Ибраһимді көрдім... Ал Иса болса қызыл шырайлы, кең кеуделі, денелі екен» , – дейді
2
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Исаға ең ұқсас адам – Уруа ибн Масғуд әс-Сақафи 3 » , – депті
4
.
ә) Иса қалай түседі?
Дүниеге Дәжжал келіп жер бетінде ылаң салған соң, Аллаһ
тағала көктен Исаны Дамаскідегі ақ мұнараның тұсына түсіреді.
Иса түскенде мұсылмандар Дамаскіде қорғаныс шебін құрып,
Дәжжал мен көпшілігін яһудилер құрайтын оның әскеріне қарсы
соғысқа дайындалып жатады.
1
Әл-Бұхари, Муслим.
2
Әл-Бұхари.
3
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларының бірі.
4
Муслим.