және бұлжытпай сақтауы.

•Органдардың өзара қызмет етуі.



Осы қағидаларды ұстана отырып құрылған органдар,мекелер,ұжымдар қоғамды дамытуға,ол қоғамдағы өмірді жақсартуға мүмкіндік алады...

Мемлекеттік аппарат белгілері:

  • •Тұтастық-мемлекеттің тетігі біртұтас құрылымды білдіреді,бір мемлекеттің аумағында және оның шеңберінде бірнеше мемлекеттік аппарат өмір сүре алмайды.
  • •Иерархия-мемлекеттің аппараты күрделі пирамидалық құрылымды білдіретін үйлестіру мен бағыну негізінде құрылады.
  • •Ерекше құрам-мемлекет аппаратының структурасына кіретін органдар мен мекемелерде арнайы дайындалған,сол саланы жетіп меңгерген тұлғалар қызмет атқару қажет.
  • •Мемлекеттік қызметтің арнайы мақсаты- мемлекеттік билік белгілі мақсаттар,міндеттерді жəне функцияларды іс жүзінде жүзеге асыруы.
  • •Материалдық және техникалық қамтамасыз ету- мемлекеттік аппаратта жұмыс істеуші тұлғаларды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасында биліктің тармақтарға бөлінуі:

•Атқарушы билікті Конституцияда белгіленген тәртіппен Президент жасақтайтын Үкімет жүзеге асырады.Ал,жергілікті атқарушы органдар-əкімшіліктер

  • Заң шығарушы билікті жүзеге асыратын Парламент қос палатасы Сенат жəне Мәжіліс депутаттары жүзеге асырады.
  • Сот төрелігін жоғарғы сот,жергілікті соттар,əскери соттар жүзеге асырады.

Мемлекеттік аппараттың мемлекет үшін маңызы:

  • Мемлекет аппараты кез келген мемлекеттің өмір сүруінің ажырамас бөлігі болып табылады,өйткені мемлекет аппараты болмаса,мемлекеттің жұмыс істеуі жəне дамуы мүмкін емес,демек оның өмір сүруі де мүмкін емес...
  • Мемлекеттік органдар,мекелер және ұжымдар мемлекет аппаратына біріге отырып, ортақ мақсаттарды,бұйрықтарды бірігіп орындай отырып:қоғамның қауіпсіздігін,дамуын жүзеге айрып,қамтамасыз етіп тұрады

Мемлекет аппараттың басты мақсаты:

  • ҚР Конституциясының бірінші бөлімінінде жазылған:Қазақстан Республикасының басты байлығы адам жəне адам өмірі,осы басты қағидағаны ұстана отырып,мемлекет механизмі адамды, қоғамды қорғауды жəне мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.

Глосарий:

  • Иерархия - бір нәрсенің бөліктерінің немесе элементтерінің жоғарыдан төменге қарай ретімен орналасуы. «Иерархия» ұғымын ежелгі грек авторы Псевдо-Дионисий ареопагит «Аспан иерархиясы туралы» және «Шіркеу иерархиясы туралы» еңбектерінде енгізген.
  • Мемлекеттік аппарат - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. 
  • Демократия-процестің нәтижесіне немесе оның маңызды кезеңдеріне қатысушылардың бірдей ықпалымен ұжымдық шешім қабылдау әдісіне негізделген саяси жүйе. ...Биліктің бірден-бір заңды көзі – халық
  • Назарынызға рахмет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет