141
з) Дәжжалдың фитнасынан сақтану жолдары
Дәжжал адамзат тарихында ең үлкен фитна болғандықтан, ол
туралы айтпай қалған пайғамбар болмаған. Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Қауымына Дәжжалды, бір көзі соқыр суайтты
ескертпеген бірде-бір пайғамбар жіберілмеген. Оның бір көзі
соқыр емес пе? Ал Раббыларыңның бір көзі соқыр емес қой?!
Оның екі көзінің арасына кәпір деп жазылған»
, – деген
1
.
Әсіресе ақырзаман үмбетінің пайғамбары Мұхаммед (с.а.с.)
Дәжжалдың сипаттарын атап көрсетіп, онымен кездескен адамға
одан құтылу жолдарын соқырға таяқ ұстатқандай етіп үйретіп
кеткен. Енді Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бізге үйреткен
Дәжжалдан сақтанудың жолдарына тоқталайық:
Достарыңызбен бөлісу: