Ақырет өткелдері


«Жоғал әрмен! Шамаң келмейді»



Pdf көрінісі
бет243/514
Дата23.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#128123
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   514
Байланысты:
Ақырет-өткелдері

«Жоғал әрмен! Шамаң келмейді»
, – деп айтты», – деген. 
 
г) Ибн Сайяд Дәжжал ма, әлде ол емес пе? 
 
Ибн  Сайядтың  Дәжжал  болуы  мүмкін  екендігі  жайлы  әңгіме 
ел арасына кең таралып кетеді. Тіпті Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ 
оған  разы  болсын)  адамдардың  арасында,  Пайғамбарымыздың 
                                       
1
 Әл-Бұхари. 
2
 Ахмад. 
3
 «Дұхан» сүресі, 10-аят. 


132
 
 
(с.а.с.)  алдында  Ибн  Сайядтың  Дәжжал  екендігіне  қасам  ішетін. 
Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның сөзін жоққа шығармайтын. 
Мұхаммед ибн әл-Мункадир: «Жабир ибн Абдуллаһты (Аллаһ 
оған  разы  болсын)  Ибн  Сайядтың  Дәжжал  екендігіне  қасам 
ішкенін  көрдім  де:  «Аллаһпен  қасам  ішесің  бе?»  –  деп  едім,  ол: 
«Омардың  осы  үшін  Пайғамбар  (с.а.с.)  алдында  қасам  ішкенін 
естігенмін.  Пайғамбар  (с.а.с.)  оның  сөзін  жоққа  шығармайтын 
еді»
, – деп айтты», – дейді
1

Нафиғ:  Абдуллаһ  ибн  Омардың  (Аллаһ  әкесі  екеуіне  разы 
болсын): 
«Аллаһпен ант етейін! Ибн Сайядтың Мәсих Дәжжал 
екендігіне күмәнданбаймын»
, – дейтінін риуаят еткен
2

Зәйд  ибн  Уаһбтан  риуаят  етілген  хадисте  Әбу  Зарр  (Аллаһ 
оған разы болсын): «Мен үшін Ибн Саидтың
3
 Дәжжал екендігіне 
он рет қасам ішу, ол ондай емес екендігіне бір рет қасам ішуден 
жақсырақ», – деген
4

Нафиғтан  риуаят  етілген  хадисте  былай  делінеді:  Бірде 
Абдуллаһ  ибн  Омар  (Аллаһ  әкесі  екеуіне  разы  болсын)  Ибн 
Саидты  Мәдина  көшелерінің  бірінде  кездестіреді.  Абдуллаһ 
қараса,  Ибн  Саидтың  бір  көзі  соқыр  екен.  Ибн  Омар  таңғалып, 
Ибн Саидтан: 
«Көзің қашан мен көріп тұрғандай болып қалды?»
 
– деп сұрайды. Ибн Саид: «Білмеймін», – деп жауап береді. Ибн 
Омар: 
«Басыңдағыны  білмейсің  бе?»
  –  дейді.  Ибн  Саид:  «Егер 
Аллаһ қаласа, оны сенің таяғыңда қылар еді», – дейді. Ашуланған 
Ибн Омар оны асатаяғымен салып қалғанда, таяғы сынып кетеді. 
Қатты ашу қысқан Ибн Саидтың ісініп кеткені соншалық, жолды 
жауып қояды. Ибн Омар: 
«Аллаһпен ант етейін! Оны ұрғанымды 
сезбей  қалдым.  Сосын  барып  әпкем  Хафсаға  айттым»
,  –  дейді. 
Сол кезде Хафса оған: 
«Ибн Саидтан саған не керек болды? Сен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет