4. Одан қашып, жолықпауға тырысу керек. Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Кімде-кім Дәжжал жайлы естісе, одан қашсын! Аллаһпен ант етейін! Өзін мүмін санап келген кісі көңіліне ұялаған күдік-күмәндары себепті оған еріп кетеді» , – деген
3
.
и) Дәжжалдың ақыры
Бізге келіп жеткен хадистерге сүйенсек, Дәжжалдың оқиғасы
былайша өрбиді. Ол шыққаннан кейін қырық күнде бүкіл жер
бетін өте үлкен жылдамдықпен шарлап шығады. Жүрген жерінде
өзін «құдаймын» деп үгіттеп, көп адамдарды сендіреді. Тек
азғана шынайы мүміндер оның фитнасынан аман қалады. Оның
әскерінің басым бөлігі яһудилер болады. Мұнан соң Дәжжал
Шамға бет алады. Осы кезде бәлекет Мәсихқа қарсы игі Мәсих –
Мәриямұлы Иса түседі. Исаның (аләйһис-сәләм) айналасына
мүміндер жиналады. Сөйтіп, Иса Дәжжалдың артынан қуып
барып, оны өлтіреді. Бұл туралы келесі белгіде кеңірек айтылады.